Эртапенем-Элеас

МНН: Эртапенем
Производитель: Элеас ПФК ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ertapenem
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022303
Информация о регистрации в РК: 13.10.2021 - 13.10.2031
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 11 602.05 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Эртапенем – Элеас

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эртапенем

Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

1 құтыдағы құрамы, миллиграммен

Белсенді зат - натрий эртапенем

(бос қышқыл түріндегі эртапенемге баламалы) - 1213.0 (1000.0)

Қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Кремнен ашық-сары түске дейінгі лиофилизацияланған ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы басқа да бета-лактамдық препараттар. Карбапенемдер. Эртапенем.

АТХ коды J01DH02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Б/і тәулігіне 1 г енгізгеннен кейін TCmax — 2 сағат. Жақсы сіңіріледі. Биожетімділігі — 92%. Плазма ақуыздарымен белсенді байланысады; байланысуы оның плазмадағы концентрациясы жоғарылаған сайын азая түседі: 100 мкг/мл-ден аз концентрациясы кезінде шамамен 95%-дан және 300 мкг/мл концентрациясы кезінде 85-ға дейін. 0,5-тен 2 г дейінгі дозалары ауқымында AUC дозасына тікелей пропорциональді дерлік артады. Күніне 0,5-тен 2 г дейінгі ауқымдағы дозаларын в/і бірнеше рет енгізгеннен кейін немесе күніне 1 г б/і енгізгеннен кейін жинақталуы байқалмайды. Эртапенемнің бала емізетін аналардың емшек сүтіндегі концентрациясы емдеудің соңғы күні в/і 1 г соңғы енгізуден кейін (босанғаннан кейін 5–14 күннен соң) 0,38 мкг/мл-ден азды құрайды, емдеуді тоқтатқаннан кейінгі 5-ші күнге қарай анықталмайды немесе іздік мөлшерлерде (менее 0,13 мкг/мл) анықталады. 6%-ға жуығы бета-лактамдық сақинаның белсенді емес метаболит түзе отырып (сақинасы тұйықталмаған) гидролизденуі жолымен метаболизденеді. Препараттың 80%-ға жуығы несеппен (38%-ы — өзгеріссіз күйде, 37%-ға жуығы — метаболит түрінде), 10% — нәжіспен шығарылады. T1/2 — 4 сағат. Егде жастағы пациенттерде 1 және 2 г дозасын в/і енгізгеннен кейін эртапенемнің концентрациясы жастау пациенттердегіге қарағанда болар-болмас жоғары (сәйкесінше, шамамен 39 және 22%). Балалардағы және бауыр жеткіліксіздігі бар науқастардағы эртапенемнің фармакокинетикасы зерттелген жоқ. Оның бауырдағы метаболизмінің қарқындылығы жоғары еместігіне байланысты, бауыр функциясының бұзылуы фармакокинетикасына әсер етпеуі тиіс деп күтуге болады. 1 г эртапенемді бір рет в/і енгізгеннен кейін бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі (БСЖ) бар (КК 60–90 мл/мин) науқастарда AUC өзгермейді; БСЖ орташа креатинин клиренсі (КК31–59 мл/мин) науқастарда шамамен 1,5 есе артады; ауыр БСЖ бар (КК 5–30 мл/мин) науқастарда шамамен 2,6 есеге артады; БСЖ терминальді сатысы бар науқастарда (КК 10 мл/минуттан аз) AUC шамамен 2,9 есеге артады. Эртапенемнің бір реттік 1 г дозасын тікелей гемодиализ сеансының алдында в/і бір рет енгізгеннен кейін енгізілген дозасының 30%-ға жуығы диализатта анықталады.

Фармакодинамикасы

Бета-лактамдық антибиотик, оның бактерицидтік белсенділігі жасуша қабырғасының синтезін тежеуге негізделеді және оның пенициллин байланыстырғыш ақуыздармен (ПБА) байланысуы арқылы жүреді. Escherichia coli-де ол ПБА 1 альфа, 1 бета, 2, 3, 4 және 5-ке, соның ішінде көбіне ПБА 2 және 3-ке қатты тектестігін танытады. Эртапенем пенициллиназаны, цефалоспориназаны және әсер ету ауқымы кең бета-лактамазаны қоса, көпшілік кластардың бета-лактамазалармен гидролизіне елеулі төзімділікке ие, бірақ металл-бета-лактамазалардың емес. Келесі микроорганизмдер штамдарының көпшілігіне қатысты белсенді: аэробты және факультативтік анаэробты грамоң микроорганизмдерге: Staphylococcus aureus (пенициллиназаны өндіретін штамдарды қоса; метициллинге төзімді стафилококтар төзімді), Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes; аэробты және факультативтік анаэробты грамтеріс микроорганизмдер: Escherichia coli, Haemophilus influenzae (бета-лактамазаны өндіретін штамдарды қоса), Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis, Proteus mirabilis; анаэробты микроорганизмдерге: Bacteroides fragilis және Bacteroides, Clostridium spp. тобының басқа түрлеріне  (Clostridium difficile-ден басқа), Eubacter spp., Peptostreptococcus spp., Porphyromonas asaccharolytica, Prevotella spp. In vitro алынған ЕТБК шамалары туралы келесі мәліметтердің клиникалық маңыздылығы белгісіз: ЕТБК 2 мкг/мл-ден аз болған кезде Streptococcus pneumoniae қоса,  Streptococcus тектес микроорганизмдер штамдарының көпшілігіне (90%-дан астам) қатысты, концентрациясы 4 мкг/мл-ден аз кезде — Haemophilus spp. штамдарының  көпшілігіне (90%-дан астам) қатысты белсенді және концентрациясы 4 мкг/мл-ден аз кезде — аэробты және факультативтік анаэробты грамоң микроорганизмдердің көпшілігіне (90%-дан астам) қарсы белсенді: Staphylococcus spp., метициллинге коагулазонегативтік сезімтал (метициллинге төзімді стафилококтар төзімді), Streptococcus pneumoniae (пенициллинге төзімді), Streptococci viridans.  Басқа антибиотиктерге, мысалы пенициллиндерге, цефалоспориндерге (соның ішінде III буынды) және аминогликозидтерге мультирезистенттілікке ие микроорганизмдердің көптеген штамдары препаратқа сезімтал: аэробты және факультативтік анаэробты грамтеріс микроорганизмдер [Citrobacter freundii, Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae,  ESBLs (әсер ету ауқымы кең бета-лактамазаны) өндіретін  Escherichia coli, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae,  ESBLs өндіретін, Morganella morganii, Proteus vulgaris, Serratia marcescens]; анаэробты микроорганизмдер — Fusobacterium spp.  Enterococcus faecalis және Enterococcus faecium штамдарының көпшілігі, метициллин-резистентті стафилококтар төзімді.

Қолданылуы

Микроорганизмдердің сезімтал штамдарынан туындаған ауыр және ауырлығы орташа инфекцияларда (соның ішінде, бактериялық қоздырғыштардың сезімталдығын анықтау нәтижелері алынғанға дейінгі бактерияға қарсы старттық эмпирикалық ем үшін):

- абдоминальді инфекцияларда

- тері мен теріасты шелінің инфекцияларында (соның ішінде, қант диабеті кезіндегі аяқ инфекциясында)

- ауруханадан тыс пневмонияда

- несеп шығару жүйесінің инфекцияларында (соның ішінде, пиелонефритте)

- кіші жамбас ағзаларының жедел инфекцияларында (соның ішінде, босанғаннан кейінгі эндометритте, сепсисті аборт пен операциядан кейінгі инфекцияларда)

- бактериялық септицемияда.

Қолдану тәсілі және дозалары

В/і инфузия (30 минут бойы) немесе б/і инъекции жолымен енгізіледі.

Ересектерге арналған дозасы — 1 г, енгізу жиілігі — тәулігіне 1 рет.

Емдеу курсы аурудың ауырлығы мен қоздырғыштың түріне байланысты 3–14 күн. Клиникалық тұрғыдан жақсаруы байқалса, микробқа қарсы келесі адекватты ішу арқылы емге ауысуға жол беріледі.

СБЖ бар пациенттерде: КК 30 мл/минуттан артық болса, дозалау режимін түзету талап етілмейді. КК 30 мл/минуттан аз немесе тең болса, соның ішінде, гемодиализдегі пациенттерде тәулігіне 500 мг.

Гемодиализдегі пациенттерге 500 мг тәуліктік дозасын гемодиализ сеансының алдындағы 6 сағат ішінде енгізген кезде одан кейін қосымша 150 мг препаратты енгізу қажет. Егер препарат гемодиализге дейін 6 сағаттан астам уақыт бұрын енгізілсе, қосымша дозасын енгізу қажет емес. Қазіргі кезде перитонеальді диализ немесе гемофильтрация жүргізілетін пациенттердегі оңтайлы дозалау режимі жөнінде жеткілікті мәліметтер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозасын түзету қажет емес.

В/і инфузияға арналған ерітіндісін дайындау: құтының ішіндегісін 10 мл 0,9% NaCl ерітіндісінде немесе инъекцияға арналған суда сұйылтады, сілкиді. Құтыдағы алынған ерітіндіні 50 мл 0,9% NaCl ерітіндісіне қосады. Препаратты енгізу сұйылтқаннан кейін 6 сағат ішінде орындалуы тиіс.

Б/і инъекцияға арналған ерітіндісін дайындаған кезде құтының ішіндегісін 1–2% лидокаин ерітіндісімен ерітеді және толық ерігенге дейін сілкиді. Б/і енгізуге арналған дайындалған ерітінді 1 сағат ішінде пайдаланылуы тиіс.

Ересектер мен жасөспірімдерге (13 жастан 17 жасқа дейінгі)

Қалпына келтіру

Концентрациясы 100 мг/мл жуық қалпына келтірілген ерітінді алу үшін, Эртапенем-Элеас препаратының 1 г құтысының ішіндегісін 10 мл инъекцияға арналған су немесе 0.9% (9 мг/мл) натрий хлориді ерітіндісін қосу арқылы қалпына келтіріңіз. Толық ерігенге дейін араластыру қажет.

Сұйылту

50 мл қалташаларда еріту үшін: 1 г дозасы үшін – қалпына келтірілген препараты бар құтының ішіндегісін дереу ішінде 0.9 % (9 мг/мл) натрий хлоридінің ерітіндісі бар 50 мл қалташаға ауыстырыңыз; немесе

50 мл құтыларда еріту үшін: 1 г дозасы үшін – құтыдан 10 мл ішінде 0.9 % (9 мг/мл) натрий хлоридінің ерітіндісі бар 50 мл құтыға шығарып алыңыз. Қалпына келтірілген 1 г препараты бар құтының ішіндегіні ішінде 0.9 % (9 мг/мл) натрий хлоридінің ерітіндісі бар 50 мл құтыға ауыстырып құйыңыз.

Инфузия

Инфузия түрінде 30 минут бойы енгізу керек.

Балаларға (3 айдан 12 жасқа дейінгі)

Қалпына келтіру

Шамамен 100 мг/мл концентрациядағы қалпына келтірілген ерітіндіні алу үшін, Эртапенем-Элеас препаратының 1 г құтысының ішіндегісін 10 мл инъекцияға арналған су немесе 0.9% (9 мг/мл) натрий хлоридінің ерітіндісін қосу арқылы қалпына келтіріңіз. Еріту үшін жақсылап араластырыңыз.

Сұйылту

Қалташаларда еріту үшін: 20 мг/мл немесе одан аз ақырғы концентрациясын алу үшін, дене салмағына баламалы 15 мг/кг көлемін (тәулігіне 1 г дозасынан асырмай), ішінде 0,9 % (9 мг/мл) натрий хлоридінің ерітіндісі бар қалташаға ауыстырып құйыңыз;

немесе

Құтыларда еріту үшін: 20 мг/мл немесе одан аз ақырғы концентрациясын алу үшін, дене салмағына баламалы 15 мг/кг көлемін (не превышая дозу 1 г/сутки) ішінде 0,9 % (9 мг/мл) натрий хлоридінің ерітіндісі бар құтыға ауыстырып құйыңыз.

Инфузия

Инфузия түрінде 30 минут бойы енгізу керек.

Жағымсыз әсерлері

Эртапенем-Элеасты қабылдаған пациенттерде, емдеу кезінде де, емдеуді тоқтатқаннан кейінгі 2 апта ішінде де туындаған жағымсыз реакциялар туралы хабарланды, олардың жиіліктері мынадай: жиі (1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1 000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1 000), өте сирек (<1/10 000), белгісіз (қолда бар мәлімеиттер бойынша анықтау мүмкін емес).

Ересектерде (18 жастан бастап және одан үлкен)

Жиі (≥1/100, <1/10)

  • бас ауыруы

  • инфузиядан кейінгі Веналық асқынулар, флебит/тромбофлебит

  • жүрек айнуы, құсу, диарея

  • бөртпе, қышыну

  • АЛТ, ACT, сілтілік фосфатаза жоғарылауы

  • тромбоциттер деңгейінің артуы

Жиі емес (≥1/1 000, <1/100)

  • ауыз қуысының кандидозы, кандидоз, зең инфекциясы, жалған жарғақшалы энтероколит, вагинит

  • анорексия

  • ұйқысыздық, сананың шатасуы, бас айналуы, ұйқышылдық, дәм сезудің бұрмалануы, құрысулар

  • синустық брадикардия

  • артериялық гипотензия

  • диспноэ, фарингеальді жайсыздық

  • іштің қатуы, қышқыл кекірік, ауыздың құрғауы, диспепсия, іштің ауыруы

  • эритема, есекжем

  • қанталау, астения/әлсіздік, қызба, ісу/ісіну, кеуде қуысының ауыруы

  • тікелей, тікелей емес және жалпы билирубин, сарысу креатинині, мочевина және глюкоза деңгейлерінің жоғарылауы

  • лейкоциттер, тромбоциттер, сегментядролы нейтрофилдер, гемоглобин және гематокрит деңгейлерінің төмендеуі; эозинофилдер, ішінара белсенділенген тромбопластиндік уақыттың, протромбиндік уақыттың, сегментядролы нейтрофилдер мен лейкоциттер деңгейінің артуы

  • несептегі бактериялар, лейкоциттер, эпителиалды жасушалар мен эритроциттер мөлшерінің жоғарылауы, несепте ашытқылық зеңдердің болуы

  • Clostridium difficile токсиндеріне оң тест

Сирек (≥1/10 000, <1/1 000)

  • пневмония, дерматомикоз, операциядан кейінгі жарақат инфекциясы, несеп шығару жолының инфекциясы

  • нейтропения, тромбоцитопения

  • аллергия

  • гипогликемия

  • ажитация, мазасыздық, депрессия

  • тремор, синкопе

  • аққабық патологиясы

  • аритмия, тахикардия

  • қан кету, АҚ жоғарылауы

  • мұрынның бітелуі, жөтел, мұрыннан қан кету, сырылдар/құрғақ сырылдар, ысқырып дем алу

  • дисфагия, нәжісті ұстай алмау, пельвиоперитонит

  • холецистит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылулары

  • дерматит, десквамация

  • бұлшықеттердің түйілуі, иықтардың ауыруы

  • бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек функциясының жедел бұзылуы

  • түсік

  • гениталийден қан кету

  • инъекция орнының тығыздануы, әлсіздік,

  • қан сарысуында бикарбонат, креатинин және калий деңгейінің төмендеуі, қан сарысуында лактат-дегидрогеназа, фосфаттар мен калий деңгейінің жоғарылауы

  • лимфоциттер санының азаюы, таяқшаядролы нейтрофилдер, лимфоциттер, метамиелоциттер, моноциттер санының артуы, атипиялық лимфоциттердің пайда болуы

  • уробилиноген деңгейінің жоғарылауы

Белгісіз (қолда бар мәліметтер бойынша анықтау мүмкін емес)

  • анафилаксия, анафилактоидтық реакцияларды қоса

  • психикалық жай-күйдің бұзылулары (озбырлық, делирий, бағдарсыздықты, ментальді статустың өзгерістерін қоса)

  • елестеулер, сана деңгейінің төмендеуі, дискинезия, миоклонус, жүріс-тұрыстың бұзылуы

  • тістер түсінің өзгеруі

  • эозинофилиямен және жүйелі көріністермен қатар жүретін дәрі-дәрмектік бөртпе (Dress-синдром)

  • бұлшықет әлсіздігі

Балалар мен жасөспірімдерде (3 айдан 17 жасқа дейінгі)

Жиі (≥1/100, <1/10)

  • диарея

  • жаялық дерматиті

  • инъекция орнының ауыруы

  • АЛТ, АСТ жоғарылауы

  • нейтрофилдер деңгейінің төмендеуі

Жиі емес (≥1/1 000, <1/100)

  • бас ауыруы

  • ысынулар, артериялық гипертензия

  • нәжіс түсінің өзгеруі, мелена

  • эритема, бөртпе, петехиялар

  • күйдіріп ашыту, қышыну, эритема инфузия орнындағы жылуды сезіну, инъекция орнының қызаруы, инъекция орнындағы жылуды сезіну

  • тромбоциттер деңгейінің жоғарылауы, ішінара белсенділенген тромбопластиндік уақыттың ұзаруы, протромбиндік уақыттың ұзаруы, гемоглобин деңгейінің төмендеуі

Белгісіз (қолда бар мәліметтер бойынша анықтау мүмкін емес)

  • - психикалық жай-күйдің бұзылулары (озбырлықты қоса), елестеулер

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • карбапенемдер тобының кез келген басқа антибиотигіне аса жоғары сезімталдық

  • анамнездегі басқа бета-лактамдық антибиотиктерге (мысалы, пенициллиндік және цефалоспориндік антибиотиктер) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы (мысалы, анафилаксиялық реакция, тері реакциясының ауыр түрі)

  • 3 айға дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Еріткіш ретінде құрамында декстроза бар ерітінділерді пайдалануға болмайды.

Өзекшелік сөліністі бөгейтін препараттармен бірге тағайындалған жағдайда, дозалау режимін түзету қажет емес.

P450 цитохромының негізгі алты изоферменті: CYP1A2, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6, CYP2E1 және CYP3A4 арқылы жүретін ксенобиотиктер метаболизміне әсер етпейді.

Дәрілік препараттармен, өзекшелік сөліністің тежелуіне, P-гликопротеинмен байланысудың бұзылуына немесе микросомалық тотығу қарқындылығының өзгеруіне негізделген өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Айрықша нұсқаулар

Жалған жарғақшалы колит дамуы мүмкін, оның айқындығы жеңілден өмірге қауіп төндіретінге дейін ауытқып тұруы мүмкін, сондықтан диареясы бар пациенттерде оның дамуы мүмкіндігін ескеру қажет.

Б/і енгізген кезде байқаусызда қантамырға енгізілуін болдырмау қажет.

Жүктілік және лактация

Эртапенемнің жүктілік кезінде қолданылуының жеткілікті клиникалық тәжірибесі жоқ. Эртапенемнің адамда емшек сүтімен бөлініп шығатындығы анықталды.

Жүктілік және лактация кезеңінде тек, емдеудің анасы үшін күтілетін пайдасы шарана немесе емшектегі бала үшін ықтимал қауіпті ақтай алатын жағдайларда ғана қолдануға болады.

Қосымша заттары. Препараттың құрамында 1.0 г дозасында 6.0 мЭкв жуық (шамамен 137 мг) натрий бар, мұны бақыланатын натрий диетасын ұстанып жүрген пациенттерді емдеу кезінде ескеру керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: байқаусызда тәулігіне 3 г дейін енгізілуі клиникалық тұрғыдан елеулі жағымсыз құбылыстарға соқтырған жоқ.

Емі: препаратты тоқтату, демеуші ем. Гемодиализ тиімді, алайда артық дозаланған кезде оны қолдану тәжірибесі болмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1.0 г-ден сыйымдылығы 20 мл немесе 30 мл, резеңке тығынмен тығындалған, пластик қақпағы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған шыны құтыларда.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

40 құтыдан топтық қаптамаға салынады

Топтық қаптамасы мен тасымалдау ыдысы МемСТ 17768-90-ға сәйкес.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

«Элеас» ӨФК» ЖШС, Қазақстан, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, 8(727)2695368

Тіркеу куәлігінің иесі:

«Элеас» ӨФК» ЖШС, Қазақстан, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, 8(727)2695368

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Элеас» ӨФК» ЖШС, 040707, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, тел. 8(727)3980430, факс. 8(727)3711900, e-mail: pfkeleas@gmail.com

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Элеас» ӨФК» ЖШС, 040707, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, тел. 8(727)3980430, факс. 8(727)3711900, e-mail: pfkeleas@gmail.com

Прикрепленные файлы

262826341477976192_ru.doc 142 кб
772252411477977440_kz.doc 116 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники