ЭкоВаг®

Производитель: Бифодан А/С
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Лактобациллы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020314
Информация о регистрации в РК: 20.01.2014 - 20.01.2019

Инструкция

Саудалық атауы

ЭкоВаг®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қынаптық капсулалар

Құрамы

Бір қынаптық капсуланың құрамында

белсенді заттар: Lactobacillus gasseri кем дегенде 108 КТБ және Lactobacillus rhamnosus кем дегенде 108 КТБ;

қосымша заттар: лактитол моногидраты (Е 966), жүгері крахмалы, ксантан шайыры, сусыз глюкоза, магний стеараты;

желатинді капсула құрамы: титанның қостотығы (Е 171), желатин.

Сипаттамасы

Ақ түсті қатты желатинді капсулалар. Капсула ішіндегісі – әлсіз иісі бар және өзіне тән дәмі бар ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер мен микробқа қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер мен микробқа қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілімді қоспағанда). Басқа антисептиктер және микробқа қарсы препараттар. Лактобациллалар.

АТХ коды G01А Х14

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы

ЭкоВаг® қынаптық капсулаларының құрамында тірі сүт-қышқылды бактериялардың екі штаммы бар, олар әдетте дені сау әйелдердің қынаптық флорасында басым түседі: L. gasseri және L. rhamnosus.

Сүт-қышқылды бактериялардың нақты әсер ету механизмі әлі де зерттеліп жатқанмен, оның көп факторлығы көрсетілген. Дені сау әйелдердің қынабында басым түсетін сүт-қышқылды бактериялардың штаммдары сүт қышқылының ферментативті түзілуі есебінен қоршаған ортаның рН төменгі мәндерін демейді, осылайша патогенді микроорганизмдердің колонизациясын және өсуін бәсеңдетеді. Бұдан бөлек, сүт-қышқылды бактериялар өздерінің адгезивті қасиеттерінің және сутегінің асқын тотығы мен бактериоцин өндіріп шығару қабілеттілігінің арқасында жағымсыз микрооргнаизмдердің инвазиясына қарсы әсер етеді.

Қолданылуы

- симптомдары қышыну, құрғау, бөлініс, тітіркену, иіс болып табылатын қынаптық бактериялық флора дисбалансының алдын алу және емдеу

- микробқа қарсы препараттармен емдегеннен кейін табиғи қынаптық микрофлорасын қорғау және қалпына келтіру

Қолдану тәсілі және дозалары

Емі:

Ұйықтар алдында күн сайын 6-8 күн бойы 1 қынаптық капсуладан қынапқа терең енгізеді.

Алдын алу:

- Етеккірден кейін бірден

Ұйықтар алдында күн сайын 4-6 күн бойы 1 қынаптық капсуладан қынапқа терең енгізеді.

- Антибиотиктермен емдегеннен кейін

Ұйықтар алдында күн сайын 6-8 күн бойы 1 қынаптық капсуладан қынапқа терең енгізеді.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек: аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың әсер етуші немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың дәрілермен өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Симптомдары нашарлаған жағдайда немесе 8 күндік емдеу курсынан кейін жақсару байқалмаса, дәрігермен кеңесу керек. Қайталануы дамыған кезде де дәрігерге қаралу ұсынылады.

ЭкоВаг® препараты 12 жастан кіші балаларға қолдануға ұсынылмаған. Жыныстық жағынан жетілген 12 жастан асқан балаларға препаратты дәрігердің тағайындауына сәйкес қолданады.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады. Бактериялық вагинозды емдеу кезінде препараттың тиімділігі көрсетілген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Ақпарат жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан кептіргіші бар полиэтилен қақпақты алюминий сықпада.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқа қаптамада 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Бифодан А/С / Bifodan A/S

Богбиндеривей 6, DK-3390 Хундестед, Дания (Bogbinderivej 6, DK-3390 Hundested, Denmark)

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Сона-Фарм» ЖШҚ, ҚР, Алматы қ-дағы өкілдігі

Алматы қ., Қонаев к-сі, 18 үй, 6,9 кеңсе

тел/факс: +7 (727) 250-71-74

Е-mail: infokz@sona-pharm.com.ua

Прикрепленные файлы

723750881477976784_ru.doc 49.5 кб
195983761477977938_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники