Эпикс (250 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Эпикс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Леветирацетам
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг, 500 мг немесе 1000 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 250 мг, 500 мг немесе 1000 мг леветирацетам
қосымша заттар: жүгері крахмалы, крахмал 1500, тальк, аэросил 200 (коллоидты кремнийдің қостотығы), повидон К-30, магний стеараты
үлбірлі қабық құрамы:
250 мг таблеткалар – Oпадрай көгілдір YS-1R-4215, тальк, гидроксипро- пилметилцеллюлоза 5 сР – Метоцел Е5 – LV, титанның қостотығы Е171, полиэтиленгликоль 8000 (ПЭГ 8000), FD&C Көк № 2 НТ 11%-14%, FD&C Көк № 2 НТ 30%-36% (Е – 132)
500 мг таблеткалар – Опадрай сары 02F220014 гидроксипропилметилцел- люлоза 5 сР, титанның қостотығы Е171, полиэтиленгликоль 4000 (ПЭГ 4000), натрий бензоаты, темірдің (III) сары тотығы Е172
1000 мг таблеткалар – Опадрай ақ 02F280013 (гидроксипропилметилцел- люлоза 5 сР, титанның қостотығы Е171, полиэтиленгликоль 4000 (ПЭГ 4000), натрий бензоаты
Сипаттамасы
Сопақша пішінді, екі беті дөңес, көгілдір түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (250 мг доза үшін)
Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында бөлетін сызығы бар, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (500 мг доза үшін)
Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында бөлетін сызығы бар, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (1000 мг доза үшін)
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да эпилепсияға қарсы препараттар. Леветирацетам
АТХ коды N03AX14
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін леветирацетам асқазан-ішек жолынан (АІЖ) жақсы сіңеді. Сіңірілуі толық және дозаға байланысты сипатта болады, сондықтан қан плазмасындағы концентрациясын препараттың мг/кг дене салмағына қолданылатын дозасына қарай болжауға болады. Сіңірілу дәрежесі дозаға және ас ішу уақытына байланысты емес. Биожетімділігі 100% жуық құрайды. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына (Cmax ) 1000 мг дозадағы леветирацетам ішу арқылы қабылданғаннан кейін 1.3 сағаттан соң жетеді және бір рет қолданылғанда 31 мкг/мл, қайталап қабылдағаннан кейін (тәулігіне 2 рет) 43 мкг/мл құрайды. Тепе-тең жағдайға препаратты екі рет қабылдау кезінде 2 тәуліктен соң жетеді.
Леветирацетам мен оның негізгі метаболитінің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 10%-дан аз құрайды. Леветирацетамның таралу көлемі (Vd) 0.5-0.7 л/кг жуық құрайды.
Алғашқы фармакологиялық белсенді емес метаболитінің (ucb L057) түзілуі бауырда P450 цитохромы изоферменттерінің қатысуынсыз жүреді. Леветирацетам гепатоциттердің ферментативтік белсенділігіне ықпал етпейді.
Ересек адамның қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) 7±1 сағат құрайды және дозаға, қолдану тәсіліне және қайталап қабылдауға қарай өзгермейді. Жалпы клиренстің орта шамасы 0,96 мл/мин/кг құрайды. Бүйрекпен 95% дозасы шығарылады. Леветирацетам мен оның белсенді емес метаболитінің бүйректік клиренсі, тиісінше, 0.6 мл/мин/кг және 4.2 мл/мин/кг құрайды.
Егде жастағы емделушілерде T1/2 40% ұзарады және 10-11 сағат құрайды, бұл бүйрек функциясының төмендеуімен байланысты.
Организмнен 4 сағаттық диализ үдерісінде 51% леветирацетам шығарылады.
Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар емделушілерде леветирацетам клиренсінің көріністі өзгерістері болмаған. Бауыр функциясының ауыр бұзылуларында леветирацетам клиренсі қатар жүретін бүйрек жеткіліксіздігі салдарынан 50%-дан аса төмендейді.
Балалардағы леветирацетам фармакокинетикасы тәулігіне 20-дан 60 мг/кг дейінгі дозалар ауқымында дозаға байланысты сипатта болады. Cmax 0.5-1 сағаттан соң жетеді. Балалардағы T1/2 дене салмағына 20 мг/кг дозада бір рет ішке қабылдағаннан кейін 5-6 сағат құрайды. Леветирацетамның жалпы клиренсі балаларда ересектердегіден шамамен 40% жоғары және дене салмағына тікелей байланысты болады.
Фармакодинамикасы
Леветирацетам – Эпикс препаратының белсенді заты – пирролидон (S-энантиомер ά-этил-2-оксо-1-пирролидин ацетамиді) қосылысының туындысы болып табылады. Оның әсер ету механизмдерінің бірі – ми мен жұлындағы сұрғылт зат құрамында болатын SV2A синапстық везикулалар гликопротеинімен байланысу. Синапс көпіршіктерімен байланысқан осы ақуыз арқылы леветирацетам нейронның эпилепсиялық белсенділігін төмендетумен, синапстық түйіндік динамикасын және синапс саңылауындағы нейротрансмиттерлердің лықсуын реттейді. Осылайша, нейрон белсенділігінің аса жоғары синхрондалуына қарсы әрекетімен көрініс беретін құрысуға қарсы әсер жүзеге асады деп саналады.
Эпикс әсерінің басқа механизмі нейрон қозғыштығын төмендететін ГАМК-эргиялық және глицин рецепторлары модуляциясымен атқарылады, бұл орайда ГАМК-эргиялық өзара әрекеттесуі мидағы тежелістің басты механизмі болып табылады. ГАМК және глициннің тежегіш әсері едәуір шамада хлор иондарының нейрон ішіне ағылуын белсендіру есебінен жүзеге асады. ГАМК-эргиялық және глицин-эргиялық рецепторларға хлоридтердің ағылуын бөгеуге мырыш пен R-карболиндер қатысады. Леветирацетам мырыш пен R-карболиндердің хлор иондарының ағылуын бөгейтін әсеріне қарсы әрекет ететін, сонысымен ГАМК- және глицин рецепторлары арқылы хлоридтер ағысын қалпына келтіріп, нейрондардағы тежелістің күшеюіне алып келетін бірден-бір эпилепсияға қарсы препарат. Мидағы тежеліс әсерлерін белсендіруден тыс, осы орайда қозудың қалыпты өтуіне ықпал етпестен, леветирацетам тін өсіріндісінде NМDА- рецепторлары белсенділенуінен және бикукуллиннен туындаған эпилепсия разрядтарын бөгейді. Мұны емдік дозалардағы препараттың жақсы көтерімділігімен және елеулі тыныштандырғыш әсерінің болмауымен түсіндіруге болады. Эпикс парциальді және жайылған эпилепсияның генетикалық және созылмалы үлгілерінде эпилепсияға қарсы жоғары белсенділігін көрсетті.
Қолданылуы
Монотерапия (бірінші таңдау препараты) ретінде емдеуде:
– қайта диагностикаланған эпилепсиясы бар ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдердегі салдарлы жайылған немесе онсыз парциальді ұстамалар.
Кешенді ем құрамында емдеуде:
– эпилепсиясы бар ересектер мен 4 жастан үлкен балалардағы салдарлы жайылған немесе онсыз парциальді ұстамалар,
– ювенильді миоклоникалық эпилепсиясы бар ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдердегі миоклоникалық құрысулар,
– идиопатиялық жайылған эпилепсиясы бар ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдердегі бастапқы-жайылған құрысу (тоника-клоникалық) ұстамалары.
Қолдану тәсілі және дозалары
Таблеткаларды ас ішуге байланыссыз жеткілікті сұйықтық мөлшерімен ішіп, ішке қабылдау керек.
Тәуліктік дозаны бірдей 2 қабылдауға бөледі.
Монотерапия ретінде ересектерге 2 қабылдауға бөлінген 500 мг-лік (тәулігіне 2 рет 250 мг-ден) бастапқы дозада тағайындалады. 2 аптадан соң 1 г (тәулігіне 2 рет 500 мг-ден) бастапқы емдік дозасына дейін арттыруға болады. Ең жоғарғы тәуліктік доза – 3 г (тәулігіне 2 рет 1.5 г-ден).
Ересектер (≥ 18 жас) және жасөспірімдер(12-17 жас):
Бастапқы емдік дозасы тәулігіне екі рет 500 мг құрайды. Бұл дозаны қабылдауды емнің бірінші күнінен бастауға болады. Клиникалық реакциясы мен көтерімділігіне қарай, дозаны тәулігіне екі рет 1500 мг дейін арттыруға болады. Дозаны әр 2-4 аптада бір рет тәулігіне екі рет 500 мг дейін арттыруға немесе азайтуға болады.
Егде жастағы (65 жастан асқан) науқастар:
Бүйрек функциясының кез-келген ықтималды бұзылуының дамуын болдырмау үшін егде жастағы науқастарға арналған дозаны түзету ұсынылады.
4-тен 11 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер (12-17 жас):
Дәрігер ең сай келетін дәрінің түрін және дене салмағы мен көрсетілімдерге сәйкес дозасын жазып беруі тиіс.
Бастапқы емдік дозасы тәулігіне екі рет дене салмағына 10 мг/кг құрайды.
Клиникалық реакциясына және көтерімділігіне қарай, дозаны тәулігіне екі рет дене салмағына 30 мг/кг дейін арттыруға болады. Дозаны әр 2 аптада бір рет тәулгіне екі рет дене салмағына 10 мг/кг дейін арттыруға немесе азайтуға болады.
Дене салмағы 50 кг-ден көп балалар үшін дозалануы ересектерге арналғанымен бірдей.
Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер:
Тәуліктік доза науқастың бүйрек функциясына сәйкес әркімге жеке таңдалуы тиіс. Мұндай есептеулер үшін келесі кесте пайдаланылады. Бұл дозалау кестесін пайдалану үшін науқастың мл/мин креатинин клиренсін (КК) бағалау қажет. КК (мл/мин.) сарысулық креатининді (мг/дл) мына формула бойынша анықтау негізінде бағалауға болады:
[(140 - жас)] x дене салмағы (кг)
КК = -------------------------------------------------- (x 0,85 әйел науқастар үшін)
72 x сарысулық креатинин (мг/дл)
Бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілерге арналған дозаларды түзету:
Топ |
Креатинин клиренсі (мл/мин.) |
Дозалануы және оны қабылдау жиілігі |
Қалыпты функция |
> 80 |
тәулігіне екі рет 500-1500 мг |
Жеңіл бұзылулар |
50 - 79 |
тәулігіне екі рет 500-1000 мг |
Орташа бұзылулар |
30 - 49 |
тәулігіне екі рет 250-750 мг |
Ауыр бұзылулар |
< 30 |
тәулігіне екі рет 250-500 мг |
Бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысында диализден өтетін науқастар үшін (1) |
- |
тәулігіне екі рет 500 -1000 мг (2) |
(1) Леветирацетаммен емдеудің бірінші күні 750 мг екпінді дозасы ұсынылады.
(2) Диализден кейін 250-500 мг қосымша дозасы ұсынылады.
Леветирацетам клиренсі бүйрек функциясымен байланысты екендіктен, леветирацетам дозасын бүйрек функциясы бұзылған балалардағы бүйрек функциясына сәйкес түзету қажет.
Бауыр функциясы бұзылған емделушілер:
Бауыр функциясы жеңіл және орташа бұзылған емделушілер үшін дозаны түзету қажеттілігі жоқ. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар емделушілер үшін креатинин клиренсінің маңызы, бүйрек жеткіліксіздігіне қарағанда, аз. Осы себептен, креатинин клиренсі < 70 мл/мин емделушілерде тәуліктік демеуші дозаны 50% азайту ұсынылады.
Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер белгілейді.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі
- шаршау/ұйқышылдық, астения
Жиі
- тромбоцитопения
- іштің ауыруы, диарея, диспепсия, жүрек айну, құсу
- амнезия, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы/атаксия, құрысулар, бас айналу, бас ауыру, гиперкинезия, тремор, тепе-теңдіктің бұзылуы, зейіннің бұзылысы, есте сақтаудың нашарлауы
- озбырлық, қозу, депрессия, эмоциялық құбылу/көңіл-күйдің өзгеруі, жауығу, ұйқысыздық, ашушаңдық, күйгелектік, тұлғалық бұзылыс, патологиялық ойлау
- анорексия, денеге салмақ қосу. Анорексия қаупі леветирацетам мен топираматты қатарлас қолданғанда арта түседі.
- диплопия, көрудің бұлыңғырлануы
- миалгия
- кездейсоқ жарақаттар
- жұқпалар, назофарингит
- жөтелдің күшеюі
- экзема, қышыну, бөртпе
Постмаркетингтік тәжірибе:
- лейкопения, нейтропения, панцитопения (кейбір жағдайларда сүйек кемігінің бәсеңдеуімен).
- аномалиялық мінез-құлық, ызалану, үрейлі шабуылдар, үрейлену, сананың шатасуы, елестеулер, психоздық бұзылыстар, суицид, суицид әрекеттері мен суицидтік ойлар
- парестезия, хореоатетоз, дискинезия, летаргия
- уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, алопеция; алопеция бірқатар жағдайда кетіп қалған.
Леветирацетам тоқтатылған соң
- бұлшықет әлсіздігі
- панкретатит
- гепатит, бауыр жеткіліксіздігі
- бауыр сынамаларының патологиялық нәтижелері, салмақтың кемуі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- леветирацетамға, басқа да пирролидон туындыларына немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
- 65 жастан асқан егде жастағы емделушілер үшін бүйрек және бауыр функциясының айқын бұзылулары
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (250 мг* дозадағы таблеткалар үшін)
- жүктілік және лактация кезеңі
*осындай дозадағы таблеткалар қабығында индигокармин бояғышы бар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Эпикс эпилепсияға қарсы басқа препараттардың (фенитоин, карбамазепин, валпрой қышқылы, фенобарбитал, ламотригин, габапентин және примидон) сарысулық концентрацияларына ешқандай әсерін тигізбейді, әрі бұл препараттар Эпикс фармакокинетикасына еш әсер етпейді.
Тәулігіне 60 мг/кг дейінгі дозалармен ем алған 4-18 жастағы емделушілерде дәрілік заттар арасындағы клиникалық айқын өзара әрекеттесу байқалмаған.
Эпикспен қосымша емдеу бірге қабылданған карбамазепин және валпрой қышқылының орнықты (орныққан) концентрацияларына ықпал етпейді.
Эпикс тиімділігі бүйректің өзекшелік секрециясын бөгейтін препарат - пробенецидтің әсер етуімен төмендемейді.
Эпикстің 1000 мг тәуліктік дозалары ішуге арналған контрацептивтердің фармакокинетикасы мен эндокриндік параметрлерін өзгертпейді. Дигоксин, ішуге арналған контрацептивтер және варфаринді бірге қолдану Эпикс фармакокинетикасына ешқандай әсер көрсетпейді. Эпикс тәулігіне 2000 мг дозада дигоксин және варфарин фармакокинетикасына әсерін тигізбейді; протромбин уақыты өзгермейді.
Эпикстің сіңірілу дәрежесі ас ішуге байланысты өзгермейді, бірақ сіңу жылдамдығы аздап төмендейді. Эпикске антацидтердің қандай да бір әсері анықталмаған.
Алкоголь мен леветирацетамның өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Эпикс препаратымен емдеуді дозаны біртіндеп төмендетумен (мысалы, ересек науқастарда 2-4 аптадан соң тәулігіне 2 x 500 мг дейін және науқас балаларда 2 аптадан соң тәулігіне 2 x 10 мг/кг дейін дозаны азайтумен) қадамдап тоқтату ұсынылады.
Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер үшін дозаны түзету қажет болуы мүмкін.
Бақыланатын клиникалық зерттеулер барысында Эпикспен емдеуден өткен емделушілерде эритроциттердің, гемоглобин мен гематокриттің аздаған, бірақ статистикалық мәнді төмендеуі байқалған. Эпиксті қолдану бауыр функциясының зертханалық талдаулары нәтижелеріндегі елеулі өзгерістерге әкелмеген.
Эпикс жеткіншектік даму мен өсуге еш ықпал етпейді. Алайда, оның оқуға қабілеттілік, интеллект дамуы, бой өсуі, эндокриндік функция, жасөспірімдік даму, сондай-ақ репродуктивтік функцияның дамуы тұрғысынан науқас балаларға әсер етуі белгісіз.
Оның үстіне, эпилепсия ұстамалары жиілігінің Эпикспен емнен өткен 14% науқас ересектер мен балаларда 25%-дан аса және тиісінше плацебо емінен өткен 21% науқас ересектер мен балаларда 26% артуы байқалды.
Эпикс организмнен бүйрекпен шығарылатындықтан, жағымсыз әсерлерінің даму ықтималдығы бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде жоғары болуы мүмкін. Осы препаратты тағайындаған дәрігер егде жастағы емделушілерде бүйрек функциясының төмендеуі мүмкін екенін ескеріп, дозаны мұқият таңдауы тиіс. Емделушілердің осы тобында науқастардың бүйрек функциясын қадағалау пайдалы болуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын жүргізушілер мен кәсібі жоғары зейін шоғырландырумен байланысты адамдар жұмыс кезінде сақтықпен қолдану керек, өйткені кейбір емделушілер, жекеше сезімталдығына орай, ұйқышылдық пен орталық жүйке жүйесінің басқа да бәсеңдеу симптомдарын сезінуі мүмкін.
Артық дозалануы
Симптомдары: ұйқышылдық, ажитация, озбырлық, сананың көмескіленуі, тыныстың тарылуы және кома.
Емі: артық дозалану кезінде асқазанды шаю қажет. Арнайы у қайтарғысы жоқ. Симптоматикалық емдеу, гемодиализ тиімді және қан ағымынан 60% леветирацетам мен 74% бастапқы метаболиттің шығарылуына ықпал етеді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Пішінді ұяшықты қаптамадағы үлбірлі қабықпен қапталған №10 таблеткалар. 5 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС
Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282
тел.: +7 (727) 232-44-85
Тіркеу куәлігінің иесі
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік зат қауіпсіздігінің тіркеуден кейінгі қадағалануына жауапты ұйымның мекенжайы
«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,
электрондық пошта: info@aigp.kz