Эмокси-Оптик

МНН: Метилэтилпиридинол
Производитель: Синтез АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты, снижающие проницаемость капилляров
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003312
Период регистрации: 04.10.2016 - 04.10.2021

Инструкция

Саудалық атауы

ЭМОКСИ-ОПТИК

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

1 % көз тамшысы

1 мл құрамында, миллиграммен

белсенді зат - метилэтилпиридинол гидрохлориді - 10 мг,

қосымша заттар: натрий сульфиті, натрий бензоаты – 2,00 мг, калий дигидрофосфаты, натрий гидрофосфатының додекагидраты, метилцеллюлоза, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз немесе әлсіз боялған сәл бозаңданатын сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды S01ХА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ағзалар мен көз тіндеріне жылдам өтеді, ол жерде оның жинақталуы және метаболизмі жүреді. Көз тіндеріндегі концентрациясы қандағыға қарағанда жоғары.

Деалкилирленген және конъюгацияланған түрлену өнімдері түрінде 5 метаболиті анықталған. Метаболиттері бүйрек арқылы шығарылады. Бауырда 2-этил-6метил-3-оксипиридин-фосфаттың айтарлықтай мөлшері анықталған.

Фармакодинамикасы

Эмокси-Оптик - ангиопротектор, тамыр кенерелерінің өткізгіштігін азайтады, бос радикалды үдерістердің тежегіші, антигипоксант және антиоксидант болып табылады, қанның тұтқырлығы мен тромбоциттер агрегациясын азайтады.

Ангиопротекторлық (қантамырларының төзімділігін жоғарылатын), антиагрегациялық (тромбоциттердің жабысуына кедергі болатын) және антигипоксиялық (оттегі жеткіліксіздігіне тіндердің төзімділігін жоғарылататын) белсенділікке ие антиоксидант (жасушалы жарғақша липидтерінің асқын тотығу тотықтануына кедергі жасайтын дәрілік зат).

Ретинопротекторлы қасиеттерге ие, жоғары қарқындылықтағы зақымдайтын жарықтың әсерінен көздің тор қабықтарын және басқа да тіндерін қорғайды. Көзішілік қан құйылуының қайтуына ықпал етеді, қан ұюын төмендетеді, көздегі микроайналымды жақсартады. Мөлдір қабықта репарациялық үдерісті (оның ішінде операциядан кейінгі ерте кезеңде) көтермелейді.

Қолданылуы

  • көздің алдыңғы камерасына қан құйылғанда (емдеу)

  • мөлдір қабықтың қабынуы мен күюінде (емдеу және профилактика)

  • мөлдір қабықты қорғауда (жанаспалы линза таққан кезде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты конъюнктивальді қапқа күніне 1-2 тамшыдан 2-3 рет тамызады. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың ағымына байланысты (әдетте 3-30 күнді құрайды) және қатаң түрде дәрігер анықтайды. Қажеттілік көрсеткіші бар кезде және жағымдылығы жақсы болған кезде емдеу курсы 6 айға дейін созылуы мүмкін. Емдеу курсын қайталау қажет болғанда 4-6 ай аралықпен.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

  • қышыну, күйдіру

Жиі емес

  • параорбитальді тіндердің тығыздалуы (өздігінен сіңіріліп кетеді)

  • конъюнктиваның қысқа мерзімді гиперемиясы

  • көз терісінің және шырышты қабықтың тітіркенуі

Сирек

  • жергілікті аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа аса жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Көзге тамызатын басқа дәрілерді бір мезгілде қолдану қажет болған кезде препаратты алдыңғы тамызған дәрі толық сіңгеннен кейін (кемінде 10-15 минут өткен соң) соңынан тамызу керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

ЭМОКСИ-ОПТИК көз тамшысын қолданған кезде қысқа мерзімдік ашыту және қышыту сезімі болуы мүмкін. Препаратты қолданғаннан кейін 15-20 минут бойы көлікті басқарудан бас тарта тұру керек. Препарат психомоторлық реакциялар жылдамдығына әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препаратпен артық дозалану жөніндегі деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл резеңке тығынмен герметикалық тығындалып, алюминий қалпақшамен қаусырылған түссіз шыны құтыда. 1 шыны құты тамшылатқыш-қақпақпен немесе тамшылатқыш-қақпақсыз медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқан соң 1 ай ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

«Синтез» ААҚ,

Ресей Федерациясы, 640008, Қорған қ., Конституция даңғылы, 7.

тел./факс (3522) 48-16-89

Тіркеу куәлігін ұстаушы

«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Deсalog» ЖШС, 050050, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,. Глазунов к-сі, 41 А-1 тел. 2944221, тел. 8 7017315218E-mail: deсalog@nur.kz

 

Прикрепленные файлы

026999181477975732_ru.doc 49.5 кб
909107871477977441_kz.doc 55 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники