Эсмия®

МНН: Улипристал
Производитель: Гедеон Рихтер ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Улипристал
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020014
Информация о регистрации в РК: 08.02.2018 - 08.02.2023
Номер регистрации в РБ: 10098/13/16/17
Информация о регистрации в РБ: 20.09.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 1 650 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Эсмия®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Улипристал

Дәрілік түрі

5 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат – 5,00 мг улипристал ацетаты

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, маннитол, тальк, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жақ бетінде «ES5» ойып жазылған, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Басқа да жыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Антипрогестагендер. Прогестерон рецепторларының модуляторлары. Улипристал.

АТХ коды G03XB02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішке 5 мг немесе 10 мг дозасын бір рет қабылдағаннан кейін улипристал ацетаты тез сіңіп, қабылдағаннан кейін шамамен 1 сағаттан соң ең жоғары концентрациясы (Cmax) тиісінше 23,5 ± 14,2 нг/мл және 50,0 ± 34,4 нг/мл-ге жетеді. «Концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC0-∞) тиісінше 61,3 ± 31,7 және 134,0 ± 83,8 нг·с/мл құрайды. Улипристал ацетаты фармакологиялық тұрғыдан белсенді метаболитке тез өзгереді, мұндайда қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң Cmax тиісінше 9,0 ± 4,4 нг/мл және 20,6 ± 10,9 нг/мл, AUC0-∞ 26,0 ± 12,0 және 63,6 ± 30,1 нг·с/мл құрайды. Улипристал ацетатын 30 мг дозада майдың құрамы жоғары таңғы аспен бірге қабылдау, ашқарынға қабылдаумен салыстырғанда, орташа Cmax мәнін шамамен 45 %-ға төмендетеді, ең жоғары концентрацияға жету уақытын (tmax) (медианадан 0,75 сағаттан 3 сағатқа дейін) ұзартады және AUC0-∞ мәнін 25 %-ға арттырады. Мұндай нәтижелер белсенді моно-N-деметилденген метаболит үшін де алынды. Тағамның бұл кинетикалық әсері улипристал ацетаты таблеткасын күн сайын қабылдау үшін маңызды деп есептелмейді.

Таралуы

Улипристал ацетаты плазма ақуыздарымен, альбуминді, α-1-қышқыл гликопротеинді, тығыздығы жоғары липопротеинді және тығыздығы төмен липопротеинді қоса, жоғары дәрежеде (> 98 %) байланысады.

Улипристал мен оның белсенді моно-N-деметилденген метаболиті емшек сүтіне өтеді; сүт/плазмаға AUCt орташа арақатынасы улипристал ацетаты үшін 0,74 ± 0,32 құрайды.

Метаболизмі

Улипристал ацетаты моно-N-деметилденген, содан кейін ди-N-деметилденген метаболитке тез айналады. Іn vitro деректер бұл үдерістің P450 жүйесінде 3A4 (CYP3A4) изоферментінің қатысуымен жүретіндігін көрсетеді. Улипристал ацетаты метаболизмі P450 цитохромы арқылы жүретін болғандықтан, бауыр жеткіліксіздігі улипристал ацетатының шығарылуына ықпал етеді деп күтіледі, бұл оның әсерін арттырады.

Шығарылуы

Негізгі шығарылу жолы – ішек арқылы, заттың 10 %-дан азы бүйректер арқылы шығарылады. 5 мг немесе 10 мг дозасын бір рет қабылдағаннан кейін улипристал ацетатының ақырғы жартылай шығарылу кезеңі шамамен 38 сағатты құрайды, орташа клиренсі сағатына 100 л-ге жуық. Іn vitro деректер клиникалық маңызды концентрацияларда улипристал ацетаты және оның белсенді метаболиті CYP1A2, 2A6, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1, және 3A4 изоферменттерін тежемейді, және CYP1A2 изоферментін индукцияламайды. Осылайша, улипристал ацетатын қолдану осы изоферменттердің қатысуымен метаболизденетін дәрілік препараттардың клиренсіне ықпалын тигізбеуі тиіс.

Іn vitro деректер улипристал ацетаты және оның белсенді метаболиті

P-гликопротеиннің (ABCB1) субстраты болып табылмайтындығын көрсетеді.

Жекелеген популяциялар

Бүйрек немесе бауыр функциясы төмендеген әйелдерде улипристал ацетатын қолданумен фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Метаболизмінің CYP арқылы болуына байланысты, бауыр функциясының бұзылуы улипристал ацетатының организмнен шығарылуын ұлғайту жағына қарай әсер етеді.

Фармакодинамикасы

Улипристал ацетаты – ішке қабылдаған кезде тінге тән ішінара антипрогестерондық әсерімен сипатталатын прогестерондық рецепторлардың белсенді синтетикалық селективтік модуляторы.

Эндометрий

Улипристал ацетаты эндометрийге тікелей әсер етеді. Етеккір оралымы кезінде препаратты 5 мг дозада күн сайын қабылдай бастағанда әйелдердің көбісінде (миомасы бар пациенттерді қоса есептегенде) кезекті етеккір аяқталады, ал келесі етеккір ем тоқталғанша басталмайды. Препаратты қабылдау тоқтаған кезде етеккір оралымы әдетте 4 апта ішінде қайта басталады. Эндометрийге тікелей әсер ету прогестерон рецепторларының модуляторларымен байланысты эндометрийде (Progesterone Receptor Modulator Associated Endometrial Changes (PAEC)) препараттардың осы топқа тән өзгеруіне әкеледі. Гистологиялық өзгерулер эпителийге эстрогендік (митоздық) және прогестагендік (секрециялық) аралас ықпалы бар бездердің айқын кистоздық кеңеюімен, строма және эпителийдің өсуінің ассимметриясымен қатарласа жүретін белсенді емес және әлсіз пролиферацияланатын эпителиймен білінеді. Мұндай өзгерулер улипристал ацетатын 3 ай бойы қабылдаған пациенттердің шамамен 60 %-да білінді. Олар қайтымды және емдеуді тоқтатқаннан кейін жоғалады, оларды эндометрий гиперплазиясы ретінде қабылдамаған жөн.

Бала туа алатын жастағы, етеккірлік қан кетуі ауыр түрде болатын пациенттердің шамамен 5 %-да эндометрий қалыңдығы 16 мм-ден астам. Улипристал ацетатын қабылдап жүрген пациенттердің 10-15 %-да алғашқы 3 айлық емдеу курсы барысында эндометрий (>16 мм) қалыңдауы мүмкін. Емнің қайталау курстары жағдайында эндометрий қалыңдауы аздау жиілікте байқалған (емнің екінші курсынан кейін 4,9% және төртіншісінен кейін 3,5% пациентте). Бұл қалыңдау препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін және етеккірлік қан кету қайта басталған соң жоғалады. Егер эндометрийдің қалыңдауы ем үзілген кезеңдер уақытында етеккір жаңадан келегеннен кейн немесе емдеу курсы аяқталғаннан кейін 3 айдан ұзақ сақталса, басқа ауруларды жоққа шығару үшін стандартты тексеру жүргізген жөн.

Лейомиома

Улипристал ацетаты лейомиомаға тікелей әсер етіп, жасушалық пролиферациясын басады және апоптозды индукциялайды, бұл олардың өлшемдерінің азаюына әкеледі.

Гипофиз

Улипристал ацетатын 5 мг дозада күн сайын қабылдағанда пациенттердің көбісінде овуляция басылады, мұны прогестеронның концентрациясын

0,3 нг/мл-ге жуық деңгейде сақтап тұрғаны айғақтайды.

Улипристал ацетатын 5 мг дозада күн сайын қабылдағанда фолликуланы стимуляциялаушы гормон (ФСГ) концентрациясы ішінара төмендейді, алайда көптеген пациенттерде қан сарысуындағы эстрадиолдың концентрациясы орташа фолликулярлы фаза деңгейінде сақталады және плацебо тобындағы осындайға сәйкес келеді.

Улипристал ацетатымен 3 ай бойы емдегенде қан сарысуындағы тироксин байланыстырушы глобулин (ТБГ), адренокортикотроптық гормонның (АКТГ) және пролактиннің концентрациясына ықпалын тигізбейді.

Қолданылуы

- бала туа алатын 18 жастан асқан әйелдерде жатыр миомасының орташа және айқын симптомдарын операция алдында емдеуде.

- 18 жастан асқан ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерде ауырлығы орташа және ауыр дәрежелі жатыр миомасының симптомдарын курстық емдеуде.

Әрбір курстың ұзақтығы 3 айдан аспауы тиіс.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, тамақтануға байланыссыз, 5 мг-ден (1 таблетка) күніне 1 рет, курс ұзақтығының әрқайсысы 3 айдан аспайды.

Емдеуді етеккір оралымының бірінші аптасы ішінде бастаған жөн.

Емдеудің қайталау курсын екінші етеккір оралымының бірінші аптасында алдыңғы емдеу курсы аяқталғаннан кейін барынша ертерек бастаған дұрыс.

Емдеуші дәрігер пациент әйелге препаратты қолдануда үзіліс жасау қажет екендігі туралы нұсқамаларын беруі тиіс.

Зерттелген ұзақ мерзімді емдеудің ұзақтығы курстық емнің 4 курсын құрайды.

Дозаны өткізіп алған жағдайда улипристал ацетаты таблеткасын мүмкіндігінше ертерек қабылдаған жөн. Егер қабылдағанына 12 сағаттан астам уақыт өтсе, онда өткізіп алған доза қабылданбайды, және қабылдаудың әдеттегі режимін қайта бастаған жөн.

Бүйрек жеткіліксіздігінде

Бүйректің жеңіл немесе орташа дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігінде

Бауырдың жеңіл дәрежелі жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥1/10)

- аменорея, эндометрийдің қалыңдауы

Жиі (>1/100 - <1/10 дейін)

- бас ауыру

- вертиго

- жүрек айнуы, іш ауыруы

- акне

- сүйек пен бұлшықеттің ауыруы

- «ысынулар», аналық без кистасы, сүт безінің кернеуі/ауыруы, жамбас аймағының ауыруы

- қатты қажығыштық

- дене салмағының артуы

Жиі емес (>1/1 000 - <1/100 дейін)

- эмоционалдық бұзылыстар

- бас айналу

- мазасыздық

- ауыздың құрғауы, іштің қатуы

- алопеция, терінің құрғауы, қатты тершеңдік

- арқаның ауыруы

- несепті ұстай алмау

- жатырдан қан кету

- метроррагия, қынаптан бөліністер, сүт безі аймағында жағымсыз сезімдер

- ісінулер, астения

- қанда триглицеридтер концентрациясының жоғарылауы, қанда холестерин концентрациясының жоғарылауы

Сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін)

- мұрыннан қан кету

- диспепсия, метеоризм

- аналық без кистасының жарылуы

- сүт безінің ісінуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- улипристал ацетатына немесе препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- этиологиясы анық емес немесе туындау себебі жатыр миомасына байланысты емес қынаптан қан кету

- жатырдың, жатыр мойнының, аналық бездердің немесе сүт безінің обыры

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гормональді контрацептивтер

Улипристал ацетатының құрылысы стероидты және прогестерондық рецепторларға қатысты тежегіш әсері басым болатын прогестерондық рецепторлардың селективті модуляторы ретінде әсер етеді. Осылайша, гормональді контрацептивтер және прогестагендер прогестагендік рецепторларға бәсекелі әсер ету арқылы улипристал ацетатының тиімділігін төмендетуі мүмкін. Улипристал ацетаты гормональді контрацептивтердің (құрамында прогестаген бар таблеткалар, прогестаген-рилизинг жүйесі (прогестагендерді бөліп шығаратын жатырішілік спиральдар)) немесе біріктірілген пероральді контрацептивтердің және басқа көрсетілімдер бойынша қолданылатын прогестаген препаратарының әсеріне кедергі жасауы мүмкін. Сондықтан құрамында прогестагендер бар препараттарды бір мезгілде қолданбау керек және оларды қабылдауды улипристал ацетатымен емдеу тоқтатылғаннан кейін 12 күн өткен соң бастаған жөн. Улипристал ацетатының емдік дозаларын қабылдап жүрген әйелдердің көпшілігінде де ановуляция байқалған, осыған байланысты емдеу барысында гормональді емес контрацепция әдісін қосымша пайдалану керек.

CYP3A4 тежегіштері

Эритромицин пропионатының CYP3A4 изоферментінің орташа тежегішін (9 күн бойы күніне 2 рет 500 мг) қолданғаннан кейін дені сау ерікті әйелдерде улипристал ацетатының Cmax және AUC көрсеткіштері тиісінше 1,2 және 2,9 есе жоғарылады; улипристал ацетатының белсенді метаболитінің AUC шамасы 1,5 есе жоғарылады, сол кезеңде белсенді метаболиттің Cmax (0,52 есе) төмендеді. Кетоконазолды (400 мг 1 р/тәулігіне, 7 күн), CYP3A4 күшті тежегішін қолдану аясында дені сау ерікті әйелдерде улипристал ацетаты Cmax және AUC көрсеткіштерінің сәйкесінше 2 және 5,9 есе артқаны байқалған. Улипристалдың белсенді метаболиті үшін оның Cmax (0,53 есе өзгеруі) төмендеген кезде AUC көрсеткіштерінің 2,4 есе артқаны байқалған.

Улипристал ацетатын CYP3A4 әлсіз тежегіштерімен бірге қолдану аясында дозаны түзетудің қажеті жоқ. Улипристал ацетатын қуаттылығы орташа және үлкен CYP3A4 тежегіштерімен бірге қолдануға болмайды.

CYP3A4 индукторлары

Рифампициннің CYP3A4 қуатты индукторын (300 мг 2 р/тәулігіне, 9 күн) қолдану аясында дені сау ерікті әйелдерде улипристал мен оның белсенді метаболиті Cmax және AUC көрсеткіштерінің 90 %-дан астамға айқын төмендеуі байқалған. Сонымен қатар, улипристал жартылай шығарылу кезеңінің 2,2 есе төмендеуі байқалған, бұл оның экспозициясының шамамен 10 есе азаюына сәйкес келеді. Улипристал мен CYP3A4 күшті индукторларын (мысалы, рифампицин, рифабутин, карбамазепин, окскарбазепин, фенитоин, фосфенитоин, фенобарбитал, примидон, шілтерлі шайқурай, эфавиренз, невирапин, ритонавир – ұзақ мерзімдік қолдану аясында) қатар қолдану ұсынылмайды.

Асқазан ішіндегі заттың рН-на әсер ететін дәрілік заттар

Улипристал ацетатын (10 мг/күн) протонды помпа тежегіші эзомепразолмен (6 күн бойы күніне 1 рет 20 мг) бірге қолдану орташа Cmax мәнінің 65 %-ға төмендеуіне, tmax (медианадан 0,75 сағаттан 1,0 сағатқа дейін) ұзаруына және орташа AUC мәнінің 13 %-ға дейін жоғарылауына әкеледі. Асқазан ішіндегі рН-ты арттыратын препараттарды улипристал ацетатымен (10 мг таблетка) бірге қолданудың клиникалық маңызы жоқ.

P‑гликопротеин субстраттары

Улипристал ацетаты клиникалық тұрғыдан маңызды концентрацияларда ішек қабырғасына сіңген кезде P-гликопротеиннің тежегіші ретінде әсер етуі мүмкін. Улипристал мен P-gp субстратын бір мезгілде қолдану зерттелмеген, сондықтан өзара әрекеттесу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Іn vivo деректері P-gp фексофенадин (60 мг) субстратын қабылданға дейін 1,5 сағат бұрын улипристалды (10 мг таблетка) қабылдау фексофенадиннің фармакокинетикасына клиникалық мәнді әсер етпейтінін көрсетіп отыр. Сондықтан улипристал мен P-gp субстраттарын (мысалы, дабигатран этексилаты, дигоксин, фексофенадин) қабылдаудың арасында 1,5 сағаттан кем болмайтын аралықты сақтау ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Улипристал ацетаты мұқият зерттеулерден кейін ғана тағайындалады. Емдеу басталғанға дейін жүктіліктің бар-жоқтығын анықтап алған жөн. Егер жаңа емдеу курсын бастағанға дейін жүктілікке күмән болса, жүктілікке жасалатын тест қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі улипристал ацетатының шығарылуына елеулі ықпалын тигізуі мүмкін деп болжам жасауға негіз жоқ. Ұдайы бақылаусыз улипристал ацетатын бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды, өйткені арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Улипристал ацетатын бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге емдік қолдану тәжірибесі жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі улипристал ацетатының шығарылуына ықпалын тигізуі мүмкін, бұл препарат әсерінің артуына әкеледі. Бұл жеңіл дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тән емес. Ұдайы бақылау болмағанда улипристал ацетатын орташа немесе ауыр дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.

Бронх демікпесі

Пероральді глюкокортикостероидтармен түзетуге келмейтін бронх демікпесінің ауыр түрі бар әйелдерге препаратты қолдануға болмайды.

Қатар жүретін ем

Улипристал мен орташа (мысалы, эритромицин, грейпфрут шырыны, верапамил) немесе қуатты CYP3A4 тежегіштерін (мысалы, кетоконазол, ритонавир, нефазодон, итраконазол, телитромицин, кларитромицин) қатар қолдану ұсынылмайды.

Улипристал мен CYP3A4 қуатты индукторларын (мысалы, рифампицин, рифабутин, карбамазепин, окскарбазепин, фенитоин, фосфенитоин, фенобарбитал, примидон, шілтерлі шайқурай, эфавиренз, невирапин, ритонавир – ұзақ мерзімдік қолдану аясында ) бірге қолдануға болмайды.

Эндометрийдің өзгеруі

Улипристал ацетаты эндометрийге спецификалы фармакодинамикалық әсерін тигізеді. Эндометрий қалыңдығының ұлғайғаны білінуі мүмкін. Егер эндометрийдің қалыңдауы ем аяқталып және етеккір қайта басталғаннан кейін 3 ай бойы сақталса, басқа аурулардың бар-жоқтығын анықтау үшін қосымша зерттеу жүргізген жөн.

Улипристал ацетатын қабылдап жүрген пациенттерде, гистологиялық зерттеулерде эндометрий құрылымының өзгергені байқалуы мүмкін. Мұндай өзгерулер емдеуді аяқтағаннан кейін қайтымды. Бұл гистологиялық өзгерулер прогестерон рецепторларының (PAEC) модуляторымен байланысты эндометрийдегі өзгерулер ретінде көрсетіледі, және оларға эндометрий гиперплазиясы ретінде қате баға берілмеуі тиіс. Мұнымен қоса, емдеу кезеңінде қайтымды эндометрий қалыңдауы байқалады. Курстық ем қайталап жүргізілген жағдайда эндометрий жағдайын мерзімді тексеріп отыру ұсынылады. Бұл жыл сайынғы емнің үзілісі кезеңінде етеккір жаңғыруынан кейін ультрадыбыстық зерттеуді қамтиды. Тұрақты эндометрий қалыңдауы кезінде етеккір жаңаруынан кейін ем үзілісі кезеңі уақытында немесе емдеу курсы аяқталғаннан және/немесе қан кету сипаты өзгерістерінен кейін 3 айдан соң («Қан кету сипатын» қараңыз) басқа аурулар, мысалы эндометрийдің қатерлі жаңа түзілімдері бар-жоғын анықтау үшін эндометрий биопсиясы кіретін тиісті тексеру жүргізілуі керек.

Гиперплазия жағдайында (атипиясыз) стандартты клиникалық тәжірибе қағидаларымен сәйкес мониторинг жүргізу ұсынылады (мысалы, 3 айдан кейінгі бақылау байқауы). Атипиялық гиперплазия жағдайында пациентті тексеру мен енгізуді стандартты клиникалық тәжірибе қағидаларына сәйкес жүргізген жөн.

Әрбір курстың ұзақтығы 3 айдан аспауы тиіс, өйткені барынша ұзақ емдеу аясында эндометрийге жағымсыз әсер ету қаупі ем үзіліссіз жүзеге асырылатын жағдайда белгісіз.

Қан кету сипаты

Пациент алғашқы 10 күн ішінде улипристал ацетатымен емдеу әдетте етеккірлік қан жоғалтудың едәуір азаюына немесе аменореяға әкеп соғатындығынан хабардар болуы тиіс. Шамадан тыс қан кетулер сақталған жағдайда пациент дәрігерге қаралғаны жөн. Әдеттегідей, етеккір оралымы емдеу курсы аяқталғаннан кейін 4 апта ішінде қайта басталады. Егер қан кету қарқындылығының бастапқы төмендеуі немесе аменорея басталуынан кейін курстық емді қайталау барысында басқа аурулар бар-жоғын анықтау үшін (мысалы, эндометрийдің қатерлі жаңа түзілімдері) қан кетудің өзгерген тұрақты немесе болжанбаған көріністері (мысалы, етеккіраралық қан кету пайда болғанда) айқындалғанда эндометрий биопсиясы кіретін тиісті тексеру жүргізілуі керек.

Ұзақ мерзімді емдеудің ең жоғары зерттелген ұзақтығы 4 емдеу курсын құрайды.

Фертильділігі

Улипристал ацетатын емдік дозаларда қабылдаған әйелдердің көбісінде ановуляция байқалды. Алайда улипристал ацетатын ұзақ қолданғандағы фертильділік зерттелмеген.

Дәрілік заттың көлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Улипристал ацетаты автомобильді және механизмдерді басқару қабілетіне біршама ықпалын тигізуі мүмкін, өйткені оны қолдану аясында жеңіл бас айналу білінді.

Артық дозалануы

Улипристал ацетатын артық дозалау тәжірибесі шектеулі.

Пациенттердің аздаған саны препаратты 200 мг дейінгі дозада бір рет немесе 50 мг дозада 10 күн бойы қатарынан қолданған, бұл ретте күрделі жағымсыз реакциялары тіркелмеген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

14 таблеткадан ПВХ/ПЭ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 немесе 6 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 15 0С-ден 30 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ

1103 Будапешт, Дёмрёи к-сі, 19-21, Венгрия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ, Будапешт, Венгрия

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Гедеон Рихтер» ААҚ ҚР өкілдігі

E-mail: info@richter.kz

Телефон: 8-(727)-258-26-22, 8-(727)-258-26-23

Прикрепленные файлы

509522341477976876_ru.doc 88 кб
341512451477978041_kz.doc 117.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ