Эпиген лабиаль (0,1%)

МНН: Глицирризиновая кислота
Производитель: Хеминова Интернейшнл С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противовирусные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005026
Информация о регистрации в РК: 29.02.2012 - 28.02.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Эпиген Лабиаль

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

5 мл 0.1 % ерінге арналған крем

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат - глицирризин қышқылы (аммоний глицирризинат түрінде) 100 мг

қосымша заттар: алма қышқылы, фумар қышқылы, аскорбин қышқылы, полавакс GP 200 (цетеарил спирті-Пег-20 стеарат), фенонип, В.Н.Т. (бутилгидрокситолуол), флавор 195 АG, дистилляцияланған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар ақшыл-сары түсті крем

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы препараттар.

АТЖ коды D06ВВ

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Белсенділендірілген глицирризин қышқылы сыртқа және жергілікті қолданғанда зақымдану ошақтарында жинақталады. Жүйелік сіңірілуі баяу жүреді. Қанда препарат мөлшерлерінің болымсыз ізі қалады.

Фармакодинамикасы

Глицирризин қышқылы – Эпиген лабиаль препаратының белсенді заты, ұшық вирусынан (Herpes simplex, Herpes Varicella - Zoster), адам папилломасы вирусынан туындаған әртүрлі жұқпаны емдеу үшін тиімді. Глицирризин қышқылы вирусқа қарсы, қабынуға қарсы, қышуға қарсы және иммундық түрлендіргіш әсерге ие.

Глицирризин қышқылы Р фосфокиназаны тежейді, ол жұқтырылған жасушалардағы ақуыздар вирусы кодтаған және фосфорлаған жасушалар үдерісін төмендетеді; белсенділендірілген макрофагтарда простагландиндер Е2 түзілуін және А фосфолипаза белсенділігін тежейді, қабыну аймағында лейкоциттер қозғалысы үдерісін күшейтеді, оттегіне тәуелді фагоцитоз механизмдерін күшейтеді.

Мұнымен қоса глицирризин қышқылы мембранапротекторлық әсерге ие, липидтердің асқын тотықты тотықтану қарқындылығын бос радикалдар мен тотығудың уытты өнімдерін байланыстыру жолымен төмендетеді.

Кремнің арнайы құрамы оның гидраттаушы әсерін шарттайды.

Қолданылуы

  • ұшық вирусынан пайда болған мұрын мен ауыз аймағы терісі мен шырышының, ерін зақымдануының алдын алу және емдеуде

  • қабынуда, құрғауда, ойық жарада, жарылу мен еріннің басқа да зақымдануларының алдын алуда

  • ерінді сыртқы жағымсыз факторлардың әсерінен қорғауда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Тері мен шырыштың зақымданған беткейіне ысқыламай жұқалап күніне 3-5 рет 3 күн бойы жағу керек.

Қажет болғанда емдеу курсын ауру симптомдары толық жойылғанға дейін жалғастыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек жағдайларда жергілікті аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эпиген лабиальді басқа вирусқа қарсы препараттармен (ацикловир, йодоуридин, интерферон) бір мезгілде қолданғанда вирусқа қарсы әсердің күшеюі байқалған. Вирус жұқпасына Эпиген лабиаль емдеу курсын жүргізу кезінде интерфероногендерді қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қолдану кезінде зақымданған беткейді алдын ала өңдеу қажет етілмейді

Педиатрияда қолдану

Балаларда қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі. Балаларға дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және емшек емізу кезеңінде препарат абсолюттік көрсеткіштер бойынша қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік жүргізу және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Эпиген лабиаль препаратымен артық дозалану жағдайлары байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан пластик сықпаға салынған.

Бір сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

4°С-ден 25С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

«Хеминова Интернейшнл С.А.», Испания

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Хеминова Интернейшнл С.А.», Испания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ORAI» ЖШС

Мемлекеттік лицензия №ОР64602914Р 30.03.2002 ж.

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин к-сі 460, 321 кеңсе тел.2790329, 2790325,факс 2797671

e-mail: info@orai.kz

Прикрепленные файлы

436544971477977075_ru.doc 47.5 кб
093837791477978238_kz.doc 47 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники