ЭРИТРОМИЦИН
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ЭРИТРОМИЦИН
Халықаралық патенттелмеген атауы
Эритромицин
Дәрілік түрі
Көзге арналған жақпамай, 10 мың ӘБ/г
Фармакотерапиялық тобы
Сезім мүшелері. Офтальмологиялық препараттар. Микробқа қарсы препараттар. Антибиотиктер. Эритромицин.
АТХ коды S01AA17
Қолданылуы
ДП ересектерде және балаларда қолданылады
- конъюнктивитте (оның ішінде жаңа туған нәрестелерде)
- бактериялық блефарит, блефароконъюнктивит, мейбомит
- кератитте, хламидиозда, трахома кешенді емінде
- жаңа туған нәрестелерде бленнорея профилактикасында
Препараттың тағайындалуын бактерияға қарсы препараттарды қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескере отырып жүргізу керек
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- эритромицинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне не басқа
макролидті антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық
- бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылуында
- анамнезінде сарғаюмен жүретін бауыр аурулары болуы
- көздің вирустық немесе зеңдік инфекциялары
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Егде жастағы адамдарда, бүйрек және бауыр функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Жаңа туған нәрестелер офтальмиясының профилактикасында эритромицин көзге арналған жақпамайын көзден жуып-шаюға болмайды.
Аналарында клиникалық айқын созы бар балаларда эритромицинді офтальмологиялық дәрілік зат ретінде парентеральді қолдануға арналған G пенициллиннің сулы ерітіндісімен бір уақытта пайдаланады.
Эритромицин көз жақпамайы эмпириялық бактерияға қарсы ем ретінде, яғни қоздырғыш және оның препаратқа сезімталдығы туралы мәлімет алғанға дейін қолданылуы мүмкін. Алайда, жедел конъюнктивит бастапқы эмпирикалық жергілікті емдеуге басылмайтын жағдайларда не жаңа туған нәрестелерде инфекциялық конъюнктивитке күдікті барлық жағдайларда гонокококкты немесе хламидиялық конъюнктивит қайталанатын, ауыр немесе созылмалы іріңді конъюнктивит кезінде in vitro бояуды және/немесе конъюнктивальды материалды бактериялық себуді жүргізген жөн.
Ауыр бактериялық конъюнктивит кезінде және инфекция конъюнктивамен шектелмеген жағдайларда эритромицинді жергілікті қолдану тиісті жүйелі еммен толықтырылуы тиіс. Эритромицин көз жақпамайын қолданғанда, есекжем, тыныс алудың қиындауы, беттің, еріннің, тілдің немесе тамақтың ісінуі, қатты ашыту, қышыну, шаншу сияқты симптомдар түрінде көрінуі мүмкін аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Препаратты қабылдауды тоқтату және стационар жағдайында шұғыл медициналық көмек алу үшін дереу дәрігерге бару керек.
Сирек жағдайларда, ұзақ немесе қайталап емдеу кезінде, әсіресе басқа бактерияға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолданған кезде сезімтал емес бактериялардың немесе зеңдердің шамадан тыс өсуінен туындаған суперинфекция дамуы мүмкін.
Көз инфекциясы симптомдары: ауырсыну, ісіну, қатты жайсыздану, көз бөліністері немесе қабыршақтардың түзілуін, көздің қарығуын қамтуы мүмкін. Мұндай жағдайларда пациент препаратты тоқтатып және қажет болған жағдайда емдеуді түзету үшін дәрігерге жүгінуі керек.
Эритромицинмен, көз жақпамайымен емдеу кезінде, жанаспалы линзаларды пайдалануға болмайды. Емдеу аяқталғаннан кейін, линзаларды пайдалануды қайтадан бастамас бұрын, офтальмолог дәрігерімен кеңесу керек
Егер емдеу кезеңінде көзді емдеуге арналған дәрілік препараттардың басқа түрін пайдалану қажет болса, оларды бір мезгілде қолдануға болмайды. Көзге тамызатын дәріні жақпамай жағудан шамамен 15 минут бұрын қолданған жөн.
Инфекцияның берілу қаупіне байланысты препараты бар сықпаны тек бір пациентті емдеу үшін пайдалануға болады.
ЭРИТРОМИЦИН, көзге арналған жақпамай, көздің вирустық немесе зеңдік инфекцияларын емдеуге арналмаған.
ЭРИТРОМИЦИН препаратымен, көзге арналған жақпамаймен емдеу кезінде пациенттерге дәрігер тағайындамай көзді емдеу үшін басқа препарттар қолдануға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Препарат линкомицинмен, клиндамицинмен, хлорамфениколмен үйлесімсіз (антагонистік әсері бар).
Эритромицин бета-лактамды антибиотиктердің (пенициллиндер, цефалоспориндер, карбопенемдер) бактерицидті әсерін төмендетеді.
Аминогликозидтермен фармацевтикалық үйлесімсіз. Кортикостероидтармен пайдаланғанда олардың әсерінің ұлғаюына әкеледі.
Арнайы сақтандырулар
Препараттың құрамында ланолин бар, ол жанаспалы дерматит сияқты жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Егер әйел жүкті болса немесе жүктілікті жоспарласа, бұл туралы дәрігерге хабарлауы керек. Эритромицин плацента арқылы өтеді. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде шаранаға зиянды әсер етуі анықталған жоқ, алайда, жүкті әйелдер қатыстырылған зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан адамның шаранасына әсері туралы деректер жоқ. Осыған байланысты, эритромицин жүктілік кезінде тағайындалған кезде ана үшін болжамды пайданы және шарана үшін потенциалды қауіпті мұқият бағалау қажет. Препаратты аса қажет болған жағдайда ғана тағайындайды.
Эритромицин емшек сүтімен бөлінеді. Лактация кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату туралы мәселені шешу керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жақпамайды жаққаннан кейін көру қысқа уақыт ішінде анық болмауы мүмкін. Емдеу кезінде препаратты қолданғаннан кейін бірден анық көруді талап ететін көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тартқан жөн.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Жаңа туған нәрестелерде офтальмияны, бактериялық конъюнктивитті, блефаритті, блефаро-конъюнктивитті, мейбомитті, кератитті кешенді емдеу аурудың ауырлығының дәрежесіне және емге жауабына байланысты, сондықтан дозалау режимі жеке таңдалады. Жақпамайды ұзындығы 1-1,3 см жолақ түрінде төменгі қабаққа күніне 3 реттен 6 ретке дейін салып жағады. Жедел бактериялық конъюнктивиттің эмпирикалық емінің ұзақтығы 7 күннен басталады және 14 күннен аспауы тиіс.
Трахома
Трахоманы емдеу кезінде қолдану реті күніне 4-5 ретті құрайды, емдеуді фолликулаларды тілумен үйлестірген жөн. Қабыну үдерісі бәсеңдеген кезде препаратты күніне 2-3 рет қолданады. Трахоманы емдеу ұзақтығы 4 айға дейінді құрайды.
Хламидиоз
Хламидиялық конъюнктивитті емдегенде қолдану реті күніне күніне 4-5 рет болады. Жақпамайды конъюнктивалық қалтаға салып жағады, емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты, 3 айға дейін болуы мүмкін.
Бленнорея
Жаңа туған нәрестелерде туғаннан кейін дереу (яғни туған соң бір сағат ішінде) бленнорея профилактикасы үшін жақпамайдың ұзындығы 0,5 – 1 см жолағын әр көздің төменгі қабағына бір мәрте салып жағады.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Препарат бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге қарсы көрсетілімде.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Препарат бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге қарсы көрсетілімде.
Енгізу әдісі және жолы
ЭРИТРОМИЦИН дәрілік препараты, жақпамай, жергілікті тек көзге қолдануға арналған.
Жақпамайды жағу алдында қолды мұқият жуу керек
Кішкене қалта жасау үшін басыңызды сәл артқа шалқайтыңыз және төменгі қабақты төмен қарай тартыңыз. Жақпамайы бар сықпаны сықпаның ұштығы осы қалтаны көрсетіп тұратындай етіп ұстау керек. Ұштықтан жоғары және басқа жаққа қараңыз.
Сықпа ұштығын көзге тигізбей жақпамай жолағын қабақтың төменгі қалтасына сығыңыз.
Көзді ақырын жұмыңыз және дәріні біркелкі таралуы үшін көз алмасын барлық бағыттарда айналдырыңыз. Көзді 1-2 минут бойы жұмып ұстаңыз, осы уақытта кірпік қақпау керек және көзді ысқыламауға тырысыңыз.
Егер бұл тағайындалса, осы іс-әрекеттерді екінші көзге қайталаңыз.
Кірпіктегі артық жақпамайларды сақтықпен алып тастау үшін сүрткіні қолданыңыз.
Жаққаннан кейін жақпамайды сумен жууға болмайды.
Ұштықтағы артық жақпамайларды таза сүрткімен немесе матамен сүртіп тастау керек.
Сықпаны тығыз жабылған қақпақпен сақтау керек.
Сықпаның ластанған ұштығы көзге инфекция жұқтыруы мүмкін, бұл көрудің маңызды проблемаларына әкелуі мүмкін, сондықтан сықпаның ластануын болдырмау үшін пайдалану кезінде сақ болу керек: сықпаның ұштығын қолмен ұстамау, сықпаның ұштығын көзге және пациенттің қабағына немесе кез келген басқа беткейге тигізбеу керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қоладну жиілігі
Ең жоғары тиімділік үшін препаратты бір уақытта ғана, тұрақты пайдалану керек. Тұрақты қабылдамағанда және дозаны өткізу кезінде дәрілік препараттың әсеріне төзімді инфекцияның даму қаупі артуы мүмкін. Дозаны ұлғайтпаңыз және жақпамайды дәрігер жазып берген шамадан жиі жақпаңыз.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Симптомдары
Осы уақытқа дейін препараттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Емі
Препаратты жұтуды қоса, артық дозалаған жағдайда, тіпті симптомдар болмаған жағдайда да пациент стационар жағдайында шұғыл медициналық көмек алу үшін дәрігерден кеңес алу керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Егер препаратты қабылдауды өткізіп алынса, дәріні мүмкіндігінше тез қолданған жөн, бірақ егер препаратты келесі қолдану уақыты келген болса, өткізіп алған дозаны қолдануға болмайды. Бір мезгілде екі дозаны пайдаланбаңыз.
Тоқтату симптомдары қаупінің барын көрсету
Дәрігер белгілеген уақыт бойы емдеуді, тіпті егер аурудың симптомдары тез жақсарған жағдайда да жалғастыру керек. Дәрі қабылдауды тым ерте тоқтату бактериялардың көбеюін тудыруы мүмкін, бұл рецидивке, яғни аурудың жаңғыруына әкелуі мүмкін. Егер 2-3 күн емінен кейін жағдай өзгеріссіз қалса немесе нашарласа, дәрігерге бару керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жиі емес
- көздің қызаруы
- көз шырышты қабығының жеңіл тітіркенуі
Сирек
- келесі симптомдары бар аллергиялық реакциялар:
беттің, ауыздың, тамақтың, еріннің, көздің ісінуі, тыныс алудың қиындауы, көзді ашыту және / немесе ауырып қызаруы, жас ағуы, тері реакциялары (бөртпе, күлдіреуіктер және есекжем).
Белгісіз
- препаратты қолданғаннан кейін бірнеше минуттан кейін өтетін көрудің анық болмауы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
100 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат - эритромицин (белсенді затқа шаққанда) – 1 000 000 ӘБ,
қосымша заттар: сусыз ланолин, натрий дисульфиті, ақ жұмсақ парафин
сипаттамасы
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 г алюминий сықпада.
Әрбір сықпаны медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салады.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Сықпаны ашқаннан кейін жақпамайды 30 күн бойы қолдануға болады. Содан кейін пайдаланылмаған препаратты утилизациялау керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
«Синтез» ААҚ,
Ресей, 640008
Қорған обл., Қорған қ.,
Конституция даңғылы, 7 үй.
тел./факс (3522) 48-16-89
е-mail: contact@ksintez.ru
www.ksintez.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Синтез» ААҚ
Ресей, 640008
Қорған обл., Қорған қ.,
Конституция даңғылы, 7 үй.
тел./факс (3522) 48-16-89
е-mail: contact@ksintez.ru
www.ksintez.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Deсalog» ЖШС,
050050, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Глазунов к-сі, 41 А-4
тел.: +7(727) 2944221, тел.: +7 (701) 7315218
E-mail: deсalog@nur.kz