Эреспал® (таблетки, 80 мг) Регистрация приостановлена

МНН: Фенспирид
Производитель: Ле Лаборатуар Сервье Индастри
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fenspiride
Номер регистрации в РК: Регистрация приостановлена № РК-ЛС-5№011447
Информация о регистрации в РК: 21.06.2018 - 21.06.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Эреспал®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фенспирид

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар, 80 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 80 мг фенспирид гидрохлориді,

қосымша заттар: екіншілік қышқыл кальций фосфаты, метилгидроксипропилцеллюлоза, поливидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

қабықтың құрамы: титанның қостотығы (Е171), глицерол, макрогол, метилгидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі жағы дөңес, үлбірмен қапталған ақ таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеу үшін жүйелі қолдануға арналған басқа да препараттар. Фенспирид

АТХ коды R03DX03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың қанда ең жоғары концентрациясына жету уақыты (Тмах) 6 сағатты құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі - 12 сағат. Препарат негізінен несеп арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Фенспирид Н1- гистаминді рецепторлар деңгейінде антагонистік белсенділік есебінен және папаверин тәрізді спазмолитикалық әсердің салдарынан бронходилатациялық және қабынуға қарсы әсерге ие. Қабынуға қарсы әсері қабыну факторларының (цитокиндердің, TNFα – альфа туморнекротикалық фактор, арахидон қышқылы туындылары және бос радикалдар) өнімдерінің төмендеуінің нәтижесі болып табылады, олардың кейбіреуі бронхоконстрикторлы әсер етеді.

Қолданылуы

Жоғарғы және төменгі тыныс жолдары аурулары кезіндегі жөтелде:

  • ринофарингиттер және ларингиттерде

  • отиттер мен синуситтерде

  • ринотрахеобронхиттерде

  • бронхиттерде

  • қызылшада

  • тұмауда

Демікпе және оның асқынулары кезінде демеуші ем ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер: күніне 1 таблеткадан 2-3 рет, тамақтануға дейін.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (≥1/100000, <1/10000), жиілігі анықталмаған (бар мәліметтер негізінде даму жиілігін бағалау мүмкін емес).

Жиі:

  • жүрек айнуы, асқазан ауруы

Сирек

  • дозаны төмендеткенде кететін орташа тахикардия

  • ұйқышылдық

  • аллергиялық реакциялар: эритема, бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі, тұрақты пигментті эритема

Жиілігі анықталмаған

  • диарея, құсу

  • астения, шаршағыштық, бас айналуы

  • тахикардиямен байланысты болуы мүмкін жүрек соғуының жиілеуі және гипотензия

  • терінің қышынуы, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне біріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фенспирид Н1-антигистаминдік препараттардың тыныштандыратын әсерін арттыратындықтан, оны тыныштандыратын препараттар және алкогольмен біріктіру ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Бактерияларға қарсы препараттармен емді бастау қажет болған жағдайда Эреспал® қабылдауды кейінге қалдырылмауы тиіс.

Таблетка түріндегі Эреспал® балаларды емдеуге арналмаған. Препаратты балаларға қолдану үшін шәрбат түріндегі Эреспал® ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Осы уақытқа дейін препараттың ұрыққа деген уытты әсері туралы және фенспиридтің емшек сүтімен бөлінетіні туралы нақты анықталған мәліметтер жоқ.

Эреспалды® жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Эреспал® ұйқышылдық туғызуы мүмкін болғандықтан, әсіресе емдеудің басында, автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару кезінде сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық немесе қозу, жүрек айнуы, құсу, синустық тахикардия.

Емі: асқазанды шаю, ЭКГ мониторингі, симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Les Laboratoires Servier Industrie (Ле Лаборатуар Сервье Индастри), Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

Les Laboratoires Servier (Ле Лаборатуар Сервье), Франция

Прикрепленные файлы

302775891477976848_ru.doc 49.5 кб
715344261477978007_kz.doc 70.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники