Янувия (25 мг)

МНН: Ситаглиптин
Производитель: Мерк Шарп и Доум Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sitagliptin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021350
Период регистрации: 14.05.2015 - 14.05.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Янувия

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ситаглиптин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 25 мг, 50 мг немесе 100 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: ситаглиптин фосфатының моногидраты 32.13 мг, 64.25 мг немесе 128.5 мг (25 мг, 50 мг немесе 100 мг ситаглиптинге баламалы),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты (сусыз) ұсақталмаған, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, натрий стеарилфумараты,

үлбірлі қабықтың құрамы Опадрай® II Қызғылт 85F97191 (25 мг доза үшін), Опадрай® II ашық сарғыш 85F17498 (50 мг доза үшін), Опадрай® II ақшыл сары 85F17438 (100 мг доза үшін): поливинилді спирт, титанның қостотығы Е171, макрогол/полиэтиленгликоль 3350, тальк, темірдің (III) сары тотығы Е172, темірдің (III) қызыл тотығы Е172.

Сипаттамасы

25 мг таблеткалар – дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «221» өрнегі және екінші жағы тегіс таблеткалар.

50 мг таблеткалар - дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ашық сарғыш түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «112» өрнегі және екінші жағы тегіс таблеткалар.

100 мг таблеткалар - дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақшыл сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «277» өрнегі және екінші жағы тегіс таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Қан төмендететін препараттар, инсулинді қоспағанда. Дипептидилпептидаза-4 (DPP-4) тежегіштері. Ситаглиптин

АТХ коды А10ВН01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пероральді қабылдағаннан кейін 100 мг ситаглиптин ең жоғары концентрациясына (Cmax) қабылдаған сәттен бастап 1-ден 4 сағатқа дейінгі аралықта жетеді. Қисық астындағы «концентрация - уақыт» ауданы (AUC) дозаға пропорционал артады және 100 мг ішке қабылдағанда 8.52 мкмоль·сағат ұлғаяды, Cmax - 950 нмоль құрайды, жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) - 12.4 сағат құрайды. Ситаглиптиннің плазмалық AUC бірінші дозаны қабылдағаннан кейін тепе-теңдік күйге жеткенде препараттың 100 мг келесі дозасын қабылдағаннан кейін шамамен 14% -ға артты. Ситаглиптиннің AUC ауытқушылығының ішкі және аралық жеке коэффициенттері елеусіз (5.8% және 15.1%). Ситаглиптин фармакокинетикасы негізінен дені сау адамдарда және 2 типті қант диабеті бар пациенттерде ұқсас.

Сіңуі. Ситаглиптиннің абсолютті биожетімділігі шамамен 87% құрайды. Ситаглиптин мен майлы тамақты бірге қабылдау фармакокинетикасына әсер етпейтіндіктен препаратты тамақ ішуге байланыссыз тағайындауға болады.

Таралуы. Ситаглиптиннің 100 мг дозасын бір рет қабылдағаннан кейін тепе -теңдік жай-күйіндегі орташа таралу көлемі шамамен 198 л құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысатын ситаглиптин фракциясы салыстырмалы түрде төмен және 38% құрайды.

Метаболизмі. Препараттың организмге түскен елеусіз бөлігі ғана метаболизденеді. Шамамен 79% ситаглиптин өзгермеген түрде несеппен экскрецияланады. Шамамен 16% препарат оның метаболиттері түрінде экскрецияланады. Ситаглиптин ДПП-4 плазмадағы тежегіш тиімділігінің белсенділігіне әсер етпеуі ықтимал алты метаболитінің ізі белгілі болды. Ситаглиптиннің шектеулі метаболизміне қатысатын бірінші фермент CYP2C8 қатысуымен CYP3A4 екені анықталды.

Шығарылуы. Дені сау еріктілерде 14С-таңбаланған ситаглиптинді пероральді қабылдағаннан кейін препараттың 100%-ға жуығы 1 апта ішінде нәжіспен және несеппен тиісінше 13% және 87% шығарылды. 100 мг ситаглиптиннің бір реттік дозасын пероральді қабылдағанда орташа жартылай шығарылу кезеңі шамамен 12.4 сағатты құрайды; бүйрек клиренсі 350 мл/минутқа жуық болады.

Ситаглиптиннің шығарылуы біріншіде белсенді өзекшелік секреция механизмі бойынша бүйрек экскрециясы жолымен жүзеге асады. Ситаглиптин адамның үшінші типті органикалық аниондарын (hOAT-3) тасымалдауға арналған субстрат болып табылады және ситаглиптиннің бүйрекпен шығарылу үдерісіне қатысуы мүмкін.

Ситаглиптин тасымалдауындағы hOAT-3 қатысы клиникалық түрде зерттелмеген. Ситаглиптин сондай-ақ р-гликопротеин субстраты болып табылады, ол да ситаглиптиннің бүйректік элиминация үдерісіне қатысуы мүмкін. Алайда р-гликопротеин тежегіші болып табылатын циклоспорин ситаглиптиннің бүйректік клиренсін азайтпайды.

Ситаглиптин органикалық катиондық тасымалдаушы (OCT2), органикалық аниондық тасымалдаушы (OAT1) немесе ақуыздық тасымалдаушы (PEPT1/2) үшін субстрат емес.

Ситаглиптин in vitro зерттеулерінде емдік елеулі плазмалық концентрацияларында OAT3 (IC50=160 μM) немесе p-гликопротеин (250 μM дейін) арқылы ауысуын тежемейді. Клиникалық зерттеулерінде ситаглиптин дигоксиннің плазмалық концентрацияларына аздап әсер етеді, алайда ситаглиптин p-гликопротеиннің жеңіл тежегіші болуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер. Жеңіл бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі КК 50-80 мл/мин) дені сау еріктілердің бақылау тобындағымен салыстырғанда қан плазмасындағы ситаглиптиннің концентрациясының клиникалық елеулі жоғарылауы анықталмады. Орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (КК 30-50 мл/мин) ситаглиптин үшін AUC шамамен 2 есе артуы байқалды, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (КК 30 мл/мин аз) және бақылау тобымен салыстырғанда гемодиализде жүрген бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысы бар пациенттерде AUC 4 есе артуы байқалды. Сондықтан орташа және ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қан плазмасындағы препараттың емдік концентрациясына жету үшін оның дозасын түзету талап етіледі. Ситаглиптин аз дәрежеде гемодиализ арқылы шығарылады (препарат қабылдаған соң 4 сағаттан соң басталған диализдің 3-4 сағаттық сеансында дозаның 13.5%).

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер. Орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7-9 балл) препарат дозасын түзету талап етілмейді. Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде ситаглиптин қолдану туралы клиникалық деректер жоқ (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 баллдан астам). Алайда ситаглиптин бірінші бүйрек арқылы шығарылуы салдарынан ситаглиптин фармакокинетикасының елеулі өзгерістерін ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде күтпеу керек.

Егде жастағылар. Жасына байланысты препарат дозасын түзетудің қажеті жоқ. Егде жастағы пациенттерде (65-80 жас) қан плазмасындағы ситаглиптиннің концентрациясы жасырақ пациенттердегіге қарағанда 19%-ға жоғары.

Балалар. Ситаглиптинді балаларда қолдану бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.

Жынысы, нәсілі, дене салмағаның индексі. Жынысы, нәсілі, немесе ДСИ қарай препарат дозасын түзетудің қажеті жоқ. Бұл сипаттамалар ситаглиптин фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсер етпеді.

2 типті қант диабеті. Ситаглиптин фармакокинетикасы негізінде дені сау адамдарда және 2 типті қант диабеті бар пациенттерде бірдей. Клиникалық зерттеулер ситаглиптин фармакокинетикасына жынысы, нәсілі және дене салмағы елеулі клиникалық әсер етпейтінін анықтады.

Фармакодинамикасы

Янувия - 2 типті қант диабеті бар пациенттерде инкретиндер тектес белсенді гормондардың деңгейін жоғарылату жолымен гликемия бақылауын жақсартатын, дипептидилпептидаза-4 (ДПП-4) тежегіштері деп аталатын пероральді гипогликемиялық препараттар класының өкілі болып табылады. Инкретиндер тектес гормондар, оның ішінде глюкагонге ұқсас пептид-1 (ГҰП-1) және глюкозаға тәуелді инсулинотропты пептид (ГИП) тәулік ішінде ішекте секрецияланады, олардың деңгейі тамақ қабылдауға жауап ретінде жоғарылайды. Инкретиндер глюкоза гомеостазасын ішкі физиологиялық жүйеде реттеудің бөлігі болып табылады. Қандағы глюкоза деңгейі қалыпты немесе жоғары болғанда инкретин тектес гормондар инсулин синтезі артуына, сондай-ақ оның циклдық АМФ (аденозинмонофосфат) астасқан дабылды жасушаішілік механизмдері есебінен ұйқы безінің бета-жасушалармен секрециялануына ықпал етеді.

2 типті қант диабеті бар жануарлар моделінде ГҰП-1 немесе ДПП-4 тежегіштерін зерттеу глюкозаға β-жасушаларының сезімталдығы жақсаруын және инсулин синтезінің стимуляциясын көрсетті. Инсулин өндірілуі артқанда глюкоза сіңуі күшейгені анықталды. Сондай-ақ ГҰП-1 глюкагоннің жоғары секрециялануын ұйқы безінің альфа-жасушаларымен бәсеңдетуге ықпалды. Инсулин деңгейі жоғарылау аясында глюкагон концентрациясы төмендеуі бауырда глюкоза өнімі азаюына ықпал етеді, бұл соңында гликемияның төмендеуіне алып келеді.

Қандағы глюкоза концентрациясы төмен болғанда инсулин лықсуына және глюкагон секрециясының азаюына инкретиндердің аталған әсерлері байқалмады. ГҰП-1 және ГИП стимуляциясының әсері қандағы глюкоза деңгейіне байланысты. Қандағы глюкоза деңгейі төмен болғанда инсулин өнуін стимуляциялау немесе ГҰП-1 глюкагон өнімін бәсеңдету жүрмейді. Тек қандағы глюкоза деңгейі қалыптан аса бастаған жағдайларда ғана ГҰП-1 және ГИП инсулин өнуін стимуляциялайды. Гипогликемияға жауап ретінде ГҰП-1 және ГИП глюкагон лықсуына әсер етпейді. Физиологиялық жағдайларда инкретиндер белсенділігі ДПП-4 ферментімен шектеледі, ол белсенді емес өнім түзумен инкретиндерді жылдам гидролиздейді.

Янувия ДПП-4 ферментімен инкретиндер гидролизін болдырмайды, сол арқылы ГҰП-1 және ГИП белсенді түрлерінің плазмалық концентрацияларын ұлғайтады. Инкретиндер деңгейін арттыра отырып, Янувия глюкозаға тәуелді инсулин лықсуын арттырады және глюкагон секрециясының азаюына ықпал етеді. Гипергликемиясы бар 2 типті қант диабеті бар пациенттерде инсулин және глюкагон секрециясының бұл өзгерістері аш қарында анықталатын және жүктеме сынамасынан кейінгі гликозилирленген гемоглобин НbА1С деңгейі төмендеуіне және глюкозаның плзамалық концентрациясының азаюына алып келеді.

Ситаглиптиннің глюкозаға тәуелділік әсері тіпті глюкозаның төмен деңгейінде инсулин лықсуын күшейтетін сульфонилмочевина препараттарының әсерінен бөлек болады және 2 типті қант диабеті бар пациенттер мен дені сау субъектілерде гипогликемияға алып келуі мүмкін. Ситаглиптин ДПП-4 ферментінің жоғары селективті тежегіші болып табылады және емдік концентрацияларында ДПП-8 немесе ДПП-9 жақын тектес ферменттерін тежемейді.

Қолданылуы

Ересек пациенттердегі қандағы глюкозаны бақылауды жақсарту үшін 2 типті қант диабетін емдеуде.

Монотерапия. Диетаға және дене жүктемелеріне талапқа сай бақылау болмағанда, сондай-ақ метформин қолдануға болмайтыны туралы көрсетілімі бар немесе қолданудың жақпайтыны туралы көрсетілімі бар пациенттерде

Метформинмен біріктірілген ем. Метформинмен бірге емде диетамен және дене жүктемесімен гликемияны талапқа сай бақылау болмағанда

Сульфонилмочевина препараттарымен біріктірілген ем.

Метформинді қарсы көрсетілімдеріне немесе көтере алмауына байланысты қолдануға болмайтын жағдайларда, диетамен және дене жүктемесімен, сульфонилмочевина препаратының ең жоғары жағымды дозасымен бірге емде гликемияны бақылау талапқа сай болмағанда

PPARγ агонистерімен (тиазолидиндиондармен) біріктірілген емде. Қолданылуында PPARγ агонистерімен көрсетілім болғанда, сондай-ақ PPARγ агонистерімен диетамен және дене жүктемесімен біріккен емде гликемияны бақылау талапқа сай болмағанда.

Метформинмен және сульфонилмочевина препараттарымен біріктірілген емде. Аталған препараттармен екі еселенген емде диетамен және дене жүктемесімен бірге гликемияны бақылау талапқа сай болмағанда

Метформинмен және PPARγ агонистерімен біріктірілген емде. Аталған препараттармен екі еселенген емде диетамен және дене жүктемесімен бірге гликемияны бақылау талапқа сай болмағанда.

Инсулинмен біріктірілген емде (метформинмен немесе онсыз). Инсулиннің тұрақты дозасымен бірге диетамен және дене жүктемесімен бірге гликемияны бақылау талапқа сай болмағанда инсулинге қосымша (метформинмен немесе онсыз)

Қолдану тәсілі және дозалары

Янувия тамақ ішуге байланыссыз қабылдануы мүмкін.

Бастапқы ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 100 мг құрайды.

Янувияны метформинмен және/немесе PPARγ агонистерімен (тиазолидиндиондар) қолданғанда препараттар дозасын түзету талап етілмейді. Препараттар бір мезгілде қабылдануы тиіс.

Янувияны сульфонилмочевина препараттарымен немесе инсулинмен біріктірілімде қолданғанда гипогликемия қаупін азайту үшін сульфонилмочевина препараттарының немесе инсулиннің төмендеу дозаларын қолдануды қарастыруға болады.

Янувия дозасын жіберіп алғанда, пациент оны есіне түсірген сәтте қабылдауы керек. Препаратты жіберіп алған күні қосарлы доза қабылдауға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер. Жеңіл бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (КК ≥50 мл/мин, еркектерде ≤1.7 мг/дл, әйелдерде ≤1.5 мг/дл плазмадағы креатинин деңгейіне сәйкес) Янувия дозасын түзету талап етілмейді.

Орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (КК ≥30 мл/мин, бірақ <50 мл/мин, шамамен плазмадағы креатинин деңгейі >1.7 мг/дл, бірақ еркектерде ≤3 мг/дл болатын, әйелдерде >1.5 мг/дл, бірақ ≤2.5 мг/дл сәйкес келетін) Янувия дозасы тәулігіне бір рет 50 мг құрайды.

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар (КК <30 мл/мин, шамамен плазмадағы креатинин деңгейі еркектерде >3 мг/дл, әйелдерде >2.5 мг/дл сәйкес), сондай-ақ гемодиализ немесе перитонеальді диализ талап етілетін бүйректің терминальді сатыдағы патологиясы бар пациенттер үшін Янувия дозасы тәулігіне бір рет 25 мг құрайды. Янувия диализ уақытына байланыссыз қолданылуы мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер. Жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Янувия дозасын түзету талап етілмейді. Препарат ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттелмеген.

Егде жастағы пациенттер. Егде жастағы пациенттер үшін препараттың дозасын түзету талап етілмейді. Янувия препаратының 75 жастан асқан пациенттерде қолданылуы зерттелмеген.

Балалық жас. Берілген жастағы топтарда қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша клиникалық зерттеулер жоқ болуына байланысты Янувияны 18 жасқа жетпеген балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Препараттарды қолдануға байланысты жағымсыз реакциялар төменде келтірілген.

Жиілігі төмендегіше анықталады : өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10); жиі емес (≥1/1 000, <1/100); сирек (≥1/10 000, <1/1 000); өте сирек (<1/10 000).

Ситаглиптинмен монотерапия

Жиі

- инфекциялар және инвазиялар: жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары*, назофарингит*

- метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылулар: гипогликемия

- жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: бас ауруы

- қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар: остеоартрит*, аяқ-қол ауыруы*

Жиі емес

  • жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: бас айналуы

  • асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: іш қатуы

Ситаглиптин метформинмен

Жиі

- метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылулар: гипогликемия

- асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: жүрек айнуы, метеоризм, құсу

Жиі емес

- жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: ұйқышылдық

- асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: іш қатуы, диарея, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы

  • зерттеулер нәтижелері: қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі

Ситаглиптин сульфонилмочевина препараттарымен

Жиі

- метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылулар: гипогликемия

Ситаглиптин сульфонилмочевина және метформин препараттарымен

Өте жиі

- метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылулар: гипогликемия

Жиі

- асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: іш қатуы

Ситаглиптин PPARγ агонистерімен (пиоглитазон)

Жиі

- метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылулар: гипогликемия

- асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: метеоризм

- жалпы жай-күйдің бұзылуы және препаратты қолдану тәсіліне байланысты: шеткергі ісіну

- зерттеулер нәтижелері: қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі

Ситаглиптин PPARγ агонистерімен (пиоглитазон) және метформинмен

Жиі

- метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылулар: гипогликемия

- жалпы жай-күйдің бұзылуы және препаратты қолдану тәсіліне байланысты: шеткергі ісіну

Ситаглиптин инсулинмен (+/-) метформинмен

Жиі

- инфекциялар және инвазиялар: тұмау

- метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылулар: гипогликемия

- жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: бас айналуы

Жиі емес

- асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: іш қатуы , ауыз құрғауы

Маркетингтен кейінгі зерттеулер

Белгісіз

- иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: анафилаксиялық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары

- респираторлық жүйе, кеуде және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар: өкпенің интерстициальді аурулары

- асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: құсу, жедел панкреатит, фатальді және фатальді емес геморрагиялық және некроздайтын панкреатит

- тері және тері асты шелі тарапынан бұзылулар: ангионевроздық ісіну, бөртпе, есекжем, тері васкулиті, Стивенс-Джонсон синдромын қоса, терінің эксфолиативті жай-күйі

- қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар: аяқ-қол ауырулары, ауыр және мүгедектікке апаратын артралгия, миалгия, арқаның ауыруы, қышыну

- бүйрек және несеп шығару жүйесі тарапынан бұзылулар: бүйрек функциясы нашарлауы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі

* Себеп-салдарлы байланысына қарамастан, жаңа жағдайлар негізінде

Клиникалық зерттеулерде лейкоциттердің аздап артқаны, әсіресе нейтрофилдер көрсеткішінің артқаны анықталды. Бұл ұлғаю кейбір пациенттерде ғана байқалды, сондықтан клиникалық елеулі емес.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 1 типті қант диабеті (инсулинге тәуелді)

- диабеттік кетоацидоз

- 18 жасқа дейінгі балалық мен жасөспірімдік жас (клиникалық деректер болмауына байланысты)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ситаглиптинге басқа препараттардың әсері

Метформин. Тәулігіне 2 рет 1000 мг дозада метформиннің көп реттік дозасын Янувиямен 50 мг дозада бірге қолдану 2 типті қант диабеті бар пациенттерде ситаглиптин фармакокинетикасына елеулі әсер етпеген.

Циклоспорин. Ситаглиптинді 100 мг бір реттік дозада және циклоспоринді бір реттік дозада 600 мг бір мезгілде қолдану ситаглиптиннің фармакокинетикасына және бүйректік клиренсіне елеулі әсер етпеген. Осының салдарынан, басқа р-гликопротеин тежегіштерімен елеулі өзара әрекеттесулері күтілмейді.

CYP3A4 тежегіштері (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир, кларитромицин)

In vitro зерттеулері ситаглиптин метаболизміне жауап беретін негізгі ферменттер CYP2C8 қатысуы бар, CYP3A4 болып табылатынын көрсетті. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде ситаглиптин шығарылуында, оның ішінде CYP3A4 жүйесі арқылы метаболизмнің аздаған үлесі бар. CYP3A4 күшті тежегіштері (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир, кларитромицин) бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар немесе бүйректің терминальді сатыдағы ауруы бар пациенттерде ситаглиптин фармакокинетикасына әсер етуі мүмкін. Сондықтан CYP3A4 күшті тежегіштері (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир, кларитромицин) бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар немесе бүйректің терминальді сатыдағы ауруы бар пациенттерде ситаглиптин фармакокинетикасын өзгерте алады. Қазіргі уақытта ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде әсері күшті CYP3A4 тежегіштерінің әсері бойынша клиникалық деректер жеткіліксіз.

Пробенецид. In vitro зерттеулері ситаглиптиннің р-гликопротеин және органикалық анион тасымалдаушысы-3 (ОАТ3) үшін субстрат болып табылатынын көрсетті. Ситаглиптиннің ОАТ3-арқылы тасымалы in vitro пробенецидпен бәсеңдетілді. OAТ3 тежегіштерін бірге тағайындау in vivo зерттелмеген.

Ситаглиптиннің басқа препараттарға әсері

Метформин, глибурид, симвастатин, росиглитазон, варфарин, пероральді контрацептивтер. Клиникалық зерттеулер in vivo CYP3A4, CYP2C8, CYP2C9 немесе OCT субстраттарымен өзара әрекеттесудің пайда болу ықтималдығы төмендігін көрсетті. Ситаглиптин аталған препараттардың фармакокинетикасына елеулі әсер етпейді.

Дигоксин. Ситаглиптиннің дигоксинмен бірге қолданылуы дигоксиннің қан плазмасындағы концентрациясы аздап артуымен бірге жүрді. Дигоксин дозасын түзетудің қажеті жоқ, алайда ситаглиптин және дигоксинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерді мұқият бақылау керек.

Айрықша нұсқаулар

Янувию препаратын 1 типті қант диабеті бар пациенттерге тағайындауға, сондай-ақ диабеттік кетоацидозды емдеу үшін қолдануға болмайды.

Панкреатит. Постмаркетингтік кезеңде жедел панкреатит дамуы туралы хабарланған. Пациенттерге жедел панкреатитке тән сипат: іштің тоқтамайтын, қатты ауыруы туралы мәлімдеу керек. Янувияны тоқтатқаннан кейін (демеуші ем жүргізумен/онсыз) панкреатит белгілерінің қайтуы байқалды; некроздалған немесе геморрагиялық панкреатит және/немесе өлім жағдайлары туралы өте сирек хабарланған. Панкреатитке күмән болған жағдайда Янувияны және басқа да қауіптілігі зор препараттарды қолдануды тоқтату керек.

Гипергликемияға қарсы басқа препараттармен біріктірілімде қолданғандағы гипогликемия. Янувия препаратын моноем түрінде және гипогликемия туындатпайтын (мысалы, метформинмен және/немесе PPARγ агонистерімен) басқа препараттармен біріктірілімде қолданғандағы клиникалық зерттеулерде оларды ситаглиптинмен бірге қолданғандағы анықталған гипогликемия туындау жиілігінің көрсеткіштері плацебо қабылдағандағы көрсеткіштермен ұқсас болды.

Басқа да гипергликемияға қарсы препараттармен тағайындағандағы сияқты

Янувия препаратын инсулинмен немесе сульфонилмочевина препараттарымен біріктірілімде тағайындағанда да гипогликемия пайда болғаны анықталған. Сондықтан гипогликемия қаупін төмендету үшін сульфонилмочевинаның немесе инсулин препараттарының төмендеу дозаларын қарастыруға болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі. Янувия бүйрекпен шығарылады. Орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге, немесе гемодиализ жүргізіліп жүрген болмаса перитонеальді диализдегі бүйрек ауруының терминалды сатысы бар пациенттерге дені сау пациенттермен салыстырғанда препараттың төменірек дозасы ұсынылады. Ситаглиптин препаратын басқа диабетке қарсы препараттармен біріктірілімде тағайындағанда бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің денсаулық халін бақылау керек.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары. Постмаркетингтік кезеңде Янувия емін қабылдайтын пациенттерде күрделі аса жоғары сезімталдық реакциялары туындағаны туралы хабарламалар алынды. Анафилаксия, ангионевроздық ісіну және терінің эксфолиативтік жай-күйі (Стивенс-Джонсон синдромын қоса) сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары Янувиямен ем бастағаннан кейін бастапқы 3 ай ішінде, ал біршама жағдайларда - бірінші дозаны қабылдағаннан кейін туындаған. Аса жоғары сезімталдық реакцияларына күдік болғанда Янувия қолдануды дереу тоқтату керек, реакцияның болуы мүмкін басқа себептерін бағалау және диабетке баламалы ем тағайындау керек.

Ауыр және мүгедектікке ұшырататын артралгия. ДПП -4 тежегіштерін қабылдаған пациенттерде ауыр және мүгедектікке ұшырататын артралгия дамығаны туралы маркетингтен кейінгі жеке хабарламалар болды. Дәрілік ем басталғаннан кейін симптомдар дамуының басталуы бірнеше күннен бірнеше жылға дейін ауытқиды. Емді тоқтатқаннан кейін ауру симптомдарының жеңілдеуі байқалды. Дәл өзін немесе ДПП -4 тежегіштеріне ұқсасты қайта тағайындағаннан кейін ауру симптомдары жаңғырған. Қатты буын аурулары дамығанда ДПП -4 тежегіштерін болжамды себебі ретінде қарастыру керек және қажет болғанда емді тоқтату керек.

Балаларда қолданылуы. Янувияны 18 жасқа дейінгі балаларға клиникалық деректері болмағандықтан қабылдау ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттерде қолданылуы. Клиникалық зерттеулерде егде жастағы пациенттерде (≥75 жас) Янувия препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі осындай жасырақ (<75 жас) пациенттермен салыстырғанда салыстырарлық болды. Жасына қарай доза таңдау қажеттігі жоқ.

Басқа жастағы топтардағы сияқты, айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Янувия дозасын түзету керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдердегі Янувияның қауіпсіздігі бойынша талапқа сай және қатаң бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. Адам организмі үшін потенциалды қаупі белгісіз. Деректер болмауына байланысты препаратты жүктілікте қолдануға болмайды. Ситаглиптин препаратының адамда емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз. Янувияны жүктілік және бала емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Янувия автокөлік құралдарын немесе күрделі механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді. Алайда ситаглиптин қолданғанда болуы мүмкін бас айналуы және ұйқышылдықты назарда ұстау керек. Егер Янувия препараты сульфонилмочевина препараттарымен немесе инсулинмен біріктірілімде қолданылса пациенттерді сондай-ақ гипогликемия туындау қаупі туралы ескерту керек.

Артық дозалануы

Клиникалық маңызы бар деп есептелмейтін QTс аралығының елеусіз ұлғаюы Янувия препаратын 800 мг дозада қабылдаған бір зерттеуде байқалды. 800 мг асатын дозалауда клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.

Емі: артық дозаланған жағдайда сіңбеген препаратты асқазан-ішек жолдарынан шығаруды, клиникалық мониторингті (ЭКГ қоса), симптоматикалық емді (қажет болғанда) қоса стандартты шаралар қолдану керек.

Ситаглиптин әлсіз диализденеді, алайда клиникалық тұрғыда қажет болғанда ұзақ әсер ететін диализ (3-4 сағат ішінде дозаның 13.5% шығарылады) тағайындалуы мүмкін.

Перитонеальді диализ жүргізілгенде ситаглиптин шығарылғаны туралы деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 14 таблеткадан.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдануы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

Мерк Шарп  и  Доум  Лимитед, Ұлыбритания

Тіркеу куәлігінің иесі

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Швейцария.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстандағы Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ компаниясының өкілдігі,

Алматы қ., Достық даңғ., 38, «Кең дала» бизнес-орталығы, 5 қабат

Тел. + 7 (727) 330-42-66, + 7 (727) 259-80-84

Факс + 7 (727) 259-80-90

эл. поштасы: dpoccis2@merck.com,

pharmacovigilance.ukraine&cis@merck.com

 

JANUVIA-H-C-0722-IB-046-PI-en & S-WPC-MK0431-T-022015

Прикрепленные файлы

003369501477976526_ru.doc 121 кб
780755421477977697_kz.doc 138 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники