Энтобан (сироп, 90 мл)

Производитель: Хербион Пакистан (Пвт) Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие кишечные противомикробные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012597
Информация о регистрации в РК: 26.07.2023 - 26.07.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Энтобан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

90 мл шәрбат

Құрамы

10 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар

Мамық Холархена қабығының 25 мг

Кәдімгі Мирт жемістерінің 70,5 мг

Сүйекті Бөріқарақат жемістерінің 10,6 мг

Бенгал Айвасы жемістерінің 30,5 мг

Красилді емен жемістерінің 15,2 мг

Ғажайып Бутея шайырының 8,2 мг

қою сығындылары бар

қосымша заттар: қант, натрий хлориді, лимон қышқылы, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, глицерин, пропиленгликоль, «Тутти – фрутти» хош иістендіргіші, бұрыш жалбызының майы, тазартылған су

-

Сипаттамасы

Тәтті дәмі және өзіне тән иісі бар қоңыр түсті шәрбат

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға қарсы басқа да препараттар

АТХ коды А 07ХА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Энтобан препаратының әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылаулар жүргізу мүмкін болмайды; компоненттердің барлығы бірдей маркерлердің немесе биозерттеулердің жәрдемімен бақылануы мүмкін емес. Осы себепті препараттың метаболиттерін де анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Энтобан – диареяға қарсы, бактерияларға қарсы, протозойға қарсы әсер ететін біріктірілген фитопрепарат. Құрамында иіткіш заттар мөлшерінің жоғары болуының арқасында, препараттың диареяға қарсы, тұтқырлық және антисептикалық қасиеттері бар. Теріс бұлшықеттерге әсер ете отырып, ішектің жиырылуын төмендетеді, түйілулер кезінде жағдайды жеңілдетеді. Препараттың құрамына кіретін биологиялық тұрғыдан белсенді заттар кешенінің E.histolitica STA штаммына (дизентерия амебасына), ДНҚ құрылымының бұзылуымен және синтезінің тежелуімен байланысты, бактерицидтік әсері бар. Энтобан айқын антибактериялық (бактерицидтік және бактериостатикалық) әсер береді. Препарат компоненттерінің құрамына кіретін иіткіш заттар бактерияларға қарсы агенттер ретінде әсер етіп, патогенді микроорганизмдердің протоплазмасын коагуляциялайды. Ас қорыту жолының шырышты қабығын қорғайды. Ішектің табиғи микрофлорасын бұзбайды. Ас қорыту бездерінің секрециясын арттырады, ас қорытуды жақсартады.

Мамық холархена құрамында конессин қатарының стероидты алкалоидтары бар. Микробтарға қарсы және амебаларға қарсы белсенділікке ие.

Кәдімгі мирт құрамында мирт майы, иіткіш заттар, ащы заттар бар Бактерицидтік (әсіресе стафилококктарға және стрептококктарға қатысты), вирусқа қарсы, фунгицидтік және қабынуға қарсы әсер береді. Регенирация үдерісін стимуляциялайды. Ащы заттар – ас қорыту бездерінің секрециясын арттырады, ас қорытуды жақсартады.

Сүйекті бөріқарақат құрамында алкалоидтар (берберин, бербамин), қант, иіткіш заттар, пектин, С, К витаминдері, органикалық қышқылдар (алма, шарап, лимон және басқа), микроэлементтер (Р, К, В, Са, Mg, Fe) бар.

Қабынуға қарсы, диареяға қарсы, тұтқырлық және антисептикалық әсері бар. Берберин алкалоиды бактерияларға қарсы айқын белсенділікке ие.

Бенгал айвасының құрамында мармелозин гликозиді, азулендер, иіткіш және пектиндік заттар, кумариндер, эфир майы, шайырлар, шырыштар, В2 витамині бар. Гипогликемиялық әсер көрсетеді, астың қорытылуына жағдай жасайды.

Красилді еменнің құрамында галлотанин, иіткіш заттар бар. Тұтқырлық, қабынуға қарсы және микробтарға қарсы әсері бар.

Ғажайып бутеяның құрамында гликозидтер, бутин бар. Тұтқырлық және ішек құрттарын айдайтын қасиеттері бар.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- шығу тегі әртүрлі диареяда

- дизентерияда (оның ішінде жедел амебалық, бактериялық), ішек амебиазында

- жедел гастроэнтеритте

- тағамдық токсикоинфекцияларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Балаларға:

6 айлықтан 3 жасқа дейін – әрбір 4 сағат сайын ½ шай қасықтан.

3 жастан 8 жасқа дейін – әрбір 4 сағат сайын 1 шай қасықтан.

8 жастан 18 жасқа дейін – әрбір 4 сағат сайын 2 шай қасықтан.

Ересектерге: әрбір 4 сағат сайын 3-4 шай қасықтан.

Препаратты ас қабылдауға қарамай-ақ қабылдайды

Емдеу курсы – диарея, гастроэнтерит, тағамнан улану – 2-5 күн;

амебиаз, дизентерия - 7- 10 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- бауыр қызметінің бұзылуы

- ішек бітелісі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Шәрбаттың құрамында сахароза бар, мұны қант диабеті және экссудативтік диатезі бар, сондай-ақ гипокалориялы емдәмдегі науқастар ескеруі тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану жөнінде клиникалық деректер жоқ. Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Қазіргі таңда Энтобан препаратының артық дозалануы жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

90 мл препарат қорғаныш сақинамен жабдықталған қалпақшасы бар шыны құтыларға құйылған.

1 құты өлшеуіш стақанмен және медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хербион Пакистан Пвт. Лтд.

75400, Пәкістан, Карачи

Коранги өндірістік аймағы, 30/28

Тіркеу куәлігінің иесі

Хербион Пакистан Пвт. Лтд., Пәкістан

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аймағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ-сы, Чаплин /Халиуллин к-сі 71/66

Тел: 234-48-53, 234-44-88

Факс: 234-41-77

Е-mail: info.kz@herbion.com

Прикрепленные файлы

280957231477976810_ru.doc 47.5 кб
483520921477977964_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники