Экоклав® (125 мг+ 31,25 мг/5 мл)

МНН: Амоксициллин, Клавулановая кислота
Производитель: АВВА РУС ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Амоксициллин в комбинации с ингибиторами бета-лактамаз
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022812
Информация о регистрации в РК: 21.02.2017 - 21.02.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Экоклав®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, 125 мг + 31.25 мг / 5 мл және 250 мг + 62.5 мг / 5 мл

Құрамы

5 мл дайын суспензияның (бір дозалағыш қасық) құрамында:

Белсенді заттар:

125 мг + 31.25 мг / 5 мл

250 мг + 62.5 мг / 5 мл

Амоксициллин тригидраты

(амоксициллинге шаққанда)

144.00 мг

125.00 мг

287.00 мг

250.00 мг

Калий клавуланаты + кремнийдің қостотығы (1:1)

(клавулан қышқылына шаққанда)

74.85 мг

31.25 мг

149.70 мг

62.50 мг,

қосымша заттар: лактулоза, аспартам, ксантан шайыры, кросповидон, сусыз лимон қышқылы, натрий цитрат дигидраты, натрий бензоаты, тальк, құлпынай хош иістендіргіші, маннитол (маннит).

Сипаттамасы

Жемістің әлсіз иісі бар, ақтан ақ дерлік түске дейінгі ұнтақ. Суда ерігеннен кейін ақ дерлік түстен ашық сары түске дейінгі, жеміс иісі бар суспензия түзіледі.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бета-лактамды бактерияға қарсы препараттар. Бета-лактамаза тежегіштерімен біріктірілген пенициллиндер. Клавулан қышқылы + амоксициллин.

АТХ коды J01CR02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Амоксициллин мен клавуланат рН физиологиялық мәні бар сулы ерітінділерде жақсы ериді, ішу арқылы қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан тез әрі толығымен сіңеді. Амоксициллин мен клавулан қышқылының сіңуі препаратты тамақтанудың басында қабылдаған жағдайда ұтымды болмақ. Препаратты ішке қабылдағаннан кейін оның биожетімділігі 70 % құрайды. Препараттың қос компонентінің бейіндері ұқсас және плазмада шектік концентрациясына (Тmax) шамамен 1 сағаттта жетеді. Амоксициллин мен клавулан қышқылының концентрациясы қан сарысуында амоксициллин мен клавулан қышқылын бірге, сонымен қатар әр компонентті бөлек қолдану жағдайындағы сияқты бірдей.

Таралуы

Амоксициллин мен клавулан қышқылы емдік концентрацияларына әр түрлі ағзалар мен тіндерде, интерстициальді сұйықтықта (өкпеде, құрсақ қуысының мүшелерінде, өт қалтасында, май, сүйек және бұлшықет тіндерінде, плевралық, синовиальді және перитонеальді сұйықтықтарда, теріде, өтте, іріңді бөліністерде, қақырықта) жетеді. Амоксициллин мен клавулан қышқылы іс жүзінде жұлын-ми сұйықтығына өтпейді.

Амоксициллин мен клавулан қышқылының плазма ақуыздарымен байланысуы орташа: клавулан қышқылы үшін 25% және амоксициллин үшін 18%. Амоксициллин, көптеген пенициллиндер сияқты емшек сүтімен бөлінеді. Емшек сүтінде, сондай-ақ клавулан қышқылының іздік мөлшерлері анықталған. Сенсибилизация қаупін қоспағанда, емшек еметін сәбилердің денсаулығына жағымсыз ықпал етпейді. Амоксициллин мен клавулан қышқылы плацентарлық бөгет арқылы өтеді.

Метаболизмі

Амоксициллин қабылданған дозасының 10-25%-ына баламалы белсенді емес пенициллин қышқылы түрінде ішінара несеппен шығарылады. Клавулан қышқылы организмде қарқынды 2,5-дигидро-4-(2-гидроксиэтил)-5-оксо-1Н-пиррол-3-карбон қышқылы және 1-амино-4-гидрокси-бутан-2-ге дейін метаболизмге ұшырайды да, несеппен және нәжіспен, сондай-ақ деммен шығарылған ауа арқылы көмірқышқыл газы түрінде шығарылады.

Шығарылуы

Амоксициллин негізінен бүйрек арқылы, ал клавулан қышқылы – бүйректік және бүйректен тыс механизмдер арқылы шығарылады. Ішке 250 мг немесе 125 мг бір дозаны бір рет қабылдағаннан кейін шамамен 60-70% амоксициллин және 40-65% клавулан қышқылы алғашқы 6 сағат ішінде өзгермеген түрде несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Экоклав® – бұл құрамында амоксициллин мен клавулан қышқылы бар, кең ауқымды бактерицидті әсер ететін, бета-лактамазаға төзімді біріктірілген антибиотик.

Амоксициллин – бұл кең ауқымды әсері бар жартылай синтетикалық антибиотик, көптеген грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге қатысты белсенді. Амоксициллин бета-лактамазалар әсерімен ыдырайды және осы ферментті өндіретін микроорганизмдерге әсер етпейді. Амоксициллиннің әсер ету механизмі бактериялардың жасуша жақтаулары пептидогликандарының биосинтезін тежеуіне негізделген, бұл әдетте жасушалар лизисіне және қырылуына әкеледі.

Клавулан қышқылы– бұл бета-лактамат, химиялық құрылымы бойынша пенициллиндерге жақын, пенициллиндер мен цефалоспориндерге төзімділік танытатын микроорганизмдердің бета-лактамазалар энзимдері белсенділігін жоятын қабілеті бар, сол арқылы амоксициллин белсенділігінің жойылуын болдырмайды. Бета-лактамазаларды көптеген грамоң және грамтеріс бактериялар өндіреді. Бета-лактамазалардың әсері патогендерге әсері басталғанға дейін-ақ кейбір бактерияға қарсы препараттардың ыдырауына алып келуі мүмкін. Клавулан қышқылы бактериялардың амоксициллинге сезімталдығын қалпына келтіре отырып, ферменттердің әсерін бөгейді. Атап айтқанда, дәрілік резистенттілігімен жиі байланысты болып келетін плазмидті бета-лактамазаларға қатысты жоғары белсенділікке ие, бірақ 1 типті хромосомалық бета-лактамазаларға қатысты тиімділігі төмендеу.

Экоклавтың® құрамында клавулан қышқылының болуы амоксициллинді бета-лактамазалардың ыдырататын әсерінен қорғайды және оған микроорганизмдерді, әдетте басқа пенициллиндер мен цефалоспориндерге резистентті микроорганизмдерді қоса отырып, оның бактерияға қарсы ауқымын кеңейтеді. Клавулан қышқылы монопрепарат түрінде бактерияға қарсы клиникалық маңызды әсер етпейді.

Төзімділіктің даму механизмі

Экоклавқа® төзімділік дамуының 2 механизмі бар

- B, C, D кластарын қоса, клавулан қышқылының әсер етуіне сезімталдығы жоқ бактериялық бета-лактамазалармен белсенділікті жою

- антибиотиктің микроорганизмге қатысты аффинділігін азайтуға әкелетін пенициллин-байланыстырушы ақуыздар деформациясы

Бактериялық қабырғаның өткізбеушілігі, сондай-ақ помпа механизмдері, әсіресе грамтеріс микроорганизмдердің төзімділігі дамуын туындатады немесе ықпалын тигізеді.

Экоклав® төмендегі микроорганизмдерге бактерицидтік әсер көрсетеді:

Грамоң аэробтар: Enterococcus faecalis, Gardnerella vaginalis, Staphylococcus aureus (метициллинге сезімтал), коагулаза-жағымсыз стафилококктар (метициллинге сезімтал), Streptococcus agalactiae, Streptococcus pneumoniae1, Streptococcus pyogenes және басқа да бета-гемолиздік стрептококктар, Streptococcus viridans тобы

Грамтеріс аэробтар: Capnocytophaga spp., Eikenella corrodens, Haemophilus influenzae, Moraxella catarrhalis, Pasteurella multocida

анаэробтық микроорганизмдер: Bacteroides fragilis, Fusobacterium nucleatum, Prevotella spp.

Ықтималды жүре пайда болған төзімділігі бар микроорганизмдер

Грамоң аэробтар: Enterococcus faecium*

Грамтеріс аэробтар: Escherichia coli, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris

Табиғи төзімділігі бар микроорганизмдер:

грамтеріс аэробтар: Acinetobacter species, Citrobacter freundii, Enterobacter species, Legionella pneumophila, Morganella morganii, Providencia species, Pseudomonas species, Serratia species, Stenotrophomonas maltophilia;

басқалар: Chlamydia trachomatis, Chlamydophila pneumoniae, Chlamydophila psittaci, Coxiella burnetti, Mycoplasma pneumoniae.

* Жүре пайда болған төзімділік болмағанда табиғи сезімталдық

1 Пенициллиндерге төзімді Streptococcus pneumoniae штаммдарын қоспағанда

Қолданылуы

- жедел бактериялық синуситте (диагнозы расталғанда)

- ортаңғы құлақтың жедел қабынуында (жедел отит)

- созылмалы бронхиттің өршуінде (диагнозы расталғанда)

- ауруханадан тыс пневмонияда

- несеп-жыныс жолдарының инфекцияларында (цистит, пиелонефрит)

- тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында (атап айтқанда, целлюлитте, жәндіктер шаққанда, жедел абсцесстер мен жақсүйек-бет маңының флегмоналарында)

- сүйектер мен буындар инфекцияларында (атап айтқанда, остеомиелитте)

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану бойынша ресми нұсқауларды назарға алу керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Экоклавқа® сезімталдық географиялық орналасуы мен уақытына байланысты түрленуі мүмкін. Препаратты тағайындар алдында мүмкіндігінше штаммдар сезімталдығын жергілікті деректерге сәйкес бағалау және әсіресе ауыр инфекциялар жағдайында, нақты пациенттерден үлгілерді жинау және тексеру жолымен сезімталдығын анықтау қажет.

Дозалау режимі жас шамасына, дене салмағына, бүйрек функциясына, инфекциялық агентіне, сондай-ақ инфекцияның ауырлық дәрежесіне байланысты жекелей анықталады.

Экоклав® препаратын тамақтанудың басында қабылдау ұсынылады.

Жүргізілетін емнің уақыты жүргізілетін емге пациенттің жауабына байланысты болады. Кейбір патологиялар (атап айтқанда, остеомиелит) анағаұрлым ұзақ курсты қажет етуі мүмкін. Емдеуді науқастың жай-күйін қайтадан бағаламай, 14 күннен ұзақ жалғастыруға болмайды. Қажет болғанда сатылы ем жүргізілуі мүмкін (басында препаратты вена ішіне енгізу, кейін пероральді қабылдауға көшу).

Туғаннан бастап 12 жасқа дейінгі немесе дене салмағы 40 кг-ден аз балалар

Жасы мен салмағына байланысты дозаны тәулігіне дене салмағына мг/кг немесе дайын суспензияны миллилитрмен көрсетеді.

Ұсынылатын дозалау режимі

- ауырлығы жеңіл және орташа инфекцияларда (қайталанатын тонзиллит, тері және жұмсақ тіндер инфекциялары) 2 қабылдауға бөлінген тәулігіне 25 мг/3,6 мг/кг-ден тәулігіне 45 мг/ 6,4 мг/кг дейін

- барынша күрделі инфекцияларды (ортаңғы отит, синусит, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары) емдеу үшін 2 қабылдауға бөлінген тәулігіне 45 мг/6,4 мг/кг-ден тәулігіне 70 мг/10мг/кг дейін.

- препараттың жоғары дозалары (60 мг/15 мг/кг/тәул.) ауыр инфекциялар– ортаңғы отит, синусит, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары және несеп-жыныс жолдарының инфекциялары дамыған жағдайда тағайындалады.

Дене салмағы 40 кг және одан асқан балаларға ересектердегідей дозалар тағайындау керек.

Суспензияны жұтуы қиындаған ересектерде қолдануға болады.

Ересектер үшін ұсынылатын дозалау режимі: 125 мг + 31.25 мг / 5 мл дозалық 20 мл суспензия немесе тәулігіне 2-3 рет 250 мг + 62.5 мг / 5 мл 10 мл суспензия.

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін амоксициллиннің ең жоғары тәуліктік дозасы - 6 г, 12 жасқа дейінгі балалар үшін – дене салмағына 60 мг/кг.

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін клавулан қышқылының ең жоғары тәуліктік дозасы - 600 мг, 12 жасқа дейінгі балалар үшін - дене салмағына 10 мг/кг.

2 жастан кіші балаларға тәулігіне 40 мг/10 мг/кг жоғары дозада Экоклав® қолдану туралы клиникалық деректер жоқ.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Дозаны түзету амоксициллиннің ең жоғары ұсынылатын дозасына және креатинин клиренсі мәніне негізделген.

Балалар

Креатинин клиренсі

Дозалау режимі

>30 мл/мин

Дозаны түзету қажет емес

10-30 мл/мин

тәулігіне 2 рет 15 мг/3,75 мг/кг (1.2 мл) (ең көбі күніне екі рет500 мг/125 мг (20 мл))

<10 мл/мин

тәулігіне 1 рет 15 мг/3,75 мг/кг (1.2 мл) (ең көбі күніне бір рет 500 мг/125 мг (20 мл))

Гемодиализдегі пациенттер

Дозаны түзету амоксициллиннің ең жоғары ұсынылатын дозасына негізделген.

Балалар: тәулігіне 1 рет 15 мг/3,75 мг/кг (1.2 мл).

Гемодиализ сенасы алдында бір қосымша дозаны 15 мг/3,75 мг/кг (1.2 мл) қабылдау керек. Қандағы Экоклав® белсенді ингредиенттері концентрациясын қалпына келтіру үшін қосымша дозаны 15 мг/3,75 мг/кг (1.2 мл) гемодиализ сенансынан кейін қабылдау керек.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Емдеуді сақтықпен жүргізеді; бауыр функциясына ұдайы мониторинг жүргізіледі.

Суспензияны дайындау тәсілі:

Суспензия тікелей алғаш қолданар алдында дайындалады.

Құтыдағы ұнтақты алдын ала сілкиді, содан соң қайнаған және бөлме температурасына дейін салқындатылған судың аздаған мөлшерін қоса отырып, біртекті суспензия түзілгенше араластырады, содан соң құтыдағы белгіге дейін су қосады. Суспензияны дәл дозалау үшін дозалағыш екіжақты қасықты пайдалану керек, оны әр қолданған сайын сумен жақсылап шаю керек. Сұйылтқаннан кейін суспензияны тоңазытқышта 7 күннен асырмай сақтау керек, бірақ мұздатып қатыруға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі 10-нан ≥ 1, жиі 100-ден ≥ 1  және 10-нан < 1, кейде 1000-нан ≥ 1 және 100-ден < 1, сирек 10000-нан ≥ 1 және 1,000-ден < 1, өте сирек 10000-нан < 1

Жиі

- тері және шырышты жабындар кандидозы

- жүрек айнуы, құсу, диарея

Жүрек айнуы көбіне препараттың жоғары дозаларын қолданғанда кездеседі. Көрініс беру дәрежесін төмендету үшін суспензияны тамақтанудың басында қабылдау ұсынылады.

Жиі емес

- бас айналуы, бас ауыруы

- диспепсия

- АЛТ/АСТ бауыр ферменттері деңгейінің орташа жоғарылауы

- тері бөртпесі, қышыну, есекжем

Cирек

- қайтымды лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения

- мультиформалы эритема

Белгісіз

- қайтымды агранулоцитоз бен гемолиздік анемия, қан кету уақытының және протромбиндік уақыт индексінің ұлғаюы

- ангионевроздық ісіну, анафилаксия; сарысу құю ауруына ұқсас синдром, аллергиялық васкулит

- қайтымды жоғары белсенділік және құрысулар

- антибиотикпен астасқан колит (жалған жарғақшалы және геморрагиялықты қоса)

- түкті қарайған тіл (тілдің жіп тәрізді түктерінің созылмалы гиперплазиясы)

- тіс эмалінің беткейлік қабаты бояуының өзгеруі

- гепатит, холестаздық сарғаю

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, буллёздік эксфолиативтік дерматит, жайылған жедел экзантематоздық пустулёз. Мұндай симптомдар дамыған кезде препаратты қабылдау тоқтатылуы тиіс.

- интерстициальді нефрит, кристаллурия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аса жоғары сезімталдық (соның ішінде цефалоспориндерге және басқа да бета-лактамды антибиотиктерге)

- инфекциялық мононуклеоз

- анамнезінде амоксициллинді-клавулан қышқылын қолдану нәтижесінде сарғаю көріністері немесе бауыр функциясының бұзылуы

- фенилкетонурия (құрамында аспартам бар)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Амоксициллин мен клавулан қышқылын пробеницидпен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Пробеницид амоксициллиннің өзекшелік сөлінісін төмендетеді, сондықтан оларды бірге қолдану сарысуда амоксициллин концентрациясының жоғарылауына және персистерленуіне алып келуі мүмкін, бұл ретте клавулан қышқылының сарысулық концентрациясы өзгермейді.

Диуретиктер, аллопуринол, фенилбутазон, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар және өзекшелік секрецияны бөгейтін басқа да дәрілік заттар амоксициллин концентрациясын жоғарылатады (клавулан қышқылы негізінен шумақтық сүзілу арқылы шығарылады).

Антацидтер, глюкозамин, іш жүргізетін дәрілер амоксициллиннің сіңірілуін баяулатады және төмендетеді; аскорбин қышқылы - арттырады.

Аллопуринол тері бөртпесінің туындау қаупін арттырады.

Әсер ету ауқымы кең басқа да антибиотиктер сияқты амоксициллин мен клавулан қышқылының біріктірілген препараты пероральді контрацептивтердің тиімділігін төмендетуі мүмкін және пациенттерге бұл туралы хабарлау қажет.

Әдебиетте аценокумарол немесе варфаринді және амоксициллинді бірге қолданғанда пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) ұлғайған сирек жағдайлар сипатталады. Амоксициллин мен клавулан қышқылының біріктірілген препаратын тікелей емес антикоагулянттармен қолдану қажет болғанда препаратты тағайындағанда немесе қабылдауды тоқтатқанда протромбиндік уақыт немесе ХҚҚ мұқият мониторинг жүргізілуі тиіс.

Пенициллиндер метотрексаттың шығарылуын төмендетуі мүмкін, бұл оның уыттылығы артуының әлеуетті қаупі болып табылады.

Микофенолат мофетил қабылдайтын пациенттерде Экоклавпен® бірге қолданғанда бастапқы дозаны тағайындағанда микофенол қышқылының белсенді метаболитінің концентрациясы шамамен 50%-ға төмендейді. Бастапқы доза концентрациясы деңгейінің өзгеруі микофенол қышқылының жиынтық экспозициясы концентрациясының өзгеруіне сәйкес келмеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Экоклавпен® емдеуді бастар алдында пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа да бета-лактамды антибиотиктерге бұрын болған аса жоғары сезімталдық реакцияларына қатысты жан-жақты анамнез жинақтау қажет.

Күрделі, ал кейде өлімге әкелетін пенициллиндерге аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық шок) сипатталған, олар көбіне пенициллинге алдында аса жоғары сезімталдығы болған пациенттерде анықталған. Аллергиялық реакция туындаған жағдайда Экоклавпен® емдеуді тоқтату және баламалы емді бастау қажет. Күрделі аса жоғары сезімталдық реакциялар дамыған жағдайда пациентке дереу адреналин енгізу керек. Оксигенотерапия, стероидтарды вена ішіне енгізу және интубацияны қоса, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету қажет болуы мүмкін.

Амоксициллин-сезімтал штаммдар туындатқан аурулар расталған жағдайда амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімінен бас тартып, амоксициллинді бөлек тағайындаған жөн.

Препараттың бета-лактамды компонентіне ықтимал төзімділігінің жоғары қаупі кезінде Экоклавты® қолдану ұсынылмайды. Пенициллиндерге төзімділікке ие Streptococcus pneumoniae туындатқан патологияларды емдеу үшін Экоклав® қолданылмауы тиіс.

Инфекциялық мононуклеозға күдіктенгенде Экоклавты® тағайындамаған жөн, өйткені бұл аурумен пациенттерде амоксициллин тері бөртпесін тудыруы мүмкін, бұл ауруды диагностикалауды қиындатады.

Препаратты бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге тағайындаған кезде немесе жоғары дозаларды пайдаланған кезде құрысу дамуы мүмкін.

Аллопуринол мен амоксициллинді бірге қолдану терінің аллергиялық реакцияларының даму ықтималдығын арттырады.

Экоклавпен® ұзақ емдеу оған сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуімен қатар жүруі мүмкін.

Тіс эмалі түсінің өзгеруінің профилактикасы үшін суспензияны әрбір қабылдаған сайын тісті тазалаған жөн.

Антибиотиктер қолдану аясында ауырлығы жеңілден бастап ауыр дәрежеге дейін түрленген жалған жарғақшалы колиттің даму жағдайлары анықталған. Сондықтан, бұл патологияның антибиотиктер қабылдағанда немесе емдеу курсы аяқталғаннан кейін диареясы болған пациенттерде туындауы мүмкін екендігін ескеру қажет. Ұзақ немесе едәуір диареяның дамуы жағдайында, іш аумағында түйілулер болғанда Экоклавпен® емдеу тоқтатылып, пациенттер әрі қарай тексерілуге жіберілулері тиіс.

Жалпы алғанда, Экоклав® көтере алушылық жақсы және барлық пенициллиндерге тән төменгі уыттылыққа ие. Экоклавпен® ұзақ емдеген кезде мезгіл-мезгіл бүйректің, бауырдың, қан түзу ағзаларының функциясын бағалап отыру ұсынылады.

Экоклав® қабылдайтын пациенттерде анда-санда протромбиндік уақыттың ұзаруы байқалады, сондықтан Экоклав® пен антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдағанда сәйкесінше мониторинг жүргізу қажет.

Экоклавты® бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн. Бауырдың зақымдану белгілері мен симптомдары әдетте емдеу кезінде немесе бастағаннан кейін бірден туындайды, бірақ кейбір жағдайларда емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше апта бойы байқалмауы мүмкін. Әдетте, олар қайтымды. Бауырдың бұзылулары өте күрделі болады, әрі өте сирек жағдайларда өліммен аяқталғаны жайлы хабарланған. Олар әрқашан негізгі күрделі ауруы бар пациенттерде немесе бауырға әсер ету мүмкіндігі зор белгілі препараттарды бір мезгілде қабылдағандарда тіркелген.

Экоклав® қабылдау аясында антибиотикпен-астасқан колиттің даму жағдайлары хабарланған, ол елеусізден бастан өмірге қауіп төндіретін дәрежеге дейін болған. Осыған байланысты антибиотиктерді қабылдау кезінде немесе қабылдағаннан кейін дамыған диареясы бар пациенттерде колиттің даму мүмкіндігін қарастыру қажет. Колит диагнозы расталған кезде, Экоклав® препаратын қабылдау дереу тоқтатылуы қажет; пациент қажетті емдеу жүргізу үшін дәрігермен кеңесуі тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың дозасы аурудың ауырлығына сәйкес түзетілуі тиіс.

Диурезі төмен пациенттерде сирек жағдайда кристаллурия туындауы мүмкін. Амоксициллиннің жоғары дозаларын енгізу кезінде жеткілікті мөлшерде сұйықтық қабылдау және амоксициллин кристалдарының түзілу ықтималдығын азайту үшін талапқа сай диурезді ұстап тұру ұсынылады. Катетер қойылған пациенттердің жағдайын үнемі бағалап отыру қажет.

Амоксициллинмен емдеу кезінде несепте глюкоза құрамын анықтау үшін глюкозаны ферменттік тотықтыру әдістерін пайдалану қажет, әйтпесе ферментті емес әдістер жалған оң нәтижелер алынуына әкелуі мүмкін.

Экоклавта® клавулан қышқылының болуы IgG мен альбуминдердің эритроцит жарғақшасымен спецификалық емес байланысуына себеп болуы мүмкін, бұл жалған-оң Кумбс реакциясына алып келеді.

Экоклав®, ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, құрамында фенилаланин көзі 5.5 мг/ 5 мл аспартам бар. Препаратты фенилкетонуриясы бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Препараттың құрамында мальтодекстрин (глюкоза) бар. Препаратты глюкоза-галактозалық мальабсорбциясы бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Амоксициллин мен клавулан қышқылының біріктірілген препаратын жүктілік кезінде оны қабылдаудан ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтималды қауіптен артатын жағдайда ғана тағайындау керек.

Бір зерттеуде әйелдерде амоксициллин/клавулан қышқылының біріктірілімін қолданумен профилактикалық емдеу жаңа туған нәрестелерде некроздаушы энтероколиттің даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болды. Екі зат та емшек сүтіне бөлініп шығады, сондықтан препаратты оны қабылдаудан ана үшін күтілетін пайдасы бала үшін ықтималды қауіптен артатын жағдайда ғана тағайындау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлердің даму ықтималдығын ескере отырып, көлік құралдарын басқарғанда және қозғалыстағы механизмдермен жұмыс істегенде сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: асқазан-ішек жолы функциясының және су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы.

Емі: симптоматикалық. Гемодиализ тиімді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған 125 мг + 31.25 мг / 5 мл және 250 мг + 62.5 мг / 5 мл ұнтақ.

25 г препараттан белгісі мен бұрандалы пластмасса қақпағы бар, сыйымдылығы 125 мл қоңыр шыны құтыға салынған.

Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

Әр құты дозалағыш екіжақты қасықпен (кішкентайы сыйымдылығы 2.5 мл, үлкені сыйымдылығы 5 мл) және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Дайындалған суспензияны тығыз жабылған құтыда 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Дайын суспензия – 7 күн.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

«АВВА РУС» АҚ, Ресей

610044, Киров қ., Луганская к-сі, 53а үй.

Тел. +7 (8332) 25-12-29.

avva.com.ru

ecoantibiotic.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«АВВА РУС» АҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігіне жауапты ұйымның мекенжайы:

«AVVA Kazakhstan ЖШС, Қазақстан Республикасы

050057, Алматы қ., Бұхар Жырау к-сі, 66/120 үй, 101-2 кеңсе.

Тел. 8 (727) 274-11-17.

e-mail: info@avva-rus.ru

Прикрепленные файлы

Экоклав_инструкция_рус.docx 0.05 кб
экоклав_инструкция_каз.doc 0.12 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники