Элькар

МНН: Левокарнитин
Производитель: ПИК-ФАРМА ПРО ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levocarnitine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020902
Период регистрации: 27.10.2014 - 27.10.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Элькар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левокарнитин

Дәрілік түрі

Ішілетін ерітінді 300 мг/мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында:

белсенді зат –300 мг левокарнитин (карнифит),

қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық. Спецификалық иісі болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ ауруларын және зат алмасу бұзылуларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Амин қышқылдары және олардың туындылары. Левокарнитин.

АТХ коды А16АА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішекте жақсы сіңіріледі, қан плазмасындағы концентрациясы 3 сағаттан кейін ең жоғары шегіне жетеді және 9 сағат бойы емдік ауқымда сақталады. Бауырға, миокардқа оңай, бұлшықеттерге баяу өтеді. Бүйрекпен шығарылады, көбінесе ацильді эфирлер түрінде

Фармакодинамикасы

L-карнитин – табиғи зат, В тобының витаминдері тектес. Митохондриядағы цитоплазмадан ұзын тізбекті май қышқылдары (пальмитинді және басқа) тасымалдаушысы ретінде зат алмасу үдерістеріне қатысады, онда бұл қышқылдар аденозинтрифосфор қышқылы мен ацетил-КоА түзуімен β-тотығу үдерісіне ұшырайды.

Ақуыз және май алмасуды жақсартады, секрецияны арттырады және асқазан мен ішек сөлінің ферментативтік белсенділігін арттырады, тағамның сіңуін жақсартады, дененің артық салмағын азайтады және бұлшықеттердегі майдың болуын төмендетеді. Дене жүктемелеріне төзімділікті арттырады, кетоқышқылдар мен анаэробтық гликолиздердің түзілуін бәсеңдетеді, лактатацидоз дәрежесін азайтады, гликогеннің үнемді шығындалуына ықпал етеді және оның бауырдағы және бұлшықеттердегі қорын арттырады.

Анаболиялық және липолитийлік әсер көрсетеді. Гипертиреоз кезінде жоғары негізгі алмасуды қалпына келтіреді: қалқанша без функциясының тікелей тежегіші емес, тиреоидтық гормондар әсерінің шеткергі (қосалқы) антагонисті болып табылады.

Зат алмасуды және тіндердің қуатпен қамтамасыз етілуін жақсартады.

Қолданылуы

Карнитиннің бастапқы және екіншілік тапшылығы.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ішке қабылдайды. Препаратты сұйылтпай немесе қайнаған сумен сұйылтып ішуге болады.

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар

Талапқа сай дозаны анықтау үшін қан плазмасындағы және несептегі бос және ацилді L-карнитин деңгейін өлшей отырып, емді қадағалау ұсынылады.

Бастапқы немесе екіншілік карнитин тапшылығында доза зат алмасудағы нақты туа біткен ауытқуларға және ем барысында олардың айқындылығына байланысты. Көптеген жағдайларда ұсынылатын пероральді доза күніне 2-4 қабылдауға бөлінген 100-200 мг/кг құрайды. Егер клиникалық және биохимиялық көрсеткіштер жақсармаса, доза қысқа мерзімдік негізде арттырылуы мүмкін. Жоғары дозаларды сақтықпен тағайындау керек және клиникалық және биохимиялық деректер дозаны арттыру пайда әкелетінін болжауға мүмкіндік беретін жағдайда ғана сақтықпен тағайындау керек. Күніне 400мг/кг-ге дейінгі жоғары дозалар жедел метаболикалық декомпенсацияда қажет немесе бұл жағдайда көктамыр ішіне енгізу жолы қажет болуы мүмкін.

Екіншілік карнитин тапшылығында созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы бар емделушілерде күніне 1 г пероральді демеуші ем тағайындалады.

12 жасқа дейінгі балалар, сәбилер мен жаңа туған нәрестелер

Доза зат алмасудағы нақты туа біткен ауытқуларға және емдеу кезеңінде олардың айқындылық дәрежесіне байланысты. Ұсынылатын доза күніне 2-4 қабылдауға бөлінген 50-ден 100 мг/кг-ге дейінді құрайды. Егер клиникалық және биохимиялық көрсеткіштер жақсармаса, доза қысқа мерзімдік негізде арттырылуы мүмкін. Жоғары дозаларды сақтықпен тағайындау керек және клиникалық және биохимиялық деректер дозаны арттыру пайда әкелетінін болжауға мүмкіндік беретін жағдайда ғана сақтықпен тағайындау керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

− аллергиялық реакциялар, миастения болуы мүмкін

− тері мен несептен спецификалық иіс

− жүрек айнуы, құсу, диарея, диспепсия, іштің спастикалық ауыруы

Препаратты көтере алушылық қабылдаудың алғашқы аптасы ішінде және қабылданатын доза әрбір жоғарылаған сайын бақыланады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

− жекелей көтере алмаушылық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты қабылдар алдында басқа препараттарды қабылдау туралы дәрігерге хабарлау керек.

Глюкокортикоидтар көптеген тіндерде (бауырдан басқа) карнитин деңгейін арттырады. Холиннің шамадан тыс дозалары синтезді және карнитиннің белсенділігін тежейді. Карнитинді түрлі анаболиялық дәрілермен; антиоксидантты немесе/және антигипоксантты белсенділікке ие препараттармен үйлестіруге болады.

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамында метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат бар, олар баяу типтегі аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін.

Инсулин немесе гипогликемиялық пероральді ем қабылдайтын диабеттік емделушілерге L-карнитинді енгізу оларда гипогликемия туғызуы мүмкін. Мұндай емделушілерде плазмадағы глюкоза деңгейі гипогликемиялық емді реттеу үшін ұдайы бақыланып отыруы тиіс.

Бүйрек функциясының айқын бұзылулары бар емделушілерде L-карнитиннің жоғары дозаларын ұзақ пероральді қабылдау әлеуетті уытты метаболиттердің, триметиламиннің (ТМА) және триметиламин-N-оксидінің (ТМАО) жоғарылауын туғызуы мүмкін, себебі аталған метаболиттер әдетте несеппен шығарылады. Мұндай жағдайда несеп, тыныс алу және тер бөліністерінің жағымсыз иістері бар.

Левокарнитинді тым тез қабылдау асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз реакциялар туғызады. Дозаны ең жоғары көтерімділік үшін күні бойы тең бөлу қажет.

Бұрынғы құрысу белсенділігі бар және онсыз емделушілерде құрысу ұстамалары жағдайлары сипатталған. Бұрын құрысу белсенділігі болған емделушілерде құрысу ұстамалары жиілігі және/немесе ауырлығы артқан.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Зерттеулер болмауына байланысты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат ерекше назар аударуды және шапшаң реакцияларды қажет ететін әлеуетті қауіпті қызмет түрлерін (автокөлік және басқа көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу, диспетчер мен оператор жұмысы және т.б.) орындауға әсер етпейді.

Артық дозалануы

L-карнитиннің артық дозалануы жағдайында уыттылығы туралы деректер жоқ.

Емі: артық дозаланған жағдайда демеуші ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

300 мг/мл ішілетін ерітінді.

100 мл шыны құты. Алғашқы ашылуын бақылау сақинасы бар қақпақпен тығындалған күңгірт шыны құтыларда 100 мл-ден. Құтыға көлемі 20 мл өлшеуіш шағын стақан киіледі. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

50 мл шыны құты. Алғашқы ашылуын бақылау сақинасымен тамшылатқыштары бар қақпақпен тығындалған күңгірт шыны құтыларда 50 мл-ден. 1 құтыдан «¼» және «½» (1,25 мл және 2,5 мл-ге сәйкес келеді) таңбалануы бар сызығымен номинальді көлемі 5 мл өлшеуіш қасығымен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

25 мл шыны құты. Алғашқы ашылуын бақылау сақинасымен тамшылатқыштары бар қақпақпен тығындалған күңгірт шыны құтыларда 25 мл-ден. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Ашылғаннан кейін қолдану кезеңі – тоңазытқышта 2 ай.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Тіркеу куәлігінің иесі

«ПИК-ФАРМА» ЖШҚ, Ресей, 125047, Мәскеу қ-сы, Оружейный тұйық к-сі, 25 үй, 1 бет.

Өндіруші

«ПИК-ФАРМА ПРО» ЖШҚ, Ресей, 188663, Ленинград обл., Всеволожский ауданы, Кузьмоловский қ.к., № 92 цех ғимараты.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «ПИК-ФАРМА» ЖШҚ

Телефон: (495) 925-57-00

Факс: (495) 925-57-00

Электронды пошта: pikfarma@pikfarma.ru

Ғаламтордағы сайты: www.elkar.ru

Прикрепленные файлы

107671511477976690_ru.doc 114 кб
956160251477977848_kz.doc 62.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники