Янувия (25 мг, Мерк Шарп и Доум (Италия) С.п.А.)

МНН: Ситаглиптин
Производитель: Мерк Шарп и Доум (Италия) С.п.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sitagliptin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015091
Период регистрации: 31.10.2014 - 31.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Янувия

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ситаглиптин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 25 мг, 50 мг немесе 100 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 32.13 мг, 64.25 мг немесе 128.5 мг ситаглиптин фосфатының моногидраты (25 мг, 50 мг немесе 100 мг ситаглиптинге баламалы),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, ұсақталмаған кальций гидрофосфаты (сусыз), натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, натрий стеарилфумараты,

үлбірлі қабықтың құрамы Опадрай® II Қызғылт 85F97191 (25 мг доза үшін), Опадрай® II Ашық-ақшыл сары 85F17498 (50 мг доза үшін), Опадрай® II Ақшыл сары 85F17438 (100 мг доза үшін): поливинил спирті, титанның қостотығы Е171, макрогол/полиэтиленгликоль 3350, тальк, темірдің (ІІІ) сары тотығы Е172, темірдің (ІІІ) қызыл тотығы Е172.

Сипаттамасы

25 мг таблеткалар - Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған бір жағында «221» деп өрнектелген және екінші жағы тегіс таблеткалар.

50 мг таблеткалар - Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ашық-ақшыл сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған бір жағында «112» деп өрнектелген және екінші жағы тегіс таблеткалар.

100 мг таблеткалар - Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақшыл сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған бір жағында «277» деп өрнектелген және екінші жағы тегіс таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Ішу арқылы қабылданатын қант төмендететін препараттар. Дипептидилпептидаза-4 (DPP-4) тежегіштері. Ситаглиптин

АТХ коды А10ВН01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Ішу арқылы 100 мг қабылдағаннан кейін ситаглиптин ең жоғары концентрациясына (Cmax) қабылданған сәтінен бастап 1-ден 4 сағатқа дейінгі аралықта жетеді. «Концентрация – уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC) дозаға пропорционал ұлғаяды және 100 мг ішке қабылдағанда 8.52 мкмоль·сағат құрайды, Cmax 950 нмоль құрайды, жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) 12.4 сағат құрайды. Ситаглиптин плазмалық AUC алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін тепе-тең жағдайға жету арқылы препараттың 100 мг дозасын келесі қабылдаудан кейін шамамен 14 % ұлғайды. Ситаглиптиннің AUC ауытқуының ішкі және жеке-аралық коэффициенттері елеусіз (5.8% және 15.1%). Негізінде дені сау адамдар мен 2 типті қант диабеті бар емделушілердегі ситаглиптиннің фармакокинетикасы ұқсас. Ситаглиптиннің абсолюттік биожетімділігі шамамен 87 % құрайды. Ситаглиптин мен майлы тамақты бірге қабылдау фармакокинетикасына әсер етпейтіндіктен препаратты тамақ ішуге байланыссыз тағайындауға болады.

Таралуы

Ситаглиптиннің 100 мг бір реттік дозасын қабылдағаннан кейінгі тепе-тең жағдайдағы орташа таралу көлемі шамамен 198 л құрайды. Плазмалық ақуыздармен байланысатын ситаглиптин фракциясы салыстырмалы төмен және 38 % құрайды.

Метаболизмі

Организмге келіп түскен препараттың аздаған бөлігі ғана метаболизденеді. Ситаглиптин шамамен 79 % несеппен өзгеріссіз күйде экскрецияланады. Препараттың шамамен 16 % оның метаболиттері түрінде экскрецияланады. ДПП-4-тежегіш белсенділігіне ие болмауы ықтимал ситаглиптиннің алты метаболитінің іздері табылды. Ситаглиптиннің шектеулі метаболизміне қатысатын алғашқы ферментінің CYP3A4 екені, оған CYP2C8 қатысатыны анықталған.

Шығарылуы

14С-таңбаланған ситаглиптинді пероральді қабылдағаннан кейін нәжіс және несеппен тиісінше 13% және 87% препараттың шамамен 100% 1 апта ішінде шығарылады. Орташа жартылай шығарылу кезеңі ішу арқылы 100 мг ситаглиптин қабылдағанда шамамен 12.4 сағат құрайды; бүйректік клиренсі шамамен 350 мл/мин құрайды.

Ситаглиптиннің шығарылуы біріншіде белсенді өзекшелік секрециялану механизмі бойынша бүйрек экскрециясы жолымен жүзеге асады. Ситаглиптин адамның үшінші типті (hOAT-3) органикалық аниондарының тасымалы үшін субстрат болып табылады және ол ситаглиптин бүйрекпен шығарылу үдерісіне қатыстырылуы мүмкін. Ситаглиптин тасымалына hOAT-3 қатысуы клиникалық түрде зерттелмеген. Ситаглиптин сондай-ақ р-гликопротеиннің субстраты болып табылады, ол да сол сияқты ситаглиптиннің бүйректік элиминация үдерісіне қатысуы мүмкін. Алайда р-гликопротеиннің тежегіші болып табылатын циклоспорин ситаглиптиннің бүйректік клиренсін азайтпайды.

Ситаглиптин органикалық катиондық тасымалдың (OCT2), органикалық аниондық тасымалдың (OAT1) немесе ақуыз тасымалдың (PEPT1/2) субстраты емес.

In vitro зерттеулерде ситаглиптин елеулі емдік плазмалық концентрацияларда OAT3 (IC50=160 μM) немесе p-гликопротеинді

(250 μM дейін) арқылы алмастыруды тежемейді. Клиникалық зерттеулерде ситаглиптин дигоксиннің плазмалық концентрациясына аздап әсер етеді, алайда ситаглиптин p-гликопротеиннің жеңіл тежегіші болуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бүйрек жеткіліксіздігі жеңіл емделушілерде (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин), дені сау еріктілердің бақылау тобымен салыстырғанда, қан плазмасындағы ситаглиптин концентрациясының клиникалық елеулі жоғарылауы болмаған. AUC шамамен 2 есе және 4 есе ұлғаюы, тиісінше бақылау тобымен салыстырғанда, орташа (креатинин клиренсі 30-50 мл/мин) және ауыр (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз) бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде, сондай-ақ бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы емделушілерде анықталды. Сондықтан бүйрек жеткіліксіздігі орташа және ауыр дәрежедегі емделушілерде қан плазмасындағы препараттың емдік концентрациясына жету үшін дозаны түзету талап етіледі. Ситаглиптин гемодиализде әлсіз дәрежеде (препарат қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң басталған 3-4 сағаттық диализ сеансында 13.5 % доза) шығарылған.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бауыр жеткіліксіздігі орташа емделушілерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7-9 балл) препарат дозасын түзету талап етілмейді.

Ситаглиптинді бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 балдан астам) қолданылуы туралы клиникалық деректер жоқ. Алайда ситаглиптин бүйрекпен біріншілік шығарылатындықтан бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде ситаглиптин фармакокинетикасының елеулі өзгерістері күтілмейді.

Егде жас

Жасына байланысты препарат дозасын түзету қажеттілігі жоқ. Егде жастағы емделушілерде (65-80 жас) қан плазмасындағы ситаглиптин концентрациясы жасырақ емделушілерге қарағанда 19% жоғары.

Балалар

Балаларда ситаглиптин қолдану бойынша зерттеулер жүргізілмеген.

Жынысы, нәсілі, дене массасының индексі

Препарат дозасын жынысына, нәсіліне немесе ДМИ байланысты түзетудің қажеттілігі жоқ. Бұл сипаттамалар ситаглиптин фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсер етпеді.

2 типті қант диабеті

Ситаглиптин фармакокинетикасы, жалпы, дені сау тұлғалар мен 2 типті қант диабеті бар емделушілерде бірдей. Клиникалық зерттеулер жынысы, нәсілі және дене массасы ситаглиптин фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсер етпейтінін анықтады.

Фармакодинамикасы

Янувия дипептидилпептидаза 4 (ДПП-4) тежегіштері деп аталатын, ішуге арналған гипогликемиялық препараттар класының өкілі болып табылады, олар 2 типті қант диабеті бар емделушілерде инкретин тектестігінің белсенді гормондары деңгейлерін арттыру арқылы гликемияның бақылануын жақсартады. Инкретин тектестігінің, соның ішінде глюкагон тәрізді пептид-1 (ГТП-1) және глюкозаға тәуелді инсулинтропты пептид (ГИП) гормондары тәулік бойы ішекте секрецияланады, олардың деңгейі ас ішуге жауап ретінде жоғарылайды. Инкретиндер глюкоза гомеостазын реттейтін ішкі физиологиялық жүйенің бөлігі болып табылады. Қандағы глюкозаның қалыпты немесе жоғары деңгейінде инкретин тектестігіне жататын гормондар инсулин синтезінің, сондай-ақ оның циклдық АМФ-мен (аденозинмонофосфат) астасқан дабылдық жасушаішілік механизмдер есебінен ұйқы безінің бета-жасушаларымен секрециясының артуына ықпал етеді.

2 типті диабеті бар емделушілерде ГТП-1 немесе ДПП-4 тежегіштерін зерттеу глюкозаға β-жасушаларының сезімталдығы жақсарғанын және инсулин синтезі стимулациясын көрсетті. Инсулин өндірілуі ұлғайғанда глюкоза сіңірілуі күшейгені анықталды. ГТП-1 ұйқы безінің альфа-жасушаларымен глюкагонның жоғары секрециясының бәсеңдеуіне де ықпал етеді. Инсулин деңгейінің жоғарылауы аясында глюкагон концентрациясының төмендеуі бауыр арқылы глюкозаның аз өндірілуіне ықпал етеді, нәтижесінде гликемияның азаюына әкеледі.

Қан глюкозасының төмен концентрациясында инсулинді лықсытуына инкретиннің жоғарыда аталған әсерлері және глюкагон секрециясының азаюы байқалмайды. ГТП-1 және ГИП стимуляциясының әсері қандағы глюкоза деңгейіне тәуелді. Қандағы глюкоза деңгейі төмен болғанда инсулин өндірілуін стимуляциялау немесе ГТП-1 глюкагон өндірілуін бәсеңдету жүрмейді. ГТП-1 және ГИП инсулин өндірілуін тек қандағы глюкоза деңгейі қалыптан аса бастаған жағдайда ғана стимуляциялайды.

ГТП-1 және ГИП гипогликемияға жауап ретінде глюкагонның лықсып шығуына әсер етпейді. Физиологиялық жағдайларда инкретиндер белсенділігі ДПП-4 ферментімен шектеледі, ол белсенді емес өнімдер түзе отырып, инкретиндерді тез гидролиздейді.

Янувия ДПП-4 ферментімен инкретиндер гидролизіне жол бермейді, сол арқылы ГТП-1 және ГИП белсенді түрлерінің плазмалық концентрацияларын арттырады. . Инкретиндер деңгейін арттырып, Янувия инсулиннің глюкозаға тәуелді лықсып шығуын ұлғайтады және глюкагон секрециясының азаюына ықпал етеді. Гипергликемияға шалдыққан, 2 типті қант диабеті бар емделушілерде инсулин мен глюкагон секрециясының бұл өзгерістері гликозилденген НbА1С гемоглобині деңгейінің төмендеуіне және аш қарындық әрі жүктемелік сынамадан соң анықталатын глюкозаның плазмалық концентрациясының кемуіне әкеледі.

Ситаглиптиннің глюкозаға тәуелді әсерінің инсулин лықсытуын тіпті глюкозаның төмен деңгейінде де күшейтетін және 2 типті қант диабеті бар емделушілерде және дені сау субъектілерде гипергликемияға алып келуі мүмкін сульфонилмочевина препараттарының әсерінен айырмашылығы бар. Ситаглиптин ДПП-4 ферментінің жоғары селективті тежегіші болып табылады, және емдік концентрацияларында ДПП-8 немесе ДПП-9 жақын тектес ферменттерін тежемейді.

Қолданылуы

Қандағы глюкозаны сапалы бақылау үшін ересек емделушілердегі 2 типті қант диабетін емдеу.

Монотерапияда

Емдәммен және дене жүктемелерімен талапқа сай бақылау болмағанда, сондай-ақ метформин қолдануға қарсы көрсетілім немесе метформин жақпаушылығы бар емделушілерде

Метформинмен біріктірілген емде

Метформинді емдәммен және дене жүктемелерімен бірге емдегенде гликемияны талапқа сай бақылау болмағанда

Сульфонилмочевина препараттарымен біріктірілген емде

Емдәммен және дене жүктемелерімен бірге сульфонилмочевина препаратының ең жоғары көтерімді дозасымен біріктірілген емде гликемияны талапқа сай бақылау болмағанда, қарсы көрсетіліміне немесе жақпаушылығына байланысты метформинді қабылдауға болмайтын жағдайларда

PPARγ агонистерімен біріктірілген емде (тиазолидиндиондармен)

PPARγ агонисін қолдануға көрсетілім болғанда, сондай-ақ PPARγ агонисін емдәммен және дене жүктемелерімен бірге біріктірілген емде гликемияны талапқа сай бақылау болмағанда

Метформинмен және сульфонилмочевина препараттарымен біріктірілген емде

Аталған препараттармен, емдәммен және дене жүктемелерімен бірге біріктірілген емде гликемияны талапқа сай бақылау болмағанда

Метформинмен және PPARγ агонисімен біріктірілген емде

Аталған препараттармен, емдәммен және дене жүктемелерімен бірге біріктірілген емде гликемияны талапқа сай бақылау болмағанда

Инсулинмен біріктірілген емде (метформинмен немесе онсыз)

Инсулинге қосымша (метформинмен немесе онсыз) гликемияға талапқа сай бақылау болмағанда емдәммен және дене жүктемелерімен бірге инсулиннің тұрақты дозасымен біріктірілген емде

Қолдану тәсілі және дозалары

Янувияны ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Бастапқы ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 100 мг құрайды.

Янувияны метформинмен және/немесе PPARγ агонисімен (тиазолидиндиондар) біріктірілімде қолданғанда препараттар дозасын түзету талап етілмейді. Препараттар бір мезгілде қабылдануы тиіс.

Янувияны сульфонилмочевина препараттарымен немесе инсулинмен біріктірілімде қолданғанда гипогликемия қаупін төмендету үшін сульфонилмочевина препараттарының немесе инсулиннің төмендеу дозаларын қолдану қарастырылуы мүмкін.

Янувия дозасын жіберіп алған жағдайда емделуші оны еске түсірген кезде дереу қабылдауы тиіс. Препаратты жіберіп алған күні қосарлы дозасын қолдануға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бүйрек жеткіліксіздігі жеңіл емделушілерге (креатинин клиренсі ≥50 мл/мин, шамамен плазма креатининінің ерлердегі ≤1.7 мг/дл, әйелдердегі ≤1.5 мг/дл деңгейіне сәйкес) Янувияның дозалануын түзету талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі орташа емделушілер үшін (креатинин клиренсі ≥30 мл/мин, бірақ <50 мл/мин, шамамен плазма креатининінің >1.7 мг/дл деңгейіне сәйкес, бірақ ≤3 мг/дл ерлерде, >1.5 мг/дл, бірақ әйелдерде ≤2,5 мг/дл) Янувия дозасы тәулігіне бір рет 50 мг құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр (креатинин клиренсі <30 мл/мин, шамамен плазма креатининінің ерлердегі >3 мг/дл, әйелдердегі >2.5 мг/дл деңгейіне сәйкес), сондай-ақ гемодиализ немесе перитонеальді диализ талап етілетін бүйрек патологиясының терминалдық сатысындағы емделушілер үшін Янувияның дозасы тәулігіне бір рет 25 мг құрайды. Янувия диализ уақытына байланыссыз қолданылуы мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл және орташа емделушілерде Янувияның дозалануын түзету қажет емес. Препарат бауыр жеткіліксіздігі ауыр емделушілерде зерттелмеген.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілер үшін препарат дозасын түзету талап етілмейді. Янувияны 75 жастан асқан емделушілерде қолдану зерттелмеген.

Балалар жасы

Янувияны балалар мен 18 жастан кіші жасөспірімдерге қолдану осы жастағы топтардағы қауіпсіздігі мен тиімділігіне клиникалық зерттеулер жоқтығына байланысты ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Препаратты қолдануға байланысты жағымсыз реакциялар 1 кестеде келтірілген. Жиілігі төмендегіше анықталады: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10); жиі емес (≥1/1 000, <1/100); сирек (≥1/10 000, <1/1 000); өте сирек (<1/10 000).

1 кесте. Плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулерде және постмаркетингтік кезеңде тіркелген жағымсыз реакциялар.

Жағымсыз реакциялар

Емдеу сызбасына қарай жағымсыз реакциялардың жиілігі

 

Ситаглип-

тинмен монотера-пия

Ситаглип-тин метфор-минмен

Ситаглип-тин сульфо-

нилмоче-вина препарат-тарымен

Ситаглип-тин сульфо-нилмоче-вина препарат-тарымен және метфор-минмен

Ситаглиптин PPARγ агонисімен

(пиоглита-зон)

Ситаглип-тин PPARγ агонисімен (пиогли-тазон) және метфор-минмен

Ситаглип-тин инсулин-мен (+/-) метфор-минмен

Кезеңі

24

апта

24

апта

24

апта

24

апта

24

апта

26

апта

24

апта

Жұқпалар және инвазиялар

тұмау

     

 

   

Жиі

жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалары

Жиі*

     

 

   

назофарингит

Жиі*

     

 

   

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

анафилактика-

лық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары **

Жиілігі белгісіз

Метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылулар

гипогликемия

Жиі

Жиі

Жиі

Өте жиі

Жиі

Жиі

Жиі

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

бас ауыруы

Жиі

     

 

 

Жиі

ұйқышылдық

 

Жиі емес

     

 

 

бас айналуы

Жиі емес

     

 

   

Респираторлық жүйе, кеуде қуысы және көкірек аралық органдары тарапынан бұзылулар

өкпенің интерстици-альді аурулары

Жиілігі белгісіз

Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар

диарея

 

Жиі емес

     

 

 

ауыз құрғауы

     

 

   

Жиі емес

жүрек айнуы

 

Жиі

     

 

 

метеоризм

 

Жиі

   

Жиі

   

іштің қатуы

Жиі емес

Жиі емес

 

Жиі

   

Жиі емес

іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы

 

Жиі емес

     

 

 

құсу

Жиілігі белгісіз

Жиі

Жиілігі белгісіз

Жиілігі белгісіз

Жиілігі белгісіз

Жиілігі белгісіз

Жиілігі белгісіз

жедел панкреатит

Жиілігі белгісіз

фатальді және фатальді емес геморрагиялық және некроздайтын панкреатит**

Жиілігі белгісіз

Тері және тері асты шелмайы тарапынан бұзылулар

ангионевро-тикалық ісіну **

Жиілігі белгісіз

бөртпе**

есекжем**

тері васкулиті**

Стивенс-Джонсон** синдромын қоса, терінің эксфолиа-тивті жай-күйі

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар

остеоартрит

Жиі *

     

 

   

аяқ-қол ауырулары

Жиі*

Жиілігі белгісіз

Жиілігі белгісіз

Жиілігі белгісіз

Жиілігі белгісіз

Жиілігі белгісіз

Жиілігі белгісіз

артралгия**

Жиілігі белгісіз

миалгия**

Жиілігі белгісіз

арқаның ауыруы**

Жиілігі белгісіз

Бүйрек және несеп шығару жүйесі тарапынан бұзылулар

бүйрек функциясы-ның нашарлауы **

Жиілігі белгісіз

жедел бүйрек жеткіліксіз-дігі**

Жиілігі белгісіз

Жалпы жай-күйдің және препаратты қолдану тәсіліне байланысты бұзылулар

шеткергі ісіну

     

 

Жиі

Жиі

 

Зерттеулер нәтижесі

қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі

 

Жиі емес

   

Жиі

   

* Себеп-салдарлы байланысқа тәуелсіз жаңа жағдайлар негізінде

** Постмаркетингтік кезеңдегі бақылауда жағымсыз реакциялар байқалды.

Клиникалық зерттеулерде лейкоциттердің аздаған ұлғаюы, әсіресе нейтрофилдер көрсеткішінің ұлғаюы анықталды. Бұл ұлғаю кейбір емделушілерде ғана байқалған, сондықтан клиникалық маңызды емес.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің қандай да біріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 1 типті қант диабеті (инсулинге тәуелді)

- диабеттік кетоацидоз

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (клиникалық деректер болмауына орай)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттардың ситаглиптинге әсері

Метформин Метформиннің көп реттік дозасын 1000 мг 2 рет/тәулік дозада 50 мг дозадағы Янувиямен бірге қолдану 2 типті қант диабеті бар емделушілерде ситаглиптин фармакокинетикасына елеулі әсер етпеген.

Циклоспорин Ситаглиптинді бір рет 100 мг дозада және циклоспоринді бір рет 600 мг дозада бір мезгілде қолдану ситаглиптиннің фармакокинетикасына және бүйрек клиренсіне елеулі әсер етпеген. Осының салдарынан р-гликопротеиннің басқа тежегіштерімен елеулі өзара әрекеттесулері күтілмейді.

CYP3A4 тежегіштері (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир, кларитромицин. In vitro зерттеулер CYP2C8 қатысуымен ситаглиптиннің метаболизміне жауапты негізгі фермент CYP3A4 болып табылатынын көрсетті. Бүйрек функциясы қалыпты емделушілерде ситаглиптиннің шығарылуында метаболизмнің, оның ішінде CYP3A4 жүйесі арқылы жүретінінің аздаған рөлі бар. CYP3A4 күшті тежегіштері (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир, кларитромицин) бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар немесе терминальді сатысындағы бүйрек ауруы бар емделушілерде ситаглиптин фармакокинетикасына әсер етуі мүмкін. Сондықтан әсері күшті CYP3A4 тежегіштері (кетоконазол, итраконазол, ритонавир, кларитромицин сияқты) ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе терминальді сатысындағы бүйрек ауруы бар емделушілерде ситаглиптин фармакокинетикасын өзгертуі мүмкін. Қазіргі уақытта ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде әсері күшті CYP3A4 тежегіштерінің әрекеті бойынша клиникалық деректер жеткіліксіз.

Пробенецид In vitro зерттеулер ситаглиптин Р-гликопротеин және органикалық аниондық тасығыш-3 (ОАП3) үшін субстрат болып табылатынын көрсетті. Ситаглиптиннің ОАП3- арқылы тасымалдануы in vitro пробенецидпен бәсеңдетілді. OAП3 тежегіштерін бірге тағайындау in vivo зерттелмеген.

Ситаглиптиннің басқа препараттарға әсері

Метформин, глибурид, симвастатин, росиглитазон, варфарин, пероральді контрацептивтер In vivo клиникалық зерттеулер CYP3A4, CYP2C8, CYP2C9 субстраттарымен немесе OCT өзара әрекеттесулерінің пайда болу ықтималдығының аздығын анықтады. Ситаглиптин аталған препараттардың фармакокинетикасына елеулі әсер етпейді.

Дигоксин Ситаглиптинді дигоксинмен бірге қолдану қан плазмасындағы дигоксин концентрациясының аздап жоғарылауымен қатар жүрді. Дигоксин дозасын түзетудің қажеті жоқ, алайда ситаглиптин және дигоксинді бір мезгілде қолданатын емделушілерді мұқият бақылау керек.

Айрықша нұсқаулар

Янувияны 1 типті қант диабеті бар емделушілерге, сондай-ақ диабеттік кетоацидозды емдеу үшін қолдануға болмайды.

Панкреатит

Постмаркетингтік кезеңде жағымсыз реакция – жедел панкреатит туралы хабарланған. Препарат қабылдау мен жедел панкреатит құбылыстарының туындауы арасындағы себеп-салдарлы байланысты анықтайтын деректер жоқ. Алайда емделушілерді жедел панкреатитке тән симптомдар: іштің тоқтаусыз, қатты ауыруы туралы хабардар еткен жөн. Янувияны тоқтатқаннан кейін панкреатит көріністерінің жоғалуы байқалған (демеуші ем жүргізумен/жүргізбей); некроздайтын немесе геморрагиялық панкреатит және/немесе өлім туралы өте сирек хабарланған. Панкреатитке күдіктенгенде Янувия және басқа да қауіптілігі потенциалды препараттар қолдануды тоқтату керек.

Басқа антигипергликемиялық препараттармен біріктірілімде қолданғандағы гипогликемия

Янувияны монотерапия түрінде және гипогликемия туындатпайтын (мысалы, метформинмен және/немесе PPARγ агонисімен) басқа препараттармен қолданудың клиникалық зерттеулерінде оларды ситаглиптинмен бірге қабылдағанда анықталған гипогликемияның туындау жиілігінің көрсеткіштері плацебо қабылдаудағы көрсеткіштерге ұқсас болды.

Басқа антигипергликемиялық препараттармен тағайындағандағы сияқты, Янувияны инсулинмен немесе сульфонилмочевина препараттарымен біріктірілімде тағайындағанда гипогликемия пайда болғаны белгіленген.

Сондықтан гипогликемия қаупін төмендету үшін сульфонилмочевинаның немесе инсулин препараттарының төмендеу дозаларын қолдануды қарастыруға болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Янувия бүйрекпен шығарылады. Гемодиализдегі немесе перитонеальді диализдегі орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге, немесе бүйрек ауруының терминальді сатысындағы емделушілерге дені сау емделушілермен салыстырғанда препаратты төмендеу дозалау ұсынылады. Ситаглиптинді басқа диабетке қарсы препараттармен біріктірілімде тағайындағанда бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілердің денсаулық жай-күйін бақылау керек.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Янувиямен ем қабылдаған емделушілерде постмаркетингтік кезеңде күрделі аса жоғары сезімталдық реакциялары туындағаны туралы

хабарламалар алынған.

Анафилаксия, ангионевротикалық ісіну және терінің эксфолиативті жай-күйлері (Стивенс-Джонсон синдромын қоса) сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары Янувиямен ем бастағаннан кейін алғашқы 3 ай ішінде, ал бірнеше жағдайларда – бірінші дозаны қабылдағаннан кейін туындаған. Аса жоғары сезімталдық реакциясынан күдіктенгенде Янувия қолдануды дереу тоқтату керек, осы реакцияның басқа болжамды себебін анықтау керек және диабеттің баламалы емін бастаған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Янувияның жүкті әйелдердегі қауіпсіздігі бойынша талапқа сай және қатаң бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеген. Адам организмі үшін потенциалды қаупі белгісіз. Деректер болмауына байланысты препаратты жүктілікте қолдануға болмайды. Ситаглиптиннің адамда емшек сүтімен бөлінетіндігі белгісіз. Янувияны жүктілік және бала емізу кезеңінде қодану ұсынылмайды.

Балаларда қолданылуы

Янувияны клиникалық деректері жоқ болғандықтан 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы емделушілерде қолданылуы

Егде жастағыларда (≥75 жас) жас емделушілердегі (<75 жас) дәл осындаймен салыстырғанда Янувияның клиникалық зерттеулерінде қауіпсіздігі мен тиімділігі салыстырарлық болды. Жас ерекшелігіне қарай дозаны таңдау қажет емес.

Басқа жастағы топтардағы сияқты, айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар егде емделушілерде Янувия дозасын түзету керек.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Янувия автокөлікті және күрделі механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді. Алайда ситаглиптин қабылдағанда болуы мүмкін бас айналуы мен ұйқышылдықты назарда ұстау керек.

Егер Янувия сульфонилмочевина препараттарымен немесе инсулинмен біріктірілімде қолданылса емделушілерге гипогликемия туындау қаупі туралы ескерту керек.

Артық дозалануы

Клиникалық маңызды болып саналмаған QTс аралығының аздаған ұзаруы Янувияны 800 мг дозада қабылданған бір зерттеуде байқалған. 800 мг асып кететін дозаларына клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.

Емі: артық дозаланған жағдайда асқазан-ішек жолынан сіңірілмеген препаратты шығаруды, клиникалық мониторингті (ЭКГ қоса), симптоматикалық емді (қажет болғанда) қамтитын стандарттық шараларды қолдану керек.

Ситаглиптин әлсіз диализденеді, бірақ клиникалық қажеттілік жағдайында ұзаққа созылатын диализ тағайындауға болады (3-4 сағат ішінде дозаның 13.5% шығарылады).

Перитонеальді диализ жүргізгенде ситаглиптин шығарылуы туралы деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 25 мг, 50 мг және 100 мг таблеткалар.

14 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Мерк Шарп және Доум (Италия) С.п.А., Италия.

Қаптаушы

Мерк Шарп және Доум Б.В., Нидерланды.

Тіркеу куәлігінің иесі

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Швейцария.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

 

Қазақстандағы ««Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ» компаниясының өкілдігі,

Алматы қ., Достық даңғ., 38, Кең дала бизнес-орталығы, 5 қабат

Тел. +7(727) 330-42-66

Факс +7(727) 259-80-90

эл. пошта: dpoccis@merck.com

 

Прикрепленные файлы

190505621477976642_ru.doc 145 кб
532349691477977789_kz.doc 166.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники