Элафра (20 мг)

МНН: Лефлуномид
Производитель: Хаупт Фарма Мюнстер ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Leflunomide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020156
Информация о регистрации в РК: 25.04.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 318 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Элафра

Халықаралық патенттелмеген атауы

Лефлуномид

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг және 20 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 10.0 мг немесе 20.0 мг лефлуномид,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, орын алмасуы төмен дәрежедегі гидроксипропилцеллюлоза, шарап қышқылы, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты,

үлбірлі қабықтың құрамы: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), тальк, лецитин, ксантан шайыры

Сипаттамасы

Екі беті дөңес дөңгелек пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (10 мг доза үшін).

Екі беті дөңес дөңгелек пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған бір жағында сызығы бар таблеткалар (20 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Селективті иммунодепрессанттар. Лефлуномид.

АТХ коды L04AA13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Лефлуномид ішек жақтауында және бауырда бірінші метаболизм барысында (сақина ашу) өзінің белсенді А771726 метаболитіне жылдам айналады, бұл метаболит Элафра препаратының барлық белсенділігіне жауап береді.

Сіңуі

Ішке қабылдағанда препараттың 82-ден 95%-ға дейіні сіңеді. Бір рет қабылданған дозадан кейін А771726 ең жоғары концентрациясы (Cmax ) 1-24 сағаттан соң анықталады. Жартылай шығарылу кезеңінің өте ұзақтығынан (T1/2) А771726 (2 аптаға жуық) 3 күн бойына күніне 100 мг жүктеме доза пайдаланылды. Бұл А771726 плазмалық тепе теңдік концентрациясына (Css) тез жетуге мүмкіндік берді. Css жүктеме дозасыз жету үшін препаратты 2 ай бойы қабылдау керек болар еді. Препаратты көп рет тағайындаумен зерттегенде А771726 фармакокинетикалық параметрлері 5-тен 25 мг-ға дейінгі доза диапазонында дозаға тәуелді болды. Бұл зерттеулерде клиникалық әсері А771726 плазмалық концентрациясымен және лефлуномидтің тәуліктік дозасымен тығыз байланысты болды.20 мг тәуліктік дозада A771726 орташа плазмалық концентрациясы тепе теңдік жағдайында 35 мкг/мл мәнге ие болды.

Таралуы

Плазмада А771726 альбуминдермен тез байланысуы жүреді. А771726 байланыспаған фракциясы шамамен 0.62% құрайды. Ревматоидты артриті немесе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда А771726 байланысуы ауытқымалылау және біршама төмендейді. Лефлуномид өзінің белсенді метаболитіне А771726 (ішек жақтауындағы және бауырдағы біріншілік метаболизмі) тез айналады. Плазмада, несепте немесе нәжісте өзгермеген лефлуномидтің тек іздік мөлшері ғана анықталды. Препараттың негізгі қасиеттеріне in vivo жауапты жалғыз анықталатын метаболит А771726 болып табылады.

Метаболизмі

Лефлуномид ең басты біреуіне (А771726) дейін және 4- трифлюорометилаланинді қоса, бірнеше екінші дәрежелі метаболиттерге дейін метаболизденеді. Лефлуномидтің А771726 және келесі А771726 метаболизмінің өзінің биотрансформациясы бірнеше ферменттермен бақыланады және микросомальді және басқа жасушалық, фракцияларында жүреді. Циметидинмен (Р450 цитохромының спецификалық емес тежегіштерімен) және рифампицинмен (Р450 цитохромының спецификалық емес индукторымен) өзара әрекеттесуін зерттеулер in vivo CYP-энзимдер лефлуномид метаболизміне тек елеусіз дәрежеде қатыстырылатынын көрсетті.

Шығарылуы

Организмнен А771726 баяу шығарылуы сағатына 31 мл клиренспен сипатталады. Лефлуномид нәжіспен (билиарлық экскреция есебінен болуы ықтимал) және несеппен шығарылады. T1/2 2 аптаға жуықты құрайды.

Белсенділендірілген көмір ұнтағынан жасалған суспензияны немесе холестираминді пероральді енгізу А771726 шығарылуының тез және елеулі жылдамдауына және плазмалық концентрациясының төмендеуіне алып келеді. Бұған гастроинтестинальді диализ және/немесе энтерогепатикалық рециркуляция бұзылуы үдерісінде жетеді. 

Бүйрек жеткіліксіздігіндегі фармакокинетикасы

Созылмалы амбулаторлық перитонеальді диализдегі (САПД) науқастарда 100 мг дозаны пероральді бір рет енгізуден кейінгі А771726 белсенді метаболитінің фармакокинетикасы дені саулардағы осындайға ұқсас. А771726 шығарылуы гемодиализдегі науқастарда жылдамырақ жүрді, бұл препараттың диализатта шығарылуымен шартталмаған.

Бауыр жеткіліксіздігіндегі фармакокинетикасы

Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастардағы фармакокинетика туралы деректер жоқ. А771726 белсенді метаболиті ақуыздармен қарқынды байланысады және организмнен бауыр метаболизмі барысында және өт секрециясымен шығарылады. Бұл үдерістер бауыр дисфункциясында бұзылуы мүмкін.

Егде жастағы емделушілердегі фармакокинетикасы

Егде жастағы науқастардағы (65 жастан асқан) фармакокинетикасы бойынша деректер аз, бірақ олар орта жастағы науқастардағы алынған фармакокинетикалық деректерге қайшы емес.

Фармакодинамикасы

Элафра ауру барысын модификациялайтын, ревматизмге қарсы базалық,

антипролиферативтік әсері бар препарат болып табылады. Лефлуномидатың белсенді метаболиті - А771726 - дигидрооротатдегидрогеназа ферментін тежейді және антипролиферативті белсенділікке ие. А771726 in vitro митогендерден туындаған пролиферацияны және ДНҚ және лимфоциттердегі РНҚ синтезін тежейді. Уридиннің жасушалық өсіріндіге қосылуы А771726 метаболитінің тежегіш әсерін жоятындықтан шамасы А771726 антипролиферативті белсенділігі пиримидин биосинтезі деңгейінде анықталады. Радиоизотопты лигандтар пайдалану А771726 дегидрооротат дегидрогеназа ферментімен таңдап байланысатынын көрсетті, бұл оның осы ферментті және лимфоциттердің G1сатысындағы пролиферациясын тежейтін қасиетімен түсіндіріледі. А771726 бір мезгілде жасушалық циклмен байланысты рецепторлардың интерлейкин-2 және Ki-67 және PCNA ядросы антигендерінің экспрессиясын тежейді.

Элафраның емдік әсері 1 айдан кейін білінеді, 3-6 айға қарай тұрақтанады және барлық емдеу курсы бойына сақталады.

20 мг Элафраның демеуші дозасының тиімділігінің нәтижесі жағымдырақ болады, бірақ қауіпсіздік нәтижелері күніне 10 мг демеуші дозаның пайдалы екенін көрсетеді.

Қолданылуы

- ревматоидты артриттің белсенді түрі

- псориаздық артриттің белсенді түрі

Қолдану тәсілі және дозалары

Элафра препаратымен емдеу ревматоидтық және псориаздық артритті емдеуде тәжірибесі бар дәрігер бақылауында басталуы тиіс.

Таблеткаларды ішке тұтас жұтып, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп қабылдайды. Тамақ ішу Элафра препаратының сіңуіне әсер етпейді.

Элафра препаратымен емдеуді 3 күн бойына 100 мг екпінді дозаны бір рет қабылдаумен бастайды.

Ревматоидты артритте  демеуші доза ретінде тәулігіне 1 рет 10-20 мг қабылдау,  псориаздық артритте - тәулігіне 1 рет 20 мг қабылдау ұсынылады

Әдетте емдік әсері 4-6 аптадан кейін білінеді және одан әрі қарай 4-6 айға дейін ұлғаюы мүмкін.

Жеңіл дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін препаратты дозалауға қатысты ешбір ұсыныстар жоқ.

65 жастан асқан науқастар үшін ешбір доза түзету талап етілмейді.

Препараттың ювенильдік ревматоидты артритті емдеудегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмағандықтан 18 жастан кіші емделушілер үшін ұсынылмайды.

Сарысудағы аланинаминотрансфераза (АЛТ) немесе глутаматпируваттрансфераза (ГПТ) белсенділігі және қан жасушаларының толық талдауы, оның ішінде лейкоциттер мен тромбоциттердің дифференцияланған талдауы бір мезгілде және бірдей жиілікпен тексерілуі тиіс:

- Элафрамен ем бастар алдында

- емдеудің бастапқы алты айы бойына әр 2 апта сайын

- содан кейінгі әрбір 8 аптада.

Жағымсыз әсерлері

- гипоурикемия

- бүйрек жеткіліксіздігі

- шауһат концентрациясының, сперматозоидтардың жалпы санының және

жылдам түсу қозғалғыштығының қайтымды төмендеуі

- қатерлі жаңа түзілімдер даму қаупі

Өте жиі (1-10%)

- лейкопения (лейкоциттер саны  2×109/л)

- аллергиялық реакциялар

- тәбет жойылуы, диарея, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы

- салмақтың аздап кемуі

- шаршағыштық (әлсіздік)

- бас ауыруы, бас айналуы

- парестезиялар

- артериялық қысымның орташа жоғарылауы

- ауыз қуысы шырышты қабығының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы

- бауыр қызметі көрсеткіштерінің (трансаминаз, әсіресе, АЛТ, сирек – гамма-глутамилтрансфераза (гамма - ГТ), сілтілік фосфатазалар, билирубин жоғарылауы

- креатинфосфокиназа (КФК) деңгейі жоғарылауы

- шаштың қатты түсуі, экзема, терінің құрғауы, бөртпе, қышыну

- тендовагинит, сіңірлердің үзілуі

Жиі (0,1-1%)

- эритроциттер және тромбоциттер санының азаюы (тромбоциттер саны  100 ×109/л)

- қандағы калийдің, фосфаттардың деңгейі төмендеуі

-мазасыздық, жоғары үрейшілдік

- дәм сезудің бұзылуы

- есекжем

- қандағы холестериннің, үшглицеридтердің деңгейі жоғарылауы

Сирек (0,01-0,1%)

- эозинофилия, лейкопения, панцитопения

- жоғары артериялық қысымның ауыр түрі

- бауыр жеткіліксіздігі (гепатит, холестаз,сарғаю), өліммен аяқталуға алып келуі мүмкін бауырдың жедел некрозы

- жұқпаға сезімталдықтың жоғары болуы, оның ішінде оппортунистікке (ішінара, ринит, бронхит және пневмония), сондай-ақ ауыр жұқпаларға, оның ішінде өліммен аяқталуы мүмкін сепсис

- өкпенің интерстициальді ауруы, оның ішінде өліммен аяқталуы мүмкін интерстициальді пневмонит. Жөтел және ентігу емді тоқтатуға және одан әрі тексеру жүргізуге негіз болуы мүмкін

Өте сирек (0,001% және одан аз)

- агранулоцитоз

- ауыр аллергиялық реакциялар, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема

- васкулит

- шеткергі нейропатия

- панкреатит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне өте жоғары сезімталдық

- бауыр жеткіліксіздігі

- ауыр иммунитет тапшылығы жай-күйі (оның ішінде СПИД)

- сүйек кемігі қызметінің айқын бұзылуы немесе басқа себеп салдарынан болатын анемия, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения (ревматоидтық немесе немесе псориаздық артриттен басқа)

- ауыр жұқпалар

- орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі

- ауыр гипопротеинемия (оның ішінде нефротикалық синдромда)

- жүктілік, Элафрамен ем уақытында және одан кейін ұрықтануға қарсы сенімді заттар қолданбайтын бала тууға қабілетті жастағы әйелдер

  • емшекпен емізу кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

  • тұқым қуалайтын лактоза, галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жағымсыз реакциялардың күшеюі гепатоуытты немесе гематоуытты препараттарды жақын арада немесе қатарлас қолдану жағдайында немесе бұл препараттарды қабылдауды «шайып кетіру» емшарасынсыз лефлуномидпен емдеуден кейін бастағанда орын алуы мүмкін. Лефлуномид (10-20 мг/тәулік) және метотрексаттың (аптасына 10-25 мг) арасында фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталмаған. Лефлуномид және үш фазалы пероральді контрацептивтерді, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП), глюкокортикостероидтарды, циметидин, рифампицинді бір мезгілде қолданғанда клиникалық елеулі өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Зерттеулер in vitro лефлуномидтің А771726 метаболиті P450 2С9 цитохромының белсенділігін бәсеңсітетінін көрсетті. Лефлуномидті осы ферменттік жүйемен метаболизденетін препараттармен (фенитоин, варфарин, толбутамид) сақтықпен тағайындау керек.

Циметидинмен (Р450 цитохромының спецификалық емес тежегіші) өзара әрекеттесуін зерттеу елеулі өзара әрекеттесу жоқтығын дәлелдейді. Лефлуномидтің бір реттік дозасын рифампициннің (Р450 цитохромының спецификалық емес индукторы) көп реттік дозасын қабылдаған емделушілерге қатарлас енгізуден кейін А771726 ең жоғары деңгейі шамамен 40%-ға өсті, ал концентрация-уақыт (AUC) қисығы астындағы аудан елеулі өзгермеді. Бұл әсердің механизмі түсініксіз.

Лефлуномид қабылдаушы науқастарға колестирамин немесе белсенділендірілген көмір беру ұсынылмайды, өйткені бұл қан плазмасындағы А771726 (лефлуномидтің белсенді метаболиті) концентрациясының жылдам және елеулі төмендеуіне алып келеді. Бұл А771726 бауырдағы және аш ішектегі рециркуляциясы бұзылуымен және/немесе оның асқазан-ішек диализі бұзылуымен байланысты деп саналады.

Лефлуномидті әйел жынысты дені сау еріктілерге құрамында 30 мкг этинилэстрадиол бар үш фазалы пероральді ұрықтануға қарсы дәрілермен қоса берген зерттеулерде таблетканың контрацептивтік әсерінің ешбір төмендегені анықталмады, ал А771726 фармакокинетикасы алдын ала қарастырылған диапазонға толығымен сәйкес келді.

Қазіргі уақытта лефлуномидті ревматологияда пайдаланылатын малярияға қарсы препараттармен (мысалы хлорохин және гидроксихлорин), алтын препараттарымен (б/і немесе пероральді), D-пеницилламинмен, азатиопринмен және басқа да иммунодепрессивті ДЗ (метотрексат бұған қосылмайды) үйлестіре қолдануға қатысты мәліметтер жоқ. Кешенді ем жүргізуге байланысты, әсіресе ұзақ уақыт емдеуге қатысты қаупі белгісіз. Емнің бұған ұқсас түрі қосымша немесе тіпті синергиялық уыттылық дамуына (мысалы гепато- немесе гемауыттылығына)) алып келуі мүмкіндігінен бұл препараттың басқа базистік препараттармен (мысалы метотрексатпен) біріктірілімі қолайсыз. Потенциалды миелоуытты агенттерді жуық арадағы қатарлас немесе бір ізді пайдалану гематологиялық әсерінің үлкен дәрежедегі қаупіне байланысты болуы мүмкін. Иммунодепрессанттар жұқпалардың, сондай-ақ қатерлі, әсіресе лимфопролиферативті аурулардың даму қаупін жоғарылатады.

Лефлуномидпен емделу жағдайындағы вакцинацияның әсерлілігі мен қауіпсіздігіне қатысты ешбір клиникалық дерек жоқ. Солай бола тұрса да, тірі вакциналармен вакцинация жүргізу ұсынылмайды. Элафра препаратын оны тоқтатқаннан кейін тірі вакцинамен вакцинациялау жоспарлағанда Т1/2 ұзақтығын ескеру керек.

Айрықша нұсқаулар

Элафра емделушілерге тек мұқият зерттеулерден кейін ғана тағайындалуы мүмкін.

Элафрамен емдеуді бастар алдында артериялық қысымды тексереді және одан әрі қарай оны ауық-ауық тексеріп тұру керек.

Элафра препаратымен емдеуді бастар алдында бұрын гепато- және гематоуытты әсерге ие, ревматоидты артритті емдеуге арналған басқа да базисті дәрілерді қабылдаған емделушілерде жағымсыз әсерлер саны ұлғаюы мүмкіндігі туралы есте ұстау керек.

Лефлуномидтің белсенді метаболиті - А771726 әдетте 1 аптадан 4 аптаға дейінді құрайтын, ұзақ жүретін Т1/2 сипатталады. Лефлуномидтің белсенді метаболиті - А771726 ұзақ жүретін Т1/2 салдарынан тіпті лефлуномидпен ем тоқтатылғаннан кейін де күрделі қолайсыз әсерлер (мысалы, гепатоуыттылық, гемауыттылық немесе аллергиялық реакциялар – төмендегіні қараңыз) туындауы немесе сақталуы мүмкін. Уыттылық дамыған жағдайда, немесе қандай да бір басқа себептермен организмнен А771726 жылдам шығару талап етіледі – «шайып кетіру» емшарасын жүргізу қажет. Клиникалық қажеттілікте бұл емшараны қайталауға болады.

Бауыр тарапынан реакциялар

Элафрамен емдеу уақытында бауырдың ауыр зақымдануының сирек жағдайлары, оның ішінде өліммен аяқталатыны болуы мүмкін. Бұл жағдайлардың көбі емдеудің бастапқы алты айы бойына бақыланды. Бұл қолайсыз әсерлердің лефлуномидпен өзара байланысының себебі анықталмаса да, және көп жағдайларда қауіптің қосымша бірнеше факторлары болса да, емдеуді бақылау бойынша ұсыныстарды дәл орындау міндетті болып саналады.

Элафрамен емдеуді бастар алдында, ал содан кейін емдеудің бастапқы 6 айы бойына әрбір екі апта сайын, соңынан әрбір 8 апта сайын бір рет АЛТ (ГПТ) деңгейі тексерілуі тиіс.

Дозалау режимін түзету бойынша немесе АЛТ (ГПТ) деңгейі жоғарылауының айқындығы және тұрақтылығына байланысты препарат қабылдауды тоқтату бойынша мынадай ұсыныстар бар.

АЛТ (ГПТ) қалыптың жоғарғы шегінен 2-3 есе нақтыланған артуында дозаны тәулігіне 20 мг-дан 10 мг-ға дейін төмендету, егер бұл көрсеткіштерді апта сайын мұқият бақылаған жағдайда Элафраны қабылдауды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Егер АЛТ (ГПТ) қалыптың жоғарғы шегінен 2-3 есе артуы сақталса, немесе егер АЛТ (ГПТ) деңгейінің қалыптың жоғарғы шегінен 3 еседен астам артатын нақтыланған көтерілуі бар болса, Элафраны қабылдау тоқтатылуы тиіс және «шайып кетіру» емшарасын бастау керек. Бауыр ферменттері мониторингін бауыр ферменттері деңгейі қалпына келгенше жалғастыру ұсынылады.

Лефлуномидтің белсенді метаболиті - А771726 ақуыздармен байланыста болғандықтан, және бауыр метаболизмі және өт секрециясы арқылы шығарылады, сондықтан гипопротеинемиясы бар науқастарда қан плазмасындағы А771726 құрамының деңгейі артуы мүмкін деп болжанады.

Қосымша гепатоуыттылық әсері болуы мүмкіндігінен Элафрамен емдеуде алкоголь қабылдаудан аулақ болу ұсынылады.

Гематологиялық реакциялар

Клиникалық толық қан талдауы, лейкоцитарлық формуланы және тромбоциттер санын анықтауды қоса, Элафрамен емдеуді бастағанға дейін, ал содан кейін емдеудің бастапқы 6 айы бойына әрбір екі апта сайын, соңынан әрбір 8 апта сайын жүргізілуі тиіс.

Бұрын анемиясы, лейкопениясы және/немесе тромбоцитопениясы болған науқастарда, сондай-ақ сүйек кемігі қызметі бұзылуы бар немесе сондай бұзылулар даму қаупі бар науқастарда гематологиялық бұзылулар туындау қаупі артады. Осы тектес құбылыстар туындағанда қан плазмасындағы А771726 деңгейін төмендету үшін «шайып кетіру» емшарасын пайдалану керек.

Панцитопенияны қоса, күрделі гематологиялық реакциялар даму жағдайында Элафра препаратын және сүйек кемігінде қан түзілуін бәсеңсітетін кез келген басқа қатарлас препараттарды қабылдауды тоқтату және «шайып кетіру» емшарасын бастау керек.

Басқа емге көшу

Элафра организмде ұзақ сақталатындықтан «шайып кетіру» емшарасын тиісінше жүргізбей басқа базистік препарат (мысалы метотрексат) қабылдауға өту тіпті өткеннен кейін ұзақ уақыт өткен соң да қосымша қауіптің (мысалы кинетикалық өзара әрекеттесу, ағзаның уыттануы) туындау мүмкіндігін ұлғайтуы мүмкін.

Осыған ұқсас түрде гепатоуытты немесе гематоуытты препараттармен (мысалы метотрексатпен) жуырда емдеу жағымсыз әсерлер санын ұлғайтуға алып келуі мүмкін, сондықтан Элафрамен ем бастай отырып, аталған препаратты қабылдауға байланысты болатын барлық оң және теріс аспектілерді мұқият қарастыру керек.

Жұқпалар

Иммуносупрессиялық қасиеттерге ие және Элафраға ұқсас препараттардың оппортунистік жұқпаларды (тек иммунитет төмендеген жағдайда туындатуға қабілетті зеңдерден және микроорганизмдерден туындайтын жұқпалар) қоса, әртүрлі текті жұқпаларды қабылдағыштықты арттыратыны белгілі. Туындаған жұқпалы аурулар әдетте ауыр жүреді және ерте бастан және қарқынды ем жасауды талап етеді. Ауыр жұқпалы аурулар туындағанда Элафрамен емді үзіп және «шайып кетіру» емшарасын бастау қажет болады.

Туберкулездің реактивациялану қаупіне байланысты туберкулинге оң реакциялы науқастарды мұқият бақылау керек.

Аллергиялық реакциялар

Лефлуномид қабылдаған емделушілерде Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некролиз туындауының өте сирек жағдайлары туралы хабарланған. Тері реакциялары және/немесе шырышты қабық тарапынан реакциялар (ойық жаралы стоматит дамуы) туындаған жағдайда Элафра препаратын және сонымен байланысты кез келген басқа препартты қабылдауды тоқтату керек және дереу «шайып кетіру» емшарасын бастау қажет. Препараттың организмнен толық шығарылуына қол жеткізу керек.

Бұған ұқсас жағдайларда Элафра препаратын қайта тағайындауға болмайды.Еркектерге арналған ұсынулар

Элафра қабылдаушы еркектер, ұрыққа әкесі арқылы берілетін уыттылықтың болуы мүмкіндігі туралы білуі тиіс. Ұрық үшін әкесі арқылы берілетін уыттылық қаупі туралы арнайы деректер жоқ. Лефлуноидті еркектер пайдаланғанда фетоуыттылық туындау қаупі (препараттың әке сперматозоидына уытты әсеріне байланысты) туралы деректер жоқ.

Элафра препаратын қолдану кезеңінде сенімді контрацепцияны қамтамасыз ету керек.

Еркектерге бала пайда болуын жоспарлау кезінде болуы мүмкін қаупін ең жоғары дәрежеде азайту үшін Элафра қабылдауды тоқтату керек және «шаю» емшарасын пайдалану керек – 11 күн бойына күніне 3 рет 8 г дозада колестирамин, немесе 11 күн бойына күніне 4 рет 50 г белсендірілген көмір ұнтақ тағайындайды. Басында қан плазмасындағы А771726 белсенді метаболиттің концентрациясын өлшейді. 14 күннен кейін плазмалық концентрацияны А771726 қайтадан анықтайды. Екі концентрация да 0,02 мг/л төмен болса -

фетоуыттылық қаупі өте аз болады.

Әйелдерге арналған ұсынулар

Жүктілік

Лефлуномидтің белсенді метаболиті А771726 дамудың ауыр кемшіліктерін туындатады, сондықтан Элафра препаратын жүктілік уақытында қолдануға болмайды. Бала туатын жастағы әйелдер емдеу барысында және емдеу аяқталғаннан кейін 2 жыл бойына («Күту кезеңін» қараңыз) немесе емдеу аяқталғаннан кейін 11 күнге дейін («Шайып кетіру» емшарасын» қараңыз) тиімді контрацепциялық дәрілер пайдалануы тиіс.

Қандағы лефлуномидтің белсенді метаболиті концентрациясын тез төмендету үшін дәрілерді шығару бойынша емшаралар қосылыстың ұрыққа қаупін азайтуы мүмкін.

Элафрамен ем бастамас бұрын жүктілік бар-жоқтығын анықтау керек. Етеккірдің кез келген іркілісі жағдайында немесе жүктілік бар деп болжауға мүмкіндік беретін кез келген басқа да себептер болуында жүктілікке тест тапсыру үшін дереу дәрігерге ол туралы хабарлауы тиіс екенін науқастарға ескерту керек.

Егер ол оң болса, онда дәрігер мен науқас жүктілікке түсетін қауіпті талқылауы тиіс. Етеккірдің іркілген сәтінде-ақ организмнен дәрілік заттың төменде сипатталған емшара көмегімен шығарылуынан қанда белсенді метаболит концентрациясының тез төмендеуі ұрықтың лефлуномид тарапынан кезігетін қаупін азайтуы мүмкін.

Жүкті болғысы келетін және Элафрамен ем қабылдаушы әйелдерге ұрықтың А771726 (белгіленген концентрация 0,02 мг/л төмен) уытты концентрациясы әсеріне ұшырамайтынына сенімді болуы үшін мынадай емшаралардың бірін жүргізу ұсынылады.

Күту кезеңі

Қан плазмасындағы А771726 концентрациясы ұзақ уақыт бойына 0,02 мг/л астам болуы мүмкін және оның концентрациясы Элафрамен емді тоқтатқаннан кейін 2 жыл өткенде 0,02 мг/л төмен деңгейге дейін азаятыны күтіледі.

А771726 плазмалық концентрациясын бірінші рет күтудің 2 жылдық кезеңі өткен соң өлшейді. Одан әрі қарай, 14 күндік кезеңі өткен соң, одан ерте емес, А771726 плазмалық концентрациясын қайта өлшеу керек. Егер екі өлшем де 0,02 мг/л төмен концентрациясын көрсетсе, онда тератогендік қауіп күтілмейді.

«Шайып кетіру» емшарасы

Элафрамен емдеу тоқтатылғаннан кейін:

- 11 күн бойына күніне 3 рет 8 г дозада колестирамин, немесе 11 күн бойына күніне 4 рет 50 г белсенділендірілген көмір ұнтақ қабылдайды.

«Шаюдың» кез келген емшарасынан кейін аралығы 14 күннен аз болмайтын жеке екі тесттің көмегімен бақылау керек және плазмалық концентрациясының 0,02 мг/л төмен бірінші көрсеткіші мен ұрықтану арасындағы бір жарым айлық күту кезеңін сақтау керек.

Бала көтеруге қабілетті жастағы әйелдерді жүкті болмас бұрын Элафрамен емді тоқтатқан соң 2 жылдық күту кезеңін сақтау қажеттігі туралы хабардар ету керек. Егер сенімді контрацепция жағдайында 2 жылға жуық ұзақтықтағы күту кезеңі ыңғайсыз болса, профилактикалық «шайып кетіру» емшарасын жүргізуге кеңес беріледі.

Колестирамин және белсенділендірілген көмір эстрогендердің және прогестогендердің сіңуіне әсер етуі мүмкін, сондықтан колестирамин және белсенділендірілген көмір ұнтағы көмегімен «шайып кетіру» емшарасы уақытында ішу арқылы қабылдантын контрацепциялық препараттардың сенімділігіне кепілдік болуы мүмкін емес. Контрацепцияның альтернативті әдістерін пайдалану ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналуы сияқты жағымсыз әсерлер туындаған жағдайда науқастың зейін шоғырландыру және талапқа сай реакциялар беру қабілеті бұзылуы мүмкін. Бұндай жағдайларда науқас автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқарудан бас тартуы керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: іш ауыруы, жүрек айнуы, диарея, бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылауы, лейкопения, анемия, қышыну және бөртпе.

Емі: артық дозаланған немесе уыттанған жағдайда организмнің тазалануын тездету үшін колестирамин немесе белсенділендірілген көмір қабылдау ұсынылады. Үш дені сау ерікті ішу арқылы 24 сағат ішінде 8 г-ден күніне 3 рет қабылдаған колестирамин қан плазмасындағы А771726 мөлшерінің деңгейін шамамен 40%-ға -24 сағаттан кейін төмендетті және 48 сағаттан кейін - 49–65%-ға төмендетті. Белсенділендірілген көмірді ішу арқылы (суспензияға айналдырылған ұнтақ) қабылдау немесе асқазан зонды арқылы енгізу (тәулік бойына әрбір 6 сағат сайын 50 г) енгізу плазмадағы А771726 белсенді метаболиттің концентрациясын 24 сағаттан кейін - 37%-ға, 48 сағаттан соң - 48%-ға азайтқаны көрсетілген.

Бұл «шайып кетіру» шарасын клиникалық көрсетілім бойынша қайталауға болады.

Гемодиализбен және созылмалы амбулаторлық перитонеальді диализбен (САПД) жүргізілген зерттеулер лефлуномидтің басты метаболиті - А771726 диализ жолымен шығарылуға қабілетсіз екенін көрсетті.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 таблеткадан пластик құтыға салынған.

Бір құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Хаупт Фарма Мюнстер ГмбХ, Германия

48159, Мюнстер, Шлеебррюггенкамп, 15

Тіркеу куәлігінің иесі

Ромфарм Компани С.Р.Л., Румыния

Отопень, Ероилор к-сі 1А,

тел. +40 21 208 9743, +40 21 208 97 42, факс: +40 21 266 49 38

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Ромфарм Компани» өкілдігі, Алматы қ., Жандосов к-сі, 8А, 806 кеңсе, телефон/факс 8/7272/445126

 

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

393996211477976803_ru.doc 129.5 кб
396933651477977961_kz.doc 157.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники