Эриведж

МНН: Висмодегиб
Производитель: Патеон Инк.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Висмодегиб
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021560
Период регистрации: 14.08.2015 - 14.08.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 94 845 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Эриведж

Халықаралық патенттелмеген атауы

Висмодегиб

Дәрілік түрі

150 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 150 мг висмодегиб,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН101, лактоза моногидраты, натрий лаурилсульфаты, повидон К29/32, натрий крахмалының гликоляты, тальк, магний стеараты

капсула: темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), желатин, баспалық сия

Сипаттамасы

Қара түсті «VISMO» жазуы бар сұр түсті мөлдір емес қақпақшасы және қара түсті «150 mg» жазуы бар дене түсті мөлдір емес корпусы бар, өлшемі №1, қатты желатинді капсулалар

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы және иммуномодуляциялаушы препараттар. Ісікке қарсы басқа да препараттар. Висмодегиб.

АТХ коды L01XX43

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Висмодегиб – бұл өткізгіштігі жоғары және суда ерігіштігі төмен зат (биофармацевтикалық жіктеме жүйесі (BCS) бойынша 2 класс). Бір дозаны қабылдағаннан кейін висмодегибтің абсолюттік биожетімділігі 31.8% құрайды. Сіңірілу үдерісі қанығады, мұны висмодегибті 270 мг дозада және 540 мг дозада бір реттік қабылдаудан кейін препарат экспозициясының дозаға пропорционалды түрде артуының жоқтығы айғақтайды. Клиникалық тұрғыдан маңызды жағдайларда (тепе-тең жағдай) висмодегибтің фармакокинетикалық параметрлері тағамның әсерінен өзгермейді.

Сондықтан висмодегибті тамақ ішуге қарамай-ақ қабылдай беруге болады.

Таралуы

Висмодегибтің таралу көлемі төмен, 16,4-тен 26,6 л-ге дейін ауытқиды. Висмодегибтің клиникалық тұрғыдан маңызды концентрацияларда адамның қан плазмасы ақуыздарымен жоғары дәрежеде (97%) in vitro байланысы бар. Висмодегиб плазма альбуминімен де, сондай-ақ альфа1-қышқыл гликопротеинмен де (AAG) байланысады. Альфа1-қышқыл гликопротеинмен in vitro байланысу үдерісі клиникалық тұрғыдан маңызды концентрацияларда қанық болады. Емделушілерде плазма ақуыздарымен байланысуы >99% құрайды. Висмодегибтің концентрациясы плазмада альфа1-қышқыл гликопротеин концентрациясымен едәуір дәрежеде өзара байланысады: альфа1-қышқыл гликопротеин концентрациясының және висмодегибтің жалпы мөлшерінің өзгерулері қатарлас жүреді, ал плазмада байланыспаған висмодегибтің концентрациясы өзгеріссіз төмен.

Метаболизмі

Висмодегиб биотрансформация жолымен, сондай-ақ өзгермеген препарат экскрециясы арқылы баяу шығарылады. Плазмада висмодегиб өзгермеген күйінде басым болады, оның концентрациясы барлық айналымдағы компоненттердің (өзгермеген түрдегі висмодегиб және оның метаболиттері) 98%-дан көбін құрайды. Адам организмінде висмодегибтің метаболизм жолы тотығуды, глюкуронизацияны және, аздаған дәрежеде, пиридинді сақинаның ыдырауын қамтиды. Р450 (CYP) 2C9 және CYP3A4/5 цитохромының рекомбинантты изоферменттерінің қатысуымен, нәжіс массасынан табылатын тотығу үдерісінің өте кең таралған екі метаболиті in vitro түзіледі.

Шығарылуы

Висмодегибтің бір дозасын пероральді түрде қабылдаудан кейін келесі фармакокинетикалық бейін байқалады: қан плазмасында висмодегибтің концентрациясы тұрақты деңгейде сақталады, ал жартылай шығарылуының есептелген соңғы кезеңі (T1/2) 12 күнді құрайды.

Висмодегибті ұзақ уақыт күніне бір рет қабылдағанда оның фармакокинетикасы дозаға байланысты болмауы мүмкін. Бір дозаны қабылдағанда емделушілерде тепе-тең концентрацияларға, T1/2 ескерсек, теориялық күтілгенге қарағанда тезірек (әдетте препаратты үзіліссіз күн сайын шамамен 7 күн бойы қабылдағанда) жетеді. Мұндайда препараттың жиналуы күтілгеннен төмен болып шығады. Үзіліссіз күн сайын қабылдағанда висмодегибтің T1/2 тепе-тең жағдайда 4 күнді құрайтыны есептелген.

Радиоактивті таңбасы бар препаратты пероральді түрде қабылдағаннан кейін висмодегиб сіңіріледі және биотрансформация жолымен де, сонымен қатар өзгермеген түрде де баяу шығарылады, мұндайда енгізілген дозаның 82%-ы нәжістен және 4.4%-ы несептен табылады. Висмодегиб және онымен байланысты метаболизм өнімдері негізінен өтпен бірге шығарылады.

Емделушілердің ерекше санаттарындағы фармакокинетикасы

Бала және жасөспірім емделушілер

Балалар мен жасөспірімдерде фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде фармакокинетикасы жөнінде шектеулі деректер бар. Фармакокинетикалық параметрлерді популяциялық талдау деректері жастың висмодегибтің тепе-тең концентрациясына клиникалық тұрғыдан маңызды ықпал етпейтініне болжам жасауға мүмкіндік береді.

Бүйрек және бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек және/немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігінде висмодегибтің фармакокинетикалық параметрлері клиникалық тұрғыдан маңызды өзгермейді.

Фармакодинамикасы

Висмодегиб – Hedgehog дабыл жолының төмен молекулалы пероральді тежегіші. Висмодегиб SMO трансжарғақшалы ақуызбен байланысады және дабылдың Hedgehog жолымен берілуіне кедергі жасайды, бұл ісік жасушаларының пролиферациясын үзеді және олардың апоптозын стимуляциялайды.

Қолданылуы

  • хирургиялық емдеу мақсатқа сай болмағанда ересектердегі метастаздық немесе жергілікті таралған базальді жасушалық карциномада.

Қолдану тәсілі және дозалары

Эриведж препараты осы нозологияны емдеу саласында жеткілікті тәжірибесі және білімі бар маманның бақылауымен тағайындалуы және қолданылуы тиіс.

Дозалаудың стандартты режимі

Ішке бір 150 мг капсуладан, тамақ ішуге қарамастан тәулігіне бір рет. Капсуланы сумен ішіп, тұтастай жұтқан жөн.

Капсуланы ашуға болмайды!

Аурудың үдеу немесе қолайсыз уыттылықтың даму белгілері пайда болғанда Эриведж препаратымен емдеуді тоқтатқан жөн.

Кезекті дозаны қабылдауды өткізіп алу

Егер Эриведж препаратын қабылдауды өткізіп алса, онда оны әдеттегі уақытта қабылдауды қайта жаңғыртқан жөн; өткізіп алған дозаны қабылдамаған немесе оны арттырмаған жөн.

Ерекше жағдайларда дозалануы

Егде жастағы емделушілер

≥ 65 жастағы емделушілерде дозаны түзету қажет емес.

Бала және жасөспірім емделушілер

Эриведж препаратының қауіпсіздігі және тиімділігі балалар мен жасөспірімдерде анықталған жоқ. Бала және жасөспірім жастағы емделушілерге Эриведж препаратын қабылдамаған жөн.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер

Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде дозаны түзету қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Клиникалық зерттеулер

Эриведж қауіпсіздігі 2200-нан астам емделушіге және дені сау еріктілерге жүргізілген клиникалық зерттеулерде бағаланды. Төменде монотерапия режимінде ≥150 мг дозадағы Эриведждің ең кемінде бір дозасын қабылдаған, кең таралған базальді-жасушалық карциномасы бар 138 емделушіде І және ІІ фазаға жүргізілген ашық клиникалық 4 зерттеу деректері берілген. Клиникалық зерттеулерде >150 мг доза плазмада өте жоғары концентрацияларға әкелген жоқ, және препаратты >150 мг дозада қабылдаған емделушілер талдауға қатыстырылды.

Өте жиі (>10%):

  • алопеция, терінің қышуы, тері бөртпесі

  • дәмнің бұзылуы, дәм сезімінің жоғалуы

  • жүректің айнуы, құсу, диарея, іш қатулар, диспепсиялық бұзылулар

  • бұлшықеттің түйілулері, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы

  • аменорея

  • салмақтың төмендеуі, қажу

Жиі (≥1/100, <1/10):

  • дегидратация, гипонатриемия

  • гипогевзия

  • іштің ауыруы, эпигастрия аймағының ауыруы

  • қастардың және/немесе кірпіктердің түсуі, шаштың аномальді өсуі

  • арқаның ауыруы, қаңқа-бұлшықет ауыруы (соның ішінде кеуде қуысының), бұлшықеттердің ауыруы

  • астения

  • бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

Жалпы алғанда, метастаздық БЖК және жергілікті таралған БЖК бар емделушілерде байқалатын қауіпсіздік бейіні жоғарыда сипатталғанға сәйкес келді.

Зертханалық көрсеткіштердің қалыптан ауытқулары

рБЖК бар 138 емделушінің ішінен 3 дәрежедегі зертханалық көрсеткіштердің бастапқы деңгейінен өзгеруі жиі болған жоқ, <5%-да пайда болып және 4 дәрежедегі қалыптан ауытқулар болған жоқ. Зертханалық көрсеткіштердің (n >1) ауытқуы бастапқы деңгейден 3 дәрежеге дейін өзгергенде натрий деңгейінің төмендеуі (n=6), калий деңгейінің төмендеуі (n =2), және қан мочевинасы азоты деңгейінің жоғарылауы (n =3) орын алды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді затына немесе компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі. Емшек еміп жүрген нәрестелер мен балалардың дамуында күрделі ақаулардың потенциальды қаупіне байланысты, емдеу курсы кезінде және соңғы дозаны қабылдағаннан кейін 7 ай бойына бала емізетін әйелдерге Эриведжді қолдануға болмайды

  • 18 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Висмодегибке басқа препараттардың ықпалы

Препараттарды метаболиздейтін ферменттердің тежегіштері немесе индукторлары

Висмодегиб бірнеше жолмен шығарылады. Висмодегиб көбіне өзгермеген түрде шығарылады. CYP ферменттерімен аздаған метаболизмге ұшырайды. Висмодегиб және CYP450 тежегіштері арасында клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер күтілмейді. Висмодегиб және флуконазол (CYP2C9 тежегіші) арасында, сондай-ақ итроконазолмен (CYP3А4 тежегіші) клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулер байқалған жоқ. CYP3А4 индукторлары висмодегибтің жүйелік таралуына ықпалын тигізбейді деп болжам жасалады – клиникалық зерттеулерде тепе-тең жағдайда CYP3А4 индукторларын (карбамазепин, модафинил, фенобарбитал) қабылдап жүрген емделушілерде бір мезгілде CYP3А4 тежегіштерін (эритромицин, флуконазол) қабылдап жүрген емделушілердегідей висмодегиб концентрациялары байқалды.

Препараттарды тасымалдау жүйесінің тежегіштері

Висмодегиб пен Р-гликопротеин тежегіштері арасында клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер күтілмейді. Висмодегиб пен итраконазол (Р-гликопротеиннің күшті тежегіші) арасында клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әреекттесулер байқалған жоқ.

Асқазан сөлінің рН-на ықпал ететін препараттар

Висмодегиб пен рН-ты сілтілік жағына қарай өзгертетін дәрілік заттар арасында клиникалық тұрғыдан фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер күтілмейді. Вимодегиб пен рабепразолды (протонды помпа тежегіштері) бірге қолданғанда клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Висмодегибтің қатар қолданылатын дәрілік препараттарға ықпалы

Росиглитазон (CYP2C8 изоферментінің субстраты) және висмодегибті бір мезгілде қолданғанда клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Клиникалық зерттеу нәтижелері висмодегибтің және пероральді контрацептивтердің (этинилэстрадиол және норэтистерон) клиникалық өзара әрекеттесулерін байқаған жоқ.

Висмодегиб пен BCRP субстраттары (breast cancer resistance protein, сүт безі обыры тұрақтылығының ақуызы) арасында клиникалық тұрғыдан өзара әрекеттесулер күтілмейді.

Айрықша нұсқаулар

Эмбрионның немесе ұрықтың өлуі немесе туа біткен ауыр кемістіктер

Жүктілік кезінде қабылдағанда Эриведж ұрықтың өлімін немесе туа біткен ауыр кемістіктерді туындатуы мүмкін. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде Эриведж сияқты Hedgehog дабыл жолының тежегіштері эмбриоуытты және/немесе тератогенді болып табылатындығын көрсетті және краниофасциальді ауытқулар, орталық құрылымның ақаулары, аяқ-қолдың ақаулары сияқты дамудың ауыр кемістіктерін туындатуы мүмкін.

Фертильділігі

Висмодегибпен емдеу нәтижесінде фертильділікті қайтымсыз жоғалтудың даму ықтималдығы салдарынан емделушілерге Эриверджбен емдеуді бастағанға дейін сперманы және аналық жасушаны консервациялау жөнінде нұсқаулар берілуі тиіс.

Бала көтере алатын жастағы әйелдер емдеу кезінде және емдеуді аяқтағаннан кейін 7 ай бойына контрацепцияның ұсынылған 2 түрін (біреуі контрацепцияның тиімділігі жоғары әдісі + бөгеу әдісі) пайдалануы тиіс. Контрацептивтік әдістерді әрбір емделушіге жекелей таңдаған жөн. Жүктіліктің басталуына күмәнданған немесе етеккір жоқ болған жағдайда Эриведжбен емдеуді бастаудан 7 күн бұрын және емделу кезінде ай сайын жүктілікке тест жасаған жөн. Жүктілік басталған, етеккір жоқ болған жағдайда немесе болуы мүмкін жүктілікке күмәнданғанда емделуші мұны емдеуші дәрігеріне дереу мәлімдеуі тиіс.

Висмодегиб тұқым сұйықтығына өтеді. Висмодегибтің ұрыққа потенциалды әсеріне жол бермеу үшін, еркек жынысты емделушілер (тіпті вазэктомиядан кейін) Эриведж препаратымен емделу кезінде және препаратты соңғы қабылдаудан кейін 2 ай бойына жыныстық қатынаста презервативті (мүмкіндігінше спермицидтік дәрімен) пайдалануы тиіс. Еркек жынысты емделушілер Эриведж препаратымен емделу кезеңінде және препаратты соңғы қабылдаудан кейін 2 ай бойына сперма донорлары болмауы тиіс.

Қан донорлығы

Эриведж препаратымен емделу кезінде және оны соңғы қабылдаудан кейін 7 ай бойына қан немесе қан препараттарының донорлығынан тартына тұру қажет.

Электрокардиографиялық параметрлеріне ықпалы

Эриведж препараты емдік дозаларда түзетілген QT (QTс) аралығына ықпалын тигізбейді. Қатарлас топтарда рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын плацебо- және позитивті-бақыланатын QTс зерттеулерінде дені сау субъектілерге 150 мг Эриведж әрбір 24 сағат сайын 7 күн бойы, плацебо және моксифлоксациннің пероральді бір реттік дозасы енгізілді. Осыған ұқсас, Эриведждің ЭКГ параметрлеріне (жүректің жиырылу жиілігі, PR аралығы, QRS ұзақтығы, Т тісшесінің немесе U тісшесінің морфологиясы) елеулі ықпалы болған жоқ.

Емделуші үшін потенциалды пайдасы ұрық үшін қаупінен басым болатын, өмірге күрделі қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде Эриведжді қолдануға болмайды.

Постнатальді дамуына ықпалы

Клиникаға дейінгі деректер жаңа туған нәрестелерде және балаларда өсудің кідіру және тістердің деформациялану қаупі бар екендігін айғақтайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Емделуші үшін потенциалды пайдасы ұрық үшін қаупінен басым болған жағдайларды қоспағанда, ұрықтың өлу немесе туа біткен ауыр кемістіктері қаупіне байланысты, жүкті әйелдер Эриведжді қабылдамауы тиіс.

Висмодегибтің емшек сүтімен бірге бөлініп шығу дәрежесі белгісіз. Дамудың күрделі кемістіктерін тудыру потенциалы бар болғандықтан, әйелдер Эриведж препаратымен емделу кезінде және оны соңғы қабылдаудан кейінгі 7 ай бойына емшек емізуді тоқтата тұруы тиіс.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Эриведждің автомобильді жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Препараттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, сақтық таныту ұсынылады.

Артық дозалануы

Эриведж препаратын ұсынылған тәуліктік дозадан 3.6 есе асатын (150 мг) дозада пайдаланғанда плазмада препарат концентрациясының жоғарылауы немесе уыттылығының күшеюі байқалған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Терможелімделіп жабылған сыртқы үлбірі бар ақ түсті және балалардың ашып тастауынан қорғайтын бұралатын қақпағы бар, тығыздығы жоғары полиэтилен (HDPE) құтыларға 28 капсуладан салынған.

Картон қорапшада медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 құтыдан.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Патеон Инк., Миссиссауга, Канада

Patheon Inc, 2100 Syntex Court, Mississauga, Ontario L5N 7K9, Canada

Қаптаушы

Ф. Хоффманн-Ля Рош Лтд., Кайзераугст, Швейцария

F. Hoffmann-La Roche Ltd, Wurmisweg СН-4303 Kaiseraugst, Switzerland

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Ф. Хоффманн-Ля Рош Лтд., Базель, Швейцария

F. Hoffmann-La Roche Ltd, Grenzacherstrasse 124, СН-4070, Basel, Switzerland

Тұтынушылардан тауар сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және фармқадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Рош Қазақстан» ЖШС

050000, Алматы қ, Қонаев к-сі, 77

«Park View Office Tower» бизнес орталығы, 15-қабат

Тел.: +7 (727) 321 24 24

Факс: + 7 (727) 321 24 25

e-mail: kz.safety@roche.com, kz.quality@roche.com

   

 

 

CDS v.4.0, 22 October 2014

Прикрепленные файлы

438906971477976415_ru.doc 86 кб
864191351477977614_kz.doc 114 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники