Эхинацеи пурпурной настойка (Тернофарм ООО)

МНН: Эхинацеи пурпурной корневища с корнями
Производитель: Тернофарм ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие иммуностимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004824
Информация о регистрации в РК: 20.03.2013 - 20.03.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Күңгірт эхинацея тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

25 мл, 50 мл тұндырма

Құрамы: бір құтының құрамында белсенді зат – күңгірт эхинацея тарамтамырының тұндырмасы

(1:5) – 25,0 мл немесе 50,0 мл.

Қосымша зат – 52 % этанол.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар сарғыш-қоңыр түсті сұйықтық.

Тұндырманы сақтау үдерісінде оның бұлыңғырлануы, белсенді полисахаридтерден тұратын шөгінді түзілуі мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Иммуномодуляторлар. Басқа да иммуностимуляторлар.

АТХ коды L03AX

Фармакологиялық қасиеттері

Күңгірт эхинацея тарамтамыры мен тамырларының құрамында полисахаридтер (инулин, левулезу, бетаин), флавоноидтар, майлы және эфир майлары гликозидтер, фитостериндер, шайырлар, микроэлементтер (магний, калий, темір, алюминий) бар.

Организмнің қорғайтын күштерін нығайтады, лейкоциттердің санын арттырады, организмдегі жасушаларды вирустардың енуінен қорғайтын спецификалық ақуыз – интерферон өндірілуін көтермелейді, қабынуға қарсы, иммунитетті көтермелейтін әсері бар. Лейкоциттер санын арттыра және гранулоциттердің фагоцитарлық белсенділігін жоғарылата отырып, басым түрде жасушалық иммунитетті белсенділендіреді.

Қолданылуы

- жедел респираторлық вирус жұқпалары мен жедел респираторлық аурулардың (ЖРВЖ және ЖРА) алдын алуда;

- тыныс алу, несеп шығару жолдарының қайталанған жұқпаларында (кешенді емдеуде);

- суық тию аурулары мен тұмауды емдеуде (кешенді ем құрамында);

- мұрын жұтқыншағы, ауыз қуысы жұқпалы-қабыну ауруларында.

Күңгірт эхинацея тұндырмасын сыртқа жазылуы ұзаққа созылатын жара зақымдануларында және терінің трофикалық ойық жараларында қолданады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Эхинацея тұндырмасы тамақтанар алдында 30 минут бұрын ішке қабылдауға тағайындалады.

Ересектер емдеудің бірінші күні жедел жағдайларда жылдам әсерге жету үшін тұндырманың 30-40 тамшысын қабылдайды. Кейінгі күндері 20 тамшыдан күніне 3 рет. 12 жастан асқан балаларға тұндырма дозасын 1 жылға 1 тамшы есебінен тағайындайды.

Емдеу курсын аурудың сипатын, ауырлық дәрежесі мен жүру ерекшелігін, қол жеткізілген емдік әсерінің тұрақтылығын және препаратты көтере алушылығын ескере отырып, әрбір емделуші үшін дәрігер жекелей анықтайды.

Ұсынылған емдеу ұзақтығы – 1-ден 4 аптаға дейін. Қажет болса, 2 - 4 апталық үзілістен кейін дәрігердің белгілеуімен емдеу курсын қайталайды.

Препаратты сулап тартуға, компреске, шаюға, қуыстық тампондар түрінде сыртқа қолданады. Тұндырманың 20-60 тамшысын 100 мл 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде сұйылтады, осы ерітіндімен дәкені сулайды, оны жараға қояды да, компрестік қағазбен жабады. Таңғышты тәулігіне екі рет ауыстырады.

Жағымсыз әсерлері

- болуы мүмкін: бөртпе, қышыну, терінің қызаруы және ісінуі.

- аллергиялық реакциялар: беттің гиперемиясы, беттің ісінуі, ентігу, артериялық қысымның төмендеуі.

- бас айналу.

- жоғары дозада қолданғанда жүрек айну, құсу, үлкен дәреттің бұзылуы, ұйқысыздық, жүйке жүйесінің аса жоғары қозғыштығы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- дәрілік өсімдік шикізатының құрамындағы биологиялық белсенді заттарға жеке көтере алмаушылық

- қант диабеті

- үдемелі жүйелік аурулар (туберкулез, лейкоздар, коллагеноздар, жайылған склероз)

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүре пайда болған иммунитет тапшылығы мен адамның иммунитет тапшылығы вирусы (ЖИТС және АИВ - жұқпасы)

- жүктілік, лактация

- аутоиммунды аурулар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Тұндырманы сақтағанда бұлыңғырлануы, белсенді полисахаридтерден тұратын шөгінді түзілуі мүмкін; бұл жағдайда препаратты қолданар алдында құтыны сілку керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезінде емделуші көлік құралдарын жүргізуден және жоғары зейін қоюды, жылдам психикалық және қимыл реакцияларын қажет ететін басқа жұмыстарды атқарудан бас тартуы керек.

Артық дозалануы

Ұсынылған дозалардан асып кеткенде немесе препаратты ұзақ қолданғанда асқазан-ішек жолдарының бұзылу симптомдарының (жүрек айнуы, құсу) дамуы, жоғары жүйке қозуы, ұйқының бұзылуы орын алуы мүмкін.

Емі. Препаратты қолдануды тоқтатып, тез арада симптоматикалық ем- шараларын және демеуші емді қолдану керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл-ден тығынмен және қақпақпен тығындалған шыны тамшылатқыш- құтыда.

50 мл-ден тығынмен және қақпақпен тығындалған шыны құтыда немесе тамшылатқыш-тығынмен және қақпақпен тығындалған полимер құтыларда.

Бір құтыдан, тамшылатқыш-құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Тернофарм" ЖШҚ, Украина

46010, Украина, Тернополь қ., Фабричная к-сі 4;

тел./факс (0352) 521-444, www.ternopharm.com.ua

Тіркеу куәлігінің иесі

"Тернофарм" ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: "Тернофарм" ЖШҚ.

46010, Украина, Тернополь қ., Фабричная к-сі, 4

Телефон: +38 (0352) 52 14 44

Факс: +38 (0352) 52 14 44

Электронды поштасы: ternopharm@ternopharm.com.ua

Прикрепленные файлы

493750501477976904_ru.doc 51.5 кб
366335171477978075_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники