Энварсус® (1 мг)

МНН: Такролимус
Производитель: Роттендорф Фарма ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tacrolimus
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024196
Информация о регистрации в РК: 12.03.2019 - 12.07.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Энварсус®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Такролимус

Дәрілік түрі, дозасы

Босап шығуы ұзаққа созылатын 0,75 мг, 1 мг және 4 мг таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялық препараттар. Иммуносупресанттар. Кальциневрин тежегіштері Такролимус.

АТХ коды L04AD02.

Қолданылуы

- Бүйрек немесе бауыр аллотрансплантатының ересек реципиенттердегі трансплантат қабылданбай ажырауының профилактикасында

-  Басқа иммунодепрессанттармен емдеуге төзімді ересек пациенттерде аллотрансплантаттар қабылданбай ажырауының емінде.

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- Такролимусқа немесе басқа макролидтерге жоғары сезімталдық.

- Кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Такролимус организмде қысқа мерзімде болады, бауырлық CYP3A4 тарапынан метаболизмге ұшырайды. Бұл сондай-ақ ішек қабырғаларында CYP3A4 тарапынан болатын асқазан-ішек метаболизмінің айғағы болып табылады. CYP3A4 өзінің белгілі катализациялау немесе стимуляциялау қабілеті бар заттарды бірге қолдану такролимус метаболизміне теріс әсер етуі және сонысымен қандағы такролимус концентрациясын жоғарылатуы немесе төмендетуі мүмкін.

Қандағы такролимус концентрациясын, сондай-ақ бүйрек функциясын және CYP3A метаболизмін өзгертуге потенциалды немесе қандағы такролимус концентрациясына басқаша түрде әсер етуге ықпалды заттарды әртүрлі бірге қолдануда басқа жағымсыз әсерлерді мұқият бақылау қатаң ұсынылады және такролимусты үзе тұру керек немесе қажет болуына қарай осыған ұқсас әсерін демеу үшін тиісінше дозасын түзету керек

Атап айтқанда, пациент дәрігерге, егер ол төмендегі дәрілерді қабылдаса немесе жақында қабылдаса, хабарлауы керек:

- зеңге қарсы дәрілік заттар мен антибиотиктерді, атап айтқанда, инфекцияларды емдеу үшін пайдаланылатын макролидті антибиотиктерді (мысалы, кетоконазол, флуконазол, итраконазол, вориконазол, клотримазол және изавуконазол, эритромицин, кларитромицин, джозамицин, изониазид және рифампицин)

- ЦМВ (адам цитомегаловирусы) туындатқан аурулардың профилактикасы үшін пайдаланылатын летермовирді

- АИТВ протеазасының тежегіштерін (мысалы, ритонавир, нелфинавир, саквинавир), бустерлік дәрілік заттың кобицистатын және АИТВ инфекциясын емдеу үшін пайдаланылатын біріктірілген таблеткаларды

- С гепатитін емдеу үшін пайдаланылатын С гепатиті (НСV) протеазасының тежегіштерін (мысалы, телапревир, босепревир және омбитасвир / паритапревир / ритонавирмен немесе дасабувирсіз біріктірілімі).

Қандағы такролимус деңгейінің жоғарылауын потенциалды туындататын CYP3A4 тежегіштері

Клиникалық тұрғыдан алғанда, келесі заттар қандағы такролимус деңгейін жоғарылату ретінде көрінді: кетоконазол, флуконазол, итраконазол, вориконазол және изавуконазол, макролидті антибиотик эритромицин, АИТВ протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир, нелфинавир, саквинавир), С гепатиті вирусының протеаза тежегіштері (HCV) (мысалы, телапревир, босепревир және омбитасвир мен паритапревирдің ритонавирмен, дасабувирмен және онсыз біріктірілімі) сияқты зеңге қарсы агенттермен немесе кобицистат пен тирозинкиназаның фармакокинетикалық күшейткіші, нилотиниб және иматиниб тежегіштері CMV вирусқа қарсы лейтермовирмен күшті өзара әрекеттесулер байқалды. Осы заттарды біріктіріп қолдану барлық пациенттер үшін такролимус дозасын азайтуды талап етуі мүмкін.

Фармакокинетикалық зерттеулер қандағы препарат деңгейінің жоғарылауы негізінен асқазан-ішек метаболизмінің тежелуіне байланысты такролимусты пероральді қабылдаған кезде биожетімділіктің жоғарылауының нәтижесі екенін көрсетті. Бауырлық клиренске әсері айқын емес.

Клотримазолмен, кларитромицинмен, йосамицинмен, нифедипинмен, никардипинмен, дилтиаземмен, верапамилмен, амиодаронмен, даназолмен, этинил эстрадиолмен, омепразолмен және нефазодонмен әлсіз өзара әрекеттесулер байқалды.

Зертханалық жағдайда келесі заттар такролимус метаболизмінің ықтимал тежегіштері ретінде көрінді: бромокриптин, кортизон, дапсон, эрготамин, гестоден, лидокаин, мефенитоин, миконазол, мидазолам, нилвадипин, норэтиндрон, хинидин, тамоксифен және (триацетил) олеандомицин.

Грейпфрут шырыны қандағы такролимус деңгейін жоғарылатады, сондықтан оны қолданбау керек деп хабарланды.

Лансопразол мен циклоспорин CYP3A4 делдал болған такролимус метаболизмін тежеуі және сол арқылы қандағы такролимус концентрациясының деңгейін арттыруы мүмкін.

Қандағы такролимус деңгейінің жоғарылауына әкелетін басқа өзара әрекеттесулер

Такролимус плазма ақуыздарымен ауқымды байланысады. Плазма ақуыздарымен (мысалы, ҚҚСП, пероральді антикоагулянттар немесе пероральді антидиабетиктер) жоғары аффинділігі бар белсенді заттармен ықтимал өзара әрекеттесулерді ескеру керек.

Такролимустың жүйелік әсерін арттыратын басқа ықтимал өзара әрекеттесулерге прокинетикалық агенттер (мысалы, метоклопрамид және цисаприд), циметидин және антацидті препараттар жатады.

Қандағы такролимус деңгейінің төмендеуіне әкелетін CYP3A4 индукторлары

Клиникалық тұрғыдан алғанда, қандағы такролимус деңгейін төмендететін келесі заттар өзін көрсетті: рифампицинмен, фенитоинмен және шайқураймен (Hypericum perforatum) өзара әрекеттесу байқалды, бұл барлық пациенттер үшін такролимус дозасын арттыруды қажет етуі мүмкін. Клиникалық тұрғыдан алғанда, фенобарбиталмен айтарлықтай өзара әрекеттесулер байқалды. Кортикостероидтардың демеуші дозалары қандағы такролимус деңгейін төмендетуші ретінде көрінді. Жедел ажырауды емдеу үшін тағайындалатын преднизолонның немесе метилпреднизолонның жоғары дозасы қандағы такролимус деңгейін арттыруы немесе төмендетуі мүмкін.

Карбамазепиннің, метамизолдың және изониазидтің такролимус концентрациясын төмендетуге мүмкіндігі бар.

Егер сізде С гепатиті болса, дәрігерге хабарлаңыз.

Бауыр функциясы С гепатитін емдеу кезінде өзгеруі мүмкін және қан сарысуындағы такролимус деңгейіне әсер етуі мүмкін. Сіздің дәрігеріңіз қан сарысуындағы такролимус деңгейін мұқият бақылап, С гепатитін емдеуді бастағаннан кейін дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

DAA емінің әсері (СГВ емдеуге тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар)

Такролимустың фармакокинетикасына HCV клиренсімен байланысты DAA емі кезінде бауыр функциясының өзгеруі әсер етуі мүмкін. Сондықтан препараттың тұрақты тиімділігін қамтамасыз ету үшін такролимус дозасын мұқият бақылау және түзету қажет.

Такролимустың басқа медициналық препараттардың метаболизміне әсері

Такролимус - бұл белгілі CYP3A4 тежегіші; сондықтан такролимусты CYP3A4 тарапынан метаболизмге бейімі болуымен белгілі медициналық препараттармен бір мезгілде қолдану бұндай препараттардың метаболизміне теріс әсер етуі мүмкін.

Циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі такролимуспен бірге енгізгенде ұзаққа созылады. Оған қосымша, синергиялық/ аддитивті нефроуытты әсері болуы мүмкін. Осы себепті циклоспорин және такролимусты бір мезгілде енгізу ұсынылмайды, және бұрын циклоспорин қабылдаған пациенттерге такролимус енгізгенде сақ болу керек.

Такролимустың қандағы фенитоин деңгейін жоғарылататыны белгілі болды.

Такролимус стероидты контрацептивтердің клиренсін төмендетуі мүмкіндігінен жоғары гормональді әсеріне әкелуіне байланысты контрацептивті шаралар таңдау туралы шешім қабылдағанда аса сақ болу керек.

Такролимус пен статиндердің өзара әрекеттесуі туралы аз ғана білім бар. Клиникалық деректер статиндердің фармакокинетикалық қасиеттері негізінен такролимуспен бірге қолданудан өзгермейді деп болжайды.

Такролимус пентобарбитал және антипириннің жартылай шығарылу кезеңін арттыруы және клиренсін потенциалды азайтуы мүмкін.

Клиникалық зиянды салдарларға әкелетін басқа өзара әрекеттесулер Такролимусты өзінің нефроуыттылық немесе нейроуыттылық әсерілерімен белгілі дәрілік заттармен (мысалы, аминогликозидтер, гираза тежегіштері, ванкомицин, котримоксазол, ҚҚСП, ганцикловир немесе ацикловир) бір мезгілде қолдану бұл әсерді арттыруы мүмкін.

Нефроуыттылығының жоғарылығы амфотерицин В және ибупрофенді такролимуспен үйлесімде енгізуден кейін бақыланды.

Такролимуспен емдеу гиперкалиемиямен  байланысты болуы мүмкіндігіне байланысты немесе бұрыннан бар гиперкалиемияны арттыру мүмкіндігінен, калий немесе калий жинақтаушы  диуретиктердің (мысалы, амилорид, триамтерен немесе спиронолактонды) жоғары мөлшерін қабылдаудан аулақ болу керек.

Иммунодепрессанттар вакцинацияға реакцияға және ем кезіндегі  вакцинацияға, осылайша такролимустың әсерін төмендете отырып, теріс әсер етуі мүмкін. Аттенуирленген тірі вакцина пайдаланудан аулақ болу керек.

Балалар популяциясы

Өзара әрекеттесулеріне зерттеулер тек ересектерге жүргізілген.

Арнайы сақтандырулар

Такролимус жағдайында қолданудағы қателер, оның ішінде дереу немесе әсер етуі ұзаққа созылатын такролимустың дәрілік түрлерін абайсыз, әдейі емес немесе бақылаусыз алмастыру бақыланды. Бұл трансплантаттың қабылданбай ажырауын немесе такролимустың жеткіліксіз әсерінен немесе әсері шамадан тыс болуынан туындауы мүмкін бөгде жағымсыз  реакцияларды қоса, күрделі жағымсыз реакцияларға әкелді.

Пациенттерді дозалаудың тиісінше күнделікті сызбасы аясында такролимустың бірыңғай дәрілік түрі көмегімен демеу керек; дәрілік түрін немесе дозалау сызбасын өзгерту дәрігер-трансплантологтың тек қатаң бақылауымен жүргізілуі тиіс.

Ересек пациенттердегі басқа иммунодепрессанттармен емге төзімді аллотрансплантаттардың қабылданбай ажырауының еміне қатысты әсер етуі ұзаққа созылатын дәрілік түрінің клиникалық зерттеулер деректері әзірге қол жетімсіз.

Энварсус®.

Жүрек, өкпе, ұйқыбезінің ересектердегі  трансплантат қабылданбай ажырауының немесе ішек аллотрансплантаты реципиенттердегі профилактикаға қатысты Энварсус® бойынша клиникалық деректер әзірге қол жетімсіз.

Трансплантациядан кейін бастапқы кезеңде келесі параметрлерге: артериялық қысым, ЭКГ, неврологиялық және визуалды статус, ашқарындағы қандағы глюкоза деңгейі, электролиттер (әсіресе калий), бауыр және бүйрек функциясының тестілері, гематология параметрлері, коагуляция мәні және плазмадағы ақуызды анықтауға үнемі мониторинг жүргізу керек. Егер клиникалық елеулі өзгерістер бақыланса, иммуносупрессия режимін өзгерту мүмкіндігін қарастыру керек.

Өзара әрекеттесулері потенциалды заттар, әсіресе  CYP3A4 күшті тежегіштері (телапревир, босепревир, ритонавир, кетоконазол, вориконазол, итраконазол, телитромицин немесе кларитромицин сияқты) немесе CYP3A4 индукторлары (рифампицин немесе рифабутин сияқты) такролимуспен үйлесімде қолданылғанда, оның ықпал етуін демеп тұру үшін такролимус дозасын тиісті түрде реттеуге қатысты қандағы  таколимус деңгейі бақылануы тиіс.

Энварсус® қабылдағанда өзара әрекеттесулер қаупіне байланысты құрамында шайқурай (Hypericum perforatum) бар шөп препараттардан аулақ болу керек, бұл оның қандағы концентрациясының, сондай-ақ такролимустың емдік әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.         Циклоспорин және такролимусты біріктірілімде енгізуден аулақ болу керек, және бұрын циклоспорин алған пациенттерге такролимус енгізгенде сақ болу керек. Жоғары мөлшердегі калий және калий жинақтаушы диуретиктерді қабылдаудан аулақ болу керек.

Такролимустың өзінің нефроуытты немесе нейроуытты әсерімен белгілі заттармен біріктірілімдері олардың әсерінің қаупін арттыруы мүмкін.

Иммунодепрессанттар вакцинацияға реакцияға және ем кезіндегі  вакцинацияға, осылайша такролимустың әсерін төмендете отырып, теріс әсер етуі мүмкін. Аттенуирленген тірі вакцина пайдаланудан аулақ болу керек.

Асқазан-ішек бұзылыстары

Такролимус қабылдаған пациенттерде асқазан-ішек жолдарының тесілуі туралы хабарланды. Асқазан-ішек жолдарының тесілуі өмір үшін қауіптің немесе күрделі аурудың туындауына әкелуі мүмкін медицина үшін маңызды оқиға болуына байланысты күдікті симптомдар немесе белгілер пайда болуынан кейін дереу тиісті ем мүмкіндігін қарастыру керек.

Қандағы такролимус деңгейі диарея ұстамалары кезінде елеулі өзгеруі мүмкіндігіне байланысты диарея ұстамалары кезінде такролимус концентрациясына қосымша мониторинг ұсынылады.

Жүрек бұзылыстары

Такролимус қабылдаған пациенттерде қарыншалық гипертрофия немесе кардиомиопатия ретінде хабарланған қалқа гипертрофиясы сирек жағдайларда бақыланды. Такролимустың ұсынылған ең жоғары деңгейден елеулі асатын қалдық концентрацияларында туындайды, көпшілік жағдайларда қайтымды болды.Бұл клиникалық шарттардың басқа бақыланған қауіптің арту факторларына бұрын жүрек ауруы, кортикостероидтар пайдалану, гипертония, бүйрек немесе бауыр функциясының жеткіліксіздігі, инфекциялар, гиперволемия және ісінулер жатады. Тиісінше қаупі жоғары, елеулі иммуносупрессия жүргізілетін пациенттер эхокардиография немесе трансплантацияға дейін және одан кейін ЭКГ (мысалы, басында 3 айдан кейін, содан кейін 9-12 айдан соң) сияқты шаралар пайдаланумен бақылануы тиіс. Егер ауытқулар дамыса, Энварсус® дозасын азайту немесе басқа иммунодепрессант еміне ауысу мүмкіндігін қарастыру керек. Такролимус QT аралығын ұзартуы мүмкін, бірақ бұл арада оның пируэтті қарыншалық тахикардия (Torsades de Pointes) туындату мүмкіндігі туралы елеулі айғақ жоқ. Диагноз қойылған немесе күтілетін туа біткен ұзартылған QT аралығының синдромы бар пациенттер жағдайында сақ болу керек.Лимфопролиферативтік бұзылыстар және қатерлі ісіктер

Такролимус қабылдайтын пациенттерде ЭБВ байланысты лимфопролиферативті бұзылыстар дамитыны туралы мәлімделген. Бір мезгілде енгізілетін антилимфоциттік антиденелер (мысалы, базиликсимаб, даклизумаб) сияқты иммунодепрессанттар біріктірілімі ЭБВ байланысты лимфопролиферативті бұзылыстар қаупін арттырады. ЭБВ (ВКА) вирусының капсидті антигендеріне теріс реакциясы бар пациенттерде лимфопролиферативті бұзылыстар дамуының жоғары қаупі болатыны туралы хабарланды. Сондықтан пациенттердің бұл тобы үшін Энварсус® препаратымен ем бастар алдында ЭБВ-ВКА серологиясын анықтау керек.

Ем кезінде ЭБВ-ВКА мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

ЭБВ оң полимеразалы тізбекті реакция айлар бойына созылуы мүмкін, және ол өздігінен лимфопролиферативті бұзылыстардың немесе  лимфоманың айғағы болып табылмайды. Басқа да әсері күшті иммунодепрессанттар жағдайындағы сияқты салдарлы обыр дамуының қаупі белгісіз.

Басқа да иммунодепрессанттар жағдайындағы сияқты, терінің қатерлі өзгерістерінің потенциалды қаупінен күннің және ультракүлгін сәуле әсері қорғағыш киім киюмен және қорғағыш  коэффициенті жоғары күннен қорғайтын крем пайдаланумен шектеулі болуы тиіс.

Энварсус® қоса, иммунодепрессанттар қабылдайтын пациенттер оппортунистік инфекциялар (бактериялық, зеңдік, вирустық және  протозойлық) дамуының жоғары қаупіне ұшырайды. Олардың арасында BK вирусына байланысты нефропатия, JC вирусына байланысты үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия (PML) бар. Бұл инфекциялар организмге иммуносупрессивтік жүктеменің жоғары жиынтығы болуымен жиі байланысты  және иммунитеті әлсіреген немесе неврологиялық симптомдары бар пациенттерде дәрігер дифференциальды диагноз жүргізу кезінде ескеруі тиіс күрделі немесе өлімге соқтыратын ауруларға әкелуі мүмкін.

Такролимус қабылдаған пациенттерде қайтымды артқы энцефалопатия синдромы (PRES)  дамығаны хабарланды. Такролимус қабылдайтын пациенттерде бас ауыруы, психикалық статус өзгерісі, құрысулар және көрудің бұзылуы сияқты PRES симптомдары пайда болса онда радиологиялық емшара (мысалы МРТ) жүргізілуі тиіс. Егер PRES диагностикаланса,  тиісті қан қысымына және құрысуларға бақылау жүргізу және жүйелі такролимус қабылдауды дереу тоқтату керек. Тиісті шаралар қолданғаннан кейін пациенттердің көпшілігі толық сауықты.

Шынайы эритроциттік аплазия

Такролимус қабылдаған пациенттерде шынайы эритроциттік аплазия (PRCA) жағдайлары туралы хабарланды. Барлық пациенттерде B19 парвовирустық инфекциясы, негізгі аурулар немесе PRCA байланысты қатарлас дәрілік препарат сияқты PRCA қаупінің факторы болды.

Ерекше популяциялар

Еуропалық емес пациенттермен және иммунологиялық қаупі жоғары (мысалы, ретрансплантация, панелденген антидене айғағы, PRA) пациенттермен аздаған тәжірибе бар.

Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза төмендету талап етілуі мүмкін.

Қосымша заттар

Энварсус® құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы қиындықтары, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозаның әлсіз сіңуі бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс.

Балалар популяциясы

Энварсус® қауіпсіздігі және/немесе тиімділігі туралы деректер шектеулілігіне байланысты 18 жастан кіші балалар үшін ұсынылмайды.

Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану

Жүктілік

Клиникалық деректер такролимустың плацента арқылы өтетінін көрсетті. Ағзалары трансплантант ретінде алынған реципиенттердің шектеулі деректері такролимуспен емделгенде басқа иммунодепрессанттармен салыстырғанда жүктілік барысында және ол аяқталғанда жағымсыз әсерлері қаупінің ешбір расталуын көрсетпеген. Алайда өздігінен болатын түсік жағдайлары туралы хабарланды. Қазіргі уақытқа дейін басқа тиісінше эпидемиологиялық деректер жоқ. Такролимуспен ем қауіпсіздірек баламасы болмағанда және одан күтілетін пайдасы шарана үшін болжамды қаупін ақтағанда қарастырылуы мүмкін. Құрсақішілік экспозиция жағдайында, жаңа туған нәрестелердің потенциалды жағымсыз әсерлерге (атап айтқанда,  бүйрекке әсері) мониторинг жүргізілу ұсынылады.

Мезгілінен бұрын (<37 апта) босану (туындау жиілігі 123 босанудың 66-да, яғни 53.7%; алайда, деректер жаңа туған нәрестелердің көпшілігінде өзінің құрсақішілік жасына қарай қалыпты салмақта болғанын көрсетті) қаупі бар, сондай-ақ жаңа туған нәрестелердегі гиперкалиемия (туындау жиілігі 111 жаңа туған нәрестенің 8-де, яғни 7.2 %), ол дегенмен өз бетінше қалпына келеді.

Лактация

Клиникалық деректер такролимустың емшек сүтіне бөлінетіндігін көрсетеді. Жаңа туған нәрестелерге зиянды әсерін жоққа шығаруға болмайды, әйелдер Энварсус® қабылдағанда бала емізуге болмайды.

Фертильділік

Такролимустың еркектің ұрпақ өрбіту функциясына сперматозоидтар саны азаюы және егеуқұйрықтардағы тәжірибеден кейін қозғалғыштығы түрінде зиянды әсері бақыланды.

Автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығына әсер ету қабілеті

Энварсус® препараты автомобиль басқару және жүргізу қабілетіне әсер етпейді дерлік. Такролимус көрудің және неврологиялық бұзылыстар туындатуы мүмкін. Бұл әсер Энварсус® препаратымен бір мезгілде алкоголь қабылдағанда артуы мүмкін. Әзірге автомобиль басқару қабілетіне такролимус (Энварсус®) әсерін зерттеу бойынша тексерулер жүргізілмеген.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Энварсус® - тәулігіне бір рет такролимусты пероральді енгізуге арналған препарат. Энварсус® препаратымен ем білікті және тиісті түрде дайындығы бар қызметкер тарапынан мұқият мониторингті талап етеді. Бұл дәрілік препаратты иммуносупрессиялық ем және трансплантация жасалған пациенттерде ем жүргізу тәжірибесі бар дәрігерлер ғана тағайындай алады және иммуносупрессиялық  емді өзгерте алады.

Такролимустың дереу немесе ұзақ әсер ететін бір препаратынан басқасына абайсыз, кездейсоқ немесе бақылаусыз ауысу қауіпті. Бұл трансплантаттың қабылданбай ажырауына немесе такролимустың жүйелі әсер етуіндегі клиникалық мәнді айырмашылықтар салдарынан жеткіліксіз немесе шамадан тыс иммуносупрессияны қоса алғанда, жағымсыз реакциялар ықтималдығының артуына әкелуі мүмкін. Пациенттерді дозалаудың тиісінше күнделікті сызбасы аясында такролимустың бірыңғай дәрілік түрі көмегімен демеу керек; дәрілік түрін немесе дозалау сызбасын өзгерту дәрігер-трансплантологтың тек қатаң бақылауымен жүргізілуі тиіс.

Кез келген баламалы дәрілік түріне ауысқаннан кейін емдік дәрілік мониторинг жүргізу және такролимустың жүйелік әсерін демеу үшін доза түзету керек.

Дозасы

Төменде келтірілген ұсынылатын бастапқы дозасы тек бағдар үшін берілген. Энварсус® препаратын әдетте операциядан кейінгі бастапқы кезеңде басқа иммунодепрессанттармен бірге енгізеді. Дозасы иммуносупрессияның таңдалған режиміне қарай ауытқуы мүмкін.

Энварсус® препаратын дозалау бірінші кезекте қандағы препараттың деңгейінің жеке мониторингін ескере отырып, қабылданбай ажыраудың клиникалық бағалауларына және әр пациент үшін жағымдылығына негізделуі тиіс (төмендегі «Емдік дәрілік мониторинг» бөлімін қараңыз). Егер ажыраудың клиникалық белгілері  даусыз болса иммуносупрессия режимін өзгерту мүмкіндігін қарастыру керек.

Такролимус клиренсі төмен зат болғандықтан Энварсус® дозасын енгізудің сызбасын түзету тұрақты жай-күйге жеткенге дейін бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Трансплантатың қабылданбай ажырауын болдырмау үшін иммуносупрессияны ұстап тұру керек; демек, пероральді емнің ұзақтығының шегін көрсету мүмкіндігі жоқ.

Энварсус® дозасы әдетте пост-трансплантациялық кезеңде азаяды. Пост-трансплантациялық кезеңде пациент жай-күйінің өзгерісі такролимустың фармакокинетикалық қасиеттерін өзгертуі мүмкін және қосымша доза түзету талап етілуі мүмкін.

Ұмытып кеткен дозаны сол күні мүмкін болғанша жылдамдатып енгізген дұрыс. Келесі күні екі еселенген доза қолдануға болмайды.

Бүйрек трансплантатының қабылданбай ажырау профилактикасында

Энварсус® препаратымен ем күніне таңертең бір рет енгізілетін 0,17 мг / кг / күн дозадан басталуы тиіс. Енгізу операция аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде басталуы тиіс.      Бауыр трансплантатының қабылданбай ажырау профилактикасында

Энварсус® препаратымен ем күніне таңертең бір рет енгізілетін 0,11 - 0,13 мг / кг / күн дозадан басталуы тиіс. Енгізу операция аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде басталуы тиіс.     

Аллотрансплантациядан кейін Энварсус® препаратына Програф немесе Адваграф препаратын қабылдаған пациенттерді ауыстыру

Аллотрансплантация өткерген,  Програф препаратын (дереу әсер ететін) немесе Адваграф (тәулігіне бір рет) препаратын тәулігіне екі рет алған пациенттер үшін тәулігіне бір рет қолданылатын Энварсус® препаратына ауысарда жалпы тәуліктік дозасы 1: 0,7 (мг: мг) арақатынасына қарай есептелуі тиіс, тиісінше Энварсус® препаратының демеуші дозасы Програф немесе Адваграф препараттарымен салыстырғанда 30%-ға аз болуы тиіс. Энварсус® препаратын таңертең қабылдау керек.

Такролимустың дереу әсер ететін препараттарынан  (тәулігіне екі рет)  Энварсус® препаратына (тәулігіне бір рет) жалпы тәуліктік дозасы арақатынасы 1: 0,7 (мг: мг) негізінде ауыстырылған тұрақты пациенттерде такролимустың орташа жүйелік  әсері (AUC 0-24) такролимустың дереу әсер ететін препараттарының  әсеріне ұқсас болды. Такролимустың ең аз қалдық концентрациялары (C 24) және Энварсус® препаратының жүйелік әсері (AUC 0-24) арасындағы арақатынас такролимустың дереу әсер ететін препараттарына ұқсас. Пациенттерді Адваграф препаратынан Энварсус® препаратына ауыстыру бойынша ешбір зерттеу жүргізілмеген; алайда дені сау еріктілерде жүргізілген зерттеулер деректерінен бұл арада да Програф препаратынан Энварсус® препаратына ауысқан жағдайдағы сияқты конверсиялық коэффициент қолданылуы мүмкіндігі болжанады.

Пациенттерді шұғыл әсер ететін такролимус препараттарынан (мысалы, Програф капсулалары) немесе босап шығуы ұзаққа созылатын Адваграф препаратынан Энварсус® препаратына ауыстырғанда ең аз қалдық концентрацияларының деңгейі ауыстырылғанға дейін де, ауыстырылған соң екі апта бойына өлшенуі тиіс. Ауысқаннан кейін ұқсас жүйелік әсерін сақтау үшін доза түзету жүргізу керек. Қара нәсілді пациенттерде мақсатты ең аз қалдық концентрацияларының деңгейіне жету үшін едәуір жоғары доза қажет болуы мүмкіндігін ескеру керек.

Пациенттерді циклоспориннен такролимуске ауыстыру

Циклоспоринмен ем алатын пациенттерді такролимуспен емге ауыстырғанда сақ болу керек. Циклоспорин және такролимусты бірге қолдану ұсынылмайды. Энварсус® препаратымен емді қандағы  циклоспорин концентрациясының деңгейін және пациенттің клиникалық жай-күйін бағалаудан кейін бастау керек. Қанда циклоспорин мөлшері жоғары болған жағдайда препарат дозасын енгізуді кейінге қалдыру керек. Такролимус негізді емді практикада циклоспорин қабылдауды тоқтатқаннан кейін 12-24 сағаттан соң бастайды. Қандағы циклоспорин мөлшері деңгейінің мониторингін ауысқаннан кейін жалғастыру керек,  өйткені циклоспориннен қандағы клиренс нашарлау жағына қарай өзгеруі мүмкін.

Аллотрансплантат қабылданбай ажырауын емдеу

Такролимус дозасын арттыру, кортикостероидтармен қосымша ем және  моно-/поликлонды антиденелер енгізудің қысқа курстары сияқты әдістер қабылданбай ажырау кризін емдеу үшін пайдаланылды. Ауыр жағымсыз реакциялар сияқты уыттану белгілері болғанда Энварсус® препаратының дозаларын азайту талап етілуі мүмкін.

Бүйрек немесе бауыр трансплантациясынан кейінгі аллотрансплантаттың қабылданбай ажырауын емдеу

Басқа иммунодепрессанттардан пациенттерді күніне бір рет дозамен Энварсус® препаратын қабылдауға ауыстырғанда емдеуді бүйрек және бауыр  трансплантациясында, тиісінше трансплантаттың қабылданбай ажырауының профилактикасы үшін ұсынылатын бастапқы пероральді дозадан бастау керек.

Емдік дәрілік мониторинг

Дозалау ең алдымен қабылданбай ажырауды және жеке әр пациенттің жағымдылығының клиникалық бағалауына, жаңа алынған қандағы такролимустың ең аз қалдық концентрациясының деңгейінің бақылауына негізделуі тиіс.

Дозалау оңтайландыру кезінде көмек ретінде жаңа алынған қандағы такролимус концентрациясын анықтау үшін бірнеше иммунохимиялық талдау әдістері бар. Әдебиетте жарияланған концентрация көрсеткіштерін клиника практикасындағы  жеке мәндермен салыстыруды сақтықпен және талдауда қолданылатын әдістер туралы біліммен жүргізу керек. Қазіргі замандық клиникалық тәжірибеде жаңа алынған қандағы деңгейді бақылау иммундық талдау әдістерін пайдаланумен жүзеге асырылады. Такролимустың ең аз қалдық концентрациясының деңгейі әсер ету жүйесі (AUC0-24) деңгейімен біршама өз ара байланысты және дереу әсер ететін препараттары және Энварсус® препараты үшін ұқсас.

Қандағы такролимустың ең аз қалдық концентрациясының деңгейі пост-трансплантациялық кезең бойына бақылануы тиіс.  

Қандағы такролимустың ең аз қалдық концентрациясының деңгейін келесі доза қабылдаудың дәл алдында, Энварсус® препаратын қабылдағаннан кейін шамамен 24 сағаттан соң анықтау керек. Қандағы такролимустың ең аз қалдық концентрациясының деңгейі сондай-ақ такролимус негізді препараттан басқа препаратқа ауысқаннан кейін, доза түзетуде, иммуносупрессия режимі өзгергенде немесе  жаңа алынған қандағы такролимус концентрациясының деңгейін өзгертуі мүмкін заттарды бір мезгілде қабылдаған жағдайда қатаң бақылануы тиіс. Қандағы препарат деңгейіне жасалатын бақылау жиілігі клиникалық қажеттілікке негізделеді. Такролимус клиренсі төмен зат болғандықтан Энварсус® препаратын қолдану сызбасын түзетуден кейін қажетті тұрақты жай-күйге жету үшін бірнеше күн қажет болуы мүмкін.

Клиникалық зерттеулер деректері егер қандағы такролимустың ең аз қалдық концентрациясының деңгейі 20 нг / мл төмен күйінде тұрса пациенттердің көпшілігі емді табысты аяқтауы мүмкіндігін көрсетеді. Жаңа алынған қандағы деңгейді талдағанда пациенттің клиникалық жай-күйін ескеру керек. Клиникалық практикада жаңа алынған қандағы ең аз қалдық концентрациясының деңгейі бүйрек ауыстырылған пациентте әдетте пост-трансплантациялық кезеңнің ерте басында 5-20 нг / мл диапазонда және одан кейінгі демеуші ем кезінде 5-15 нг / мл диапазонда болды.

Пациенттердің ерекше топтары

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде такролимустың қандағы ең аз қалдық концентрациясының деңгейін мақсатты диапазонда ұсынылатын шекте ұстап тұру үшін доза төмендету талап етілуі мүмкін.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Такролимустың фармакокинетикалық қасиеттері бүйрек функциясына тәуелді болмағандықтан ешбір доза реттеу талап етілмейді. Алайда такролимустың нефроуыттылық потенциалына байланысты бүйрек функциясына мұқият мониторинг ұсынылады (қан сарысуындағы  креатинин концентрациясы деңгейін, креатинин тазалау коэффициенті есебі мен диурез мониторингін қоса).

Нәсіліне қарай айырмашылықтары

Еуропоидтық нәсілге жататын пациенттермен салыстырғанда қара нәсілді пациенттерде ең аз қалдық концентрациясының ұқсас деңгейіне жету үшін такролимустың жоғарырақ дозасы талап етілуі мүмкін. Клиникалық зерттеулер деректеріне сәйкес Програф препаратын тәулігіне екі рет қабылдаған пациенттер Энварсус® препаратына 1:0.85 (мг:мг) арақатынасына байланысты ауыстырылған.

Гендерлік айырмашылықтар

Ең аз қалдық концентрациясының ұқсас деңгейіне жету үшін ерлер мен әйел жынысты пациенттерге әртүрлі дозалар қажет болатыны туралы  ешбір айғақ жоқ

Егде жастағы пациенттер (>65 жас)

Қазіргі кезде егде пациенттерге доза түзету қажеттігі туралы айғақ жоқ.

Балалар популяциясы

Энварсус® препаратының 18 жасқа дейінгі балалардағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.  Деректер жоқ.

Енгізу әдісі мен жолы

Энварсус® - тәулігіне бір рет жиілікте пероральді қабылдауға арналған такролимустың дәрілік түрі. Энварсус® препаратының пероральді тәуліктік дозасын тәулігіне бір рет қабылдау ұсынылады. Пациенттерге десикантты жұтпауды ұсыну керек. Таблеткаларды блистерлік қаптамадан шығарғаннан кейін дереу сұйықтықпен (дұрысы сумен) іше отырып, тұтас жұту керек. Энварсус® препараты негізінен барынша жақсы сіңуі үшін ашқарынға қабылдануы тиіс.

Энварсус® препараты құрамында такролимус (дереу әсер ететін немесе әсер етуі ұзаққа созылатын) бар басқа дәрілік заттармен «дозасы дозаға» өзара алмастырылатын дәрі болып табылмайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Артық дозалану жағдайлары жиі емес. Такролимуспен артық дозаланудың бірнеше жағдайлары туралы хабарланған. Симптомдарына тремор, бас ауыру, жүрек айну және құсу, инфекция, есекжем, летаргия және қандағы мочевина  мөлшері артуы, сарысулық креатинин деңгейінің және аланинаминотрансфераза деңгейінің артуы жатады.

Такролимуспен артық дозаланудың әмбебап қарсы дәрісі жоқ. Егер ол бола қалса, жалпы демеуші және симптоматикалық емін қолдану керек.

Оның жоғары молекулалық массасына, суда нашар еритіндігіне және эритроциттер мен плазма ақуыздарының ауқымды байланысуына байланысты такролимус диализбен шығарылмайды деп болжанады. Плазмасы өте жоғары оқшауланған пациенттерде уытты концентрацияны төмендету үшін гемофильтрация немесе -диафильтрация тиімді. Оральді уыттану жағдайларында, егер оларды қабылдағаннан кейін дереу қолданса асқазан шаю және/немесе адсорбенттер (белсендірілген көмір сияқты) пайдалану пайдалы болуы мүмкін.

Алайда Энварсус® препаратымен артық дозаланудың тікелей жағдайлары болмағанын белгілеу керек.

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігер кеңесіне жүгініңіз

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау  керек шаралар

Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі

Иммунодепрессанттарға байланысты жағымсыз реакциялар бейінін негізгі ауруы себепті анықтау және бірнеше дәрілік препаратты бір мезгілде пайдалану жиі қиындық туғызған.  Такролимус үшін көбірек жиілікпен хабарланатын жағымсыз реакциялар (пациенттерде > 10% кездесетін) – бұл тремор, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, гипергликемиялық жай-күй, қант диабеті, гиперкалиемия, инфекциялар, гипертония және ұйқысыздық.

Инфекциялар мен жұқтырулар

Басқа иммунодепрессанттар жағдайындағы сияқты, такролимус қабылдаған пациенттердің инфекцияның жоғары қаупіне (вирустық, бактериялық, зеңдік, протозойлық) жиі бейім болатыны белгілі. Бұрынғы инфекциялардың дамуы күшеюі мүмкін. Жайылған, сондай-ақ оқшауланған инфекциялар болуы мүмкін. Такролимусты қоса, иммунодепрессанттар қабылдаған пациенттерде BK вирусына қатысты нефропатия жағдайлары, және JC вирусына байланысты үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия (PML) жағдайлары хабарланды.

Қатерсіз, қатерлі және кисталар мен полипті қоса, анықталмаған жаңа түзілімдер

Иммуносупрессиялық ем алатын пациенттер қатерлі жаңа түзілімдер дамуының жоғары қаупіне бейім. Такролимус еміне байланысты қатерсіз, сондай-ақ ЭБВ байланысты лимфопролиферативті бұзылыстарды қоса, қатерлі жаңа түзілімдер және терінің қатерлі өзгерістері туралы хабарланды.

Иммундық жүйе бұзылыстары

Такролимус  қабылдаған пациенттерде аллергиялық және анафилактоидтық реакциялар бақыланды.

Жағымсыз әсерлерін олардың жиілігі деңгейіне қарай бағалау:

Өте жиі (> 1/10)

Жиі (> 1/100-ден < 1/10 дейін)

Жиі емес (>1/1000-нан < 1/100 дейін)

Сирек (> 1/10000-нан < 1/1000 дейін)

Өте сирек (<1/10000)

Белгісіз (қол жетімді деректер бойынша бағаланады).

Өте жиі:

- қант диабеті, гипергликемиялық жай-күйлер, гиперкалиемия

- ұйқысыздық

- бас ауыру, тремор

- гипертензия

- диарея, жүрек айну

- бүйрек функциясының аномалиялық сынамалары

- бүйрек функциясының бұзылуы

Жиі:

- анемия, тромбоцитопения, лейкопения, эритроциттердің аномалиялық талдаулары, лейкоцитоз

- анорексия, метаболизмдік ацидоздар, электролиттің басқа да аномалиялары, гипонатриемия, гиперволемия, гиперурикемия, гипомагниемия, гипокалиемия, гипокальциемия, тәбеттің нашарлауы, гиперхолестеринемия, гиперлипидемия, гипертритриглицеридемия, гипофосфатемия

- шатасу және бағдардан жаңылу, депрессия, мазасыздық симптомдары, елестеулер, психикалық бұзылыстар, көңіл-күйдің төмендеуі, көңіл-күй бұзылыстары және мазасыздану, қорқынышты түстер көру

- жүйке жүйесінің бұзылыстары, құрысулар, сананың бұзылуы, шеткері невропатия, бас айналу, парестезиялар және дизестезия, көрудің бұзылулары

- көрудің бұзылулары, көрудің бұлыңғырлануы, фотофобия

- құлақтың шыңылдауы

- ишемиялық коронарлық артериялардың бұзылуы, тахикардия

- тромбоэмболиялық және ишемиялық жағдайлар, тамырлық гипотензиялық бұзылыстар, қан құйылулар, шеткері тамырлық бұзылыстар 

- өкпенің паренхиматозды бұзылуы, ентігу, плевралық жалқық, жөтел, фарингит, мұрынның бітелуі  және қабынуы

- асқазан-ішек бұзылыстарының белгілері және  симптомдары, құсу, асқазан-ішек және абдоминальді ауырулар, асқазан-ішектің қабыну жай-күйлері, асқазан-ішектен қан кетулер, асқазан-ішектің ойықжаралануы және тесілулері, асцит, стоматит және ойықжаралану, іш қату, диспепсиялық бұзылыстардың белгілері және  симптомдары, метеоризм, іштің кебуі және созылуы, жұмсақ нәжіс

- өт шығару жолдарының бұзылуы, гепатоцеллюлярлық зақымдану және  гепатит, холестаз және сарғаю  

- бөртпе, қышыну, шаштың түсуі, безеулер, қатты тершеңдік  

- артралгия, арқаның ауыруы, бұлшықет құрысулары, аяқ-қолдың ауырулары

- бүйрек функцциясының жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, уытты нефропатия, тубулярлық жедел некроз, несеп шығарудың бұзылуы, олигурия, қуық бұзылыстарының симптомдары және несеп шығару каналының бұзылыстары

- фебрильді бұзылыстар, ауыру және жайсыздық, астениялық жай-күй, ісіну, қалыпты дене температурасының бұзылуы, қандағы сілтілік фосфатазалардың жоғарылауы, дене салмағының артуы

- трансплантаттың біріншілік дисфункциясы

Жиі емес:

- коагулопатиялар, панцитопения, нейтропения, коагуляция мен қан кетудің аномалиялық талдаулары

- сусыздану, гипогликемия, гипопротеинемия, гиперфосфатемия

- энцефалопатия, орталық жүйке жүйесіне қан құйылу және ми қанайналымының бұзылуы, кома, сөйлеу бұзылыстары, салдану және парез, амнезия

- энцефалопатия, орталық жүйке жүйесіне қан құйылу және ми қанайналымының бұзылуы, кома, сөйлеу бұзылыстары, салдану және парез, амнезия

- катаракта

- есту мүкістігі

- жүрек функциясының жеткіліксіздігі, қарыншалық аритмиялар және жүрек тоқтауы, суправентрикулярлық аритмиялар, кардиомиопатия, ЭКГ нәтижесінің аномалиялық көрсеткіштері, қарыншалық гипертрофия, жүрек соғуының жиілеуі, жүрек жиырылуының және пульс жиілігінің аномалиялық көрсеткіштері

- аяқ-қолдардың терең веналық тромбозы, шок, инфаркт

- тыныс алудың тоқтатуы, тыныс алу жолдарының бұзылуы, демікпе

- жедел және созылмалы панкреатит, перитонит, қанның жоғары амилазасы, салданған ішек бітелісі, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, асқазанды босатудың бұзылуы

- дерматит, жарыққа сезімталдық

- буындар функциясының бұзылуы

- гемолитикалық-уремиялық синдром, анурия

- дисменорея және жатырдан қан кету

- дене салмағының азаюы, тұмауға ұқсас ауру, қандағы лактатдегидрогеназа жоғарылауы, күйгелектік сезіну, жайсыздық сезімі, бірнеше ағзалар функциясы бұзылуы, кеуде ауырлап кеткендей сезіну, температура өзгерістері жақпауы

Сирек:

- тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура, гипопротромбинемия

- гирсутизм

- гипертония

- соқырлық

- нейросенсорлық құлақ мүкістігі

- перикардиалық экссудат

- ересектердегі тыныс алудың жедел жеткіліксіздігі синдромы

- ұйқыбездің жалған кистасы, ішектің ішінара бітелісі

-бауырдың венооклюзиялық ауруы, бауыр артериясының тромбозы

- уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы)

- әлсіреу, ойықжара, кеуденің қысылуы, қозғалғыштықтың төмендеуі, шөлдеу

Өте сирек:

- миастения

- есту қабілетінің зақымдануы

- аномалиялық эхокардиограмма

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі

- Стивенс Джонсон синдромы

- нефропатия, геморрагиялық цистит

- майлы тіндердің үлкеюі

Белгісіз:

- шынайы эритроциттік аплазия (эритроциттер деңгейінің күрт төмендеуі)

- агранулоцитоз (лейкоциттер деңгейінің күрт төмендеуі)

- фебрильді нейтропения (қызбамен қатар жүретін айналымдағы нейтрофилдердің абсолюттік санының төмендеуі)

- көру жүйкесінің невропатиясы.

Такролимус жағдайында қолданудағы қателер, оның ішінде дереу немесе әсер етуі ұзаққа созылатын такролимустың дәрілік түрлерін абайсыз, әдейі емес немесе бақылаусыз алмастыру бақыланды. Трансплантант қабылданбай ажырауымен бірге жүретін бірқатар түрлері бақыланды.

Энварсус® қабылдаған, бүйрек трансплантанты бар пациенттердегі клиникалық зерттеулерде жиілігі көбірек жағымсыз реакциялар (ең кемі 2% пациенттерде) тремор, қант диабеті, қандағы креатинин жоғарылауы, несеп шығару жолдарының инфекциялары, гипертензия, ВК вирусының инфекциялары, нефропатия болды, бұның бәрі иммуноссупрессиялық ем алатын белгілі бір пациенттер популяциясында болады. Негізінен, зерттелетін препараттардың, күніне бір рет қабылданатын Энварсус® препараты мен дереу әсер ететін такролимус капсуласы (Програф) арасында себеппен шартталған байланыс болуына күдік болған жағымсыз құбылыстар сипатында елеулі айырмашылық білінбейді.

Энварсус® қабылдаған, бауыр трансплантанты бар пациенттердегі клиникалық зерттеулерде жиілігі көбірек жағымсыз реакциялар (ең кемі 2% пациенттерде) тремор, бас ауыру, шаршағыштық, гиперкалиемия, гипертензия, бүйрек функциясының бұзылуы, қандағы креатинин жоғарылауы, бас айналу, С гепатиті, бұлшықет спазмдары, дерматомикоз, лейкопения, синусит және ЖРВИ, бұның бәрі иммуноссупрессиялық ем алатын белгілі бір пациенттер популяциясында болады.

Бүйрек трансплантанты бар пациенттердегі жағдайдағы сияқты күніне бір рет қабылданатын Энварсус® препараты мен дереу әсер ететін такролимус капсуласы (Програф) арасында препаратқа күдік болған жағымсыз реакциялар сипатында елеулі айырмашылық білінбейді.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат - 0,765 мг такролимус моногидраты (0,750 мг сусыз такролимусқа баламалы);

қосымша заттар: гипромеллоза 2208, 15000 сР, лактоза моногидраты, полиэтиленгликоль 6000, полоксамер 188, магний стеараты, тартар қышқылы, бутилгидрокситолуол, диметикон.

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат - 1,02 мг такролимус моногидраты (1,00 мг сусыз такролимусқа баламалы) ;

қосымша заттар: гипромеллоза 2208, 15000 сР, лактоза моногидраты, полиэтиленгликоль 6000, полоксамер 188, магний стеараты, тартар қышқылы, бутилгидрокситолуол, диметикон.

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат - 4,08 мг такролимус моногидраты (4,00 мг сусыз такролимусқа баламалы) ;

қосымша заттар: гипромеллоза 2208, 100 сР, гипромеллоза 2208, 4000 сР, лактоза моногидраты, полиэтиленгликоль 6000, полоксамер 188, магний стеараты, тартар қышқылы, бутилгидрокситолуол, диметикон.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Босап шығуы ұзаққа созылатын сопақша пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі, бір жағында «0.75» және басқа жағында «TCS» өрнекті жазуы бар таблеткалар (0.75 мг доза үшін).

Босап шығуы ұзаққа созылатын сопақша пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі, бір жағында «1» және басқа жағында «TCS» өрнекті жазуы бар таблеткалар (1 мг доза үшін).

Босап шығуы ұзаққа созылатын сопақша пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі, бір жағында «4» және басқа жағында «TCS» өрнекті жазуы бар таблеткалар (4 мг доза үшін).

Шығарылу түрі және қаптамасы

Босап шығуы ұзаққа созылатын 10 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

3 пішінді қаптамадан (0.75 мг және 4 мг дозалар үшін) немесе 6 пішінді қаптамадан (1 мг доза үшін) құрамында 1 г молекулалық еленген құрғатқышы бар пакетпен бірге дәнекерленген алюминий пакетке салынады.

1 алюминий пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады

Сақтау мерзімі

2.5 жыл

Дәнекерленген алюминий пакетті ашылғаннан кейін 45 күн асырмай пайдалануға болады.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ жерде 25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Дәнекерленген алюминий пакетті ашылғаннан кейін 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші туралы мәліметтер

Rottendorf Pharma GmbH, Остенфельдер Штрассе 51-61 Д-59320, Энигерлох, ГерманияТелефон: + 49 (0) 2524 268 0

Факс: + 49 (0) 2524 268 100

E-mail: info@rottendorf.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Chiesi Pharmaceuticals GmbH, Гонзагагассе 16/16, A-1010, Вена, Австрия

Телефон.: + 43 1 407 39 19-0

E-mail: at@chiesi.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Ацино Каз» ЖШС»,

Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Бегалин к-сі, 136А.

Телефон: 8 (727-2) 91-61-51

Факс: 8 (727-2) 91-61-51

E-mail: PV-KAZ@acino.swiss

Прикрепленные файлы

4_ЛВ_ЧИСТОВИК_Рус_Энварсус_ВИ_(2)_(1).docx 0.08 кб
Энварсус_ЛВ_каз_с_правками_(kk).docx 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту