Энап®Р
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ЭНАПР
Халықаралық патенттелмеген атауы
Эналаприлат
Дәрілік түрі
Көктамыр iшіне енгізуге арналған ерітінді, 1.25 мг/мл
Құрамы
1 мл құрамында
белсенді зат – 1.25 мг эналаприлат,
қосымша заттар: бензил спирті, натрий хлориді, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір, түссіз ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Ангиотензин конвертирлеуші фермент (АКФ) тежегіштері
АТХ коды C09AA
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңірілуі
Эналаприлат ішу арқылы қабылдағаннан кейін нашар сіңеді және мүлде белсенді емес, сондықтан тек қана көктамыр ішіне пайдаланылады.
ТаралуыКөктамыр ішіне енгізгеннен кейін ең жоғары концентрациясына 15 минут өткен соң жетеді, препарат көптеген тіндер арасында жылдам таралып, өкпеде, бүйректе және қан тамырларында жоғары концентрацияларына жетеді. Соның өзінде, емдік дозаларының миға өтетіні жөнінде дәлелдемелер жоқ. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысы 50-60 жуық құрайды. Қанда өзгермеген күйде айналысқа түседі.
Гематоэнцефалдық бөгет арқылы нашар өтеді.
Метаболизмі
Эналаприлат метаболизденбейді; 100% эналаприлат несеппен бөлініп шығады.
Шығарылуы
Эналаприлат шығарылуы көбіне бүйрек арқылы (90 астам) атқарылады. Шумақтық сүзілісі мен өзекшелік сөлінісінің бірігуімен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 4 сағат құрайды. Жартылай ыдырау кезеңі 35 сағатқа жуық құрайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде
Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде эналаприлаттың әсер ету уақыты ұзарады. Шығарылуы баяулайды, сондықтан дозаларды бүйрек қызметімен сәйкес ретке келтіру қажет. Эналаприлат жүйелі айналымнан гемодиализ арқылы шығарылады. Диализбен шығарылатын эналаприлат клиренсі 1,03 мл/сек (62 мл/мин) құрап, 4 сағаттық гемодиализден кейін қан сарысуында эналаприлат концентрациясы 45-75 төмендейді.
Фармакодинамикасы
ЭНАПР І ангиотензиннің тамырларды тарылтатын ІІ ангиотензинге айналуын катализдейтін АКФ тежейді. АКФ тежелісі ангиотензин ІІ концентрациясының төмендеуіне, қан плазмасындағы ренин белсенділігінің артуына және альдестерон сөлінісінің кемуіне әкеледі.
Артериялық қысымы жоғары емделушілердегі ЭНАП® Р гипотензиялық әсері мен гемодинамикалық тиімділіктері төзімді тамырларды кеңейту әрі жалпы шеткергі қарсыласуды азайту нәтижесінде болады, соның арқасында артериялық қысым біртіндеп төмендейді. Бұл орайда жүректің жиырылу жиіліктері және жүректің қан айдауы, әдетте, өзгеріссіз қалады. Көктамырішілік инъекциядан кейін ЭНАП® Р 5-15 минут ішінде әсер етеді, ең жоғары тиімділігіне 1-4 сағат аралығында жетіп, 6 сағат бойы сақталады.
Қолданылуы
-
гипертониялық кризде
-
ішу арқылы емделу мүмкін болмаған жағдайлардағы артериялық гипертензияда
-
гипертониялық энцелофалопатияда
Қолдану тәсілі және дозалары
Гипертензияны емдеу үшін әдеттегі доза әр 6 сағат сайын 1.25 мг (1 ампула) құрайды. Эналаприлмен емдеуден эналаприлатпен емдеуге көшкенде әдеттегі доза 6 сағат сайын 1 ампула (1,25 мг) құрайды.
Инъекцияға арналған Энап® Р ерітіндісі көктамыр ішіне 5 минут бойы баяу енгізіледі. Сонымен қатар, оны 5 глюкоза ерітіндісінің, 0,9 натрий хлориді ерітіндісінің (физиологиялық ерітінді), 0,9 натрий хлориді ерітіндісіндегі 5 глюкоза ерітіндісінің немесе Рингер лактатындағы 5 глюкоза ерітіндісінің 50 мл мөлшерінде алдын ала сұйылтып енгізуге болады.
Диуретиктер қабылдайтын науқастардағы бастапқы дозасы 1/2 ампула (0,625 мг) құрайды. Егер енгізгеннен кейін 1 сағат өткенде емдік тиімділігі қанағаттанарлық болмаса, дәл сол дозаны қайта енгізіп, ал 6 сағаттан соң толық дозамен (әр 6 сағат сайын 1 ампула) емдеуді жалғастыруға болады. Эналаприлатпен емдеу әдетте 48 сағат бойы жалғасады. Осыдан кейін эналаприлмен емдеуді жалғастырған жөн. Энап® Р препаратымен парентеральді емдеуден эналаприлмен ішу арқылы емдеуге көшкенде ұсынылатын бастапқы доза әр 6 сағат сайын 1 ампуладан (1,25 мг) эналаприлат алатын емделушілер үшін тәулігіне 5 мг құрайды. Қажет болғанда дозаны арттыруға болады. Эналаприлат дозасының жартысымен (0,625 мг) емделіп жүрген емделушілерге эналаприлмен ішу арқылы емдеуге көшкенде ұсынылатын доза тәулігіне 2.5 мг құрайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозалау
Креатинин клиренсі 0,5 мл/с жоғары (30 мл/мин, қан плазмасындағы креатинин 265,2 мкмоль/л жоғары) емделушілер үшін бастапқы дозасы әр 6 сағат сайын 1 ампула (1.25 мг) құрайды. Егер енгізгеннен кейін 1 сағат өткенде емдік тиімділігі қанағаттанарлық болмаса, дәл сондай дозаны қайта енгізіп, 6 сағаттан соң толық дозамен (әр 6 сағат сайын 1 ампула) емдеуді жалғастыруға болады.
Гемодиализ кезінде дозалау
Гемодиализде жүрген емделушілер үшін бастапқы доза әр 6 сағат сайын 1/2 ампула (0,625 мг) құрайды.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі (≥1/10):
- анық көрмеу
- бас айналу
- құрғақ өнімсіз жөтел
- жүрек айну
- астения
Жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін):
- бас ауыру
- гипотензия (ортостатикалық гипотензияны қоса), естен тану, кеуденің ауыруы, ырғақтың бұзылуы, стенокардия, брадикардия, тахикардия, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі
- ентігу
- диарея, іштің ауыруы, дәм сезудің өзгеруі
- депрессия
- бөрту, жоғары сезімталдық/Квинке ісінуі
- гипотензия (ортостатикалық гипотензияны қоса)
- шаршау
- гиперкалиемия, плазма креатининінің көтерілуі
Жиі емес (≥1/1,000-нан <1/100-ге дейін):
- анемия (апластикалық және гемолитикалық түрлерін қоса)
- гипогликемия
- парестезия, бас айналу
- құлақтың шыңылдауы
- жүректің жиі соғуы
- ринорея, тамақтың ауыруы және қарлығуы, бронх түйілу/демікпе
- ішек бітелу, панкреатит, құсу, диспепсия, іш қату,
анорексия, асқазан тітіркенулері, ауыз кеберсу, ойық жаралы ауру
- сананың шатасуы, ұйқышылдық, ұйқысыздық, күйгелектік
- терлеу, қышыну, есекжем, алопеция
- бүйрек қызметінің бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігі, протеиноурия
- импотенция
- бұлшықет құрысулары, қан кернеулер, құлақтың шуылдауы, жалпы дімкәстану, қызба
- плазма мочевинасының ұлғаюы, гипонатриемия
Сирек (≥1/10,0000-нан <1/1,000-ға дейін):
- нейтропения, гемоглобин мен гематокрит азаюы, тромбоцитопения,
агранулоцитоз, лейкопения, сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі,
панцитопения, лимфатикалық түйіндердің үлкеюі, аутоиммундық аурулар
- қорқынышты түстер көру, ұйқы бұзылуы
- өкпе инфильтраттары, ринит, аллергиялық альвеолит/эозинофильді
пневмония
- стоматит/афтозды ойық жара, глоссит
- бауыр жеткіліксіздігі, гепатит – гепатоцеллюлярлы немесе холестатикалық; гепатит, некрозды қоса; холестаз, сарғаюды қоса
- полиморфты эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, эксфолиативті
дерматит, уытты эпидермалық некролиз, күлбіреуік, эритродермия
- олигурия
- гинекомастия
- Рейно феномені
- бауыр ферменттерінің көбеюі, плазма билирубинінің жоғарылауы
Өте сирек (<1/10,000):
- ішектік Квинке ісінуі
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағаланбайтын):
Белгілер кешені жөнінде хабарланды: қызба, серозит, васкулит, миалгия/миозит, артралгия/артрит, антинуклеарлы антиденелерге (ANA) оң тест, ЭШЖ жеделдеуі, эозинофилия және лейкоцитоз. Сонымен бірге бөрту, фотосенсибилизация және басқа дерматологиялық көріністер болуы мүмкін.
Күрделі жағымсыз әсерлер пайда болғанда емдеуді тоқтату керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- эналаприлге, эналаприлатқа немесе кез келген қосымша затқа немесе басқа да АКФ тежегіштеріне жоғары сезімталдық
- ангионевротикалық ісіну: АКФ тежегіштерін алдыңғы қолданумен байланысты сыртартқыдағы; тұқым қуалаған немесе идиопатикалық
- порфирияда
- жоғары ағымды жарғақшалар пайдаланылатын гемодиализ (мысалы, АН-69), декстран сульфатымен ТТЛП аферезін жүргізу, жабайы араның немесе бал арасының уынан десенсибилизациялау
- жүктілік (әсіресе, ІІ және ІІІ триместрлерде) және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезең
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Эналаприлат - эналаприл метаболиті. Сондықтан эналаприлатпен емдеу кезінде эналаприлмен емдеу кезіндегідей өзара әрекеттесулер болуы мүмкін.
Калий сақтағыш диуретиктер, калий қоспалары
АКФ тежегіштері диуретиктерден болатын калий жоғалуын азайтады. Калий сақтағыш диуретиктер (спиронолактон, триамтерен немесе амилорид), қан сарысуында калий деңгейін арттыратын препараттар (мысалы, гепарин), калий қоспаларын немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды қолдану гиперкалиемияға әкеледі. Осылай бір мезгілде қолдану, сайып келгенде, ұсынылмайды.
Гипокалиемияға орай бір мезгілде қолдану қажет болғанда, қан плазмасындағы калий деңгейін жиі бақылаумен оларды абайлап пайдалану керек.
Диуретиктер (тиазидті немесе ілмекті диуретиктер)
Диуретиктердің жоғары дозаларымен алдын ала емдеу сұйықтық тапшылығын туындатып, гипотензияның пайда болу қаупін арттырады. Гипотензиялық әсерін диуретиктер қабылдауды тоқтатумен, тұзды және сұйықтықты мол тұтынумен немесе эналаприлаттың жартылай дозасымен (1/2 ампула) емдеуді бастаумен төмендетуге болады.
Гипертензияға қарсы басқа препараттар
Бұл препараттарды бір мезгілде қолдану эналаприлдің гипотензиялық әсерін арттырады. Нитроглицеринмен, басқа нитраттармен немесе басқа вазодилататорлармен бір мезгілде қабылдау артериялық қысымның көп түсіп кетуіне әкеледі.
Литий
Литий мен АКФ тежегіштерін бірге қолданғанда қан плазмасындағы литий концентрациясының және уыттылығының қайтымды жоғарылауы жөнінде хабарланды. Тиазидті диуретиктермен бір мезгілде қолдану литий деңгейінің көбірек артуына және литиймен уыттану қаупіне әкеледі. Бұл препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, бірақ қажет болса, плазмадағы литий деңгейіне мұқият мониторинг жүргізген жөн.
Үш циклды антидепрессанттар және/немесе антипсихотикалық препараттар / анестетиктер / есірткілер
Белгілі бір анестетиктерді, үш циклды антидепрессанттар мен антипсихотикалық препараттарды АКФ тежегіштерімен бір мезгілде қолдану артериялық қысымның қосымша төмендеуіне әкеледі.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП)
Ұзақ уақыт ҚҚСП қабылдау АКФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін төмендетеді. ҚҚСП және АКФ тежегіштері қан плазмасындағы калий деңгейінің көтерілуіне аддитивті әсер көрсетеді, бұл бүйрек қызметінің нашарлауына әкеледі. Бұл әсер, әдетте, қайтымды. Сирек жағдайларда, әсіресе, бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде (егде жастағы емделушілер немесе гиповолемиясы бар емделушілер) жедел бүйрек жеткіліксіздігі туындауы мүмкін.
Диабетке қарсы препараттар
Эпидемиологиялық зерттеулер АКФ тежегіштері мен диабетке қарсы препараттарды (инсулин, ішуге арналған гипогликемиялық дәрілер) бір мезгілде қолдану гипогликемияның даму қаупімен қант төмендететін жоғары әсерді туғызатынын көрсетті. Бұл құбылыс біріктіріп емдеудің алғашқы апталары кезінде бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде де жиі байқалды.
АлкогольАлкоголь АКФ тежегіштерінің гипотензиялық әсерін күшейтеді.
Симпатомиметиктер Симпатомиметиктер АКФ тежегіштерінің гипотензиялық әсерін азайтады.
Ацетилсалицил қышқылы, тромболитиктер және ß-блокаторлар
Эналаприлді ацетилсалицил қышқылымен (кардиологиялық дозаларда) тромболитиктермен және бета-адреноблокаторлармен бір мезгілде қолдану қауіпсіз.
Айрықша нұсқаулар
Симптоматикалық гипотензия
Симптоматикалық гипотензия артериялық гипертензиясы асқынбаған емделушілерде сирек кездеседі, бірақ сұйықтық тапшылығы бар емделушілерде (диуретикалық ем, тұзы шектеулі емдәм, гемодиализ, диарея немесе құсу) пайда болады. Симптоматикалық гипотензия бүйрек жеткіліксіздігімен астасқан жүрек жеткіліксіздігі бар және онсыз емделушілерде туындауы мүмкін. Ол жоғары дозаларда ілмекті диуретиктер қабылдайтын ауыр дәрежелі жүрек жеткіліксіздігі, гипонатриемиясы немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде де пайда болады. Бұл емделушілерде эналаприлмен және/немесе диуретикпен емдеуді және дозасын өзгертуді мұқият медициналық бақылаумен бастау қажет. Артериялық қысымның шектен тыс түсіп кетуі миокард инфарктісіне немесе инсультке әкелуі мүмкін стенокардиясы немесе цереброваскулярлы ауруы бар емделушілерді емдеген кезде осындай қауіпсіздік шараларын жасаған жөн.
Гипотензия мен оның күрделі салдарлары сирек жағдайларда туындайды және өтпелі сипатта болады. Оларды диуретиктермен емдеуді тоқтату арқылы, егер бұл қажет болса, Энап® Р препаратымен емдеу басталғанша тұзы шектелген емдәммен болдырмауға болады. Атап өтілген басқа жағдайларда немесе, егер диуретиктермен емдеуді тоқтату мүмкін болмаса, эналаприлаттың жарты дозасымен (1/2 ампула) емдеу ұсынылады. Артериялық гипотензия пайда болғанда емделушіні шалқасынан жатқызып, қажет болса, 0,9 натрий хлориді ерітіндісін көктамыр ішіне енгізу арқылы плазма көлеміне реттеу жүргізген жөн. Өтпелі артериялық гипотензия эналаприлді әріқарай қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды. Әдетте АҚ қалыптанғаннан және қосымша көлем енгізгеннен кейін емделушілер препараттың келесі дозаларын жақсы көтеретін болады.
Аортальді және митральді клапан стенозы, гипертрофиялық кардиомиопатияБарлық вазодилататорлар сияқты, АКФ тежегіштерін сол жақ қарыншасының шығару жолы тарылған емделушілерді емдегенде абайлап қолданып, кардиогенді шок жағдайларын және сол жақ қарынша шығару жолының гемодинамикалық тұрғыда елеулі тарылуын болдырмау қажет.
Бүйрек қызметінің бұзылуы
Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде (креатинин клиренсі < 1,33 мл/ сек) бастапқы дозаны креатинин клиренсіне қарай, сосын емдеуге болатын реакцияға қарай таңдау керек.
Плазмадағы креатинин деңгейін және калий деңгейін ұдайы бақылау қажет.Ауыр жүрек жеткіліксіздігі немесе, бүйрек артериясының стенозын қоса, жасырын түрдегі бүйрек аурулары бар емделушілерде эналаприлмен емдеу кезінде бүйрек жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін. Жедел және тиісінше емдеген кезде бұл, әдетте, қайтымды.
Көрінбейтін, бірақ бұрыннан бүйрек аурулары бар кейбір емделушілерде диуретиктермен бір мезгілде эналаприл қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы мочевина және креатинин деңгейлерінің мардымсыз және өткінші жоғарылауы туындады. Сондықтан АКФ тежегішінің дозасын азайту және/немесе диуретиктерді тоқтату қажеттілігі туындайды. Бұл жағдай жасырын түрдегі бүйрек артериясы стенозының туындауына түрткі болады.
Реноваскулярлы гипертензия
Бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз қызмет атқаратын бүйрек артериясының стенозы бар емделушілерді АКФ тежегіштерімен емдеген кезде артериялық гипотензияның және бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары болады. Бүйрек қызметін жоғалту қан плазмасындағы креатинин деңгейінің орташа өзгерістерінде ғана болуы мүмкін. Мұндай емделушілер емделуді дәрігердің тиянақты қадағалауымен төмен дозалардан бастау керек; емделу кезінде дозаны сақтықпен титрлеп, бүйрек қызметін бақылау қажет.
Бүйрек трансплантациясы
Тәжірибенің болмауына орай, бүйрек трансплантациясын таяуда өткерген емделушілерді эналаприлмен емдеу ұсынылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
АКФ тежегіштерімен емдеу кезінде сирек жағдайларда холестатикалық сарғаюдан басталып, артынан бауырдың фульминантты некрозына дейін үдейтін және (кейде) өліммен аяқталатын синдромның дамуы мүмкін. Бұл синдромның даму механизмі түсініксіз. Егер АКФ тежегіштерімен емделу кезінде сарғаю немесе бауыр ферменттері деңгейлерінің жоғарылауы пайда болса, қабылданған препаратты дереу тоқтату керек, ал емделуші мұқият бақылауда болып, қажет болса, талапқа сай ем алуы тиіс.
Нейтропения және агранулоцитоз
АКФ тежегіштерін қабылдайтын емделушілерде нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемияның даму жағдайлары болды. Бүйрек қызметі қалыпты емделушілерде басқа асқынулар болмаса, нейтропения сирек дамиды.
Эналаприлат бір мезгілде иммунодепрессанттармен ем, аллопуринол немесе прокаинамид алатын, сондай-ақ осы факторлар қосылған коллагеноздары (мысалы, жүйелі қызыл жегі, склеродермия) бар емделушілерде, әсіресе бүйрек қызметінің бұрыннан бар бұзылуларында өте абайлап қолдану қажет. Осы емделушілердің кейбіреулерінде антибиотиктермен қарқынды ем қонбайтын ауыр жұқпалар дамуы мүмкін. Препаратты мұндай емделушілерге тағайындаған кезде қандағы лейкоциттер санын ұдайы бақылау ұсынылады. Емделуші жұқпаның қандай да бір белгілері пайда болған жағдайда шұғыл дәрігерге көрінуі қажет екені жөнінде ескертілуі тиіс.
Жоғары сезімталдық және ангионевротикалық ісіну
Эналаприл немесе эналаприлат қамтылатын АКФ тежегіштерін қабылдайтын емделушілер арасында бет, аяқ-қол, ерін, тіл, дауыс саңылауы және/немесе көмейдің ангионевротикалық ісінулерінің дамуы жөнінде сирек хабарланды. Ол емдеу барысында кез келген уақытта пайда болады. Мұндай жағдайда емдеуді тоқтатып, емделушідегі белгілердің толық жоғалуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау қажет.
Бет пен еріннің ангионевротикалық ісінуінде әдетте емдеу қажет болмайды, емделушідегі белгілерді жеңілдету үшін гистаминге қарсы препараттар қабылдауға болады.
Көмей аумағындағы ангионевротикалық ісіну өлімге ұшыратуы мүмкін. Егер тіл, дауыс саңылауы немесе көмейдің ісінуі тыныс жолдары тарылуының даму қаупін үйірсе, қысқа мерзімдерде шұғыл ем тағайындау - 1:1000 (0.3-0.5 мл) адреналин ерітіндісін тері астына енгізу әрі тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажет.
Сыртартқысында АКФ тежегіштерінің емімен байланыссыз Квинке ісінуінің аурулары бар емделушілер АКФ тежегіштерін қабылдаған жағдайда ангионевротикалық ісінудің жоғары қаупіне ұшырайды.
Десенсибилизация кезіндегі анафилактоидтық реакциялар
АКФ тежегіштерін алатын емделушілерде жабайы ара немесе бал арасының уымен десенсибилизациялау курсы кезінде сирек жағдайларда өмірге қатерлі анафилактоидтық реакциялар болуы мүмкін. Әр десенсибилизация шарасы алдында АКФ тежегішін уақытша тоқтату арқылы бұл реакциялардың дамуын болдырмауға болады.
ТТЛП аферезі кезіндегі анафилактоидтық реакциялар
АКФ тежегіштерін тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) аферезі кезінде декстран сульфатымен алатын емделушілерде сирек жағдайларда өмірге қауіпті анафилактоидтық реакциялар болуы мүмкін. Әр аферез шарасы алдында АКФ тежегішін уақытша тоқтату арқылы бұл реакцияларды болдырмауға болады.
Гемодиализде жүрген емделушілер
Жоғары сезімталдықтың, анафилактоидтық реакцияның дамуы жөнінде полиакрилнитрилді жарғақшалар (AN 69) пайдаланылатын гемодиализде жүрген және бір мезгілде АКФ тежегіштерін қабылдайтын емделушілер арасында хабарланды. Гемодиализ жүргізу қажет болғанда жарғақшалардың басқа типін пайдалану, әлде емделушіні гипертензияға қарсы дәрілердің басқа класынан лайықты препарат қабылдауға көшіру керек.
Қант диабеті бар емделушілер
Диабетке қарсы ішуге арналған препараттар немесе инсулин алатын қант диабеті бар емделушілерде АКФ тежегіштерімен емдеудің алғашқы айы кезінде қандағы қант деңгейін мұқият бақылау қажет.
Жөтел АКФ тежегіштерімен емдеу кезінде ем аяқталғаннан кейін басылатын тұрақты, құрғақ, өнімсіз жөтел болуы мүмкін. Мұны жөтелдің салыстырмалы диагностикасының бөлігі ретінде қарастыру керек.
Хирургиялық операция және анестезия
Күрделі операциялардан өткен емделушілерде немесе гипотензиялық препараттармен жалпы жансыздандыру кезінде эналаприл рениннің компенсаторлық босап шығуына салдарлы ангиотензин II түзілуін бөгейді. Егер дәрігер гипотензияның осы механизмнен туындағанын жорамалдаса, емдеуді айналымдағы қан көлемін молайтуға бағыттауға болады.
ГиперкалиемияЭналаприл мен эналаприлат қамтылатын АКФ тежегіштерімен емделу кезінде кейбір емделушілерде қан плазмасындағы калий деңгейі көтерілуі мүмкін. Гиперкалиемияның жоғары даму қаупіне бүйрек жеткіліксіздігі, қант диабеті бар емделушілер, калий сақтағыш диуретиктерді, калий қоспаларын және гиперкалиемияға әкелетін басқа да препараттарды (мысалы, гепарин) бір мезгілде қабылдайтын емделушілер ұшырайды. Эналаприлді жоғарыда аталған агенттердің кез келгенімен бір мезгілде пайдалану мақсатқа сай болса, қан плазмасындағы калий деңгейін ұдайы бақылау ұсынылады.
ЛитийЛитий мен эналаприлді біріктіріп пайдалану ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация
Жүктілік кезінде АКФ тежегіштерін қолдануды бастауға болмайды. АКФ тежегіштерімен емделу қажет болғанша, жүктілікті жоспарлайтын емделуші әйелдер жүкті кезде қолдану үшін белгіленген қауіпсіздік бейіні бар гипертензияға қарсы баламалы препараттар қабылдауға көшуі тиіс. Жүктілік диагностикаланғанда АКФ тежегіштерімен емделуді кідіріссіз тоқтатып, ал егер бұл мақсатқа сай келсе, баламалы ем бастау қажет. АКФ тежегіштерін жүктіліктің екінші және үшінші триместрлерінде қабылдау, белгілі болғандай, адамда фетоуыттылық (бүйрек қызметінің төмендеуі, су аздық, бассүйек оссификациясының кідірісі) және неонатальді уыттылық (бүйрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия, гиперкалиемия) туғызады. Егер АКФ тежегіштері жүктіліктің екінші триместрінде қабылданса, бүйрек пен бассүйекке УДЗ жасау ұсынылады. Аналары АКФ тежегіштерін қабылдаған нәрестелер гипотензияға орай тиянақты тексерілуі тиіс.
Энап® Р жүрек-қантамырлық және бүйректік әсерлер дамуының гипотетикалық қаупіне орай, сондай-ақ жеткілікті клиникалық тәжірибенің болмауына байланысты шала туған балаларды емшекпен қоректендіру кезіндегі лактация кезеңінде және босанудан соң алғашқы бірнеше апта ішінде қолдану үшін ұсынылмайды. Ересек жастағы жаңа туған балаларға Энап® Р пайдалануды, егер мұндай ем ана мен сәби үшін қажет болса және қандай да бір жағымсыз әсерлер туындауы тұрғысынан бақыланса, емізетін ананың қарастыруына болады.
Этникалық айырмашылықтар
Басқа да ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері сияқты, эналаприлаттың қара нәсілді адамдарда, қалғандарына қарағанда, артериялық қысымды түсіру тиімділігі аз, бұл қара нәсілді қауым арасында төмен ренин статусының кең таралуынан болуы мүмкін.
Кейбір ингредиенттер жөнінде ерекше ақпаратИнъекцияға арналған Энап® Р ерітіндісінің құрамында нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі балаларда уытты және анафилактоидтық реакциялар туғызатын бензил спирті бар. Оны шала туған және жаңа туған балаларда қолдануға болмайды.Бұл препарат құрамында бір дозаға арналған 1 ммоль-ден аз натрий (23 мг) бар, сонысына орай «натрийден бос» деп саналады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқаруға және механизмдермен жұмыс істеуге әсер етуі жөнінде деректер жоқ.
Артық дозаланғанда
Симптомдары: коллапс, миокард инфарктісі, ми қан айналымының жедел бұзылуы немесе тромбоэмболиялық асқынулардың дамуына дейін апаратын шамадан тыс АҚ төмендеуі, құрысулар, мелшию.
Емдеу: тұзды ерітінді ішкізу, эпинефрин (тері астына немесе көктамыр ішіне) енгізу, гистаминге қарсы дәрілер, глюкокортикостероидтар (көктамыр ішіне), плазма алмастырғыштарды, ІІ ангиотензинді көктамыр ішіне енгізу, гемодиализ (енгізу жылдамдығы – 62 мл/мин).
Шығарылу түрі және қаптамасы
1 мл препараттан түссіз шыны ампулаларға құйылады. 5 ампуладан поливинилхлоридтен/алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
КРКА, д.д., Ново место, Словения
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
КРКА, д.д., Ново место, Словения
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР-дағы «KRKA, tovarna zdravil, d.d., Novo mesto» өкілдігі
ҚР, 050059, Алматы қ., Әл Фараби д-лы 19, 1б корпус, 2-ші қабат
тел.: 8 (727) 311-08-09
факс: 8 (727) 311-08-12
www.krka.si