Этрузил®

МНН: Летрозол
Производитель: Синтон Испания С.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Letrozole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016509
Период регистрации: 08.10.2015 - 08.10.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 158.29 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Этрузил®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Летрозол

Дәрілік түрі

2,5 мг қабықпен қапталған таблеткалар.

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 2,5 мг летрозол,

қосымша заттар:

ядросы: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, желатиндендірілген жүгері крахмалы, натрий крахмалының гликоляты, магний стеараты, кремнийдің коллоидты қостотығы,

қабығы: гипромеллоза (НРМС) (Е 464), тальк (Е 553 b) макрогол (PEG 8000), титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Сары, дөңгелек, екі жағы дөңес, қабықпен қапталған таблеткалар. Таблетканың бір жақ бетінде «L9OO» өрнегі, ал басқа жақ бетінде «2,5» саны жазылған.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы гормональді препараттар. Гормон антагонистері және оның аналогтары. Фермент тежегіштері. Летрозол

АТХ коды L02B G04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін летрозол асқазан-ішек жолынан тез және толық сіңеді. Биожетімдігі 99,9% құрайды. Ас сіңу жылдамдығын аздап төмендетеді. Летрозолдың қандағы ең жоғары концентрацияға жету уақыты (Tmax) Этрузилді ашқарынға қабылдаған кезде 1 сағатты және аспен бірге қабылдаған кезде 2 сағатты құрайды. Летрозолдың қандағы ең жоғары концентрациясының (Cmax) орташа мәні препаратты ашқарынға қабылдаған кезде 129±20,3 нмоль/л және аспен бірге қабылдаған кезде 98.7±18.6 нмоль/л құрайды, алайда летрозолдың сіңу дәрежесі (AUC бойынша бағалаған кезде) өзгермейді, сондықтан летрозолды ас қабылдауға қарамай-ақ қабылдауға болады.

Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы негізінен альбуминмен (55%), шамамен 60% құрайды. Летрозолдың эритроциттердегі концентрациясы – оның қан плазмасындағы концентрациясының 80%-ға жуығын құрайды. 2,5 мг 14C-таңбаланған летрозолды енгізгеннен кейін радиоактивтіліктің шамамен 82% плазмада өзгермеген зат түрінде болады. Летрозол метаболиттерінің жүйелі әсері мардымсыз. Летрозол тіндерге тез және кеңінен таралады. Тепе-тең жағдайлар кезеңінде шамаланған таралу көлемі әр кг дене салмағына шаққанда 1,87± 0,47 л құрайды. Летрозол елеулі дәрежеде метаболизмге ұшырап, фармакологиялық тұрғыдан белсенді емес карбинолды қосылыс түзеді (метаболизмдік клиренсі CLm=2,1 л/сағ).

Летрозолдың оның метаболитіне айналуы P450 цитохромының 3A4 және 2A6 изоферменттерінің әсерімен жүзеге асырылады. Басқа, әзір идентифицификацияланбаған метаболиттердің аздаған мөлшерінің түзілуі және өзгермеген препараттың несеппен және нәжіспен бірге шығарылуы летрозолдың жалпы шығарылуында рөлі аз. Қан плазмасынан шамаланған ақырғы жартылай шығарылу кезеңі 2 тәулікке жуықты құрайды. Күн сайын препаратты 2,5 мг-ден қабылдағаннан кейін летрозол тепе-теңдік концентрацияға 2 - 6 аптаның ішінде жетеді, мұндай кезде ол, осындай дозаны бір рет қабылдағаннан кейінгіге қарағанда, шамамен 7 есе жоғары болады.

Летрозолды күн сайын 2,5 мг дозада қабылдаған кезде оның фармакокинетикасы дозаға тәуелсіз сипатта болады. Летрозолдың тепе-теңдік концентрациясы ұзақ уақыт емделу барысында демелетін болғандықтан, летрозол жиналып қалмайды деп қорытынды жасауға болады.

Емделушілердің жекелеген топтарындағы фармакокинетикасы

Летрозолдың фармакокинетикасы емделушінің жасына байланысты емес.

Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В класы) емделушілерде летрозолдың плазмадағы концентрациясы өзгермейді.

Бауыр функциясының әртүрлі дәрежедегі бұзылуымен емделушілерді зерттеуде бауыр функциясының орташа бұзылуымен емделушілерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В класы) AUC орташа мәні дені сауларға қарағанда 37%-ға жоғары, бірақ қалыпты бүйрек функциясымен зерттелетіндерде тіркелген шектер шамасында болды.

Бауыр циррозымен және бауыр функциясының ауыр бұзылуымен (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) емделушілерде AUC 95%-ға және T1/2 187%-ға артады. Сондықтан, осындай емделушілерге Этрузилді абайлап және пайда/қаупі арақатынасына баға бергеннен кейін қолданған жөн.

Фармакодинамикасы

Этрузил – ароматаза белсенділігін осы ферменттің суббірлігімен - P450 цитохромы гемімен бәсекелес байланысу арқылы тежейді, ол барлық тіндерде эстрогендер синтезін төмендетеді. Эстрогендердің ісіктің өсуін стимуляциялайтын әсерін қайтару ісік тінінің өсуі эстрогендердің болуына тәуелді және гормональді ем қолданылған жағдайларда ісіктің жауабының маңызды факторы болып табылады. Постменопаузадағы әйелдерде эстрогендердің түзілуі негізінен бүйрек үсті бездері андрогендерін (негізінен андростендион және тестостерон) эстрон мен эстрадиолға айналдыратын ароматаза арқылы жүреді.

Шеткергі тіндерде және тікелей обыр ісігі тіндеріне эстрогендер биосинтезін тежеуге ароматазаны спецификалық тежеу арқылы қол жеткізуге болады.

Дені сау әйелдерде постменопаузада Этрузилдің 0,1 мг, 0,5 мг және 2,5 мг құрайтын бір реттік дозасы қан сарысуында эстрон және эстрадиол деңгейін, тиісінше, 75-78%-ға және 78%-ға төмендетеді. Ең жоғары төмендеу 48-78 сағаттан соң жетеді. Постменопаузада сүт безі қатерлі ісігінің таралған түріне шалдыққан әйелдерде Этрузилді 0,1 - 5 мг дозада күн сайын қабылдау қан плазмасында эстрадиол, эстрон және эстрон сульфаты деңгейлерінің бастапқы деңгейден 75-95%-ға төмендеуіне әкеп соқтырады.

Препаратты 0,5 мг және одан астам дозада қабылдаған кезде көптеген жағдайларда эстрон және эстрон сульфаты концентрациялары гормондарды анықтаудың қолданылып жүрген әдістері сезімталдығынан төмен шекте болып шықты. Бұл препараттардың осы дозаларында эстрогендер синтезінің өте айқынырақ бәсеңдеуіне қол жететіндігін көрсетеді. Эстрогендер синтезінің басылуы барлық емделушілерде емделу барысында демеліп отырылады.

Этрузил - ароматаза белсенділігінің жоғары спецификалық тежегіші. Бүйрекүсті бездерінде стероидты гормондардың - кортизолдың, альдостеронның, 11-деоксикортизолдың, 17-гидроксипрогестеронның, АКТГ синтезінің бұзылуы, сондай-ақ рениннің белсенділігі летрозолды менопаузада 0,1-ден 5 мг-ға дейінгі дозаларда күн сайын қабылдап жүрген әйелдерде байқалған жоқ. Этрузилмен 6 және 12 апта бойы тәуліктік 0,1; 0,25; 0,5; 1; 2,5 және 5 мг дозалармен емдегеннен кейін АКТГ-мен стимуляциялау тестін жүргізгенде альдостерон немесе кортизол синтезінің елеулі азайғаны байқалған жоқ. Осылайша, глюкокортикоидтарды және минералокортикоидтарды қосымша енгізу қажеттілігі жоқ.

0,1 мг, 0,5 мг және 2,5 мг летрозолды бір рет енгізгеннен кейін постменопаузадағы дені сау әйелдердің плазмасында андрогендер концентрациясының (андростендион мен тестостеронның), сондай-ақ 0,1 мг-ден 0,5 мг дейін күнделікті дозаны қабылдайтын постменопаузадағы емделушілердің плазмасында андростендион концентрациясының өзгеруі байқалған жоқ, ол эстрогендер биосинтезінің бөгелуінде андрогендердің ізашарының жинақталуының болмауын көрсетеді.

Этрузилді қолданған кезде эстрогендер биосинтезінің бөгелуі эстрогендердің ізашары болып табылатын андрогендердің (андростендионның және тестостеронның) жиналып қалуына әкеп соқтырған жоқ. Этрузил қабылдап жүрген емделушілерде лютеиндейтін және фолликулостимуляциялайтын гормондардың қан плазмасындағы концентрациялары өзгермейді, сондай-ақ қалқаншабезінің функциясы өзгермейді, ол тиреотропты гормон, T4 және T3 деңгейлерімен бағаланады.

Қолданылуы

- Постменопаузадағы әйелдерде ерте сатылардағы гормональді рецепторлары бар сүт безі қатерлі ісігін адъювантты емінде

- тамоксифенмен 5 жыл бойы стандарты адъювантты ем жүргізілген постменопаузағы әйелдерде сүт безінің ерте сатылардағы гормонға тәуелді қатерлі ісігін кеңейтілген адюватты емінде

- постменопаузадағы әйелдерде сүт безінің ерте сатыларындағы гормонға тәуелді қатерлі ісігін емдеуде бірінші желі препараты ретінде

- бұдан бұрын антиэстрогендермен ем қабылдаған постменопаузадағы әйелдерде (табиғи немесе жасанды жолмен) сүт безі обырының кең таралған түрлерін, ауру қайталанғаннан және өршігеннен кейін емдеуде

- химиотерапия қолдануға және жедел хирургиялық операция жасауға болмайтын постменопаузадағы әйелдерде гормональді рецепторлары бар сүт безінің HER-2 негативті обырын неоадъювантты емдеуде.

Құрамында гормональді рецепторлары жоқ сүт безі обыры бар емделушілерге препараттың тиімділігі көріністелмеді.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен қолданады!

Ересектер және егде жасағы емделушілер

Ұсынылатын доза күн сайын тәулігіне 2,5 мг құрайды.

Егде жасағы емделушілерде Этрузилдің дозасын түзету қажет етілмейді.

Егде жасағы емделушілерде дозаны түзету қажет етілмейді.

Сүт безінің таралған немесе метастаздық обырымен емделушілерде Этрузилмен емдеуді аурудың өршу белгілері пайда болғанша жалғастырады.

Адъювантты және кеңейтілген адъювантты емде Этрузилмен емдеу 5 жыл бойына немесе аурудың қайталануы болғанша жалғастырылуға тиіс.

Адъювантты бірізді емнің тәжірибесі бар (3 жыл ішінде тамоксифенге ауысумен 2 жыл ішінде летрозол қабылдау).

Адъювантты емес емде ісік көлемінің оңтайлы азаюын анықтау мақсатында Этрузилмен емдеуді 4-тен 8 айға дейін жүргізуге болады. Талапқа сай жауап болмаған жағдайда Этрузилді қабылдауды тоқтату, хирургиялық ем тағайындау және емделушімен емнің кейін болатын мүмкіндіктері туралы кеңесу керек.

Балалар мен жасөспірімдер

Этрузил балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды. Балалар мен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі әлі анықталған жоқ. Олардың негізінде дозалануына қатысты ұсынымдар жасау мүмкін болмайтын тек шектелген деректер бар.

Бүйрек функциясының бұзылуымен емделушілер

Бүйрек жеткіліксіздігімен және креатинин клиренсі ≥10 мл/мин емделушілерде Этрузилдің дозасын түзету талап етілмейді. Креатинин клиренсі ≥10 мл/мин төмен бүйрек жеткіліксіздігімен емделушілерді емдеу туралы жеткілікті деректер жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуымен емделушілер

Бауыр функциясының орташа және ауыр дәрежедегі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А немесе B класы) бұзылуымен емделушілерде Этрузилдің дозасын түзету талап етілмейді. Препаратты бауыр функциясының ауыр бұзылуымен емделушілерде қолдану жөнінде жеткілікті деректер жоқ. Бауыр функциясының ауыр бұзылуымен емделушілерді (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) мұқият бақылау керек.

минутына ³ 30 мл) емделушілерде препарат дозасын түзету қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Адъювантты емде, себептік байланысына қарамай, Этрузил және тамоксифен қабылдаған емделушілер топтарында сәйкесінше келесі жағымсыз реакциялар байқалды: сүйектердің сынуы (10,5% салыстырғанда 13,8%), остеопороз (2,7% салыстырғанда 5,1%), тромбоэмболиялық реакциялар (4,5% салыстырғанда 2,9%), миокард инфарктісі (1,0 % салыстырғанда 1,5%), гиперплазия / эндометрия обыры (2,9 % салыстырғанда 0,4 %).

3 кесте. Летрозолмен монотерапиямен салыстырғанда бірізді ем. Жиілігі бойынша айтарлықтай айырмашылығымен жағымсыз реакциялар.

 

Летрозолмен монотерапия

Летрозол >

тамоксифен

Тамоксифен >

летрозол

Сүйектердің сынуы

9.9%

7.6%*

9.6%

Эндометриальді

Пролиферативті өзгерістер

0.7%

3.4%**

1.7%**

Гиперхолестеринемия

52.5%

44.2%*

40.8%*

Ыстық қан тебулер

37.7%

41.7%**

43.9%**

Қынаптық қан кетулер

6.3%

9.6%**

12.7%**

* Летрозолмен монотерапиядағыға қарағанда нақты төмен

** Летрозолмен монотерапиядағыға қарағанда нақты жоғары

Ескерту: бақылау кезеңі – ем аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде емдеу уақыты немесе уақыт кезеңі.

Адъювантты емде, келесі жағымсыз реакциялар летрозол мен тамоксифенді сәйкесінше (емнің 60 ай + 30 күн ұзақтық медианасында) қабылдаған топтарда байқалды: хирургиялық араласымды талап ететін стенокардия (1.0% vs. 1.0%), жүрек жеткіліксіздігі (1.1% vs. 0.6%), гипертензия (5.6% vs. 5.7%); ми қан айналымының бұзылуы / транзиторлы ишемиялық шабуыл (2.1% vs. 1.9%).

Сәйкесінше летрозолмен (емнің 5 жыл ұзақтық медианасында) және плацебомен (емнің 3 жыл ұзақтық медианасында) ұзаққа созылған адъювантты емде: хирургиялық араласымды талап ететін стенокардия (0.8% vs. 0.6 %), стенокардияның жаңа ұстамалары немесе нашарлауы (1.4% vs. 1.0%), миокард инфарктісі 1.0% vs. 0.7%), тромбоэмболиялық эпизод* (0.9% vs. 0.3%), ми қан айналымының бұзылуы / транзиторлы ишемиялық шабуыл* (1.5% vs. 0.8%).

*белгіленген жағдайлардың топтар арасында статистикалық нақты айырмашылығы.

Летрозол қабылдаған ұзаққа созылған адъювантты емде көптеген емделушілерде плацебо тобымен (сәйкесінше 5.8% және 6.4%) салыстырғанда, сүйектердің сынуы және остеопороз (сүйектердің сынуы 10.4% және остепороз 12.2%) байқалды. Емдеу ұзақтығының медианасы плацебо үшін 3 жылмен салыстырғанда, летрозол үшін 5 жылды құрады.

Өте жиі (≥1/10)

- тершеңдік

- артралгия

- қан тебулер, қажығыштық, соның ішінде астения

- гиперхолестеринемия

Жиі ( ≥1/100 - <1/10 дейін)

- анорексия, тәбеттің артуы, жүректің айнуы, құсу, диспепсия, іш қату, диарея, гиперхолестеринемия

- депрессия

- дене салмағының артуы

- дімкәстік, шеткергі ісінулер

- бас ауыру, бас айналу

- алопеция, бөртпе (оның ішінде эритематозды, дақты-папулезді, псориаз тәрізді және везикулярлы)

-миалгия, сүйектердің ауыруы, остеопороз, сүйектердің жарылуы

-қынаптық қан кетулер

- шеткергі ісінулер

Жиі емес ( ≥1/1000 - <1/100 дейін)

- ісіктің орналасқан жерінің ауыруы (адъюванты және ұзақ адъюванты емге қолданылмайды)

- лейкопения

- ісінулер

- үрейлену (оның ішінде күйгелектік), ашушаңдық

- ұйқышылдық, ұйқысыздық, жадының бұзылуы, дизестезия (оның ішінде парестезия және гипостезия), дәм сезімінің бұзылуы

- ми қан айналымының бұзылуы

- катаракта, көздің тітіркенуі, көру өткірлігінің бұзылуы

- жүрек қағуының сезілуі, тахикардия артериялық гипертензия, жүрек ишемиясы (оның ішінде стенокардияның жаңа ұстамалары немесе оның нашарлауы, хирургиялық араласымды талап ететін стенокардия, миокард инфарктісі, миокард ишемиясы)

- тромбофлебит (оның ішінде беткейлік және тереңдегі тромбофлебит)

- диспноэ, жөтел

- стоматит, ауыз ішінің құрғауы, шөлдеу, абдоминальді ауыру

- бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

- терінің қышуы, терінің құрғауы, есекжем

- артрит

- несеп бөліп шығару жиілігінің артуы несеп жүйесінің инфекциялары

-қынаптан бөлінетін бөлінділер, қынаптың құрғауы, сүт безінің ауыруы

- жалпы ісінулер, дене температурасының жоғарылауы, шырышты қабықтардың құрғауы, шөлдеу

- дене салмағының азаюы

Сирек ( ≥1/10000 - <1/1000 дейін)

- өкпе эмболиясы, артериялар тромбозы, ми инфарктісі

Жиілігі белгісіз

- гепатит

- ангионевроздық ісіну, уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- летрозолға немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- пременопауза алдындағыға тән эндокриндік статус

- жүктілік және лактация қоректендіруде

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Циметидин CYP450 цитохромдарының спецификалық емес, әлсіз тежегіші ретінде плазмадағы летрозолдың деңгейіне әсер еткен жоқ. CYP450 цитохромдарының күшті тежегіштерінің әсері белгісіз.

Летрозолды ісікке қарсы басқа препараттармен бірге қолданудың клиникалық тәжірибесі күні бүгінге дейін жоқ.

Этрузилдің басқа жиі қолданылатын препараттармен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулер білінген жоқ.

Тамоксифен, басқа антиэстрогендер немесе құрамында эстрогендер бар препараттар, летрозолдың фармакологиялық белсенділігін төмендетуі мүмкін. Одан басқа,тамоксифенді летрозолмен біріктіру плазмадағы летрозолдың деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Осылайша, летрозолдың тамоксифенмен, басқа анти-эстрогендермен немесе эстрогенді препараттармен біріктірілімінен аулақ болу керек.

In vitro летрозол Р450 цитохромының 2А6 және 2С19 изоферменттерінің белсенділігін басады (соңғысын – орташа). Летрозол CYP2A6 және CYP3A4 цитохромдары көмегімен ішіара метаболизденеді. Сондықтан летрозолды метаболизмі көбіне осы изоферменттерге тәуелді және емдік индексі тар препараттармен (мысалы, фенитоин, клопидогрел) біріктіріп қолданғанда сақтық шараларын сақтау керек.

Айрықша нұсқаулар

Менопауза статусы

Постменопаузадағы түсініксіз статусымен емделушілерде емді бастағанға дейін менопауза статусын толық анықтау мақсатында ЛГ, ФСГ және/немесе эстрадиол деңгейлерін анықтаған жөн. Этрузилді постменопаузадағы эндокриндік статусымен емделушілерге тағайындауға болады.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Этрузилді креатинин клиренсі минутына < 30 мл емделушілерге тағайындар алдында мүмкін болатын қаупі мен емдеуден күтілетін пайдасының арақатынасын мұқият екшеген жөн.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігімен емделушілерде (бауыр циррозы және Child-Pugh бойынша С класы) летрозолдың жартылай шығарылу кезеңі, дені сау адамдардағыға қарағанда, шамамен 2 есе ұзақ. Сондықтан мұндай емделушілерде Этрузилді абайлап және қауіп/пайда арақатынасына мұқият баға берілгеннен кейін қолданған жөн.

Сүйек тініне әсері

Этрузил эстрогендер деңгейін төмендететін күшті препарат болып табылады.

Остеопорозы бар және/немесе сыртартқысында сынғаны көрсетілген немесе остеопороз қаупі жоғары әйелдерде адъювантты немесе ұзақ адъювантты емді бастағанға дейін сүйек денситометриясы жолымен сүйегінің минералды тығыздығына мұқият баға беру қажет. Этрузилді қабылдау кезінде және қабылдағаннан кейін остеопороздың дамуын бақылаған жөн.

Емделушілердегі қауіпсіздік бейініне байланысты адъювантты емде бірізді емдеу сызбасын қолдану мүмкіндігін қарастыру керек (2 жыл летрозол, одан кейін 3 жыл тамоксифен).

Басқа да алдын алу шаралары

Этрузил препаратының тамоксифенмен, басқа да анти-этрогендермен немесе құрамында эстроген бар препараттармен біріктірілімдерінен аулақ болу керек, өйткені бұл препарттар летрозолдың фармакологиялық белсенділігін төмендетуі мүмкін.

Этрузил препаратының әр таблеткасында 61,5 мг лактоза моногидраты бар.

Препаратты галактозаға сирек төзімділіктің тұқым қуалаған бұзылулары, лактазаның тұқым қуалаған тапшылығы бар тұлғаларға немесе глюкоза-галактозаның сіңбеу синдромы бар емделушілерге тағайындамаған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дәрігер жүктілік басталуы мүмкін әйелдерге (мысалы, перименопауза жағдайында немесе постменопауза жуықта басталғанан кейін), постменопаузадағы статус жеткілікті айғақталғанша, Этрузилді енгізер және контрацепцияның жеткілікті шараларын қолданар алдында жүктілікке тест жасау қажеттілігін талқыға салуға тиіс.

Этрузилді жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Этрузилді қолдану кезінде сирек жағдайларда қажығыштық, бас айналу, ұйқышылдық байқалды. Осыған байланысты көлікті және механизмдерді басқарған кезде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Этрузилмен артық дозалану жағдайлары жөнінде жекелеген ақпараттар бар.

Емі: өзіне тән арнайы у қайтарғысы белгісіз. Симптоматикалық және демеуші ем жүргізілу көрсетілген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан салынған. 3 немесе 9 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Синтон Испания С.Л, Испания

Телефон: +34936401516, факс: +34936401146

Қаптаушы

Роттендорф Фарма ГмбХ,Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ААҚ өкілдігі

050060, Алматы қаласы, Жароков көшесі, 286 Г

тел: + 7 (727) 247 63 34, +7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41,

e-mail: egis@egis.kz

Прикрепленные файлы

860314321477976381_ru.doc 101.5 кб
741294381477977582_kz.doc 106.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники