Энтобан (капсулы)

Производитель: Хербион Пакистан (Пвт) Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие противодиарейные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014127
Период регистрации: 12.09.2014 - 12.09.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Энтобан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

Белсенді заттар:

Үлпек Холархена қабығының құрғақ сығындысы 131.0 мг

Кәдімгі Мирт жемістерінің құрғақ сығындысы 131.0 мг Қылқанды Бөріқарақат жемістерінің құрғақ сығындысы 32.0 мг Бенгаль Айвасы жемістерінің құрғақ сығындысы 32.0 мг

Бояулық емен жемістерінің құрғақ сығындысы 32.0 мг

Әсем Бутея шайырларының құрғақ сығындысы 42.0 мг,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, дикальций фосфаты, микрокристалды целлюлоза

капсула қабығының құрамы: желатин, азорубин (Е 122), FD&C Көк 1 бояғышы (Е133), D&C Сары 10 бояғышы (Е104), титанның қостотығы (Е 171)

Сипаттамасы

Корпусы мен қақпақшасы жасыл түсті, «Entoban» жазуы бар № 0 қатты

желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – өзіне тән иісі бар қоңыр түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға қарсы басқа да дәрілер

АТХ коды А07ХА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Энтобан препаратының әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылау жасау мүмкін емес; барлық компоненттерін бірге маркерлердің немесе биозерттеулердің көмегімен бақылау мүмкін емес. Осы себепті препарат метаболиттерін де анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Энтобан - диареяға қарсы, бактерияға қарсы, протозойға қарсы әсер ететін біріктірілген фитопрепарат. Құрамындағы иіткіш заттар мөлшерінің жоғарылығы арқасында, препарат диареяға қарсы, тұтқырлық және антисептикалық қасиеттерге ие. Тегіс бұлшықеттеріне әсер етер отырып, ішек перистальтикасын төмендетеді, түйілулер кезіндегі жағдайды жеңілдетеді. Препарат құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың кешені E.histolitica STA штамына (дизентерия амебасы) ДНҚ синтезінің бәсеңдеуімен және құрылымының бұзылуымен байланысты бактерицидтік әсер етеді. Энтобан бактерияға қарсы айқын (бактерицидтік және бактериостатикалық) әсер береді. Препарат компоненттерінің құрамына кіретін иіткіш заттар патогендік микроорганизмдердің протоплазмасын коагуляциялай отырып, бактерияға қарсы агенттер ретінде әсер етеді. Ас қорыту жолының шырышты қабығын қорғайды. Ішектің табиғи микрофлорасын бұзбайды. Ас қорыту бездерінің сөлінісін арттырады, ас қорытуды жақсартады.

Үлпек холархенаның құрамында конессин қатарының стероидты типті алкалоидтары бар. Микробтарға қарсы және амебаға қарсы белсенділігін білдіреді.

Кәдімгі мирт құрамында мирт майы, иіткіш заттар, ащы заттар бар. Бактерицидтік (әсіресе стафилококтарға және стрептококтарға қатысты), вирусқа қарсы, фунгицидтік және қабынуға қарсы әсер береді. Регенерация үдерісін көтермелейді. Ащы заттар - ас қорыту бездерінің секрециясын жоғарылатады, ас қорытуды жақсартады.

Қылқанды бөріқарақаттың құрамында алкалоидтар (берберин, бербамин), қант, иіткіш заттар, пектин, витаминдер (С, К), органикалық қышқылдар (алма, шарап, лимон және т.б.), микроэлементтер (Р, К, Са, Мg, Fе) бар. Қабынуға қарсы, диареяға қарсы, тұтқыр және антисептикалық әсерлері бар. Берберин алкалоиды бактерияларға қарсы айқын белсенділікке ие.

Бенгаль айвасының құрамында мармелозин гликозиді, азулендер, иіткіш және пектиндік заттар, кумариндер, эфир майы, шайырлар, шырыштар, В2 витамині бар. Гипогликемиялық әсер береді, астың қорытылуына ықпал етеді.

Бояулық еменнің құрамында галлотанин, иіткіш заттар бар.

Тұтқыр, қабынуға қарсы және микробқа қарсы әсерлерге ие.

Әсем бутеяның құрамында гликозидтер, глицин, бутин бар. Тұтқыр және ішек құрттарын айдайтын қасиеттері бар.

Қолданылуы

- шығу тегі әр түрлі диареяда

- дизентерияда (оның ішінде жедел амебалық, бактериялық), ішек амебиазында

- жедел гастроэнтеритте

- тағамдық токсикоинфекцияда (кешенді ем құрамында).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге

Бастапқы дозасы: 2 капсуладан

Содан кейін: әрбір 4 сағат сайын 1 капсуладан.

Препарат тамақтануға байланыссыз қабылданады.

Емдеу курсы – диарея, гастроэнтерит, тағамнан улану – 2 – 5 күн;

амебиаз, дизентерия – 7 - 10 күн.

Жағымсыз әсерлері

- есекжем, терінің қышынуы және бөртулері түріндегі аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Энтобан препаратын қолдану кезеңінде аллергиялық реакциялар дамыған жағдайда дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (18 жасқа дейін препаратты шәрбат түрінде қабылдау ұсынылады).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану туралы деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 капсуладан пластмасса қақпақпен бұралып жабылатын, заттыңбасы және тығыздағышы бар пластмассадан жасалған құтыларға салынады. Құтыларға капсулалармен бірге ылғалсіңіргіші бар қапшықша салынады, бос кеңістік гигроскопиялы медициналық мақтамен толтырылады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқалықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хербион Пәкістан Пвт Лтд,

Коранги өнеркәсіптік аймағы, 30/28

Карачи қ., Пәкістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Хербион Пәкістан (Пвт) Лтд» Пәкістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ., Чаплин/Халиуллин к-сі 71/66

Тел: 234-48-53, 234-44-88

Факс: 234-41-77

 

Прикрепленные файлы

460230201477976705_ru.doc 45 кб
326435431477977854_kz.doc 57.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники