Энтеросгель®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Энтеросгель®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішке қабылдауға арналған паста 225 г
Құрамы
100 г құрамында
белсенді зат - полиметилсилоксан полигидраты
(сызықтық емес поликонденсация өнімі 1, 1, 3, 3 –
тетрагидрокси -1,3-диметилдисилоксан полигидраты) 70 г,
қосымша зат - 30 г тазартылған су.
Сипаттамасы
Ақтан ақ дерлік түске дейінгі біртекті паста тәріздес масса.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да ішек адсорбенттері.
АТХ коды А07ВС
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат асқазан-ішек жолдарында сіңбейді, 12 сағат ішінде өзгермеген түрінде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Энтеросгель® гидрофобты табиғатты кремнийорганикалық матрицаның (молекулярлық губка) кеуекті құрылымына ие, ол тек орташамолекулярлы уытты метаболиттерге (м.м. 70-тен 1000 дейін) қатысты сіңіретін әсерімен сипатталады. Энтеросгель® айқын сіңіретін және уытсыздындыратын әсерге ие. Асқазан – ішек жолдарының қуысында препарат бактериялар мен бактериялық токсиндерді, антигендерді, тағамдық аллергендерді, дәрілік препараттар мен уыттарды, ауыр металл тұздарын, алкогольді қоса әртүрлі тектегі эндогенді және экзогенді уытты заттарды байланыстырады және организмнен шығарады.
Препарат сондай-ақ организмдегі зат алмасудың кейбір өнімдерін, оның ішінде билирубин, мочевина, холестерин және липидті кешендердің артығын, сондай-ақ эндогенді токсикоздың дамуына жауапты метаболиттерді сіңіреді. Энтеросгель®витаминдер мен микроэлементтердің сіңірілуін төмендетпейді, ішектің бұзылған микрофлорасының қалпына келуіне ықпал етеді және оның қимылдық қызметіне әсер етпейді.
Қолданылуы
Ересектер мен балаларда уытсыздандыратын дәрі ретінде
-
шығу тегі әртүрлі жедел ішек жұқпаларында кешенді ем құрамында (токсикоинфекциялар, сальмонеллёз, дизентерия)
-
шығу тегі жұқпалық емес диареялық синдромда, дисбактериозда
-
шығу тегі әртүрлі жедел және созылмалы уыттануларда
-
күшті әсер ететін және улы заттармен, оның ішінде дәрілік препараттармен және алкогольмен, алкалоидтармен, ауыр металлдар тұздарымен жедел уыттануда
-
айқын интоксикациямен жүретін, іріңді-септикалық ауруларда кешенді ем құрамында
-
тағамдық және дәрілерге аллергияда
-
гипербилирубинемия (вирусты гепатиттер) және гиперазотемияда (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде)
-
зиянды өндірістердің жұмысшыларында созылмалы уыттанулардың алдын алу мақсатында (политропты әсерімен химиялық агенттермен, ксенобиотиктермен, инкорпорирленген радионуклидтермен, қорғасын, сынап, мышьяк, мұнай өнімдері қосылыстарымен, органикалық еріткіштермен, азот окистерімен, көміртегі, фторидтер, ауыр металлдар тұздарымен кәсіби уыттанулар)
Қолдану тәсілі және дозалары
Энтеросгель® препаратын ішке тағам немесе басқа дәрілерді қабылдағанға дейін 1-2 сағат бұрын немесе кейін, сумен іше отырып қабылдайды.
Препараттың қабылдауға қажет мөлшерін бөлме температурасындағы стакандағы судың үш есе артық көлемімен араластырып немесе сумен іше отырып ішке қабылдау керек.
Ересектерге арналған дозасы - 1 ас қасықтан (15 г) тәулігіне 3 рет (45 г).
1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға - 1 шай қасықтан (5 г) тәулігіне 3 рет (15 г), ал 5 - тен 14 жасқа дейінгі балаларға - бір десерт қасықтан (10 г) тәулігіне 3 рет (30 г).
Емшектегі балаларға (0 - ден 1 жасқа дейінгі) 2,5 г (0,5 шай қасық) препаратты емшек сүтінің немесе судың үш есе көлемінде араластыру және әрбір қоректендіру алдында (тәулігіне 6 рет) беру ұсынады.
Созылмалы уыттанудың алдын алу үшін препаратты ай сайын 7-10 күн бойы қабылдайды: ересектерге - 1 ас қасықтан (15 г) тәулігіне 2 рет (30 г); 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға - 1 шай қасықтан (5 г) тәулігіне 2 рет (10 г); ал 5 - тен 14 жасқа дейін - бір десерт қасықтан (10 г) тәулігіне 2 рет (20 г). Емшектегі балаларға (0 - ден 1 жасқа дейінгі) 2,5 г (0,5 шай қасық)
препаратты емшек сүтінің немесе судың үш есе көлемінде араластыру және әрбір қоректендіру алдында (тәулігіне 4 рет) беру ұсынады.
Ауыр уыттануларда алғашқы үш тәулік бойы препарат дозасы екі есе жоғарылатуы мүмкін.
Жедел уыттануларда емдеу ұзақтығы - 3-5 тәулік, ал созылмалы уыттанулар мен аллергиялық жағдайларда - 2-3 апта. Қайталау курсы дәрігердің тағайындауы бойынша.
Жағымсыз әсерлері
Емдеу кезінде пайда болуы мүмкін жағымсыз реакциялар жиілігі, келесі градация түрінде келтірілген: өте жиі (>1/10); жиі (>1/100, <1/10); жиі емес (>1/1000, <1/100); сирек (>1/10000, <1/1000); өте сирек (<1/10000).
Болуы мүмкін
- жүрек айнуы, іш қату
- ауыр бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігінде препаратқа жүрек айнуы сезімінің пайда болуы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратты жекелей көтере алмаушылық
- ішек атониясы
- ішектің бітелуі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Энтеросгель® препаратымен бір мезгілде қабылдағанда басқа препараттардың сіңірілуі нашарлауы мүмкін. Препаратты басқа дәрілерді қабылдағанға дейін 1 – 2 сағат ерте немесе кеш қабылдау ережесі сақталған жағдайда басқа дәрілік заттармен кешенді емде қолдануға болады.
Айрықша нұсқаулар
Дәрігерге кез келген, оның ішінде аталған нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз рекциялар мен сезінулердің пайда болуы туралы, сондай-ақ емдеу аясында зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі туралы хабарлаңыз
Жүктілік және лактация кезеңі
Энтеросгель® препаратын жүктілік және лактацияда қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Энтеросгелдің® көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсері анықталмаған.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары анықталмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
225 г препараттан бушонымен және алюминий негізінде сықпаның мойнына термодәнекерленген ламинатты жеңіл шешілетін жалғастырғыш (жарғақша) түріндегі алғашқы ашылуының бақылануымен біріктірілген материалдан жасалған сықпаға салынған.
Әрбір сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
4 °С-ден төмен температурада сақтау керек.
Қаптаманы ашқаннан кейін кеуіп кетуден сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«ТНК СИЛМА» ЖШҚ. Ресей Федерациясы. 399851, Липецкая обл., Данков қ-сы, Зайцев к-сі, 8 үй.
Тіркеу куәлігінің иесі
«ТНК СИЛМА» ЖШҚ
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
"Pharmaline" ЖШС, ҚР, Алматы қ-сы, Шаймиева к-сі. 11үй.
e-mail: pharmaline@inbox.ru, тел/факс: 8-727-384-44-72 (-73)