Эспол®

МНН: Перца стручкового экстракт густой
Производитель: Нижфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Капсаицин и подобные
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015806
Период регистрации: 11.03.2015 - 11.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Эспол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілк түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат: қызыл бұрыштың қою сығындысы

(1% капсаициноидтер жиынтығы құрамы) – 0,1 г,

қосымша заттар: диметилсульфоксид (димексид), күнзе эфир майы, лаванда эфир майы, хлороформ, сусыз ланолин, қатты парафин (мұнайдан), вазелин – 1 г дейін.

Сипаттамасы

Ақшыл-қоңырдан қызылдау-қоңырға дейінгі, өзіне тән әлсіз иісі бар жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған препараттар. Бұрыш негізіндегі препараттар

АТХ коды М02АВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңіріп алатын әсері жоқ.

Фармакодинамикасы

Ауыруды басатын, жергілікті тітіркендіретін, жергілікті қан айналымын жақсартатын дәрі.

Эспол® жергілікті тітіркендіретін, алаңдатқыш, ауыруды басатын, қыздыратын, сіңіретін және қабынуға қарсы әсер етеді. Жабық жарақаттарды жылдам емдеуге арналған.

Қызыл бұрыш сығындысының құрамында терінің сезімтал рецепторларына күшті тіркендіруші әсер ететін капсаицин бар. Лаванда, күнзе майлары мен хлороформның әсері де осындай.

Әсер ету механизмі ОЖЖ деңгейінде қоздыратын (ауыратын ағзадан) импульстер ағымына тітіркендіруші (препарат әсер ететін жерден) импульстерді тоқтату арқылы ауырудың бәсеңдеуіне немесе әлсіреуіне, ОЖЖ эндорфиндер мен энкефалиндер түзілуі мен босап шығуын көтермелеуге негізделген. Жақпамайдың компоненттері ұсақ тамырлардың рефлекторлы кеңеюін туындата отырып, ауырған жерде қан айналымын жақсартады, нәтижесінде патологиялық ошақтың дренажы күшейеді және қабыну өнімдерінің жойылуы жүзеге асады.

Диметилсульфоксид тек ауыруды басып және қабынуға қарсы әсер етіп қана қоймай, сондай-ақ біршама фибринолитикалық белсенділік танытады. Ол тері және басқа биологиялық жарғақшалар арқылы жақсы өтеді, олардың өткізгіштігін жоғарлатады, онымен бірге қолданылатын дәрілік заттардың анағұрлым терең енуіне ықпал етеді.

Жақпамайды жаққаннан кейін 10-15 минуттан соң гиперемия және жылуды сезіну пайда болады.

Қолданылуы

  • бұлшықет және неврологиялық ауыруларда (невралгиялар, радикулит, деформациялаушы артроз, люмбаго, бел-сегізкөз радикулиті)

  • тері жабындарының бүтіндігі бұзылмаған бұлшықеттердің соғылу, созылу және үзілуінде

  • буынның шығуы және сынулардың салдарын емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Тері сыртына қолданады. 2-3 г жақпамайды күніне 2-3 рет ақырындап жағады (жақпамайды жаққаннан кейін қолды мұқият жуу қажет). Тиімділігін күшейту үшін құрғақ қыздыратын таңғыш салуға болады. Емдеудің ұзақтығы 1-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар (қышыну, терінің қабыршықтануы)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың жекелей жақпаушылығы

  • тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жақпамайды көзге тигізуге болмайды!

Дәрілік заттың автомобильді және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілгі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Осы уақытқа дейін препараттың артық жағдайлары анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан алюминий сықпаға салынған.

Сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

20 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88

факс: (831) 430-72-28

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

038337281477976570_ru.doc 48.5 кб
267880891477977728_kz.doc 54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники