Эспа-Липон (600 мг)

МНН: Тиоктовая кислота
Производитель: Фарма Вернигероде ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Thioctic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012118
Информация о регистрации в РК: 17.07.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Эспа-липон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 600 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 600 мг тиокт қышқылы,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, повидон (коллидон 25), микрокристалды целлюлоза, ұнтақ целлюлоза, коллоидты кремнийдің қостотығы, кремнийдің қостотығы, натрий крахмалагликолаты, магний стеараты,

қабықтың құрамы: гипромеллоза, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е171), хинолинді сары (Е104).

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Асқазан-ішек жолдары аурулары мен зат алмасудың бұзылуын емдеуге арналған басқа да препараттар. Асқазан-ішек жолдары аурулары мен зат алмасудың бұзылуын емдеуге арналған әр түрлі басқа да препараттар. Тиокт қышқылы.

АТХ коды А16АХ01

Фармакологиялық қасиеттері

ФармакокинетикасыСіңуі. Ішке қабылдағанда асқазан-ішек жолдарынан жылдам және толық сіңеді (тамақпен бірге қабылдау сіңуін төмендетеді). Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына жету уақыты – 40-60 минут. Биожетімділігі – 30%.

Метаболизмі: тиокт қышқылы бауырдан «алғаш өту» әсеріне ұшырайды.

Таралуы: таралу көлемі – шамамен 450 мл/кг.

Шығарылуы: тиокт қышқылы және оның метаболиттері бүйрек арқылы шығарылады (80-90%). Жартылай шығарылу кезеңі – 20-50 минут. Жалпы плазмалық клиренсі – 10-15 минут.

Фармакодинамикасы Эспа-липон – эндогенді антиоксидант (бос радикалдарды байланыстырады), организмде альфа-кетоқышқылдар тотығып декарбоксилденгенде түзіледі. Митохондриальді мультиферментті кешеннің коферменті ретінде пирожүзім қышқылы және альфа-кетоқышқылдардың тотығып декарбоксилденуіне қатысады. Қандағы глюкоза концентрациясының төмендеуіне және бауырдағы гликогеннің артуына, сондай-ақ инсулинге төзімділікті жеңуге ықпал етеді. Биохимиялық әсерінің сипатына қарай В тобының витаминдеріне жақын. Липидті және көмірсу алмасуын реттеуге қатысады, холестерин алмасуын көтермелейді, бауыр функциясын жақсартады, оған деген эндогенді және экзогенді уыттардың зақымдаушы әсерін төмендетеді. Нейрондар трофикасын жақсартады.

Қолданылуы

Ауруларды кешенді емдеу құрамында:

  • диабеттік полинейропатияда

  • алкогольдік полинейропатияда

  • шығу тегі әр түрлі бауырдың майлы дегенерациясында

  • созылмалы уыттануда

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеудің басында препаратты парентеральді қолданады. Әрі қарай демеуші ем жүргізгенде препаратты ішке таблетка түрінде қабылдауға көшеді, емдеу курсы – 3 ай.

600 мг-лік 1 таблеткадан қолдану ұсынылады, бұл тәулігіне 600 мг тиокт қышқылына сәйкес келеді.

Тамақтанудан 30 минут бұрын, шайнамай және сұйықтықтың аздаған мөлшерімен қабылдаған жөн.

Кейбір жағдайларда препаратты ұзағырақ қабылдауға тура келеді, оның мерзімін емдеуші дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

сирек

  • тері бөртпесі, есекжем, қышыну

  • бас айналу, жоғары тершеңдік, бас ауыру

  • көрудің бұзылуы

өте сирек

  • жүрек айну, құсу, асқазан мен ішектің ауыруы, диарея

  • дәм сезудің өзгеруі немесе бұзылуы

  • гипогликемия (глюкоза сіңуі жақсаруына байланысты)

  • жүйелі аллергиялық реакциялар (анафилактикалық шок)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдық

  • балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

  • сарғаю, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, гастрит

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эспа-Липонды инсулинмен және ішу арқылы қабылданатын диабетке қарсы дәрілермен бір мезгілде қолданғанда соңғыларының гипогликемиялық әсері күшейеді. Тиокт қышқылы қант молекулаларымен бірге (мысалы, левулоза ерітіндісі) қиын еритін кешенді қосылыстар түзеді. Эспа-липон 600 мг цисплатин тиімділігін төмендетеді.

Тиокт қышқылы металдар хелаторы болып табылады, сондықтан оны металдар қосылыстарымен (мысалы, темір немесе магний препараттарымен және оларда кальцийдің бар екендігін ескере отырып, сүт өнімдерімен) бір мезгілде қабылдамаған жөн. Егер Эспа-липон тәуліктік 600 мг дозасы таңертеңгі асқа дейін 30 минут бұрын қабылданса, темір мен магний препараттарын түсте немесе кешке қабылдауға болады.

Алкогольді үнемі қолдану невропатияның туындауы мен үдеу қаупінің елеулі факторы болып табылады және осының салдарынан препаратпен емдеу тиімділігіне де әсер етуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті бар науқастарға, әсіресе емдеудің басында Эспа-Липонмен емдеу жүргізгенде қандағы глюкоза деңгейін үнемі (дәрігердің тағайындауына сәйкес) бақылап отыру қажет. Жекелеген жағдайларда гипогликемиялық дәрілердің дозасын төмендету қажет етіледі.

Емдеу кезінде алкогольді қабылдаудан мүлдем бас тарту керек, өйткені бұл ретте тиокт қышқылының емдік әсері әлсірейді.

Қант диабеті бар науқастарға ақпарат: қабықпен қапталған 600 мг 1 таблетка, 0,02 НБ сәйкес келеді.

Жүктілік және лактация

Препарат жүктілік және лактация кезеңінде қолданылмайды.

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі: әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауыру, жүрек айну, құсу

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем, арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шартары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Фарма Вернигороде ГмбХ, Дорнбергсвег 35, 38855 Вернигероде, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Эспарма ГмбХ, Зеепарк 7, 39116 Магдебург, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Фарма Гарант ГмбХ компаниясының өкілдігі, Жібек жолы 64, 305 кеңсе, Алматы, Қазақстан, 050002, тел./факс: (727) 2 73 62 78

электронды пошта: pharmagarant.kaz@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

524997281477976807_ru.doc 52 кб
610417081477977962_kz.doc 78 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники