Эспумизан® 40 для детей

МНН: Симетикон
Производитель: Берлин - Хеми АГ (Менарини Групп)
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Silicones
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005065
Информация о регистрации в РК: 29.02.2012 - 28.02.2017
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Эспумизан® 40 балаларға арналған

Халықаралық патенттелмеген атауы

Симетикон

Дәрілік түрі

Эмульсия 40 мг / 5 мл

Құрамы

100 мл эмульсия құрамында

белсенді зат - 0,8 г симетикон

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, банан иісі бар хош иістендіргіш концентраты, сахариннің натрий тұзы, натрий цикламаты, полисорбат 80, натрий кармеллозасы, жоғары дисперсті кремнийдің қостотығы, хлорсутек қышқылы 1 М**, тазартылған су.

** рН анықтау үшін

Сипаттамасы

Жеміс иісті біркелкі таралған cуспензияланған компонентпен түссіз немесе түссіз дерлік, бұлыңғыр эмульсия.

Фармакотерапиялық тобы

Ішектегі функционалдық бұзылыстарды емдеуге арналған препараттар.

АТЖ коды А03АХ13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

В физиологиялық және химиялық тұрғыда симетикон инертті. Ол асқазан-ішек жолдары арқылы өткеннен кейін де сіңбейді қайтадан өзгермеген түрінде шығарылады.

Биожетімділігі

Симетикон сіңбегендіктен оның әсері қуыс ішінде ғана жүреді , ал оның биожетімділігі әсер ету орнының фармакологиялық жетімділігіне, демек оның дәрілік түрден босап шығу жылдамдығы мен дәрежесіне сәйкес.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Асқазан-ішек жолында газдың жинақталуы әрқашан дерлік ұсақ көпіршіктерден тұратын инертті көбік түрін иеленген, сондықтан газдың инертті көбік түрінде сіңуі қиын. Эспумизан® 40 әсер етуші зат ретінде симетикон бар, ол беткейлік -белсенді қасиетке ие тұрақты полидиметилсилоксан болып табылады. Ол болюсте және асқорыту жолының шырышындағы газ көпіршіктерінің беткейлік тартылуын өзгертеді, осының нәтижесінде олар ыдырап кетеді.

Осының нәтижесінде бөлінген газдар ішек қабырғаларымен сіңірілуі мүмкін, сондай- ақ ішек перистальтикасы әсерімен шығарылады. кишечника. Әсер ететін заттың өзі сіңбейді, өзгермеген күйінде шығарылады.

Терапияда Эспумизан® 40 олардың шығу тегіне байланыссыз газдардың физиологиялық емес жинақталуын симптоматикалық емдеуде қолданылады.

Эспумизан® 40 іш қуысын диагностикалық зерттеу (ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулер) алдында, сондай- ақ контрастты заттар суспензиясына қоспа ретінде қабылдау рентгенологиялық көлеңкелер пайда болуын туындататын газ түзілуін азайтуға көмектеседі.

Фармакодинамикасы

Пероральді қабылдағаннан кейін симетикон асқазан-ішек жолдарында химиялық инерттілігімен сипатталады және таза физикалық принципі бойынша әсер етеді. Ол микроорганизмдермен де, ферменттермен де өзара әрекеттеспейді. Өз молекуласының өлшеміне байланысты сіңбейді.

Қолданылуы

- асқазан-ішек жолдарында газдардың шамадан тыс түзілуі мен жинақталуында (метеоризм, ішектің кебуі, аэрофагия, диспепсия, нәрестелік немесе «үш айлық » колика)

- операциядан кейінгі жоғары газ түзілуі

- бейнелеуді алумен іш қуысын диагностикалық зерттеуге дайындау, сондай - ақ екі есе контрасттылау жолымен бейнелеуді алу үшін контрастты заттар суспензиясына қоспа ретінде

- тензидтермен (беткейлік-белсенді заттармен) улануда көбікжойғыш ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалау үшін қаптамаға өлшегіш қасық салынған. Толық өлшегіш қасықта 5 мл Эспумизан® 40 бар (40 мг симетиконға сәйкес).

Қолданар алдында шайқау керек!

Метеоризм және толып кету сезімінде:

Жас өспірімдер және ересектер:

2 өлшегіш қасық Эспумизан® 40 тәулігіне 3 тен 5 ретке дейін.

6-дан 14 жасқа дейінгі балалар:

1-2 өлшегіш қасық Эспумизан® 40 тәугігіне 3 тен 5 ретке дейін.

1-ден 6 жасқа дейінгі балалар:

1 өлшегіш қасық Эспумизан® 40 тәулігіне 3 тен 5 ретке дейін.

Нәрестелер:

1 өлшегіш қасық Эспумизан® 40 бөтелкеден әрбір қоректендіру кезінде немесе әрбір емшек емізуге дейін немесе кейін.

Эспумизан® 40 тамақтану кезінде немесе кейін, сондай - ақ қажет болғанда ұйықтар алдында да қабылдайды.

Қолданылу ұзақтығы емдік мақсатта белгілерінің дамуына байланысты.

Қажет болғанда Эспумизан® 40 ұзақ уақыт қабылдауға да болады.

Бейнелеуді алумен зерттеулерге дайындау үшін :

Зерттеуді жүргізгенге дейін бір тәулік бұрын Эспумизан® 40 тәулігіне 3 рет 2 ас қасықтан және зерттеу жүргізілетін күні ертеңгісін 2 өлшегіш қасық қабылдайды.

Контрастты заттар суспензиясына қоспа ретінде:

екі есе контрасттылау нәтижесінде бейнелеуді алу үшін – 1 литр контрастты қоспаға 4 - 8 өлшегіш қасық Эспумизан® 40.

Тензидтермен улануда (жуатын заттармен улануда) антидот ретінде:

Улану ауырлығына байланысты:

ересектер — 10–20 өлшегіш қасық Эспумизан® 40,

балалар — 2–10 өлшегіш қасық Эспумизан® 40.

Ескертпе:

Іш ауырғанда және/немесе ол тоқтамаса дәрігерлік тексерілуден өту керек.

Эспумизан® 40 құрамында қант жоқ, сондықтан оны дибетпен науқастарда және тамақтанудың бұзылуымен емделушілерде қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Осы күнге дейін Эспумизан® 40 қабылдауға байланысты жағымсыз әсерлер байқалған жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер ететін затқа метилпарагидроксибензоатқа (парагруппалық аллергия) немесе кез келген басқа қосымша заттарына жоғары сезімталдықта.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эспумизан® 40 басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу жағдайлары әлі күнге дейін белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Жоқ

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілікте және лактация кезеңінде Эспумизан® 40 қабылдауға қатысты шектеулер жоқ.

Көлік құралдарын және машининаларды басқару қабілетіне әсер ету ерекшелері

Эспумизан® 40 реакцияға әсер етпейді. Көлік жүргізу, сондай - ақ машиналарды басқару қабілеті шектелмеген.

Артық дозалану

Симетиконды қолданғаннан кейін улану жағдайы әлі күнге дейін белгісіз. Химиялық және биологиялық тұрғыдан симетикон толық инертті болып табылады. Сондай-ақ көп мөлшерде симетикон жақсы көтерілімді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан тығыздағыш төсеуішімен және бұралатын қалпағымен қоңыр түсті шыныдан жасалған құтыларда.

Бір құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25 °С- ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

БЕРЛИН-ХЕМИ АГ (МЕНАРИНИ ГРУПП)

Глиникер Вег 125 12489 Берлин, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

БЕРЛИН-ХЕМИ АГ (МЕНАРИНИ ГРУПП)

Глиникер Вег 125 12489 Берлин, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР- дағы «Берлин-Хеми АГ» АҚ өкілдігі

Телефон нөмірі: +77272446183, 2446184, 2446185

Факс нөмірі:+7 727 2446180

Электрондық поштасы: Kazakhstan@berlin-chemie.com

 

Прикрепленные файлы

848517511477977069_ru.doc 53.5 кб
207903821477978233_kz.doc 63 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники