ЭСЦИТА® (10 мг)

МНН: Эсциталопрам
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Escitalopram
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022980
Информация о регистрации в РК: 17.05.2017 - 17.05.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 64.28 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Эсцита®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эсциталопрам

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг, 20 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 12.775 мг немесе 25.55 мг эсциталопрам оксалаты (10.000 мг немесе 20.00 мг эсциталопрамға баламалы),

қосымша заттар: коповидон (коллидон VA 64), лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза РН 102, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты.

Үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза (метилгидроксипропилцеллюлоза) (Е 464), микрокристалды целлюлоза (Е 460), стеарин қышқылы

(Е 570), титанның қостотығы (Е 171).

Сипаттамасы

Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде тереңдетілген сызығы және басқа жақ бетінде «10» таңбасы бар таблеткалар (10 мг дозасы үшін).

Ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде тереңдетілген сызығы және басқа жақ бетінде «20» таңбасы бар таблеткалар (20 мг дозасы үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Антидепрессанттар. Серотонинді кері қармап қалатын селективті тежегіштер. Эсциталопрам.

АТХ коды N06AB10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі тамақ ішуге байланысты емес. Эсциталопрамның биожетімділігі 80%-ға жуықты құрайды. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға жетудің орташа уақыты (Tmax) көп реттік қолданудан кейін 4 сағатты құрайды.

Пероральді түрде қолданудан кейін болжамды таралу көлемі (Vd,β/F) 12-ден 26 л/кг дейінді құрайды. Эсциталопрамның және оның негізгі метаболиттерінің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 80%-дан төмен. Эсциталопрам бауырда деметилденген және дидеметилденген метаболиттерге дейін метаболизденеді. Олардың екеуі де фармакологиялық тұрғыдан белсенді болып табылады.

Негізгі заты және оның метаболиттері ішінара глюкуронидтер түрінде бөлініп шығады.

Көп реттік қолданудан кейін деметил- және дидеметил- метаболиттердің орташа концентрациясы эсциталопрам концентрациясының әдетте, сәйкесінше, 28-31% және 5%-дан азын құрайды.

Эсциталопрамның деметилденгенген метаболитке биотрансформациясы негізінен Р4502C19 цитохромының жәрдемімен жүреді. Р4503A4 және Р4502D6 изоферменттері біршама қатысуы мүмкін. Р4502C19 белсенділігі әлсіз адамдарда эсциталопрамның концентрациясы осы изоферменттің жоғары белсенділігі жағдайынан екі есе жоғары.

Р4502D6 изоферментінің әлсіз белсенділігі жағдайларында препараттың концентрациясында елеулі өзгерулер байқалған жоқ.

Көп реттік қолданудан кейін жартылай шығарылу кезеңі (T½) 30 сағатқа жуықты құрайды. Пероральді түрде қолданған кездегі клиренсі (Cloral) минутына 0,6 л-ге жуықты құрайды. Эсциталопрамның негізгі метаболиттерінде жартылай шығарылу кезеңі ұзағырақ болады. Эсциталопрам және оның негізгі метаболиттері бауыр (метаболизөмдік жолы) және бүйрек арқылы шығарылады. Көп бөлігі метаболиттер түрінде несеппен шығарылады.

Эсциталопрамның кинетикасы дозаға байланысты. Тепе-тең концентрацияға (Css) шамамен 1 аптадан соң жетеді. Орташа Css 50 нмоль/л-ге (20-дан 125 нмоль/л-ге дейін) 10 мг тәуліктік дозадан кейін жетеді.

Егде жастағыларда (65 жастан асқан) эсциталопрам, жастау пациенттерге қарағанда, баяуырақ шығарылады. Егде жастағы адамдарда «қисық астындағы аудан» (AUC) фармакокинетикалық көрсеткішінің жәрдемімен есептелген, жүйелік қан ағынындағы заттардың мөлшері, дені сау жас еріктілерге қарағанда, 50%-ға көбірек.

Фармакодинамикасы

Севпрам антидепрессант, серотонинді кері қармап қалатын селективті тежегіш (СКҚСТ) болып табылады. Серотонинді кері қармап қалудың тежелуі синапстық саңылауда осы нейромедиатор концентрациясының жоғарылауына әкеледі, оның постсинапстық рецепторлық аймақтарға әсерін күшейтеді және ұзартады.

Эсциталопрамның мына: серотониндік 5-HT1А, 5-HT2 рецепторларды, дофаминдік D1 және D2 рецепторларды, α1 , α2 , β адренергиялық рецепторларды, гистаминдік H1, мускариндік холинергиялық, бензодиазепиндік және апиындық рецепторларды қоса, бірқатар рецепторлармен тіпті байланысы жоқ немесе байланысу қабілеті өте әлсіз.

Қолданылуы

- ауырлығы кез келген дәрежедегі депрессиялық көріністер

- агорафобиялы/онсыз үрейлі бұзылыстар

- әлеуметтік үрейлі бұзылыс (әлеуметтік фобия)

- жайылған үрейлі бұзылыс.

Қолдану тәсілі және дозалары

Эсцита® препаратын тамақ ішуге қарамай, тәулігіне бір рет пероральді түрде қабылдауға тағайындайды.

Депрессиялық көріністер

Әдетте тәулігіне бір рет 10 мг тағайындайды. Доза пациенттің жекелей реакциясына байланысты ең жоғарыға – тәулігіне 20 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.

Депрессияға қарсы әсері әдетте емдеуді бастағаннан кейін 2-4 аптадан соң дамиды. Депрессия симптомдары жоғалғаннан кейін алынған әсерді бекіту үшін емдеуді, ең кемінде, тағы 6 ай жалғастыру қажет.

Агорафобиялы/онсыз үрейлі бұзылыстар

Емдеудің алғашқы аптасы ішінде тәулігіне 10 мг доза ұсынылады. Доза пациенттің жекелей реакциясына байланысты ең жоғарыға – тәулігіне 20 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.

Емдеуді бастағаннан кейін шамамен 3 айдан соң ең жоғары емдік әсерге жетеді. Емдеу бірнеше айға созылады.

Әлеуметтік үрейлі бұзылыс (әлеуметтік фобия)

Әдетте тәулігіне бір рет 10 мг тағайындайды. Симптомдардың бәсеңдеуі әдетте емдеуді бастағаннан кейін 2-4 аптадан соң дамиды. Пациенттің жекелей реакциясына байланысты доза ақырында тәулігіне 5 мг-ге дейін азайтылуы немесе ең жоғарыға – тәулігіне 20 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін. Әлеуметтік үрейлі бұзылыс созылмалы өтетін ауру болғандықтан, емдік курстың ұсынылатын ең төмен ұзақтығы12 аптаны құрайды. Аурудың қайталануына жол бермеу үшін препарат пациенттің жекелей реакциясына байланысты 6 айға немесе одан ұзаққа тағайындалуы мүмкін. Емдеудің емдік пайдасын ұдайы тексеру қажет.

Жайылған үрейлі бұзылыс

Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне бір рет 10 мг. Доза пациенттің жекелей реакциясына байланысты ең жоғарыға – тәулігіне 20 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.

Препаратты тәулігіне 20 мг дозада ұзақ уақытқа (6 ай және одан ұзағырақ) тағайындауға жол беріледі.

Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттер

Әдетте ұсынылатын дозаның жартысын (яғни тәулігіне небары 5 мг) және өте төмен ең жоғары дозаны (тәулігіне 10 мг) пайдалану ұсынылады.

Бүйрек функциясы төмендегенде

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігінде дозаны түзету қажет болмайды. Бүйрек функциясының айқын жеткіліксіздігі бар (CLCR минутына 30 мл-ден аз) пациенттерге Эсцита® препаратын абайлап тағайындаған жөн.

Бауыр функциясы төмендегенде

Бауыр функциясының жеңіл және орташа жеткіліксіздігінде доза емдеудің алғашқы екі аптасы ішінде тәулігіне 5 мг құрайды. Доза пациенттің жекелей реакциясына байланысты тәулігіне 10 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін. Бауыр функциясының айқын жеткіліксіздігінде титрлеу кезінде сақтық таныту қажет.

Р4502C19 цитохромы белсенділігінің төмендегенде

Р4502C19 изоферментінің белсенділігі әлсіз пациенттер үшін емдеудің алғашқы екі аптасы ішінде тәулігіне 5 мг құрайды. Доза пациенттің жекелей реакциясына байланысты тәулігіне 10 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін.

Емдеуді тоқтатуы

Эсцита® препаратымен емдеуді тоқтатқан кезде доза, тоқтату синдромының пайда болуына жол бермеу үшін, 1-2 апта ішінде біртіндеп төмендетілуі тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлер емдеудің алғашқы немесе екінші аптасында жиі пайда болады және содан кейін әдетте азырақ қарқынды болады және емдеуді жалғастырған кезде сирек туындайды.

Өте жиі (≥1/10)

- жүректің айнуы, құсу

Жиі (≥1/100, <1/10)

- либидоның төмендеуі, аноргазмия (әйелдерде)

- ұйқысыздық немесе ұйқышылдық, бас айналу, тремор, ажитация, үрейлену, парестезия

- синуситтер, есінеу

- диарея, іш қатулар, құсу, ауыздың кеберсуі

- қатты тершеңдік

- импотенция, эякуляцияның бұзылуы

- тәбеттің төмендеуі, анорексия

- артралгия, миалгия

- әлсіздік, гипертермия

Жиі емес (≥1/1000, ≤1/100)

- дәм сезімінің бұзылулары және ұйқының бұзылуы

- дене салмағының кемуі

- естен тану

- сананың шатасуы, үрейлі шабуылдар, қатты ашушаңдық

- көру бұзылыстары, мидриаз, құлақтың шуылдауы

- тахикардия

- тері бөртпесі, қышыну, алопеция

- метроррагия, меноррагия (әйелдерде)

- ісіну

Сирек (≥1/10 000, ≤1/1000)

- елестеулер, өзін-өзі танымау, озбырлық

- брадикардия

- серотонинді синдром (қимыл-қозғалыс, вегетативтік және психикалық бұзылыстар кешенімен: миоклониямен, диареямен, шатасумен, гипоманиямен, ажитациямен, үйлесімнің бұзылуымен, қызбамен, артериялық қысымның өзгеруімен, тремормен, жүректің айнуымен және құсумен көрініс беретін, өмірге қатер төндіру тән болатын жағдай)

- анафилаксиялық реакциялар

Жиілігі белгісіз

- гипонатриемия

- антидиурездік гормон (АДГ) секрециясының жеткіліксіз болуы

- мания, бруксизм

- құрысу ұстамалары, қимыл-қозғалыс бұзылулары, психомоторлы қозу

- ортостаздық гипотензия

- бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің өзгеруі, гепатит

- тромбоцитопения

- суицидтік мінез-құлық, суицидтік ойлар

- ЭКГ-де QT аралығының ұзаруы (torsade de pointes қоса аритмия)

- несептің іркілуі

- экхимоз, ангионевроздық ісіну, мұрыннан қан кету

- галакторея, еркектерде приапизм

Бұдан басқа, ұзақ қолданудан кейін Эсцита® препаратымен емдеуді күрт тоқтатқанда тоқтату реакциясының туындауына әкелуі мүмкін. Эсциталопрам қабылдауды күрт тоқтатқанда бас айналу, бас ауыру, электр соғуын сезіну, парестезия, ұйқының бұзылуы, ашушаңдық, үрейлену, тремор, эмоциялық тұрақсыздық, көру бұзылыстары, тершеңдік, жүректің айнуы, құсу, диарея сияқты жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін, олардың айқындылығы - мардымсыз, ал ұзақтығы – шектеулі. Тоқтату реакциясының пайда болуына жол бермеу үшін препаратты пациенттің жағдайына байланысты 1-2 апта немесе ай ішінде біртіндеп тоқтату ұсынылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- эсциталопрамға немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық

- моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау

- QT аралығы ұзаруының белгілі көріністері немесе аралықтарының туа біткен ұзару синдромы бар пациенттерге

- QT аралығын ұзартатын препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге

- пимозидті қабылдап жүрген пациенттерге

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттардың қолдануға болмайтын біріктірілімдері

МАО тежегіштері

Эсцита® препаратын және МАО тежегіштерін бір мезгілде қабылдағанда, сондай-ақ осыған дейін Эсцита® препаратын қабылдағанына көп бола қоймаған науқастар МАО тежегіштерін қабылдауды бастағанда күрделі жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайларда серотониндік синдром дамуы мүмкін.

Қайтымсыз селективті емес МАО тежегіші

Эсциталопрамды селективті емес қайтымсыз МАО тежегішімен біріктіріп қолдануға болмайды. Эсциталопрамды қайтымды емес МАО-мен емдеуді тоқтатқаннан кейін 14 күннен соң тағайындауға болады. Эсциталопраммен емдеуді тоқтатқаннан кейін селективті емес қайтымсыз МАО тежегішін қолдануды бастағанға дейін кем дегенде 7 күн өтуі тиіс.

Қайтымды селективті МАО тежегіші (моклобемид)

Серотонинді синдромның даму қаупіне байланысты, эсциталопрамды моклобемид сияқты МАО тежегішімен біріктіріп қолдануға болмайды. Егер біріктіру аса қажет болса, емдеуді міндетті түрде мұқият клиникалық мониторинг жасай отырып, ұсынылған ең төмен дозадан бастайды.

Қайтымды селективті емес МАО тежегіші (линезолид)

Қайтымды селективті емес МАО тежегіші антибиотик линезолидті эсциталопраммен ем қабылдап жүрген пациенттерге тағайындау ұсынылмайды. Егер біріктіру аса қажет болса, емдеуді міндетті түрде мұқият клиникалық мониторинг жасай отырып, ұсынылған ең төмен дозадан бастайды.

Қайтымды емес селективті МАО-В тежегіші (селегилин)

Серотонинді синдром қаупіне байланысты эсциталопрамды селегилинмен (қайтымсыз МАО-В тежегіші) бір мезгілде қолданғанда сақтық қажет. Рацемиялық циталопраммен бір мезгілде қолдану үшін селегининнің тәулігіне 10 мг-ге дейінгі дозалары қауіпсіз болып табылады.

QT аралығының ұзаруы

Эсциталопрамның  QT аралығын ұзартатын басқа дәрілік заттармен біріктіріліміне фармакокинетикалық және фармакодинамикалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Эсциталопрамның және осы дәрілік заттардың жалпы әсерін жоққа шығаруға болмайды. Эсциталопрамды аритмияға қарсы IA және III класының препараттары, психозға қарсы препараттар (фенотиазин туындылары, пимозид, галоперидол), трициклді антидепрессанттар, микробтарға қарсы кейбір препараттар (спарфлоксацин, моксифлоксацин, эритромицин IV, пентамидин, галофантрин), белгілі бір антигистаминдік препараттар (астемизол, мизоластин) сияқты препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Сақтықты қажет ететін препараттардың біріктірілімдері

Гипокалиемияны / гипомагниемияны туындататын дәрілік препараттар

Гипокалиемияны / гипомагниемияны туындататын препараттармен бір мезгілде қолдану ақталуы тиіс, өйткені бұл жағдайлар қатерді аритмияның пайда болу қаупін арттырады.

Серотонинергиялық медициналық препараттар

Серотонинергиялық медициналық препараттармен (мысалы, трамадолмен, суматриптанмен және басқа да триптандармен) бірге қолдану серотониндік синдромның дамуына әкелуі мүмкін.

Құрысуға дайындық шегін төмендететін медициналық препараттар

Эсцита® препараты құрысуға дайындық шегін төмендетуі мүмкін. Эсцита® препаратын құрысуға дайындық шегін төмендететін басқа медициналық препараттармен (трициклді антидепрессанттарды, СКҚСТ, психозға қарсы – фенотиазиндерді, тиоксантендерді және бутирофенондарды, - мефлохинді және трамадолды) бір мезгілде тағайындағанда сақтық таныту қажет етіледі.

Литий, триптофан

Эсцита® препаратын және литийді немесе триптофанды бірге тағайындағанда әсер етуінің күшею жағдайлары тіркелгендіктен, осы препараттарды бір мезгілде тағайындағанда сақтық таныту ұсынылады.

ШайқурайЭсцита® препаратын және құрамында шайқурай (Hypericum perforatum) бар препараттарды бір мезгілде тағайындау жағымсыз әсерлер санының артуына әкеп соғуы мүмкін.

Антикоагулянттар және қанның ұйығыштығына ықпал ететін дәрілер

Қан ұйығыштығының бұзылуы эсциталопрамды пероральді антикоагулянттармен және қанның ұйығыштығына ықпал ететін дәрілермен (мысалы, атипиялық психозға қарсы дәрілермен және фенотиазиндермен, большинством трициклді антидепрессанттардың көбісімен, ацетилсалицил қышқылымен және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен, тиклопидинмен және дипиридамолмен) бір мезгілде тағайындағанда пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайларда эсциталопраммен емдеуді бастағанда және аяқтағанда қанның ұйығыштығына мұқият мониторинг қажет.

Алкоголь Эсциталопрам алкогольмен фармакодинамикалық немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге түспейді. Алайда, басқа психотроптық дәрілік заттармен болған жағдайдағы сияқты, эсциталопрамды және алкогольді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Басқа дәрілік заттардың эсциталопрамның фармакокинетикасына ықпалы. Эсциталопрамды және омепразолды тәулігіне бір рет 30 мг дозада (Р4502C19 цитохромының тежегіші) бір мезгілде қолдану қан плазмасында эсциталопрам концентрациясының орташа (шамамен 50%) жоғарылауына әкеледі.

Эсциталопрамды және циметидинді тәулігіне екі рет 400 мг дозада (Р4502D6, Р4503А4 және Р4501А2 цитохромдарының тежегіші) бір мезгілде қабылдау қан плазмасында эсциталопрам концентрациясының (шамамен 70%) жоғарылауына әкеледі.

Сондықтан эсциталопрамды Р4502C19 цитохромының тежегіштерімен (мысалы, омепразолмен, эзомепрозолмен, флувоксаминмен, лансопразолмен, тиклопидинмен) және циметидинмен бір мезгілде абайлап тағайындаған жөн. Эсциталопрамды және жоғарыда көрсетілген препараттарды бір мезгілде қабылдағанда жағымсыз әсерлердің пайда болу мониторингісі негізінде эсциталопрам дозасын азайту қажет болуы мүмкін.

Эсциталопрамның басқа дәрілік препараттардың фармакокинетикасына ықпалы.

Эсциталопрам Р4502D6 изоферментінің тежегіші болып табылады. Эсциталопрамды және осы изоферменттің жәрдемімен метаболизденетін және емдік индексі аз болатын медициналық препараттарды, мысалы, флекаинидті, пропафенонды және метопрололды (жүрек функциясының жеткіліксіздігінде қолданған жағдайда) немесе негізінен Р4502D6 арқылы метаболизденетін және ОЖЖ-ге әсер ететін медициналық препараттармен, мысалы, дезипрамин, кломипрамин, нортриптилин антидепрессанттарымен, немесе психозға қарсы рисперидон, тиоридазин, галоперидолмен бір мезгілде тағайындағанда сақтық таныту қажет. Мұндай жағдайларда дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Эсциталопрамды және дезипраминді немесе метопрололды бір мезгілде тағайындау соңғы екі препараттың концентрацияларының екі есе артуына әкеледі.

Эсциталопрам Р4502C19 изоферментін аздап тежеуі мүмкін. Сондықтан эсциталопрамды және Р4502C19 метаболизденетін медициналық препараттарды бір мезгілде пайдаланғанда сақтық таныту ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Акатизия/психомоторлы қозу

СКҚСТ қолдану акатизияның, қалжырататын жағымсыздықты және бір орында отыруға немесе түрегеліп тұруға қабілетсіздігімен қатар жүретін қимыл-қозғалыс қажеттілігін сезінумен сипатталатын мазасыздық жағдайының дамуымен байланысты. Мұндай жағдайдың емдеудің алғашқы бірнеше аптасы ішінде пайда болуы көбірек мүмкін. Дозаны арттыру осындай симптомдар дамыған пациенттерге зиян келтіруі мүмкін.

Жүректің ишемиялық ауруы

Клиникалық тәжірибе шектеулі болғандықтан, жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде сақтық таныту қажет.

QT аралығының ұзаруы

Эсциталопрамның QT аралығының дозаға байланысты ұзаруын туындататыны анықталды. Постмаркетингтік кезең ішінде, көбіне гипокалиемиясы бар немесе бұрыннан QT аралығының ұзаруы немесе басқа да жүрек аурулары бар пациенттерде QT аралығының ұзару және, пируэтті қоса, қарыншалық аритмия жағдайлары жөнінде мәлімделді.

Елеулі брадикардиясы бар немесе жақын арада жедел миокард инфарктісін бастан кешкен немесе жүрек функциясының орны толтырылмаған жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен қолдану ұсынылады.

Гипокалиемия және гипомагниемия сияқты электролиттік бұзылулар қатерлі аритмиялардың пайда болу қаупін арттырады, және оларды эсциталопраммен емдеуді бастағанға дейін түзеткен жөн.

Тұрақты жүрек ауруы бар пациенттерді емдеген кезде емдеуді бастағанға дейін ЭКГ-ні қайта жасау керек.

Егер эсциталопраммен емдеу кезінде жүрек аритмияларының белгілері пайда болса, емдеуді тоқтатқан және ЭКГ жасаған жөн.

Жабық бұрышты глаукома

СКҚСТ, соның ішінде эсциталопрам, көз қарашығының өлшеміне ықпалын тигізуі мүмкін, бұл қарашықтың ұлғаюына әкелуі мүмкін. Мидриаз әсері көру бұрышының тарылуын жүзеге асырады, ол әсіресе осы ауруға бейімділігі бар пациенттерде көзішілік қысымның жоғарылауының және жабық бұрышты глаукоманың дамуының нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты, эсциталопрам жабық бұрышты глаукомасы немесе анамнезінде жабық бұрышты глаукомасы бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс.

Эсциталопрамды қоса, СКҚСТ (серотонинді кері қармап қалатын селективті тежегіш) емдік тобына жататын препараттарды қолданған кезде мыналады ескерген жөн.

Әдеттен тыс мазасыздық

Үрейлі бұзылыстары бар кейбір пациенттерде СКҚСТ-пен емдеудің басында үрейленудің күшеюі байқалуы мүмкін. Осындай парадоксальді реакция әдетте емдеудің алғашқы екі аптасы ішінде жоғалады. Анксиогендік әсердің пайда болу ықтималдылығын төмендету үшін бастапқы төмен дозаларды пайдалану ұсынылады.

Құрысу ұстамалары

Құрысу ұстамалары дамыған жағдайда препарат қабылдауды тоқтатқан жөн. Тұрақсыз эпилепсиясы бар науқастарға қолдану ұсынылмайды; бақыланатын ұстамаларды мұқият бақылау қажет болады. Құрысу ұстамаларының жиілігі жоғарылаған кезде, эсциталопрамды қоса, СКҚСТ-ті қабылдау тоқтатылуы тиіс.

Мания

Эсциталопрам анамнезінде маниясы/гипоманиясы бар науқастарда сақтықпен қолданылуы тиіс. Маниакальді жағдай дамығанда эсциталопрам қолдану тоқтатылуы тиіс.

Қант диабеті

Қант диабеті бар пациенттерді эсциталопраммен емдеу қандағы глюкоза деңгейін өзгертуі мүмкін. Сондықтан инсулиннің және/немесе пероральді гипогликемиялық препараттардың дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.

Суицидтік ойлар

Өзіне-өзі қол жұмсау қаупі депрессияға тән және өздігінен немесе жүргізілген емнің салдарынан басталған жағдайлар сақталуы мүмкін. Антидепрессанттармен емделіп жүрген, әсіресе клиникалық нашарлау және/немесе суицидтік көріністердің (ойлар және мінез-құлықтар) пайда болу мүмкін екендігіне байланысты, пациенттерді мұқият бақылау қажет. Бұл сақтандыру, аурудың депрессиялық көріністермен бір мезгілде болуы мүмкін екендігіне байланысты, басқа психикалық бұзылыстарды емдеген кезде де іске асырылуы тиіс.

Гипонатриемия

Эсциталопрамды қабылдау аясында антидиурездік гормон (АДГ) секрециясының бұзылуымен байланысты болуы мүмкін гипонатриемия сирек пайда болады және әдетте емдеуді тоқтатқан кезде жоғалады. Эсциталопрамды және басқа да СКҚСТ-ті гипонатриемияның даму қаупінің тобына кіретін: егде жастағыларға, бауыр циррозы бар және гипонатриемияны туындатуға қабілетті препараттарды қабылдап жүрген науқастарға тағайындағанда сақтық таныту керек.

Қан құйылу

Эсциталопрамды қабылдаған кезде теріге қан құйылулар (экхимоз және пурпура) пайда болуы мүмкін. Эсциталопрамды қан кетулерге бейім, сондай-ақ пероральді антикоагулянттарды және қанның ұйығыштығына ықпалын тигізетін дәрілерді қабылдап жүрген науқастарға абайлап қолдану қажет.

Электроқұрыстыру еміҚЕ)

Эсциталопрам мен ЭҚЕ бір мезгілде қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі болғандықтан, мұндай жағдайларда сақтық таныту керек.

Эсциталопрамды және А типті МАО тежегіштерін біріктіру, серотонинді синдромның даму қаупі бар болғандықтан, ұсынылмайды.

Серотониндік синдром

Эсциталопрамды және басқа да СКҚСТ-ті серотонинергиялық препараттармен бір мезгілде қабылдап жүрген науқастарда, сирек жағдайларда серотониндік синдром дамуы мүмкін. Эсциталопрамды серотонинергиялық әсері бар дәрілік заттармен бір мезгілде абайлап қолдану қажет.

Ажитация, тремор, миоклонус, гипертермия сияқты симптомдардың біріктірілімі серотониндік синдромның дамығанын көрсетуі мүмкін. Егер бұл орын алған жағдайда, СКҚСТ және серотонинергиялық препараттамен бір мезгілде емдеуді дереу тоқтатқан және симптоматикалық емді бастаған жөн.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, емделу кезінде автомобильді немесе механизмдерді басқару ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас айналу, тремор, ажитация, ұйқышылдық, сананың көмескіленуі, құрысу ұстамалары, тахикардия, ЭКГ өзгерулері (STT өзгеруі, QRS кешенінің кеңеюі, QT аралығының ұзаруы), аритмиялар, тыныс алу қызметінің бәсеңдеуі, құсу, рабдомиолиз, метаболизмдік ацидоз, гипокалиемия.

Емі: симптоматикалық (демеуші шаралар, асқазанды шаю, адекватты оксигенация). Жүрек-қантамыр функциясына және тыныс алу жүйесіне мониторинг жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ПЭ/ПВДХ ақ үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 14 таблеткадан.

Пішінді 1, 2, 3 және 4 қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

050008, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

 

Прикрепленные файлы

518101351498795298_ru.doc 107 кб
321263091498795828_kz.doc 140.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники