Эсмерон®

МНН: Рокурония бромид
Производитель: Хамельн Фармасьютикалз ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rocuronium bromide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018093
Период регистрации: 30.06.2016 - 30.06.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 1 335.91 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Эсмерон®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Рокуроний бромиді

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізуге арналған 10 мг/мл, 5 мл ерітінді

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 10.0 мг рокуроний бромиді,

қосымша заттар: натрий ацетаты тригидраты, натрий хлориді, мұзды сірке қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір сулы ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Миорелаксанттар. Шеткергі әсер ететін миорелаксанттар. Басқа да төртіншілік аммоний қосылыстары. Рокуроний бромиді.

ATХ коды М03АС09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Рокуроний бромидінің бір реттік болюстік дозасын көктамыр ішіне енгізгеннен кейін оның қан плазмасындағы концентрацияларының өзгеруі үш экспоненциальді фазада жүреді. Дені сау ересек адамдарда орташа жартылай шығарылу кезеңі (95% сенімді аралық) 73 (66-80) минутты құрайды, тепе-тең жағдайларда (шамамен) таралу көлемі 203 (193-214) мл/кг құрайды. Плазмалық клиренсі минутына 3.7 (3.5-3.9) мл/кг құрайды.

Рокуроний бромиді несеппен және өтпен бірге шығарылады. Несеппен шығарылуы 12-24 сағат ішінде 40%-ға жетеді. Рокуроний бромидінің таңбаланған радиоактивті изотопымен инъекция жасағаннан кейін, оның шығарылуы 9 күн ішінде несеппен бірге орта есеппен 47%-ды және нәжіспен бірге 43%-ды құрады. Препараттың шамамен 50%-ы өзгермеген күйінде шығарылады. Қан плазмасында метаболиттер табылған жоқ.

Рокуроний бромидінің фармакокинетикасы 0-ден 17 жасқа дейінгі педиатриялық пациенттерде (n=146) севофлуранды (енгізу) және изофлуранды/азоттың шала тотығын (демеу) қолданып жасалған анестезия кезінде жүргізілген екі клиникалық зерттеуден алынған фармакокинетикалық деректерді популяциялық талдау негізінде зерттелді. Фармакокинетикалық параметрлерінің клиренсі (л/сағ./кг) ұқсас және дене салмағына пропорционалды болды. Таралу көлемі (л/кг) және жартылай шығарылу кезеңі (сағ.) жастың ұлғаюымен төмендеді (жасы). Әрбір жас тобына байланысты фармакокинетикалық параметрлері төменде берілген.

1-кесте. Балаларда севофлуранды және азоттың шала тотығын (енгізу) және изофлуранды/азоттың шала тотығын (демеу) қолданып жүргізілген анестезиядағы рокуроний бромидінің фармакокинетикалық параметрлері

 

Пациенттердің жасы

Фармакокине-тикалық параметрлері

Жаңа туған нәрестелер (0-27 күн)

Нәрестелер

(28 күн - 2

айлық)

Балабақша жасындағы балалар

(3-23 айлық)

Балалар (2-11 жас)

Жасөспірімдер

(12-17жас)

Клиренсі

(л/кг/сағ.)

0.31 (0.07)

0.30 (0.08)

0.33 (0.10)

0.35 (0.09)

0.29 (0.14)

Таралу көлемі

(л/кг)

0.42 (0.06)

0.31 (0.03)

0.23 (0.03)

0.18 (0.02)

0.18 (0.01)

Жартылай шығарылу кезеңі t½ β (сағ.)

1.1 (0.2)

0.9 (0.3)

0.8 (0.2)

0.7 (0.2)

0.8 (0.3)

Бақыланатын зерттеулерде қартаң жастағы пациенттерде және бүйрек функциясы бұзылған науқастарда плазмалық клиренсі баяулаған, алайда көптеген зерттеулерде бақыланатын айырмашылықтардың статистикалық мәнге жетпегені көрінді. Бауыр аурулары бар науқастарда жартылай шығарылу кезеңі орта есеппен 30 минутқа артады, клиренсі минутына дене салмағының әр кг-на шаққанда 1 мл-ге төмендейді («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Өкпенің жасанды түрде 20 сағат немесе одан астам уақыт бойы желденуін жеңілдету үшін рокуроний бромидін үздіксіз инфузиялар түрінде енгізгенде тепе-тең жағдайларда рокуроний бромидінің орташа жартылай шығарылу кезеңі және орташа (шамаланған) таралу көлемі артады. Бақыланатын клиникалық зерттеулерде әртүрлі генезімен және полиоргандық жеткіліксіздігі айқындылығының дәрежесімен және науқастың жекелей сипаттамасымен байланысты көрсеткіштердің әр жеке адам арасында айқын өзгеріп отыратындығы анықталды. Полиоргандық жеткіліксіздігі орташа (±SD) пациенттерде жартылай шығарылу кезеңі 21.5 (±3,3) сағатты құрайды, тепе-тең жағдайларда (шамаланған) таралу көлемі – 1.5 (±0,8) л/кг және плазмалық клиренсі –2.1 (±0,8) мл/кг/мин.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Эсмерон® (рокуроний бромиді) – тез әсер ететін, препараттардың осы тобына тән барлық фармакологиялық әсерлері (кураре тәрізді) бар, әсер ету ұзақтығы орташа деполяризацияламайтын миорелаксант. Ол қаңқа бұлшықеттерінің н-холинорецепторларын бөгейді және ацетилхолиннің деполяризациялайтын әсеріне кедергі жасайды. Осы әсерлердің антагонистері неостигмин метилсульфонаты, эдрофоний хлориді және пиридостигмин бромиді типіндегі ацетилхолинэстераза тежегіштері болып табылады.

Фармакодинамикалық әсерлері

ED90 (шынтақ жүйкесінің стимуляциясына жауап ретінде қолдың басбармақ бұлшықетінің жиырылу реакциясын 90%-ға басу үшін қажетті доза) көктамырішілік жалпы анестезия кезінде шамамен 0.3 мг/кг рокуроний бромидін құрайды. ED95 нәрестелерде ересектер мен балаларға қарағанда төмен (сәйкесінше, 0.25; 0.35 және 0.40 мг/кг).

Рокуроний бромидінің 0.6 мг/кг дозасында клиникалық әсер ету ұзақтығы (қаңқа бұлшықеттерінің жиырылғыштық қабілетінің бақыланатын деңгейден 25%-ға дейін өздігінен қалпына келу уақыты) 30-40 минутты құрайды. Жалпы ұзақтығы (қаңқа бұлшықеттерінің жиырылғыштық қабілетінің бақыланатын деңгейден 90%-ға дейін өздігінен қалпына келу уақыты) 50 минутты құрайды. Қаңқа бұлшықеттерінің жиырылғыштық қабілетінің бақыланатын деңгейден 25%-дан 75%-ға дейіні (қалпына келу индексі) өздігінен қалпына келуінің орташа уақыты рокуроний бромидінің болюсті 0,6 мг/кг дозасынан кейін 14 минутқа тең болады. Рокуроний бромидінің төменірек 0.3-0.45 мг/кг дозаларында (1-1½ × ED90) әсер етуі кеш басталады және әсер ету ұзақтығы қысқа болады. Рокуроний бромидінің жоғары 2 мг/кг дозаларында клиникалық ұзақтығы 110 минутты құрайды.

Жоспарлы анестезия жүргізген кездегі кеңірдек интубациясы

Рокуроний бромидінің 0.6 мг/кг дозасын көктамыр ішіне енгізгеннен кейін (2 × ED90 көктамырішілік жалпы анестезияда) 60 секунд ішінде барлық науқаста дерлік интубацияның талапқа сай жағдайына қол жеткізіледі, ал олардың 80%-да интубация үшін жағдай өте жақсы деп бағаланады. Қаңқа бұлшықеттерінің кез келген хирургиялық араласым үшін талапқа сай жалпы босаңсуы 2 минуттың ішінде дамиды. Рокуроний бромидінің 0.45 мг/кг дозасын енгізгеннен кейін интубация үшін қолайлы жағдай 90 секундтан кейін болады.

Анестезияның бірізді тез индукциясы

Пропофолды немесе натрий фентанилі/тиопенталін қолдана отырып жасалатын анестезияның бірізді тез индукциясында, сәйкесінше, пациенттердің 93%-да және 96%-да интубация үшін қолайлы жағдайға 1.0 мг/кг рокуроний бромидін енгізгеннен кейін 60 секундтан соң жетеді. Науқастардың 70%-да олар өте жақсы деп бағаланады. Осы дозада рокуроний бромидінің клиникалық әсер ету ұзақтығы 1 сағатқа жуықты құрайды, содан кейін жүйке-бұлшықет өткізгіштігі қалпына келуі мүмкін. Рокуроний бромидінің 0.6 мг/кг дозасын енгізгеннен кейін пациенттердің 81%-да және 75%-да, тиісінше, пропофолмен немесе натрий фентанилі/тиопенталімен анестезияның бірізді тез индукциясын жасаған кезде интубация үшін талапқа сай жағдайға 60 секундтан соң жетеді.

Пациенттердің ерекше топтары

Рокуроний бромидінің интубациялық 0.6 мг/кг дозасының нәрестелер мен балаларда әсер ете бастауының орташа уақыты ересектерге қарағанда қысқалау болады. Әсер ету ұзақтығы және жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің қалпына келу уақыты балаларда, нәрестелердікімен және ересектердікімен салыстырғанда, қысқа болуы мүмкін.

Рокуроний бромидінің демеуші (0.15 мг/кг) дозасының әсер ету ұзақтығы, энфлуранмен және изофлуранмен анестезияны қолданғанда, қартаң жастағы науқастарда және бауыр және/немесе бүйрек ауруы бар науқастарда (шамамен 20 минут), көктамырішілік анестезияда экскреторлы ағзалардың функциясы бұзылмаған науқастарға (шамамен 13 минут) қарағанда біршама көп болуы мүмкін. («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз). Демеуші дозаларды тиісті деңгейде бірнеше рет енгізгенде жиналып қалу әсері (әсер ету ұзақтығының үдеп артуы) байқалған жоқ.

Қарқынды емдеу бөлімі

Қарқынды емдеу бөлімінде рокуроний бромидімен үздіксіз инфузиядан 0.7-ге дейінгі train-of-four (TOF) - қатынасының (төрт разрядты (ТОF) стимуляцияға бұлшықеттердің төртінші және бірінші жауаптары шамасының арақатынасы) қалпына келу уақыты инфузия соңындағы бөгелу деңгейіне байланысты. 20 сағат немесе одан да көп уақыт ішіндегі үздіксіз инфузиядан кейін немесе ТОF стимуляцияға жауапқа қайтадан Т2 (бұлшықеттердің екінші жауабы) пайда болуының арасындағы орташа уақыты (диапазон) және 0.7-ге дейінгі TOF-қатынастың қалпына келуі полиорганды жеткіліксіздігі жоқ науқастарда 1.5 (1-5) сағатты және полиорганды жеткіліксіздігі бар науқастарда 4 (1-25) сағатты құрайды.

Жүрек-қантамыр хирургиясы

Жүрегіне операция жасау жоспарланған науқастарда 0.6-0.9 мг/кг Эсмерон® препаратын енгізгеннен кейін ең жоғары бөгелістің даму уақытында байқалатын, жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан өте жиі болатын әсерлер – жүректің жиырылу жиілігінің бақыланатын деңгейдің 9%-на дейін әлсіз болуы және клиникалық тұрғыдан айқын емес артуы және артериялық қысымның орташа 16%-ға дейін артуы болып табылады.

Жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің қалпына келуі

Т2 қайтадан пайда болған кезде немесе клиникалық қалпына келудің алғашқы белгілерінде ацетилхолинэстераза тежегіштерін (неостигмин, пиридостигмин немесе эдрофоний) енгізу Эсмерон® препаратының әсерінен болған бөгелістен кейін жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің қалпына келуіне әкеп соғады.

Қолданылуы

- ересектерде және педиатриялық пациенттерде туғаннан бастап жасөспірімдік жасқа дейін стандартты енгізу барысында жалпы наркозға қосымша ретінде кеңірдек интубациясын жеңілдету үшін және хирургиялық араласым кезінде қаңқа бұлшықеттерінің босаңсуын қамтамасыз ету үшін

  • қарқынды емдеу бөлімінде (ҚЕБ) ересектерде (балалар мен егде жастағы пациенттерден басқа) өкпеге жасанды желдету жүргізген кезде кеңірдек интубациясын жеңілдету үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Басқа да миорелаксанттарды қолданған кездегідей, Эсмеронды® миорелаксанттардың әсерімен таныс тәжірибелі клиницистер ғана енгізуі, немесе олардың бақылауымен енгізілуі тиіс. Эсмерон® препаратының дозасын, басқа да миорелаксанттарды қолданған жағдайдағыдай, әрбір науқас үшін жекелей таңдап алынуы керек. Дозаны таңдаған кезде анестезия әдісіне және операцияның шамаланған ұзақтығына, седация әдісіне және механикалық желдетудің күтілетін ұзақтығына, бірге тағайындалатын препараттармен мүмкін болатын өзара әрекеттесуіне, сондай-ақ науқастың жалпы жағдайына көңіл бөлген жөн.

Жүйке-бұлшықет бөгелісінің дәрежесіне және жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің қалпына келуіне баға беру үшін жүйке-бұлшықет мониторингінің тиісті әдістерін пайдалану ұсынылады.

Ингаляциялық анестетиктер Эсмерон® препаратынан туындайтын жүйке-бұлшықет бөгелісін күшейтеді. Бұл күшею, алайда, жалпы анестезия барысында тіндердегі ұшқыш заттардың концентрациясы осындай өзара әрекеттесу үшін жеткілікті деңгейге жеткен кезде ғана клиникалық тұрғыдан маңызды бола алады. Демек, Эсмерон® препаратының дозасын таңдауды, ұзақ уақыт аралықтан кейін демеуші өте төмен дозаларды немесе ингаляциялық наркозды пайдалана отырып, ұзақ уақыттық (1 сағаттан астам) емшара жүргізу кезінде, Эсмерон® препаратымен инфузия жасаудың өте төмен жылдамдығын пайдалана отырып енгізу жолымен жүргізген жөн («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Эндотрахеальді интубация жүргізген кезде ересек пациенттерде жалпы сызба ретінде және ұзақтығы әртүрлі операцияларда бұлшықеттің босаңсуын қамтамасыз ету үшін және қарқынды емдеу бөлімінде пайдалану үшін төмендегі дозалар ұсынылуы мүмкін.

Хирургиялық араласымдардаЭндотрахеалъді интубация

Әдеттегідей анестезия кезінде эндотрахеальді интубация жүргізу үшін рокуроний бромидінің стандартты дозасы 0.6 мг/кг құрайды, одан кейін трахеяның интубациясы үшін талапқа сай жағдай көптеген пациенттерде шамамен 60 секундтан кейін дамиды. Анестезияның бірізді тез индукциясын жүргізген кезде кеңірдектің интубация жағдайларын жеңілдету үшін рокуроний бромидінің ұсынылатын дозасы 1.0 мг/кг құрайды. Мұндай жағдайда кеңірдектің интубациясы үшін талапқа сай жағдайлар барлық пациенттерде дерлік 60 секундтан кейін дамиды. Анестезияның бірізді тез индукциясы үшін рокуроний бромидінің 0.6 мг/кг дозасын пайдаланған кезде пациент кеңірдегінің интубациясын препаратты енгізгеннен кейін 90 секундтан соң жүргізу керек.

Кесарь тілігі жасалатын науқастарда анестезияның бірізді тез индукциясы кезінде рокуроний бромидін қолдануға қатысты ақпарат «Жүктілікте және лактацияда қолданылуы» бөлімінде көрсетілген.

Жоғары дозалар

Өте жоғары дозаларды таңдау әрбір нақты пациентте негізді болуы тиіс. Хируругиялық операция жүргізген кезде рокуроний бромидінің бастапқы 2 мг/кг-ға дейінгі дозасын енгізу жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлерсіз өтетіні анықталды. Рокуроний бромидінің осы дозаларын қолдану оның әсер ете бастау уақытын қысқартады және әсер ету уақытының ұзақтығын арттырады.

Демеуші дозалар

Рокуроний бромидінің ұсынылатын демеуші дозасы 0.15 мг/кг құрайды; ұзақ ингаляциялық наркоз жағдайында оны 0.075-0.1 мг/кг дозаға дейін азайтқан жөн. Демеуші дозаны бұлшықеттің жиырылу амплитудасы бақылаушы деңгейдің 25%-на дейін қалпына келген кезде немесе төртразрядты стимуляция (ТОҒ) режиміндегі мониторингтеуде 2-3 жауап пайда болған кезде енгізген дұрыс.

Үздіксіз инфузия

Егер рокуроний бромидін үздіксіз инфузия арқылы енгізсе, рокуроний бромидінің жүктеме 0,6 мг/кг дозасынан бастау керек, ал жүйке-бұлшықет өткізгіштігі қалпына келе бастаған кезде, инфузияны бастау керек. Инфузия жылдамдығын қаңқа бұлшықеттерінің жиырылғыштық реакциясы бақыланатын деңгейдің 10%-ы деңгейінде болатындай немесе төртразрядты стимуляция (ТОҒ) режиміндегі мониторингте 1-2 жауап пайда болған кезде таңдаған жөн. Ересектерде көктамырішілік жалпы анестезия кезінде жүйке-бұлшықет бөгелісін осы деңгейде ұстау үшін қажетті инфузия жылдамдығы 0.3-0.6 мг/кг/сағатты, ал ингаляциялық наркозда - 0.3-0.4 мг/кг/сағатты құрайды. Жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің монитроингін ұдайы жүргізіп отыру ұсынылады, өйткені инфузияның қажетті жылдамдығы пациенттің жекелей ерекшелігіне және анестезияның әртүрлі әдістеріне байланысты ауытқып отыруы мүмкін.

Балалар

Педиатрияда, (2-11 жастағы) балаларды қоспағанда, инфузияны үздіксіз жүргізген кезде инфузия жылдамдығы ересектердегідей (0.3-0.6 мг/кг/сағ) . 2-ден 11 жасқа дейінгі балаларда инфузияның жоғарырақ жылдамдығы қажет болуы мүмкін. Сондықтан балаларда (2-ден 11 жасқа дейінгі) инфузияның бастапқы жылдамдығын ересектердегідей (0.3-0.6 мг/кг/сағ.) етіп алу ұсынылады, ал содан кейін оны бұлшықеттердің жиырылу амплитудасын бақыланатын амплитуданың 10%-ы деңгейін демеу немесе төрт разрядты стимуляция (ТОҒ) режиміндегі мониторингте 1-2 жауаптың болуы үшін түзету қажет.

Балаларға 1 айлығынан бастап әдеттегідей анестезия (0.6 мг/кг рокуроний бромиді) жасаған кезде интубация үшін ұсынылатын доза және демеуші доза (0.15 мг/кг рокуроний бромиді) ересектердегідей болады.

Қазіргі кезде рокуроний бромидін жаңа туған нәрестелерге (0-1 айлық) қолдану жөнінде деректер жеткіліксіз.

Анестезияның бірізді тез индукциясы емшарасы кезінде рокуроний бромидін қолдану тәжірибесі балаларда шектеулі. Сондықтан балаларда рокуроний бромиді анестезияның бірізді тез индукциясында кеңірдек интубациясын жеңілдету үшін ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер және бауыр және/немесе өт жолдарының аурулары және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Егде жастағы пациенттер және бауыр және/немесе өт жолдарының аурулары бар пациенттер және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар болғанда әдеттегідей анестезия жүргізгенде стандартты интубациялық доза 0.6 мг/кг рокуроний бромидін құрайды. Миорелаксанттың әсер етуі шамамен ұзаққа созылатын пациенттерде бірізді тез индукция емшарасын жүргізген кезде рокуроний бромидінің 0.6 мг/кг дозасын пайдалану ұсынылады. Осы пациенттер үшін, енгізу техникасына қарамай-ақ, рокуроний бромидінің ұсынылатын демеуші дозасы 0.075-0.1 мг/кг құрайды, ұсынылатын инфузия жылдамдығы – 0.3-0.4 мг/кг/сағ. («Үздіксіз инфузия» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Шамадан тыс дене салмағымен және семіздікке шалдыққан пациенттер

Препаратты шамадан тыс дене салмағымен немесе семіздікке шалдыққан (бұған дене салмағының индексінің мәні 30-дан асатын науқастар жатады) науқастарға қолданған кезде рокуроний бромидінің дозасын, оларды осы жастағылар және жыныстағылар үшін қалыпты дене салмағы индексінің көрсеткіштерін есепке ала отырып, төмендеткен жөн.

Қарқынды емдеу бөлімінде пайдаланылуы Кеңірдек интубациясы

Дозасы хирургиялық араласымдардағыға ұқсас. Демеуші дозалар

Жүйке-бұлшықет өткізгіштігін бастапқы деңгейден рокуроний бромидінің 0,6 мг/кг дозасынан бастау керек, кейін оны 10%-ға дейін қалпына келтірген кезде немесе TOF режиміндегі стимуляцияда 1-2 жауап алынғанда препаратпен үздіксіз инфузия жасауға көшу керек. Рокуроний бромидінің дозасы әсеріне байланысты әр адамға жекелей таңдап алынуы тиіс.

Жүйке-бұлшықет бөгелісін 80-90% деңгейінде ұстап тұру үшін (TOF режиміндегі стимуляцияда 1-2 жауап алынған) инфузияның ұсынылатын бастапқы жылдамдығы, ересек пациенттерде алғашқы енгізу сағатында 0.3-0.6 мг/кг/сағ. құрайды, содан кейін 6-12 сағат бойы инфузия жылдамдығын науқастың жекелей реакциясына сәйкес төмендету қажет. Осыдан кейін препараттың белгілі дозасына жекелей қажеттілік салыстырмалы түрде тұрақты күйінде қалады.

Бақыланатын клиникалық зерттеулерде ағзалық бұзылулардың себептері мен дәрежесіне, қоса жүргізілген дәрі-дәрмектік еміне және науқастың жекелей сипатына байланысты орташа мәні 0.2-0.5 мг/кг/сағат болатын инфузияның сағаттық жылдамдығына қатысты әр жеке адамдар арасында елеулі ауытқулар анықталды. Әр пациенттің оңтайлы бақылануын қамтамасыз ету үшін жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің үздіксіз мониторингін мұқият жүргізіп отыру ұсынылады. Препараттың 7 күнге дейінгі енгізу ұзақтығы зерттелді.

Пациенттердің ерекше топтары

Эсмеронды® балаларға және егде жастағы пациенттерде, препараттың пациенттердің осы топтарындағы қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде деректердің жоқ болуына байланысты, өкпені жасанды түрде желдетуді жеңілдету үшін қолдануға болмайды.

Енгізу тәсілі

Эсмерон® көктамыр ішіне болюсті түрде де, үздіксіз инфузия түрінде де енгізіледі («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Эсмерон® препаратының құрамында консервант жоқ болғандықтан, ерітіндіні құтыны ашқаннан кейін бірден пайдалану қажет.

Эсмерон® инфузиялық жүйеге басқа дәрілік заттармен бірге енгізілетін болса, жүйені (0.9% натрий хлориді ерітіндісі) Эсмерон® препараты мен олармен үйлеспейтін препараттарды енгізу арасында, сондай-ақ үйлесімсіздігі анықталмаса, мұқият шаю қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес/сирек (<1/100, >1/10000)

  • тахикардия

  • артериялық гипотензия

  • дәрілік заттың тиімсіздігі

  • тиімділігінің/емдік жауабының төмендеуі

  • тиімділігінің/емдік жауабының жоғарылауы

  • инъекция жасалған жердің ауыруы, инъекция жасалған жердегі реакциялар

  • жүйке-бұлшықет бөгелісінің ұзаққа созылуы

  • анестезиядан кейін жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің қалпына келуінің баяулауы

Өте сирек (<1/10000)

  • жоғары сезімталдық

  • анафилаксиялық реакция

  • анафилактоидтық реакция

  • анафилаксиялық шок

  • анафилактоидтық шок

  • бронхтың түйілуі

  • препаратты тез болюстік түрде енгізуден кейін плазмадағы орташа концентрацияның аздап артуы

  • сылбыр салдану

  • қантамырлық коллапс және шок

  • тері жабындарының гиперемиясы, есекжем, ангионевроздық ісіну

  • бөртпе

  • эритематозды бөртпе

  • бұлшықет әлсіздігі

  • стероидты миопатия

  • беттің ісінуі

  • қатерлі гипертермия

  • анестезиядан кейінгі тыныс алу жолдары тарапынан болатын асқынулар

Анафилаксия

Нейробұлшықет блокаторларын, соның ішінде Эсмерон® препаратын енгізуге анафилактикалық реакциялардың өте сирек жағдайлары байқалды

Анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялардың көріністері: бронхтың түйілуі, кардиоваскулярлық реакциялар (гипотензия, тахикардия, қантамырлық коллапс - шок), тері реакциялары (Квинке ісінуі, есекжем). Жекелеген жағдайларда бұл реакциялар өлімге әкеп соқты, сондықтан Эсмерон® препаратын қолданған кезде осы тәріздес қауіптерді ескеру және қажет болған жағдайда шұғыл жәрдем көрсету қажет.

Нейробұлшықет блокаторлары жергілікті де, сонымен қатар енгізген жерде қышынумен және эритематоидты реакциялармен немесе жайылған анафилаксиямен көрініс беретін жүйелік гистамин арқылы болатын реакцияларды туындатуы мүмкін, ықтимал қауіпті ескеру қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • рокуронийге немесе бромид-ионға немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық

  • 1 айлыққа дейінгі балаларға хирургиялық араласуларда (деректердің жеткіліксіздігіне байланысты)

  • жүктілік (деректердің жеткіліксіздігіне байланысты), кесарь тілігін қоспағанда;

  • лактация кезеңі (деректердің жеткіліксіздігіне байланысты)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Төмендегі жағдайларда әсері күшеюі мүмкін:

- құрамында галоген бар ұшқыш анестетиктер Эсмерон® препаратынан туындаған жүйке-бұлшықет бөгелісін күшейтеді. Бұл әсер демеуші дозаларды енгізген кезде ғана елеулі бола алады. Жүйке-бұлшықет өткізгіштігін ацетилхолинэстераза тежегіштерінің жәрдемімен қалпына келтіру баяулауы мүмкін.

- бұдан бұрын суксаметоний енгізілгенде.

  • қарқынды емдеу бөлімінде глюкокортикостероидтар мен Эсмерон® препаратын ұзақ уақыт қатарлас енгізу жүйке-бұлшықет бөгелісі ұзақтығының артуына немесе миопатияға әкеп соқтыруы мүмкін.

  • басқа топтардың препараттары: антибиотиктер (аминогликозидтер, линкозамидтер және полипептидтік антибиотиктер; ациламино-пенициллин қатарының антибиотиктері); диуретиктер, хинидин және оның изомері хинин, магний тұздары, баяу кальций өзекшелерінің блокаторлары, литий тұздары, жергілікті анестетиктер (лидокаин көктамыр ішіне, бупивакаин эпидуральді түрде) және фенитоинды немесе β-адреноблокаторларды енгізу. Рекураризация операциядан соң аминогликозидті, линкозамидті, полипептидтік және ациламино - пенициллиндік антибиотиктерді, хинидинді, хининді және магний тұздарын енгізуден кейін анықталды.

Төмендегі жағдайларда әсері төмендеуі мүмкін:

Осының алдында мыналарды ұзақ енгізу:

  • фенитоинді немесе карбамазепинді.

  • кальций хлоридін және калий хлоридін.

  • протеаза тежегіштерін (габексат, улинастатин).

Әсерінің өзгеруі

Деполяризацияламайтын басқа да миорелаксанттарды Эсмерон® препаратымен біріктіріп енгізу жүйке-бұлшықет бөгелісін, енгізу кезегіне және миорелаксантты қолдануға байланысты, әлсіретуін немесе күшейтуін туындатуы мүмкін.

Эсмерон® препаратынан кейінгі енгізілетін суксаметоний Эсмерон® препаратының әсерінен жүйке-бұлшықет бөгелісін күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін.

Эсмерон® препаратының басқа дәрілік препараттардың әсерлеріне ықпалы.

Эсмерон® препаратының лидокаинмен біріктірілімі лидокаиннің әсерінің өте тез басталуына әкеп соғуы мүмкін.

Педиатриялық пациенттер

Осы қазір балаларда дәрілердің өзара әрекеттесуіне жүргізілген клиникалық зерттеулер жоқ, сондықтан ересектерге арналған нұсқауларды педиатриялық пациенттер үшін де есепке алған жөн.

Үйлесімсіздігі

Эсмерон® препаратының құрамында келесі препараттар: амфотерицин В, амоксициллин, азатиоприн, цефазолин, клоксациллин, дексаметазон, диазепам, эноксимон, эритромицин, фамотидин, фуросемид, натрий гидрокортизоны сукцинаты, инсулин, метогекситал, метилпреднизолон, натрий преднизолоны сукцинаты, натрий тиопенталы, триметоприм және ванкомицин бар ерітінділермен бір еккіште енгізу үшін үйлеспейтіні анықталды. Эсмерон® Интралипид препаратымен де (парентеральді түрде енгізуге арналған май эмульсиясы) үйлеспейді.

Эсмерон® препаратын төменде көрсетілгендерден басқа дәрілік заттармен, араластыруға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен араластырған кездегі үйлесімділігі

Номинальді 0.5 мг/мл және 2.0 мг/мл концентрацияларда Эсмерон® 0.9% натрий хлориді ерітіндісімен, 5% декстрозамен, 0.9% натрий хлориді ерітіндісіндегі 5% декстрозамен және инъекцияға арналған сумен, Рингер ерітіндісімен және Гемаццель (полигелин) препаратымен үйлесімді болатыны көрсетілген. Енгізу араластырылып болысымен жүзеге асырылуы және 24 сағат ішінде аяқталуы тиіс. Пайдаланылмаған ерітінділерді төгіп тастаған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Эсмерон® тыныс алу бұлшықеттерін салдандыратын болғандықтан, осы препаратты қабылдап жүрген науқастарда өздігінен тыныс алу талапқа сай қалпына келгенше өкпелерді жасанды түрде желдету қажет. Басқа да миорелаксанттарды пайдаланған кездегідей, кеңірдекті интубациялаудың, әсіресе анестезияның бірізді тез индукциясы әдістемесі құрамында қолданған жағдайда, болуы мүмкін қиындықтарын қарастыру маңызды.

Басқа да миорелаксанттарды пайдаланған кездегідей, Эсмерон® препаратын пайдаланғаннан кейін де қалдық бөгелістің даму жағдайлары байқалды.

Қалдық бөгелістің дамуы нәтижесінде пайда болатын асқынуларға жол бермеу үшін кеңірдектің экстубациясын жүйке-бұлшықет өткізгіштігі жеткілікті дәрежеге дейін қалпына келгеннен кейін ғана жүргізу керек. 65 жастан бастап және одан үлкен егде жастағы пациенттерде қалдық жүйке-бұлшықет бөгелісі дамуының қаупі жоғары. Сондай-ақ операциядан кейінгі кезеңде экстубациядан кейін қалдық бөгелістің дамуын тудыруы мүмкін басқа да факторларды (мысалы, дәрілердің өзара әрекеттесуін немесе науқастың жағдайын) ескерген жөн.

Жүйке-бұлшықет өткізгіштігін, әсіресе қалдық бөгелістің пайда болуы өте ықтимал жағдайларда, қалпына келтіретін, кері әсер ететін препараттарды (сугаммадекс немесе ацетилхолинэстераза тежегіші) енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Нейробұлшықет блокаторлары арасында айқаспалы сезімталдықтың бар екендігі жөнінде мәлімделді, сондықтан Эсмерон® препаратын енгізер алдында басқа нейробұлшықет блокаторларына осындай реакциялардың бар-жоқтығын анықтаған жөн. Эсмерон® препаратын сезімтал пациенттерге тең абсолютті қажеттілік жағдайында ғана енгізу керек. Басқа нейробұлшықет блокаторларына аса жоғары сезімталдық реакцияларын анықтау үшін, сыртартқысында жалпы анестезияға арналған препараттарға осыған ұқсас реакциялары бар пациенттерді әрі қарай бақылауға алған жөн.

Рокуроний бромидін енгізу тахикардиямен қатар жүруі мүмкін.

Миорелаксанттарды қарқынды емдеу бөлімінде жатқан пациенттерге ұзақ уақыт енгізгеннен кейін ұзаққа созылатын жүйке-бұлшықет бөгелісінің және/немесе бұлшықет әлсіздігінің дамығаны білінуі мүмкін. Жүйке-бұлшықет бөгелісінің ұзаққа созылуы мүмкіндігіне және/немесе артық дозалануға жол бермеу үшін, миорелаксанттарды қолданудың бүкіл кезеңі ішінде жүйке-бұлшықет өткізгіштігі мониторингін жүзеге асыру керек, сондай-ақ науқастар ауырсынуын сездірмейтін және тыныштандыратын препараттарды талапқа сай қабылдауы қажет. Бәрінен бұрын, миорелаксанттарды науқастың жекелей реакциясына сәйкес мұқият таңдап алынған дозаларда енгізген жөн, әрі енгізу миорелаксанттардың әсерімен таныс тәжірибелі дәрігермен немесе оның бақылауымен, сондай-ақ жүйке-бұлшықетті мониторингтің тиісті техникасын пайдаланған кезде де жүзеге асырылуы тиіс.

Қарқынды емдеу бөлімінде деполяризацияланбайтын миорелаксанттарды глюкокортикостероидтар емімен біріктіріп ұзақ енгізгеннен кейін миопатия дамуы мүмкін. Сондықтан миорелаксанттарды және глюкокортикостероидтарды қабылдап жүрген науқастарға миорелаксантты енгізу кезеңі мүмкіндігінше барынша шектелуі тиіс. Егер интубация үшін суксаметоний қолданылатын болса, онда Эсмерон® препаратын енгізуді суксаметоний әсерінен болған бөгелістен кейін жүйке-бұлшықет өткізгіштігі клиникалық тұрғыдан қалпына келгенше кейінге қалдырған жөн.

Бауыр және/немесе өт шығару жолдарының аурулары және бүйрек жеткіліксіздігі

Рокуроний бромиді несеппен және өтпен бірге шығарылатын болғандықтан, оны бауырдың және/немесе өт шығару жолдарының клиникалық тұрғыдан айқын аурулары және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға сақтықпен пайдаланған жөн. Науқастардың осы топтарында 0.6 мг/кг дозаларында рокуроний бромиді әсерінің ұзаққа созылғаны байқалды.

Айналым уақытының артуы

Препараттың қандағы айналымы уақытының артуымен байланысты жағдайлар, мысалы, жүрек-қантамыр аурулары, жастың ұлғаюы және таралу көлемінің артуына әкелетін ісінушілік препарат әсерінің өте кеш басталуына мүмкіндік беруі мүмкін. Әсер ету ұзақтығы да плазмадағы клиренстің төмендеуіне байланысты артуы мүмкін.

Жүйке-бұлшықет жүйесінің аурулары

Басқа да миорелаксанттардағыдай, Эсмеронды® жүйке-бұлшықет жүйесінің аурулары бар немесе полиомиелитті өткерген науқастарға барынша сақ қолданған жөн, өйткені бұлшықет релаксанттарына реакция осы жағдайларда едәуір өзгеруі мүмкін. Осы өзгерулердің айқындылығы және бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Ауыр миастениясы немесе миастениялық синдромы (Итон-Ламберт синдромы) бар науқастарда Эсмерон® препаратының аздаған дозасы айқын жүйке-бұлшықет бөгелісін тудыруы мүмкін, сондықтан Эсмерон® препаратының дозасын науқастың жекелей реакциясына сай таңдап алған жөн.

Гипотермия

Гипотермия аясында хирургиялық араласым жүргізген кезде Эсмерон® препаратының жүйке-бұлшықет жүйесін бөгеу әсері күшейеді, ал әсер ету ұзақтығы артады.

Семіздік

Семіздікке шалдыққан науқастарға қолданған кезде, басқа да миорелаксанттардағыдай, Эсмерон® препаратына жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің өздігінен қалпына келу уақыты мен әсер ету ұзақтығының артуы тән болуы мүмкін (доза нақты дене салмағына қарай есептелген жағдайда).

Күйіктер

Күйікке шалдыққан пациенттерде деполяризацияланбайтын миорелаксанттарға төзімділік дамуы мүмкін. Титрлеу арқылы тиімді дозаны таңдап алған жөн.

Эсмерон® препаратының әсерін күшейтуі мүмкін жағдайлар

Гипокалемия (мысалы, ауыр құсудан, диареядан немесе диуретиктермен емдеуден кейін), гипермагниемия, гипокальциемия (көлемді құйылулардан кейін), гипопротеинемия, сусыздану, ацидоз, гиперкапния, кахексия. Осыған байланысты электролиттер тепе-теңдігінің ауыр бұзылулары, қанның рН-ның өзгеруі немесе сусыздану, мүмкіндігінше, түзетілуі тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы.

Жүктілік

Жүкті болған кезде рокуроний бромидіне қатысты препараттың әсері жөнінде клиникалық деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер жүктілікке, ұрықтың дамуына, босануға немесе постнатальді кезеңдегі дамуына тікелей немесе жанама зияны бар екендігін айғақтаған жоқ. Эсмерон® препаратын жүкті әйелдерге сақтықпен тағайындау қажет.

Кесарь тілігі

Кесарь тілігі операциясын жасаған кезде Эсмерон® препараты, егер кеңірдек интубациясында қиындық жоқ деп шамаланса және анестетик жеткілікті дозада енгізілсе, немесе суксаметонийді қолданып жасалған интубациядан кейін анестезияның бірізді тез индукциясы әдістемесінің құрамында қолданылуы мүмкін. Алайда Эсмерон® 0.6 мг/кг дозада енгізгеннен кейін 90 секундқа дейін интубация үшін жеткілікті жағдай жасай алмауы мүмкін. Осы доза кесарь тілігі жасалған әйелдерде қауіпсіз болып табылады. Эсмерон® препараты Апгар шкаласы бойынша бағаға, ұрықтың бұлшықет тонусына немесе оның кардиореспираторлық адаптациясына ықпалын тигізбейді. Кіндік бауынан алынған қан сынамасының талдамалары рокуроний бромидінің өте аз мөлшері ғана плацентарлық бөгет арқылы өтетіндігін айғақтайды, ол жаңа туған нәрестелерде клиникалық тұрғыдан маңызды жағымсыз әсерлердің пайда болуына әкелмейді.

1-ші ескерту: 1.0 мг/кг доза анестезияның бірізді тез индукциясын жүргізген кезде зерттелді, бірақ кесарь тілігі операциясы жасалған пациенттерде емес. Сондықтан пациенттердің осы тобына 0.6 мг/кг доза ғана ұсынылуы тиіс болып табылады.

2-ші ескерту: Миорелаксанттарды енгізгеннен кейін жүйке-бұлшықет өткізгіштігінің қалпына келуі баяу болуы немесе жүктілік токсикозын емдеу үшін магний тұздарын қабылдаған пациенттерде толық болмауы мүмкін, өйткені магний тұздары жүйке-бұлшықет бөгелісін күшейтеді. Сондықтан мұндай пациенттерде Эсмерон® препаратының дозасы төмендетілуі тиіс және оларды бұлшықет жауабына байланысты титрлеу қажет.

Лактация. Қазіргі таңда Эсмерон® препаратының адамда емшек сүтімен бірге шығарылатын-шығарылмайтыны белгісіз. Жануарларға жүргізілген зерттеулер емшек сүтінен рокуроний бромидінің елеусіз концентрацияларының бар екендігін анықтады. Рокуроний бромидінің елеусіз концентрациясы лактациядағы егеуқұйрық сүтінен табылды.

Қазіргі таңда Эсмерон® препаратын әйелдерде бала емізу кезінде қолдану жөнінде клиникалық деректер жоқ. Эсмерон® препаратын бала емізетін әйелдерге, емдеуші дәрігер оны қолданудың пайдасы қаупінен басым деп есептеген жағдайлардан басқасында, қолдануға болмайды.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Эсмерон® препаратын жалпы анестезия жүргізген кезде қосымша зат ретінде қолданатын болғандықтан, амбулаториялық пациенттер жалпы анестезия жүргізгеннен кейін әдеттегі тиісті сақтық шараларын қолданғандары жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұзаққа созылатын жүйке-бұлшықет бөгелісінің дамуы.

Емі: өкпені қосымша жасанды желдету және седативтік препараттарды енгізу.

Нейробұлшықет бөгелісін қалпына келтіруді келесі тәсілдермен жүргізеді:

- сугаммадексті енгізу ересек пациенттерде терең күшті білінетін нейробұлшықет бөгелісі жағдайында қолданылады. Сугаммадексті дозалау нейробұлшықет бөгелісі дәрежесін ескере отырып есептеледі.

- тиісті дозаларда нейробұлшықет өткізгіштігі өздігінен қалпына келе бастағаннан кейін ацетилхолинэстераза тежегіштерін (мысалы, неостигмин метилсульфонаты, эдрофоний хлориді, пиридостигмин бромиді) немесе сугаммадексті енгізу. Егер ацетилхолинэстераза тежегішін енгізу Эсмерон® препаратының бөгегіш әсерін қайтармаса, жасанды желдетуді өздігінен тыныс алу қалпына келгенше жалғастыру қажет. Ацетилхолинэстераза тежегішін қайталап енгізу қауіпті болуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

 5 мл препарат түссіз шыныдан жасалған, резеңке тығынмен тығындалған және полипропиленнен жасалған «флипп-офф» дискілері бар алюминий қалпақшалармен қаусырылған құтыларға құйылады.

10 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

2С-ден 8С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

30°C-ден аспайтын температурада 12 апта ішінде сақтауға рұқсат етіледі. Препаратты тоңазытқыштан тыс сақтағаннан кейін тоңазытқышқа қайта қоюға болмайды. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылыӨндіруші

Хамельн Фармасьютикалз ГмбХ, Германия

Қаптаушы

Н.В. Органон, Нидерланды

Тіркеу куәлігінің иесі

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ компаниясының Қазақстандағы өкілдігі, Алматы қ., Достық д-лы, 38, «Кең Дала» бизнес орталығы, 5 қабат

Тел. +7 (727) 330-42-66, 259-80-84

Факс +7 (727) 259-80-90

эл. поштасы: dpoccis2@merck.com, pharmacovigilance.ukraine&cis@merck.com

 

S-CCDS-MK8085-SOi-062014 & Esmeron/UK/SPC/12-12/4 RA 8730 UK S20 (ref 3.0)

Прикрепленные файлы

366961391477976217_ru.doc 171 кб
256266831477977479_kz.doc 196.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники