Энзалутамид Сандоз (40 мг) (Энзалутамид)

МНН: Энзалутамид
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Энзалутамид
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№026394
Информация о регистрации в РК: 18.12.2024 - 18.12.2029

Инструкция

Саудалық атауы

Энзалутамид Сандоз®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Энзалутамид

Дәрілік түрі, дозасы

Капсулалар, 40 мг

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Эндокриндік ем. Гормондар антагонистері және олардың аналогтары. Антиандрогендер. Энзалутамид.

АТХ коды L02BB04

Қолданылуы

- андрогендепривациялық еммен біріктірілімде простатаның гормонға сезімтал метастаздық обыры (ПГСмО) бар ересек ерлерді емдеу

- үдеу қаупі жоғары простатаның кастрациялауға төзімді метастаздық емес обыры (ПКТО) бар ересек ерлерді емдеу

- химиялық емге клиникалық көрсетілім болмаса, андрогендепривациялық ем аясында үдеп кететін орташа симптомдары бар немесе симптомдарсыз өтетін қуық асты безінің кастрациялауға төзімді метастаздық обыры бар ересек ерлерді емдеу

- доцетаксел қамтылған химиялық ем кезінде немесе одан кейін қуық асты безінің кастрациялауға төзімді метастаздық обырын ересек ерлерде емдеу

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүкті әйелдер немесе бала көтеруді жоспарлайтын әйелдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру ишаралары

Құрысулардың даму қаупі

Энзалутамид қолдану құрысулардың даму жағдайларымен байланысты болды. Ұстама дамитын пациенттерде емдеуді жалғастыру шешімін әрбір нақты жағдайда қарастыру керек.

Артқы қайтымды энцефалопатия синдромы

Энзалутамид Сандоз® препаратын пациенттердің қолдануы барысында артқы қайтымды энцефалопатия синдромының (PRES) дамуы туралы сирек хабарламалар тіркелген. Артқы қайтымды энцефалопатия синдромы – бұл құрысулар, бас ауыру, сананың шатасуы, соқырлық және гипертензиямен қатар жүретін немесе қатар жүрмейтін көру және неврологиялық бұзылыстар сияқты жылдам дамитын симптомдармен сипаттауға болатын сирек қайтымды неврологиялық ауру. Артқы қайтымды энцефалопатия синдромы диагнозы ми томографиясының қорытындыларымен, бәрінен жақсысы, МРТ нәтижелерімен расталуы тиіс. Диагноз расталғанда Энзалутамид Сандоз® препаратын қабылдауды тоқтату ұсынылады.

Салдарлы қатерлі жаңа түзілімдер

Клиникалық зерттеулерде энзалутамид қабылдаған пациенттерде салдарлы қатерлі жаңа түзілімдер жағдайлары хабарланды. 3 фазаның клиникалық зерттеулерінде энзалутамид қабылдаған пациенттердегі ең көп жиі оқиғалар қуық обыры (0,3%), жуан ішек аденокарциномасы (0,2%), ауыспалы-жасушалық карцинома (0,2%) және қуықтың ауыспалы-жасушалық карциномасы (0,1%) болды.

Пациенттерге, егер олар энзалутамидпен емделу кезінде дамитын асқазан-ішектен қан кету, макроскопиялық гематурия белгілерін немесе дизурия немесе несеп шығаруға қысылу сияқты басқа симптомдарды байқаса, кідіріссіз дәрігерге қаралуға кеңес беру керек.

Басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану

Энзалутамид ферменттердің қуатты индукторы болып табылады және жиі пайдаланылатын көптеген дәрілік заттар тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан, Энзалутамидом Сандоз® емдеуі басталғанда қатарлас дәрілік заттарды талдаудан өткізу қажет.

Егер олардың емдік әсерінің пациент үшін маңызы аса зор болса, сондай-ақ егер тиімділігін және плазмадағы концентрациясын бақылау негізінде дозаны түзету мүмкін болмаса, энзалутамидті көптеген ферменттердің немесе тасымалдаушылардың сезімтал субстраттары болып табылатын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Варфаринмен және кумарин тәрізді антикоагулянттармен бір мезгілде қолданылмау керек. Егер Энзалутамид Сандоз® CYP2C9 ферментімен (мысалы, варфарин немесе аценокумарол) метаболизденетін антикоагулянтпен бірге пайдаланылса, халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) қосымша бақылау талап етіледі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Пациенттердің осы тобында энзалутамид әсері зерттелмегендіктен, бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге абайлап тағайындау керек.

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде дәрілік заттың жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруы байқалады, бұл тіндерде таралуының артуымен байланысты болуы мүмкін. Осы қадағалаудың клиникалық маңызы белгісіз күйде қалады. Дегенмен де, тұрақты концентрацияларға жету үшін ұзақ уақыт қажет болуы мүмкін және ең жоғары фармакологиялық әсеріне жетуге дейінгі уақыт, сондай-ақ ферменттер индукциясының басталуына және төмендеуіне дейінгі уақыт ұзарып кетуі мүмкін.

Таяуда өткерілген жүрек-қантамыр ауруы

III фаза зерттеулерінде, 45%-дан астам сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясы (СҚЛФ), брадикардия немесе бақыланбайтын артериялық гипертензия бар пациенттерді қоспағанда, таяуда (соңғы 6 ай ішінде) миокард инфарктісін өткерген немесе тұрақсыз стенокардиядан (соңғы 3 ай ішінде), Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) шкаласы бойынша III немесе IV класты жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегіп жүрген пациенттер қамтылмады. Осындай пациенттерге Энзалутамид Сандоз® тағайындалғанда оны ескеру қажет.

Андрогендепривациялық ем QT аралығының ұзаруына алып келуі мүмкін

Энзалутамид Сандоз® препаратымен емді бастар алдында дәрігер анамнезінде QT аралығының ұзару жағдайлары немесе оны туындататын қауіп факторлары бар пациенттерде, сондай-ақ QT аралығының ұзаруына алып келуі мүмкін препараттар қамтылған кешенді ем алып жүрген пациенттерде қарыншалардың дірілдеу/жыпылықтау ықтималдығын ескере отырып, қауіп және пайда арақатынасын бағалайды.

Химиялық ем курсы кезінде қолдану

Цитоуытты химиялық ем курсы кезінде бір мезгілде Энзалутамид Сандоз® қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Энзалутамидті бір мезгілде қабылдау вена ішіне енгізілген доцетаксел фармакокинетикасына клиникалық мәнді әсерін көрсетпейді; дегенмен де, доцетаксел қабылдау тудырған нейтропенияның даму жиілігінің артуын жоққа шығаруға болмайды.

Қосымша заттар

Энзалутамид Сандоз® құрамында сорбитол (E420) бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттер осы дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Энзалутамид қолдану кезінде бет, тіл, ерін немесе жұтқыншақтың ісінуін қоса, симптомдармен көрініс берген аллергиялық реакциялар байқалды. Энзалутамид қабылдау кезінде терінің күрделі жағымсыз реакциялары (SCAR) хабарланды. Рецепт жазып бергенде пациенттер белгілер мен симптомдар туралы хабарлануы және тері реакцияларын мұқият қадағалауы тиіс.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттардың энзалутамид әсеріне ықтималды ықпалы

CYP2C8 тежегіштері

CYP2C8 ферменті энзалутамид элиминациясында және оның белсенді метаболитінің түзілуінде маңызды рөл атқарады. Ер жынысты дені сау субъектілердің CYP2C8 күшті тежегіші – гемфиброзилді (күніне екі рет 600 мг) пероральді қабылдауынан кейін энзалутамид орташа АUС 326% артты, ал энзалутамид Сmax 18% азайды. Байланыспаған энзалутамид пен байланыспаған белсенді метаболит қосындысына тән АUС 77% ұлғайды, ал Сmax 19% төмендеді. Энзалутамидпен емдеу кезінде CYP2C8 ферментінің күшті тежегіштерін (мысалы, гемфиброзил) қабылдаудан аулақ болу және оларды сақтықпен пайдалану керек. Егер пациенттерге CYP2C8 күшті тежегішін бірге қолдану қажет болса, энзалутамид дозасын күніне бір рет 80 мг дейін төмендету керек.

CYP3A4 тежегіштері

CYP3A4 ферменті энзалутамид метаболизмінде мардымсыз рөл атқарады. Ер жынысты дені сау еріктілердің CYP3A4 ферментінің күшті тежегіші – итраконазолды (күніне бір рет 200 мг) қабылдауынан кейін энзалутамид AUC 41% ұлғайды, ал Cmax өзгермеді. Байланыспаған энзалутамид пен байланыспаған белсенді метаболит қосындысына тән AUC 27% ұлғайды, ал Cmax қайтадан өзгеріссіз күйде қалды. Энзалутамид Сандоз® CYP3A4 тежегіштерімен немесе индукторларымен бірге қолданылғанда дозаны түзету қажет емес.

CYP2C8 және CYP3A4 ферментінің индукторлары

Дені сау ерлердің CYP2C8 ферментінің орташа индукторы және CYP3A4 күшті индукторы – рифампинді (күніне бір рет 600 мг) пероральді қабылдауынан кейін энзалутамид AUC белсенді метаболитпен бірге 37% төмендеді, ал Cmax көрсеткіші өзгермеді. Энзалутамид Сандоз® препараты CYP2C8 және CYP3A4 ферментінің индукторларымен бір мезгілде тағайындалғанда дозаны түзету қажет емес.

Энзалутамидтің басқа дәрілік препараттар әсеріне ықтималды ықпалы

Ферменттерді индукциялау

Энзалутамид ферменттердің қуатты индукторы болып табылады, олардың және тасымалдаушыларының синтезін арттырады, сондықтан ол ферменттердің немесе тасымалдаушылардың субстраттары болып табылатын әдеттегі дәрілік заттардың көбімен өзара әрекеттеседі. Плазмадағы концентрацияның төмендеуі елеулі болуы және клиникалық әсерінің жоғалуына немесе азаюына алып келуі мүмкін. Белсенді метаболиттерінің көп түзілу қаупі де бар. Түзілуі индукциялануы мүмкін ферменттерге бауыр мен ішектегі CYP3A, әрі CYP2В6, CYP2C9, CYP2C19 және уридин-5'-дифосфат глюкуронозилтрансфераза жатады. Сонымен қатар, Р-гликопротеин тасымалдау ақуызының және басқа тасымалдаушылардың, сондай-ақ, мысалы, 2 көптеген дәрілерге төзімді ақуыздың (MRP2), сүт безі обырына төзімді ақуыздың (BCRP) және 1B1 органикалық анион-тасымалдаушы полипептидтің (OATP1B1) индукциялануы болуы мүмкін.

Іn vivo зерттеулерінде энзалутамидтің CYP3A4 күшті индукторы, ал CYP2C9 және CYP2C19 орташа индукторы екені көріністелді. Қуық асты безінің обырымен науқастарда энзалутамидті (күніне бір рет 160 мг) бірге қолдану мидазолам (CYP3A4 субстраты) AUC 86% төмендеуіне, S-варфарин (CYP2C9 субстраты) AUC 56% төмендеуіне және омепразол (CYP2C19 субстраты) AUC 70% төмендеуіне әкелді. UGT1A1 индукциялануы да болуы мүмкін. Қуық асты безінің кастрациялауға төзімді метастаздық обырына шалдыққан пациенттердің қатысуымен клиникалық зерттеуде Энзалутамид Сандоз® препараты (күніне бір рет 160 мг) вена ішіне енгізілген доцетаксел (3 апта бір рет инфузиялау әдісімен 75 мг/м2) фармакокинетикасына клиникалық мәнді әсерін көрсетпеді. Доцетаксел AUC 12% төмендеді [орташа геометриялық қатынас = 0,882 (90% СА: 0,767, 1,02], ал Cmax 4% төмендеді [орташа геометриялық қатынас = 0,963 (90% СА: 0,834, 1,11].

Сонымен қатар, препарат метаболизм немесе белсенді тасымалдау үдерісінде элиминацияланатын белгілі бір дәрілік заттармен өзара әрекеттеседі. Егер олардың емдік әсері пациент үшін зор маңызды болып, тиімділігін немесе плазмадағы концентрациясын бақылау негізінде дозаны түзетуі оңайға түспесе, осы дәрілік заттарды қабылдаудан аулақ болу немесе оларды сақтықпен пайдалану керек. Ферменттер индукторларын бір мезгілде қабылдаған пациенттерде парацетамол қабылдаудан кейінгі бауырдың зақымдану қаупі жоғары екені болжанады.

Препаратпен өзара әрекеттесуі мүмкін дәрілік заттар тобына мыналар жатады, бірақ олармен шектелмейді:

- анальгетиктер (мысалы, фентанил, трамадол)

- антибиотиктер (мысалы, кларитромицин, доксициклин)

- ісікке қарсы агенттер (мысалы, кабазитаксел)

- антиэпилептиктер (мысалы, карбамазепин, клоназепам, фенитоин, примидон, вальпрой қышқылы)

- нейролептиктер (мысалы, галоперидол)

- антикоагулянттар (мысалы, аценокумарол, варфарин, клопидогрел)

- бета-блокаторлар (мысалы, бисопролол, пропранолол)

- кальций өзекшелерінің блокаторлары (мысалы, дилтиазем, фелодипин, никардипин, нифедипин, верапамил)

- жүрек гликозидтері (мысалы, дигоксин)

- кортикостероидтар (мысалы, дексаметазон, преднизолон)

- АИТВ инфекциясын емдеуге арналған вирустық препараттар (мысалы, индинавир, ритонавир)

- ұйықтататын дәрілер (мысалы, диазепам, мидазолам, золпидем)

- иммунодепрессант (мысалы, такролимус)

- протон помпасының тежегіші (мысалы, омепразол)

- CYP3A4 ферментінің қатысуымен метаболизденетін статиндер (мысалы, аторвастатин, симвастатин)

- тиреоидты дәрілер (мысалы, левотироксин)

Энзалутамидтің барлық индукциялық мүмкіндіктері, кейбір индукциялық әсерлері бұрын да байқалуы мүмкін болса да, энзалутамидтің тепе-тең плазмалық концентрациясына жетуінен кейін емдеу басталған соң шамамен 1 ай өткенде көрініс беруі мүмкін. CYP2В6, CYP3A4, CYP2C9, CYP2C19 немесе UGT1A1У ферменттерінің субстраттары болып табылатын дәрілік препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде энзалутамидпен емделген алғашқы ай ішінде фармакологиялық әсерінің болжамды төмендеуін (немесе белсенді метаболиттер түзілген жағдайда әсерінің артуын) бағалау және тиісті үлгіде дозаны түзету керек. Энзалутамидтің ұзаққа созылатын жартылай шығарылу кезеңін ескерсек (5,8 тәулік), ферменттер түзілуіне ықпалы энзалутамид қолдануды тоқтатудан кейін бір ай және одан көп уақыт бойы сақталуы мүмкін. Энзалутамидпен емдеу тоқтатылғанда қатарлас дәрілік заттардың дозасын біртіндеп төмендету қажет болуы мүмкін.

CYP1А2 және CYP2C8 субстраттары

Энзалутамидтің (күніне бір рет 160 мг) кофеин (CYP1А2 субстраты) немесе пиоглитазон (CYP2C8 субстраты) AUC немесе Сmax клиникалық мәнді өзгерістерін туындатуы көріністелмеді. Пиоглитазон AUC 20% ұлғайды, ал Сmax 18% төмендеді.. Кофеин AUC немесе Сmax, тиісінше, 11% және 4% азайды. Егер CYP1А2 немесе CYP2C8 субстраты Энзалутамид Сандоз® препаратымен бірге қолданылса, дозаны түзету қажет емес.

P-гликопротеин субстраттары

Іn vitro зерттеулерінің деректері энзалутамидтің P-гликопротеин эффлюксті тасымалдағышының тежегіші болуы мүмкін екенін көрсетеді. Энзалутамидтің тепе-теңдік күйінде P-гликопротеинді орташа тежейтін әсері энзалутамидке дейін және онымен бір мезгілде зондтық P-гликопротеин субстраты – дигоксиннің бір реттік пероральді дозасын қабылдаған қуық асты безінің обырына шалдыққан пациенттерде жүргізілген зерттеуде байқалды (бір мезгілде енгізу, кем дегенде, 55 күн бойы күніне бір рет 160 мг дозада энзалутамид қабылдаумен қатар жүрді). Дигоксин AUC және Cmax, тиісінше, 33% және 17% ұлғайды. Энзалутамид Сандоз® препаратымен бір мезгілде қолдану кезінде Р-гликопротеин үшін субстраттар болып табылатын емдік диапазоны тар дәрілік препараттарды (мысалы, колхицин, дабигатран этексилат, дигоксин) сақтықпен пайдалану керек, ал плазмада оңтайлы концентрациясының сақталуы үшін дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

BCRP субстраты

Энзалутамидке дейін және онымен бір мезгілде (бір мезгілде енгізу, одан кейін тепе-тең күйде енгізумен) күніне бір рет 160 мг энзалутамидті қабылдаған, кем дегенде, 55 күн) розувастатиннің бір реттік пероральді дозасын қабылдаған қуық асты безінің обырына шалдыққан пациенттерде тепе-теңдік күйінде энзалутамид сүт безі обырына төзімді ақуыздың сынақтық субстраты (BCRP) – розувастатин әсерінің клиникалық мәнді өзгерістерін тудырмады. Розувастатин AUC 14% төмендеді, ал Cmax 6% ұлғайды. BCRP субстратын энзалутамидпен бір мезгілде қолдану кезінде дозаны түзету қажет емес.

MRP2, OAT3 және OCT1 субстраттары

Іn vitro деректері негізінде MRP2 (ішекте), сондай-ақ 3 типті адамның органикалық аниондарын тасымалдаушылар (OAT3) мен 1 адамның органикалық аниондарын тасымалдаушылардың (OCT1) (жүйелі) тежелуін жоққа шығаруға болмайды. Теориялық тұрғыда, осы тасымалдаушылардың индукциялануы да болуы мүмкін, ал қазіргі уақыттағы жиынтық әсері белгісіз.

QT аралығының ұзаруына алып келетін дәрілік препараттар

Андрогендепривациялық ем QT аралығының ұзаруына әкелуі мүмкін екендіктен, Энзалутамид Сандоз® препаратының: QT аралығын ұзартатын дәрілік заттармен; немесе қарыншалардың дірілдеуіне/жыпылықтауына алып келуі мүмкін дәрілік заттармен, мысалы, Ia тобының (мысалы, хинидин, дизопирамид) немесе III топтың (мысалы, амиодарон, соталол, дофетнемесед, ибутнемесед) аритмияға қарсы препараттарымен, сондай-ақ метадон, моксифлоксацин, нейролептиктермен бір мезгілде қабылдануына мұқият бағалау жүргізген жөн.

Ас ішудің энзалутамид әсеріне ықпалы

Ас ішу энзалутамидтің әсер ету дәрежесіне клиникалық мәнді ықпалын тигізбейді. Энзалутамид Сандоз® препаратын ас ішуге байланыссыз қолдануға болады.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік

Энзалутамид Сандоз® жүкті немесе бала көтеруді жоспарлайтын әйелдерде пайдалануға қарсы көрсетілімді.

Лактация

Энзалутамидтің ана сүтінен табылу-табылмауы белгісіз. Энзалутамид және/немесе оның метаболиттері егеуқұйрық сүтіне секрецияланады.

Ерлер мен әйелдердегі контрацепция

Энзалутамид немесе оның метаболиттерінің шәуһеттен табылу-табылмауы туралы деректер жоқ. Егер пациент жүкті әйелмен сексуалдық қатынасқа түссе, энзалутамидпен емдеу кезінде және одан кейін 3 ай бойы мүшеқап пайдалану талап етіледі. Егер пациент бала туу жасындағы әйелмен сексуалдық қатынаста болса, емдеу кезінде және одан кейін 3 ай бойы контрацепцияның басқа тиімді әдістерімен қатар мүшеқап пайдалану қажет. Зерттеулер препараттың ұрпақ өрбіту қабілетіне уыттылығын көрсетті.

Энзалутамид Сандоз®, пациенттер мен оларға күтім жасайтын тұлғалардан басқа, өзге тұлғаларда және әсіресе, жүкті болып жүрген немесе бала көтеруі мүмкін әйелдерде қолданылмауы тиіс. Жұмсақ капсулаларды ерітуге немесе ашуға болмайды.

Ұрықтану қабілеті

Жануарларға жүргізілген зерттеулер энзалутамидтің еркек егеуқұйрықтар мен иттердің тұқым өрбіту жүйесіне әсер етпейтінін көрсетті. Егер препаратты жүкті әйелдер қабылдаса, бұл препарат әлі тумаған сәбиге зиян тигізуі немесе жүктілікті жоғалту ықтималдығына алып келуі мүмкін.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Энзалутамид Сандоз®, құрысуларды қоса, психикалық және неврологиялық бұзылулар тіркелгендіктен, автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне орташа ықпал етуі мүмкін. Пациенттерге механизмдерді жүргізу немесе пайдалану кезінде психикалық және неврологиялық бұзылулардың ықтималды туындау қаупі туралы ескертілуі тиіс. Энзалутамид қолданудың автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуін анықтау мақсатында зерттеу жүргізілмеді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Энзалутамидпен емдеуді қуық асты безінің обырын дәрі-дәрмекпен емдеу тәжірибесі бар мамандар бастауы және бақылауы тиіс.

Дозалау режимі

Энзалутамид Сандоз® препаратының ұсынылатын тәуліктік дозасы күніне 1 рет ішке 160 мг (40 мг төрт капсула) құрайды.

CYP2C8 ферментінің күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану

Мүмкіндігінше, CYP2C8 ферментінің күшті тежегіштерін бір мезгілде қолданбау керек. Егер пациент CYP2C8 ферментінің күшті тежегішін бір мезгілде қабылдауы тиіс болса, энзалутамид дозасын күніне бір рет 80 мг дейін төмендету қажет. Егер CYP2C8 ферментінің күшті тежегішін қолдану тоқтатылса, энзалутамид дозасын бастапқы деңгейге дейін арттыру керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Препаратты қуық асты безінің кастрациялауға төзімді метастаздық обырын және простатаның гормонға сезімтал метастаздық обырын емдеу үшін балаларда қолдану мүмкіндігі туралы деректер жоқ.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы адамдарда дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл, орташа және ауыр (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А, B және C кластары) пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Алайда, бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде препараттың жартылай шығарылу уақытының ұзаруы білінді.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі жеңіл және орташа пациенттер үшін дозаны түзету қажеттілігі жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр және бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы пациенттерде препарат абайлап қолданылуы тиіс.

Енгізу әдісі және жолы

Энзалутамид Сандоз® пероральді қолдануға арналған. Капсулаларды шайнауға, ерітуге немесе ашуға болмайды, оларды сумен іше отырып, тұтастай жұту керек, оларды ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады. Капсулаларды шайнау ауызда жағымсыз дәм татуын тудыруы мүмкін. Препараттың үлбірлі қабығының бұзылуы белсенді ингредиенттің жылдам ыдырауына алып келуі мүмкін, сондай-ақ пациенттерде немесе күтім жасайтын тұлғаларда терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін. Бұл препараттың сіңу өзгерісін тудыруы және дәл дозаланбауына алып келуі мүмкін.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Егер пациент дағдылы уақытта Энзалутамид Сандоз® қабылдауды өткізіп алса, тағайындалған дозаны мүмкіндігінше әдеттегі уақытқа таяу қабылдау керек. Егер пациент тұтас күн ішінде препаратты қабылдауды өткізіп алса, емдеуді келесі күні әдеттегі тәуліктік дозадан бастап жаңғыртқан жөн.

Егер пациентте 3 дәрежедегі және одан жоғары уыттану немесе қауіпті жағымсыз реакциялар дамыса, препаратты қабылдауды бір аптаға немесе симптомдардың 2 дәрежедегі және одан төмен деңгейге дейін төмендеуіне дейін тоқтату, ал одан кейін, егер бұл ақталса, қабылдауды осындай немесе азайтылған дозасында (120 немесе 80 мг) жаңғыртқан жөн.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Энзалутамид артық дозалануында қолдануға арналған антидот жоқ. Артық дозалану жағдайында энзалутамидпен емді тоқтату және 5,8 күн жартылай шығарылу кезеңін есепке алып, жалпы симптоматикалық емді бастау керек. Артық дозаланудан кейін пациенттерде құрысулардың даму қаупі жоғары болуы мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Препаратты қолдану жөнінде сұрақтар болса, емдеуші дәрігерге хабарласыңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Ең көп жиі қолайсыз реакциялар астения/қажу, гиперемия, гипертензия, сыну мен құлап қалу болып табылады. Басқа маңызды қолайсыз реакциялар жүректің ишемиялық ауруын, құрысулар, когнитивтік бұзылыстар мен нейтропенияны қамтиды.

Құрысулар энзалутамид алған пациенттердің 0,54%-да,  плацебо алған пациенттердің 0,2%-да және бикалутамид алған пациенттердің 0,3%-да дамыды.

Ээнзалутамид қабылдаған пациенттерде қайтымды артқы энцефалопатия синдромының сирек жағдайлары тіркелді.

Клиникалық зерттеулер кезінде аталған қолайсыз реакциялар кездесу жиілігінің санаты бойынша төменде тізбеленген. Кездесу жиілігі бойынша санаттар келесі үлгіде белгіленді: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін); сирек (≥1/10 000-нан <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10 000); белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес). Әр топ шегінде кездесу жиілігі бойынша қолайсыз реакциялар күрделілігінің кему ретімен тізбеленген.

Өте жиі:

- астения/қажу

- гиперемия, артериялық гипертензия

- құлап қалу

- сыну

Жиі:

- үрейлену

- бас ауыру, жадының нашарлауы, амнезия, зейін қоюдың нашарлауы, дәм сезу бұзылысы (дисгевзия), тынымсыз аяқтар синдромы

- тері жабындарының құрғауы, терінің қышынуы

- жүректің ишемиялық ауруы

- гинекомастия

Жиі емес:

- лейкопения, нейтропения

- көру арқылы елестеулер

- когнитивтік бұзылыстар, құрысулар

Маркетингтен кейінгі кезеңде алынған хабарламалар

Жиілігі белгісіз:

- тромбоцитопения

- бет ісінуі, тіл ісінуі, ерін ісінуі, жұтқыншақ ісінуі

- қайтымды артқы энцефалопатия синдромы

- QT аралығының ұзаруы

- жүрек айну, құсу, диарея

- мультиформалы эритема (терінің қызыл дақтарын немесе бозғылттау қызыл сақиналармен қоршалған күңгірт-қызыл ортасы бар нысана немесе «өгіз көзі» тәрізді болып көрінуі мүмкін терідегі дақтарды тудыратын тері реакциясы, бөртпе

- миалгия, бұлшықеттердің түйілуі, бұлшықет әлсіздігі, арқаның ауыруы

* Тіркеуден кейін қолдану тәжірибесінің барысында алынған өздігінен келіп түскен есептер

¥ SMQ тар ауқымды термині пайдаланылатын бағалау бойынша «Құрысулар», құрысуларды, ауқымды эпилепсия ұстамасын, күрделі парциальді ұстамаларды, парциальді ұстамаларды және эпилепсиялық статусты қоса. Өліммен аяқталуға алып келетін асқынулары бар ұстамалардың сирек жағдайларын қоса.

SMQ тар ауқымды термині пайдаланылатын бағалау бойынша «Миокард инфарктісі» және «Жүректің ишемиялық ауруының басқа түрлері», III фазаның рандомизацияланған плацебо-бақыланатын зерттеулерінде, кем дегенде, 2 пациентте байқалатын қолданылуы ұтымды келесі терминдерді қоса: стенокардия, жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфарктісі, жедел миокард инфарктісі, жедел коронарлық синдром, тұрақсыз стенокардия, миокард ишемиясы және коронарлық артериялар артериосклерозы.

Сүйектердегі «сыну» сөзімен ұтымды қолданылатын терминдердің бәрін қоса.

Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы

Құрысулар

Бақыланатын клиникалық зерттеулерде тәуліктік 160 мг дозада энзалутамидпен ем қабылдаған 5110 пациенттен 31 пациентте (0,6%) құрысулардың дамуы білінді, ал плацебо алған және бикалутамид қабылдаған пациенттер тобында құрысулардың дамуы төрт пациентте (<0.2%) және бір пациентте (0.3%) аталды. Доза құрысулардың даму қаупінің маңызды предикторы болады, ол жөнінде клиникаға дейінгі зерттеулер деректері және дозаны арттырумен жүргізілген зерттеулер деректері айғақтайды. III фазаның екі зерттеуінен де анамнезінде құрысулары бар немесе құрысуларды туындататын қауіп факторлары бар пациенттер шығарылды.

Құрысулар дамуына бейімдейтін факторлар бар пациенттерде құрысулардың туындау жиілігін бағалау үшін 9785-CL-0403 (UPWARD) салыстырмалы зерттеуінде (зерттеуде қамтылған пациенттердің 1,6%-да анамнезінде құрысу ұстамалары болды) энзалутамид қабылдаған 366 (2,2 %) пациенттен 8-де құрысу ұстамалары болды. Емдеу ұзақтығының медианасы 9,3 айға созылды.

Энзалутамид құрысу шегінің төмендеуін жүзеге асыратын механизм белгісіз. Алайда, ол энзалутамид пен оның белсенді метаболитінің байланысатынын және ГАМҚ-рецепторларының хлор өзекшелерінің белсенділігін тежеуі мүмкін екенін көрсететін in vitro зерттеулерінің деректерімен байланысты болды.

Жүректің ишемиялық ауруы

Рандомизацияланған плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулерде жүректің ишемиялық ауруы, плацебоға қоса АДТ қабылдаған пациенттердің 2%-мен салыстырғанда, энзалутамидке қоса АДТ қабылдаған пациенттердің 3,5%-да байқалды. Энзалутамид қабылдаған он төртінде және плацебо алған 3 пациентте (0,1%) өлімге әкелген жүректің ишемиялық ауруы оқиғасы болды.

EMBARK зерттеуінде жүректің ишемиялық ауруы энзалутамидті лейпролидпен біріктіріп қабылдаған пациенттердің 5,4%-да, ал энзалутамидті монотерапия ретінде қабылдаған пациенттердің 9%-да болды. Энзалутамидті лейпролидпен біріктіріп қабылдаған бір де бір пациентте және энзалутамидті монотерапия ретінде қабылдаған бір пациентте (0,3%) өлімге әкелетіндей жүректің ишемиялық ауруы жағдайлары болмады.

Гинекомастия

EMBARK зерттеуінде гинекомастия (барлық ауырлық дәрежесінде) энзалутамидті лейпролидпен біріктіріп қабылдаған 353 пациенттің 29-да (8,2%) және энзалутамидті монотерапия ретінде қабылдаған 354 пациенттің 159-да (44,9%) байқалды. Гинекомастия 3-ші немесе одан жоғары дәрежеде энзалутамидті лейпролидпен біріктіріп қабылдаған бір де бір пациентте байқалмады, ал энзалутамидті монотерапия ретінде қабылдаған 3 пациентте (0,8%) байқалды.

Емшек ұшының ауыруы

EMBARK зерттеуінде емшек ұшының ауыруы (барлық ауырлық дәрежесінде) энзалутамидті лейпролидпен біріктіріп қабылдаған 353 пациенттің 11-де (3,1%), ал энзалутамидті монотерапия ретінде қабылдаған 354 пациенттің 54-де (15,3%) байқалды. Емшек ұшының ауыруы 3-ші немесе одан жоғары дәрежеде энзалутамидті лейпролидпен біріктіріп немесе энзалутамидті монотерапия ретінде қабылдаған бір де бір пациентте байқалмады.

Кеуденің ауыруы

EMBARK зерттеуінде сүт бездерінің ауыруы (барлық ауырлық дәрежесінде) энзалутамидті лейпролидпен біріктіріп қабылдаған 353 пациенттің 5-де (1,4%), ал энзалутамидті монотерапия ретінде қабылдаған 354 пациенттің 51-де (14,4%) байқалды. Сүт бездерінің ауыруы 3-ші немесе одан жоғары дәрежеде энзалутамидті лейпролидпен біріктіріп немесе энзалутамидті монотерапия ретінде қабылдаған бір де бір пациентте байқалмады.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға хабарласу қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір капсула құрамында

белсенді зат 40.0 мг энзалутамид,

қосымша заттар: каприлокапроил макрогол-глицеридтері, бутилгидроксианизол, бутилгидрокситолуол

капсуланың желатин қабықшасының құрамы:

желатин 160, глицерин (глицерол), ішінара сусызданған сұйық сорбитол, титанның қостотығы (Е 171), тазартылған су, ұзындығы орташа тізбекті триглицеридтер (жағынды ретінде пайдаланылады және өндіріс үдерісінде жуып-шаю сатысында алып тасталады), этанол (өндіріс үдерісінде құрғату үдерісінде бумен ұшып кетеді. Осы қалдық еріткіштің іздік мөлшерлері түпкі өнімде болуы мүмкін)

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Құрамында түссізден сәл сарғыш түске дейінгі мөлдір сұйықтық бар мөлдір емес ақтан ақ дерлік мөлдір емес түске дейінгі ұзынша пішінді жұмсақ желатин капсула.

Шығарылу түрі және қаптамасы

4 капсула ПВХ/Aclar (поливинилхлорид/Аклар) мөлдір түссіз үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

28 пішінді қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек (арнайы сақтау шарттарын талап етпейді).

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

Лотус Фармасьютикал Ко., Лтд., Тайвань

Sinsing Village, No. 30 Chenggong 1st Rd, Nantou City, Nantou County, 54066, Taiwan

Тел./факс: + 386 1 5802111, + 386 1 5683517

e-mail: info.sandoz@sandoz.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Сандоз д.д., СЛОВЕНИЯ

Verovskova 57, 1000 Любляна, Словения

Тел./факс: + 386 1 5802111, + 386 1 5683517

e-mail: info.sandoz@sandoz.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Сандоз Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050022, Құрманғазы көш. 95.

Тел.: +7 (727) 258-10-48,

e-mail: patient.safety.cis@sandoz.com (жағымсыз құбылыстар үшін)

e-mail: complaint.eaeu@sandoz.com (сапа шағымдары үшін)

Прикрепленные файлы

1._ЛВ_каз-18_.11_.24_.docx 0.13 кб
1._Проект_ЛВ_Энзалутамид_Сандоз_рус-18_.11_.24(1)_.docx 0.11 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту