Отипакс®

МНН: Лидокаина гидрохлорид, Феназон
Производитель: Биокодекс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023419
Информация о регистрации в РК: 08.12.2017 - 08.12.2022
Номер регистрации в РБ: 2202/96/01/06/12/17/19
Информация о регистрации в РБ: 03.05.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Отипакс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Құлаққа тамызатын дәрі, 16 г

Фармакотерапиялық тобы

Сезім мүшелері. Отологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Отологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Анальгетиктер және анестетиктер. Біріктірілген препараттар.

АТХ коды S02DA30

Қолданылуы

Келесі жағдайларда жергілікті симптоматикалық емдеу және ауыруды басу:

  • жедел кезеңдегі ортаңғы отитте

  • тұмаудан кейінгі асқыну сияқты отит, фликтенулярлық отит

  • барожарақаттық отитте (дабыл жарғақшасының бүтіндігінің бұзылуынсыз).

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- 1 айға дейінгі балалар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- дабыл жарғақшасының инфекциялық немесе жарақаттық зақымдануы.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Препаратты тесілген дабыл жарғақшасында қолданған жағдайда препарат ортаңғы құлақ мүшелерімен байланысқа түсуі және асқынулардың туындауына әкелуі мүмкін.

Сақтық мақсатында, кез келген қолдану алдында дабыл жарғақшасының бүтіндігін тексеру керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Егер сіз тағы басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрсеңіз, міндетті түрде дәрігерге хабарлаңыз.

Препаратты жергілікті қолданғанда қандай да бір дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі байқалмаған.

Арнайы ескертулер

Тағайындар алдында дәрігер дабыл жарғақшасының бүтіндігін тексеруі тиіс. Егер дабыл жарғақшасы тесілген болса, препаратты енгізу осы тіндерде жағымсыз реакциялар тудырып, препараттың ортаңғы құлақ құрылымдарымен жанасуына әкелуі мүмкін.

Жүктілік және лактация

Дабыл жарғақшасының бүтіндігінде организмге өту ықтималдығы аз. Қазіргі кезде препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдануға қатысты қарсы көрсетілімдері жайлы деректер жоқ, потенциалды қаупі мен пайдасын саралағаннан кейін жүкті немесе бала емізетін әйелдерге тағайындалуы мүмкін.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектер: тәулігіне 2-3 рет 4 тамшыдан сыртқы есту жолына тамызу керек.

1 айдан бастап балаларға және ересектерге: тәулігіне 2 рет 1-2 тамшыдан сыртқы есту жолына тамызу керек.

Емдеу курсы 10 күннен аспауы керек.

Енгізу әдісі және жолы

Есту жолына, суретті қараңыз

Тамшылатқыш-құтыны қалай пайдалануға болады:

Құтының қалпақшасын шешіңіз,

Тамшылатқышты құтыға кигізіңіз,

Тамшылатқыштың қалпақшасын шешіңіз,

Құтыны төңкеріңіз және 1 тамшы пайда болу үшін ұштықты мұқият қысыңыз,

4 тамшы пайда болғанға дейін қысыңыз,

Пайдаланғаннан кейін қалпақшаны тамшылатқыштың ұштығына кигізіңіз.

Суық ерітіндінің жағымсыз әсерінен қорғану үшін құтыны қолда ұстап жылытыңыз.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы 10 күннен аспауы тиіс. Симптомдар сақталған кезде дәрігерге жүгініңіз.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Қолдану тәсілі сақталған жағдайда артық дозалануы мүмкін емес.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу бойынша ұсынымдар

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша баға беру мүмкін емес)

Өте сирек – жергілікті реакциялар: тітіркену, қызару, қышыну.

Осы немесе басқа жағымсыз реакциялары пайда болғанда препаратты қолдануды тоқтату және дереу дәрігерге қаралу керек!

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз (жағымсыз реакциялар бойынша ақпараттық деректер базасын көрсету)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті» «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 құты препарат құрамында: белсенді заттар: феназон 0,64 г, лидокаин гидрохлориді 0,16 г, қосымша заттар: натрий тиосульфаты, сусыз этанол, глицерин, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш спирт иісі бар ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

16 г препараттан алюминий қалпақшасы немесе бұралған пластик қақпағы бар күңгірт шыныдан жасалған құтыда. 1 құтыдан бөлек салынған иілгіш тамшылатқышымен және қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге рұқсатсыз ашудан қорғау құралы ретінде мөлдір стикпен жабылған картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Құтыны ашқаннан кейін 30 күн ішінде қолдану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Биокодекс

Мекенжайы: 1 авеню Блез Паскаль, 60000, БОВЭ, Франция.

( тел.,факс, +33 141 24 30 00, +33 141 24 30 04)

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Биокодекс

Мекенжайы: Авеню Гальени, 94250 Жантилли- Франция

( тел.,факс, +33 141 24 30 00, +33 141 24 30 04)

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Pharmaline» ЖШС, Алматы қ., Шәмиева к-сі, 11, тел: +7(727) 338-48-15, тәулік бойы қолжетімді телефон: + 7 701 027 70 44 Электронды пошта: pvppharmaline@pharmaline.kz

Прикрепленные файлы

Отипакс_каз.doc 0.17 кб
Отипакс_рус.docx 0.12 кб
2202_96_01_06_12_17_19_i.pdf 0.13 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ