Эквамер® (20 мг/10 мг/10 мг)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Эквамер®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Капсулалар, 10 мг/5 мг/10мг, 10 мг/5 мг/20 мг, 20 мг/10 мг/10 мг,
20 мг/10 мг/20 мг
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек-қантамыр жүйесі. Липид-модификациялаушы препараттар. Гиполипидемиялық препараттар, біріктірілімдері. HMG-CoA-редуктаза тежегіштері, басқа біріктірілімдер. Розувастатин, амлодипин және лизиноприл.
АТХ коды C10BX07
Қолданылуы
Эквамер препараты артериялық гипертензияны және қатар жүретін дислипидемияны емдеген кезде, жағдайы амлодипинді, лизиноприлді және розувастатинді, Эквамер препаратындағы дозалардай, дозада қабылдаумен адекватты түрде бақыланатын ересек пациенттерде орнын алмастыру емі ретінде қолданады:
алғашқы гиперхолестеринемияда (отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемияны қоспағанда, Фредриксон жіктеуі бойынша ІІа типі) немесе аралас гиперхолестеринемияда (Фредриксон жіктеуі бойынша IIb типі), диета және басқа да дәрі-дәрмектік емес әдістері (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағының төмендеуі) жеткіліксіз болғанда;
отбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемияда диетамен емдеуге липидті төмендететін басқа да әдістерге қосымша ретінде немесе диета немесе липидті төмендететін басқа да емнің (мысалы, ТТЛП-аферездің) тиімділігі жеткіліксіз болған кезде;
жоғары қауіп тобындағы пациенттерде негізгі жүрек-қантамыр асқынуларының алғашқы профилактикасында, басқа да қауіп факторларын түзетуге қосымша ретінде.
Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Амлодипинге немесе дигидропиридиннің басқа да туындыларына жоғары сезімталдық.
Лизиноприлге немесе АӨФ басқа тежегіштеріне жоғары сезімталдық.
Розувастатинге жоғары сезімталдық.
Препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық.
Анамнезде ангионевроздық ісіну, соның ішінде АӨФ тежегіштерін қолданудан болған.
Тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну.
Ауыр артериялық гипотензия (систолалық АҚ 90 мм с.б.-нан азырақ).
Шок (кардиогендік шокты қоса).
Сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясы (ауыр аортальді стенозды қоса).
Жедел миокард инфарктісінен кейін жүрек функциясының гемодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз жеткіліксіздігі.
Қант диабеті немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде (ШСЖ 60 мл/мин/1,73 м2-ден азырақ) Эквамер препаратын құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану.
Ангионевроздық ісінудің жоғары қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану.
Белсенді сатыдағы бауыр ауруы, қан сарысуындағы трансминазалар белсенділігінің тұрақты жоғарылауын қоса, сондай-ақ трансаминазалар белсенділігінің кез келген жоғарылауы (қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда, 3 еседен астамға көбірек).
Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (КК минутына 30 мл-ден азырақ).
Миопатия.
Циклоспоринді бір мезгілде қабылдау.
Миоуытты асқынулардың дамуға бейімділігі.
Әйелдерде: жүктілік, емшек емізу кезеңі, контрацепцияның адекватты әдістерінің болмауы.
18 жасқа дейінгі балалар (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ).
Лактозаның жақпаушылығы, лактазаның тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 балл шамасынан жоғары пациенттерде розувастатинді қолдану тәжірибесі жоқ.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Төменде көрсетілген жағдайлардың/аурулардың қандай да бірі болса, препаратты қабылдау басталғанға дейін емдеуші дәрігермен кеңесу қажет:
Қолқа стенозы, митральды стеноз, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия, артериялық гипотензия, цереброваскулярлық аурулар (оның ішінде жедел миокард инфарктісі (және жедел миокард инфарктінен кейін 1 ай ішінде), Принцметал стенокардиясы, синус түйінінің әлсіздік синдромы (айқын көрінген тахикардия немесе брадикардия), дәнекер тінінің ауыр аутоиммундық жүйелі аурулары (оның ішінде: миелосупрессия, қант диабеті, калий жинақтайтын диуретиктерді, калий препараттарын және калий негізіндегі тұз алмастырғыштарды қабылдау, гиперкалиемия, гипонатриемия, бүйрек артерияларының екі жақты стенозы, жалғыз бүйрек артериясының стенозы, бүйректі транспланттаудан кейінгі жай-күй, жеңіл және орташа ауырлық дәрежедегі бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (КК 30-80 мл/мин), азотемия, мембрананы пайдалана отырып гемодиализ, бастапқы гиперальдостеронизм, ас тұзын, жай-күйін шектейтін диета, циркуляцияланатын қан көлемінің төмендеуімен қатар (ОЦК) (оның ішінде ауыр дәрежедегі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5-6 балл) және ауырлығы орташа дәрежедегі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7-9 балл) бауыр функциясының жеткіліксіздігі, CYP3A4 изоферментінің тежегіштерімен немесе индукторларымен бір мезгілде қолдану, алискренмен немесе құрамында алисирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану немесе ААА II (РААС қосарлы блокадасы кезінде артериялық гипотензияның, гиперкалиемияның және бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің жоғары қаупі), гипотиреоз, тұқым қуалайтын бұлшықет ауруларының жеке немесе отбасылық анамнезі және HMG CoA -редуктаза немесе фибраторлардың басқа да тежегіштерін қолданған кезде бұлшықет уыттылығының алдындағы анамнезі, алкогольді теріс пайдалану, розувастатиннің плазмалық концентрациясының жоғарылауы, нәсілдік тиістілігі (қара нәсілді және моңғол нәсілді пациенттер), бір мезгілде фибраттарды қабылдау, анамнездегі бауыр аурулары, сепсис, ауқымды хирургиялық араласу, жарақаттар, ауыр метаболикалық, эндокриндік немесе су-электролиттік бұзылулар, бақыланбайтын құрыс талмалар.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Амлодипин
Басқа дәрілік препараттардың амлодипинге ықпалы
CYP3A4 изоферментінің тежегіштері
Амлодипинді CYP3A4 изоферментінің күшті немесе орташа тежегіштермен (протеаза тежегіштері, зеңге қарсы азолдар тобына жататын препараттар, макролидтер, мысалы, эритромицин немесе кларитромицин, верапамил немесе дилтиазем) бірге қолдану амлодипин концентрациясының едәуір артуына әкелуі және артериялық гипотензияның даму қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Көрсетілген фармакокинетикалық ауытқулардың клиникалық көріністері егде жастағы пациенттерде айқынырақ болуы мүмкін. Осыған байланысты клиникалық жағдайға мониторинг жүргізу және дозаны түзету қажет болуы мүмкін.
Кларитромицин - CYP3A4 изоферментінің тежегіші. Кларитромицинді амлодипин алатын пациенттерде қолдану артериялық гипотензияның даму қаупін арттырады. Кларитромицинді амлодипинмен бір мезгілде қабылдайтын пациенттер мұқият медициналық бақылауда болуы тиіс.
CYP3A4 изоферментінің индукторлары
CYP3A4 изоферментінің белгілі индукторларын бір мезгілде қолданғанда қандағы амлодипин концентрациясы өзгеруі мүмкін. Осы себеппен артериялық қысымды бақылау, сондай-ақ препараттың дозасын бір мезгілде қолдану кезінде және кейін, әсіресе CYP3A4 изоферментінің күшті индукторларымен (мысалы, рифампицинмен, шілтер жапырақты шайқурай препараттарымен) түзету керек.
Амлодипинді грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл кейбір пациенттерде амлодипиннің биожетімділігін арттыруы мүмкін, ол өз кезегінде, гипотензиялық әсерді күшейтуі мүмкін.
Дантролен (инфузиялар)
Гиперкалиемияның даму қаупі салдарынан қатерлі гипертермияның дамуына бейім пациенттерде, сондай-ақ қатерлі гипертермияны емдеген кезде дантроленді вена ішіне енгізуге және кальций өзекшелерінің «баяу» блокаторларын, соның ішінде амлодипинді бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн.
Амлодипиннің басқа дәрілік препараттарға ықпалы
Амлодипин гипертензияға қарсы әсері бар және АҚ төмендету үшін қолданылатын басқа препараттардың гипотензиялық әсерін күшейтеді.
Такролимус
Такролимусты және амлодипинді бірге қолдану қандағы такролимус концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін; осы өзара әрекеттесудің механизмі ақырына дейін зерттелген жоқ. Такролимустың уытты әсеріне жол бермеу үшін амлодипинмен емдеу кезінде такролимустың концентрациясын бақылау және, қажет болса, такролимустың дозасын түзету керек.
Сүтқоректілер жасушаларындағы рапамициннің нысана тежегіштері (mTOR)
mTOR тежегіштері сиролимус, эверолимус, темсиролимус сияқты CYP3A4 изоферментінің субстраттары болып табылады. Амлодипин - CYP3A4 изоферментінің әлсіз тежегіші. Амлодипин mTOR тежегіштерімен бір мезгілде қабылдағанда қандағы mTOR тежегіштерінің концентрациясын арттыруы мүмкін.
Циклоспорин
Бүйрек трансплантациясын басынан кешірген, қандағы циклоспорин концентрациясының жоғарылағаны (орта есеппен, 0%-дан 40%-ға дейін) байқалған пациенттерді қоспағанда, циклоспориннің және амлодипиннің өзара әрекеттесуі туралы мәліметтер жоқ. Амлодипинді қабылдайтын, бүйректі трансплантацияланғаннан кейін пациенттерде циклоспориннің концентрациясына мониторинг жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек, ал қажет болған жағдайда циклоспориннің дозасын төмендету керек.
Симвастатин
Амлодипиннің 10 мг дозасын симвастатиннің 80 мг дозасымен бір мезгілде көп рет қолдану, симвастатинмен монотерапия жүргізумен салыстырғанда, симвастатин концентрациясының 77%-ға артуына әкелді. Сондықтан амлодипинді қабылдап жүрген пациенттерде симвастатиннің тәулігіне 20 мг-нан артық емес дозасын қабылдау керек.
Розувастатин
Амлодипиннің 10 мг дозасын және розувастатиннің 20 мг дозасын бір мезгілде көп рет қолданғанда розувастатиннің AUC мәнінің шамамен 28%-ға және Cmax мәнінің 31%-ға жоғарылағаны байқалды. Өзара әрекеттесуінің дәл механизмі белгісіз. Осы әсер Эквамер препаратын күн сайын қолданғанда клиникалық маңызға иеленбейді деп күтіледі, өйткені ол лизиноприлді, амлодипинді және розувастатинді осы біріктірілімдегі дозаларда қабылдап жүрген пациенттерге ғана қолданылады.
Амлодипин аторвастатиннің, дигоксиннің және варфариннің фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ.
Лизиноприл
Гипотензиялық препараттар
Лизиноприлді гипотензиялық басқа препараттармен (мысалы, нитроглицерин және басқа нитраттар немесе қантамырларды кеңейтетін дәрілер) бірге қолданғанда артериялық қысымның күрт төмендеуі мүмкін (аддитивті әсер).
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінінің (РААЖ) қосарлы блокадасы АӨФ тежегіштерімен, ангиотензин II рецепторларының антагонистерімен немесе алискиренмен бірге қолдану, РААЖ-ға әсер ететін бір ғана препаратты қолданумен салыстырғанда, артериялық гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеуі (бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігін қоса) сияқты жағымсыз құбылыстардың жоғары қаупімен байланысты екендігін көрсетті
Ангионевротикалық ісінудің даму қаупін арттыратын препараттар
Бейтарап эндопептидаза тежегіштері
АӨФ тежегіштерін және рацекадотрилді (энкефалиназаның тежегіші) бір мезгілде қолданған кезде ангионевротикалық ісінудің жоғары қаупі туралы хабарланған.
АӨФ тежегіштерін құрамында сакубитрил (неприлизин тежегіші) бар дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданған кезде ангионевротикалық ісінудің даму қаупі артады, осыған байланысты аталған препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды. АӨФ тежегіштерін құрамында сакубитрил бар препараттарды тоқтатқаннан кейін кемінде 36 сағат өткен соң тағайындаған жөн.
АӨФ тежегіштерін алатын пациенттерге, сондай-ақ АӨФ тежегіштерін тоқтатқаннан кейін 36 сағат ішінде құрамында сакубитрил бар препараттарды тағайындауға болмайды.
Плазминогеннің тіндік белсендіргіштері
Ишемиялық инсульттің тромболитикалық терапиясына алтеплазаны қолданғаннан кейін АӨФ тежегіштерін қабылдаған пациенттерде ангионевротикалық ісіну дамуының жоғары жиілігі анықталды.
Сүтқоректілер (mTOR) жасушаларында (мысалы, темсиролимус, сиролимус, эверолимус) рапамицин нысанасының тежегіштерімен немесе вилдаглиптинмен бір мезгілде қабылдау ангионевротикалық ісінудің даму қаупінің артуына әкелуі мүмкін.
Диуретиктер
Диурездік дәрілерді лизиноприлмен бір мезгілде қабылдау, әдеттегідей, қосымша гипотензиялық әсер береді.
Диуретиктерді қабылдап жүрген немесе жақын арада диуретиктер тағайындалған пациенттерге лизиноприлді тағайындағанда артериялық қысым шамадан тыс төмендеуі мүмкін. Симптомдық гипотензияның даму қаупі лизиноприлмен емдеуді бастағанға дейін диуретик қабылдауды тоқтатқан жағдайда төмендеуі мүмкін.
Құрамында калий бар тағамдық қоспалар, калий жинақтайтын диуретиктер немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштар және қан сарысуындағы калий мөлшерін арттыра алатын басқа да препараттар
Қан сарысуындағы калий мөлшері әдетте қалыпты мән шегінде қалатынына қарамастан, лизиноприл алатын кейбір пациенттерде гиперкалиемия байқалуы мүмкін. Калий жинақтайтын диуретиктермен (спиронолактон, эплеренон (спиронолактон туындысы), триамтерен, амилорид), құрамында калий бар тағамдық қоспалармен, құрамында калий бар тұз алмастырғыштармен бір мезгілде қолданғанда қан сарысуында, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде, калий құрамының елеулі өсуіне әкелуі мүмкін. Лизиноприлді триметоприм және ко-триметоксазол (триметоприм/сульфаметоксазол) сияқты қан сарысуындағы калий мөлшерін арттыратын басқа препараттармен бір мезгілде қабылдаған кезде сақ болған жөн (триметоприм калий жинақтайтын диуретикке ұқсас әрекет ететіні белгілі болғандықтан). Осылайша, жоғарыда аталған препараттармен лизиноприлді бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда препаратты сақтықпен және қан сарысуындағы калий құрамының кезеңдік мониторингімен қолдану керек.
Циклоспорин
АӨФ тежегіштерін және циклоспоринді бір мезгілде қолдану гиперкалиемияға әкелуі мүмкін. Қан сарысуындағы калий құрамының мониторингі ұсынылады.
Гепарин
АӨФ тежегіштерін және гепаринді бір мезгілде қолдану гиперкалиемияға әкелуі мүмкін. Қан сарысуындағы калий құрамының мониторингі ұсынылады.
Егер лизиноприл калий жинақтайтын диуретикпен бір мезгілде қолданылса, диуретик қабылдауымен байланысты гипокалиемия азаяды.
Литий препараттары
Лизиноприлді литий препараттарымен бір мезгілде қолданғанда литийдің организмнен шығарылуының баяулағаны, қан сарысуында литий концентрациясының жоғарылағаны және уытты әсерлердің пайда болғаны байқалады. Тиазидтік диуретиктерді бір мезгілде қабылдау литий уыттылығының даму қаупін арттыруы және АӨФ тежегіштерін қолдану аясында литийдің бұрыннан жоғарылаған уыттылығын күшейтуі мүмкін. Лизиноприлді және литий препараттарын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, бірақ осы біріктірілімді қолдану қажеттілігі айғақталған жағдайда қан сарысуындағы литий концентрациясын мұқият бақылаған жөн.
Тәулігіне ≥3 г доза ацетилсалицил қышқылын қоса, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП)
АӨФ тежегіштерін және қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (мысалы, қабынуға қарсы дәрі ретінде ацетилсалицил қышқылы, циклооксигеназа-2 (ЦОГ-2) тежегіштері және селективті емес ҚҚСП) бір мезгілде қолданғанда гипертензияға қарсы әсері азаюы мүмкін. АӨФ тежегіштерін және ҚҚСП бір мезгілде қабылдау бүйрек функциясының ықтимал жедел жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының бұзылу қаупін ұлғайтуы және, әсіресе бүйрек функциясы бұрыннан төмендеген пациенттерде, қан сарысуындағы калий мөлшерін арттыруы мүмкін. Осы әсерлер әдетте қайтымды. Бұл біріктірілім әсіресе егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындалуы тиіс. Пациенттер сұйықтықты жеткілікті көлемде ішуі тиіс. Бұдан басқа, біріктірілген ем тағайындағаннан кейін бүйрек функциясын бақылау қажеттілігін қарастырған және мұны әрі қарай мезгіл-мезгіл жүргізген жөн.
Алтын препараттары
Құрамында алтын бар инъекциялық препаратты (мысалы, натрий ауротиомалаты) енгізгеннен кейін нитритоидтық реакциялар (вазодилатация симптомдарын, гиперемияны, жүректің айнуын, бас айналуды және өте ауыр болуы мүмкін артериялық гипотензияны қоса) АӨФ тежегіштерімен ем қабылдаған пациенттерде жиі тіркелді.
Трициклді антидепрессанттар / психозға қарсы / ауруды басатын дәрілер
Анестезияға арналған кейбір дәрілерді, трициклдік антидепрессанттарды және психозға қарсы дәрілерді АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолдану артериялық қысымның төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Симпатомиметиктер
Симпатомиметиктер АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін азайтуы мүмкін.
Гипогликемиялық препараттар
АӨФ тежегіштерін және гипогликемиялық препараттарды (инсулиндер, ішке қабылдауға арналған гипогликемиялық препараттар) бір мезгілде қабылдау гипоглиемияның даму қаупімен бірге гипогликемиялық әсерді күшейтуі мүмкін. Осы құбылыстың дамуы біріктірілген емнің алғашқы аптасы ішінде, сондай-ақ бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде көбірек болуы ықтимал.
Ацетилсалицил қышқылы, тромболитиктер, бета-адреноблокаторлар, нитраттар
Лизиноприлді ацетилсалицил қышқылымен (кардиологиялық дозаларда), тромболитиктермен, бета-адреноблокаторлармен және/немесе нитраттармен бір мезгілде қолдануға болады.
Розувастатин
Басқа препараттардың розувастатинге ықпалы
Тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштері
Розувастатин OATP1B1 бауыр басып алу тасымалдағышы мен BCRP эффлюкстік тасымалдаушы ақуызын қоса алғанда, белгілі бір тасымалдаушы ақуыздарға арналған субстрат болып табылады. Осы тасымалдаушы ақуыздардың тежегіштері болып табылатын препараттармен қатар қолдану қан плазмасындағы розувастатин концентрациясының артуымен және миопатия қаупінің ұлғаюына әкелуі мүмкін (1-кестені қараңыз).
Циклоспорин
Розувастатинмен және циклоспоринмен аралас емдеу кезінде розувастатиннің AUC мәні сау пациенттерге қарағанда орташа алғанда 7 есе жоғары болды (1-кестені қараңыз). Розувастатинді циклоспоринмен бірге ем алатын пациенттерге қолдануға болмайды. Бұл препараттарды бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы циклоспорин концентрациясына әсер еткен жоқ.
Протеаза тежегіштері
Өзара әрекеттесудің дәл механизмі белгісіз екендігіне қарамастан, протеаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау розувастатин экспозициясының елеулі артуына әкелуі мүмкін (1-кестені қараңыз). Мысалы, 10 мг розувастатинді және құрамында протеазаның екі тежегіші бар біріктірілген препаратты (300 мг атазанавирді/100 мг ритонавирді) бір мезгілде қолдану дені сау адамдарда розувастатиннің AUC және Сmax мәндерінің, сәйкесінше, шамамен үш есе және жеті есе артуына әкелді. Осыған байланысты розувастатинді және протеаза тежегіштерінің кейбір біріктірілімін бір мезгілде қолдану розувастатин экспозициясының күтілгендей артуына негізделген розувастатин дозасын мұқият таңдағаннан кейін мүмкін болады (1-кестені қараңыз).
Гемфиброзил және басқа да гиполипидемиялық препараттар
Розувастатинді және гемфиброзилді бір мезгілде қолдану розувастатиннің Cmax және AUC екі мәрте ұлғаюына әкелді.
Ерекше өзара әрекеттесулер негізінде фенофибратпен фармакокинетикалық маңызды өзара әрекеттесулер күтілмейді, алайда фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер орын алуы мүмкін. Гемфиброзил, фенофибрат, басқа да фибраттар және гиполипидемиялық дозадағы (≥1 г/тәулік) ниацин (никотин қышқылы) өздігінен немесе HMG CoA-редуктаза тежегіштерімен бірге қолданғанда миопатияның даму қаупін арттырады. 30-40 мг дозасы фенофибратпен бір мезгілде емдегенде қолдануға болмайды. Бұл пациенттерді емдеу кезінде бастапқы доза да 5 мг құрауы тиіс.
Эзетимиб
Розувастатиннің 10 мг дозасын және эзетимибтің 10 мг дозасын бір мезгілде қолдану гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде розувастатиннің AUC мәнінің 1,2 есе артуымен қатар жүрді (1-кестені қараңыз). Розувастатин және эзетимиб арасында фармакодинамикалық өзара әрекеттесулерге байланысты жағымсыз әсерлердің туындау қаупін жоққа шығаруға болмайды.
Антацидтер
Розувастатинді және құрамында алюминий және магний гидроксиді бар антацидтердің суспензияларын бір мезгілде қолдану розувастатиннің плазмалық концентрациясының шамамен 50%-ға төмендеуіне әкеледі. Егер антацидтер розувастатинді қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қолданылса, бұл әсер нашар білінеді. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық маңызы зерттелген жоқ.
Эритромицин
Розувастатинді және эритромицинді бір мезгілде қолдану розувастатиннің AUC(0-t) мәнінің 20%-ға және розувастатиннің Сmax мәнінің 30%-ға азаюына әкеледі. Осындай өзара әрекеттесу эритромицинді қабылдаудан туындаған ішек жиырылуының күшеюі нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Р450 цитохромының изоферменттері
Розувастатин Р450 цитохромының тежегіші немесе изоферменттерінің индукторы болып табылмайды. Бұдан басқа, розувастатин осы ферменттер үшін әлсіз субстрат болып табылады. Сондықтан розувастатиннің P450 цитохромы изоферменттерінің қатысуымен болатын метаболизм деңгейінде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі күтілмейді. Розувастатин және флуконазол (CYP2C9 және CYP3A4 тежегіші) және кетоконазол (CYP2A6 және CYP3A4 тежегіші) арасында клиникалық тұрғыдан өзара әрекеттесу білінген жоқ.
Розувастатиннің дозасын түзетуді қажет ететін дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі (1-кестені қараңыз)
Розувастатиннің дозасын, оның розувастатинге экспозициясын арттыратын дәрілік заттармен бірге қолдану қажет болғанда, түзету керек. Розувастатинмен бірге тағайындалар алдында осы препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу ұсынылады. Сондай-ақ розувастатинге күтілген экспозиция, розувастатинмен өзара әрекеттесетін дәрілік заттарды бір мезгілде тағайындамай-ақ қабылданатын 40 мг дозадағы осындайдан аспауы үшін, розувастатиннің тәуліктік ең жоғары дозасын түзеткен жөн. Мысалы, гемфиброзилмен бір мезгілде қолданғанда розувастатиннің тәуліктік ең жоғары дозасы 20 мг (экспозиция 1,9 есе артады), ритонавирмен/атазанавирмен бірге – 10 мг (экспозиция 3,1 есе артады) құрайды.
1-кесте. Қатар жүргізілетін емнің розувастатиннің экспозициясына ықпалы (AUC, деректер кему ретімен берілген) – жарияланған клиникалық нәтижелер |
||
Қатар жүргізілетін ем режимі |
Розувастатинді дозалау режимі |
Розувастатиннің AUC өзгеруі * |
Циклоспорин 75-200 мг, тәулігіне 2 рет, 6 ай |
Тәулігіне 1 рет 10 мг, 10 күн |
7,1 есе артады |
Регорафениб 160 мг тәулігіне 1 рет, 14 күн |
Бір рет 5 мг |
3,8 есе артады |
Атазанавир 300 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 1 рет, 8 күн |
Бір рет 10 мг |
3,1 есе артады |
Велпатасвир 100 мг тәулігіне 1 рет |
Бір рет 10 мг |
2,7 есе артады |
Омбитасвир 25 мг/паритапревир 150 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 1 рет/дасабувир 400 мг тәулігіне 2 рет, 14 күн |
Бір рет 5 мг |
2,6 есе артады |
Гразопревир 200 мг/элбасвир 50 мг тәулігіне 1 рет, 11 күн |
Бір рет 10 мг |
2,3 есе артады |
Глекапревир 400 мг/пибрентасвир 120 мг тәулігіне 1 рет, 7 күн |
Тәулігіне 1 рет 5 мг, 7 күн |
2,2 есе артады |
Лопинавир 400 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 2 рет, 17 күн |
Тәулігіне 1 рет 20 мг, 7 күн |
2,1 есе артады |
Клопидогрел 300 мг – жүктеме доза, кейіннен 24 сағаттан кейін тәулігіне 75 мг дозаға ауыстыру |
Бір рет 20 мг |
2 есе артады |
Гемфиброзил 600 мг тәулігіне 2 рет, 7 күн |
Бір рет 80 мг |
1,9 есе артады |
Элтромбопаг 75 мг тәулігіне 1 рет, 5 күн |
Бір рет 10 мг |
1,6 есе артады |
Дарунавир 600 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 2 рет, 7 күн |
Тәулігіне 1 рет 10 мг, 7 күн |
1,5 есе артады |
Типранавир 500 мг/ритонавир 200 мг тәулігіне 2 рет, 11 күн |
Бір рет 10 мг |
1,4 есе артады |
Дронедарон 400 мг тәулігіне 2 рет |
Деректер жоқ |
1,4 есе артады |
Итраконазол 200 мг тәулігіне 1 рет, 5 күн |
Бір рет 10 мг |
1,4 есе артады** |
Эзетимиб 10 мг тәулігіне 1 рет, 14 күн |
Тәулігіне 1 рет 10 мг, 14 күн |
1,2 есе артады** |
Фосампренавир 700 мг/ритонавир 100 мг тәулігіне 2 рет, 8 күн ішінде |
Бір рет 10 мг |
Өзгермейді |
Алеглитазар 0,3 мг, 7 күн |
40 мг, 7 күн |
Өзгермейді |
Силимарин 140 мг тәулігіне 3 рет, 5 күн |
Бір рет 10 мг |
Өзгермейді |
Фенофибрат 67 мг тәулігіне 3 рет, 7 күн |
10 мг, 7 күн |
Өзгермейді |
Рифампицин 450 мг тәулігіне 1 рет, 7 күн |
Бір рет 20 мг |
Өзгермейді |
Кетоконазол 200 мг тәулігіне 2 рет, 7 күн |
Бір рет 80 мг |
Өзгермейді |
Флуконазол 200 мг тәулігіне 1 рет, 11 күн |
Бір рет 80 мг |
Өзгермейді |
Эритромицин 500 мг тәулігіне 4 рет, 7 күн |
Бір рет 80 мг |
20 %-ға төмендейді |
Байкалин 50 мг тәулігіне 3 рет, 14 күн |
Бір рет 20 мг |
47 %-ға төмендейді |
* Еселенген өзгеріс түрінде ұсынылған деректер тек розувастатинді бірлескен енгізу мен қабылдау арасындағы қарапайым қатынасты білдіреді. Өзгерістер % ретінде ұсынылған деректер тек розувастатинге қатысты айырмашылық % болып табылады. ** Розувастатиннің түрлі дозаларымен өзара әрекеттесуді зерттеу бойынша бірнеше зерттеулер жүргізілді, кестеде ең маңызды өзгеріс көрсетілген. |
Розувастатиннің басқа препараттарға ықпалы
К дәруменінің антагонистері
HMG CoA -редуктазаның басқа тежегіштерімен бірге болған жағдайдағы сияқты, К дәруменінің антагонистерін (мысалы, варфарин немесе басқа да кумаринді антикоагулянттар) бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде розувастатинмен емдеуді бастау немесе розувастатиннің дозасын арттыру халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) артуына әкелуі мүмкін. Розувстатинді қабылдауды тоқтату немесе дозасын төмендету ХҚҚ азаюын туындатуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ХҚҚ-ға мониторинг жүргізу керек.
Пероральді контрацептивтер/гормонның орнын басу емі (ГОЕ)
Розувастатинді және пероральді контрацептивтерді бір мезгілде қолдану этинилэстрадиолдың AUC және норгестрелдің AUC мәндерін, сәйкесінше, 26%-ға және 34%-ға арттырады. Плазмалық концентрацияның бұлай артуы пероральді контрацептивтердің дозасын таңдағанда ескерілуі тиіс. Розувастатинді және гормонның орнын басу емін бір мезгілде қолдану жөнінде фармакокинетикалық деректер жоқ. Розувастатинді және гормонның орнын басу емін бір мезгілде қолданған кездегі осындай әсерді жоққа шығаруға болмайды. Алайда осындай біріктірілім кеңінен пайдаланылды және пациенттерге жағымдылығы жақсы болды.
Басқа да дәрілік препараттар
Дигоксин
Спецификалық өзара әрекеттесулер кезінде алынған деректер негізінде, дигоксинмен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулер күтілмейді.
Фузид қышқылы
Розувастатинмен және фузид қышқылымен өзара әрекеттесуді зерттеу жүргізілген жоқ. Рабдомиолизді қоса, миопатияның даму қаупі жүйелік қолдануға арналған фузид қышқылының препараттарын статиндермен бірге қолданғанда артуы мүмкін. Осы өзара әрекеттесудің (фармакодинамикалық және/немесе фармакокинетикалық) механизмі белгісіз. Осы біріктірілімді қолданған пациенттерде рабдомиолиздің дамығаны (өліммен аяқталған бірнеше жағдайларды қоса) жөнінде мәлімдемелер бар.
Фузид қышқылымен жүйелі емдеу қажет болған жағдайда розувастатинмен емдеуді тоқтату керек.
Айрықша нұсқаулар
Стационарға жату керек болған жағдайларда, Эквамер препаратын қабылдайтыны жайлы пациент дәрігерге айту керек.
Егер Эквамер препаратының капсуласын қабылдауды ұмытып қалған жағдайда, келесі капсуланы әдеттегі уақытта қабылдау қажет. Препараттың өткізіп алған д
озасының орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдауға болмайды.
Эквамер препаратын қолданған кезде төменде нақты сипатталған препараттың жеке компоненттерін қолдану жөніндегі нұсқауларды ескеру керек.
Амлодипинмен байланысты
Гипертониялық кризде амлодипинді қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерді амлодипинмен емдеуді сақтықпен жүргізген жөн. Жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар (NYHA жіктеуі бойынша III-IV функциональді класс) пациенттердің амлодипин қабылдағанда өкпелердің ісіну жағдайларының саны артқаны анықталды. Жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу үшін амлодипинді қоса, кальций өзекшелерінің «баяу» блокаторларын сақтықпен қолданған жөн, өйткені олар пациенттерді осы тобында жүрек-қантамырлық асқынулардың даму және өлім-жітім қаупін арттыруы мүмкін.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде амлодипиннің жартылай шығарылу кезеңі және AUC мәндері артады, мұндай пациенттер үшін ұсынылған дозалар анықталған жоқ. Амлодипинмен емдеуді ең төмен дозалардан бастау керек. Емдеудің бас кезінде және дозаларды арттырған кезде сақтық танытқан жөн. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны титрлеу баяу және дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізілуі тиіс.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттердің дозасын арттыруды сақтықпен жүргізген жөн.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Пациенттердің осы тобында амлодипинді әдеттегі дозаларда қолдануға болады. Қан плзмасындағы амлодипин концентрацияларының өзгерулері бүйрек функциясының дәрежесімен өзара байланысты емес. Амлодипин гемодиализдің жәрдемімен шығарылмайды.
Лизиноприлмен байланысты
Симптоматикалық артериялық гипотензия
Симптоматикалық гипотензия асқынбаған артериялық гипертензиясы бар пациенттерде сирек кездеседі. Көбіне АҚ айқын төмендеуі диуретиктермен емдеу, тамақта ас тұзының азаюы, диализ, диарея және құсу әсерінен АҚ төмендеген кезде немесе ренин-тәуелді ауыр гипертензиясы бар пациенттерде туындайды. ЖСЖ бар пациенттерде, жүрек функциясының жеткіліксіздігі қатар жүрген кезде де, сонымен қатар ол болмаған кезде де симптоматикалық артериялық гипотензия дамуы мүмкін. Ол «ілмектік» диуретиктердің үлкен дозаларын қолдану, гипонатриемия немесе бүйрек функциясының бұзылуы салдарынан жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде жиі байқалды. Мұндай пациенттерде емдеуді дәрігердің қатаң бақылауымен бастаған жөн (лизиноприлдің және диуретиктердің дозасын таңдауды сақтықпен жүргізу керек). Осындай тәртіпті жүректің ишемиялық ауруы, цереброваскулярлық жеткіліксіздігі бар, АҚ күрт төмендеуі миокард инфарктісіне немесе инсультке әкелуі мүмкін пациенттерге лизиноприлді тағайындаған кезде ұстану қажет.
Артериялық гипотензия пайда болған жағдайда пациентті көлденең жағдайда орналастыру керек, қажет болған жағдайда 0,9% натрий хлорид ерітіндісін көктамыр ішіне енгізу ұсынылады. Өтпелі артериялық гипотензия, әдетте, препаратпен одан әрі емдеу үшін қарсы көрсеткіш болып табылмайды; одан әрі емдеу әдетте гиповолемияны түзету нәтижесінде артериялық қысымды қалпына келтіргеннен кейін асқынусыз өтеді.
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі және қалыпты немесе төмен артериялық қысымы бар кейбір пациенттерде лизиноприл қолданғанда жүйелі артериялық қысым қосымша төмендеуі мүмкін. Бұл нәтиже күтіледі және емдеуді тоқтатуға себеп болып табылмайды. Егер гипотензия клиникалық көріністерге әкелсе, онда дозаны азайту немесе лизиноприлмен емдеуді тоқтату қажет.
Жедел миокард инфарктісі кезінде артериялық гипотензия
Лизиноприлмен емдеуді вазодилататорларды қолданғаннан кейін әрі қарай күрделі гемодинамикалық нашарлау қаупі және жедел миокард инфарктісі бар пациенттерде (систолалық АҚ 100 мм с.б. немесе одан төмен пациенттер, кардиогендік шок бар пациенттерде) бастамау керек. Миокард инфарктісінен кейін алғашқы 3 күн ішінде, егер систолалық АҚ – 120 мм с.б. немесе одан төмен болса, лизиноприлдің дозасы азайтылуы тиіс. Егер систолалық АҚ – 100 мм с.б. немесе төмен болса, лизиноприлдің демеуші дозасы 5 мг дейін немесе уақытша 2,5 мг дейін азайтылуы тиіс. Егер артериялық гипотензия сақталса (систолалық АҚ 1 сағаттан астам бойы 90 мм с.б.-нан азырақ болса), лизиноприлді қолдануды жалғастырмаған жөн.
Аортальді және митральді клапан стенозы/ гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия
АӨФ-тің басқа тежегіштері жағдайындағы сияқты, лизиноприлді митральді клапан стенозы және сол жақ қарыншадан шығатын жолдың обструкциясы (аортальді стеноз немесе гипертрофтялық обструкциялық кардиомиопатия) бар пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн.
Бауыр функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясы бұзылғанда (КК <80 мл/мин) лизиноприлдің бастапқы дозасы КК байланысты, содан кейін пациенттің емге клиникалық жауабы таңдалуы тиіс. Қан сарысуындағы калий құрамын және креатинин шоғырлануын кертартпа бақылау осындай пациенттерді қараудың стандартты медициналық практикасының бір бөлігі болып табылады.
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар пациенттерде артериялық гипотензия АӨФ тежегіштерін тағайындағаннан кейін бүйрек қызметінің одан әрі нашарлауына әкелуі мүмкін. Әдетте мұндай жағдайда қайталанатын жедел бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің дамуы туралы хабарланған.
Бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артерияларының стенозы бар, АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде жиі кездесетін, қан сарысуында мочевина және креатинин концентрацияларының жоғарылағаны байқалды. Мұндай әсер бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде үлкен ықтималдықпен байқалады. Қатар жүретін реноваскулярлық гипертензиясы бар болған жағдайда ауыр артериялық гипотензия және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі қаупі жоғарылайды. Мұндай пациенттерде емдеуді төмен дозаларды пайдалана, және дозаны сақтықпен титрлей отырып, мұқият медициналық қадағалаумен бастаған жөн. Диуретиктер осы жағдайды асқындыруы мүмкін болғандықтан, оларды тоқтату, және лизиноприлмен емдеудің алғашқы аптасы ішінде бүйрек функциясын қадағалау керек.
Бүйректің қандай да бір ілеспелі тамыр аурулары жоқ, артериялық гипертензиясы бар кейбір пациенттерде қан сарысуындағы мочевина мен креатинин концентрациясының жоғарылауы, әдетте, шамалы және қысқа мерзімді, әсіресе лизиноприл мен диуретикті бір мезгілде қолданғанда байқалды. Мұндай әсер бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде үлкен ықтималдықпен байқалады. Дозаны төмендету және/немесе диуретикті және/немесе лизиноприлді жою қажет болуы мүмкін.
Сарысудағы креатининнің 177 мкмоль/л астам концентрациясы және/немесе протеинурия 500 мг/24 сағаттан асатын бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде жедел миокард инфарктісі кезінде лизиноприлмен емдеуді бастауға болмайды. Емдеу кезінде бүйрек функциясының бұзылуы пайда болған жағдайда (сарысудағы креатинин концентрациясы 265 мкмоль/л-ден жоғары немесе бастапқы деңгеймен салыстырғанда екі есе жоғары) дәрігер лизиноприлді қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастыруы тиіс.
Жоғары сезімталдық/ангионевроздық ісіну
Сирек жағдайларда лизиноприлді қоса алғанда, ангиотензин өзгертетін ферменттің тежегіштерін қолдану кезінде беттің, аяқ-қолдың, еріннің, тілдің, көмекейдің және/немесе көмейдің ангионевротикалық ісінуінің дамуы туралы хабарланған. Ісіну кез келген емдеу кезінде дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда лизиноприлді қабылдауды дереу тоқтату қажет, пациент тиісті ем алуы және симптомдар толық шешілгенге дейін стационарда медициналық бақылауда болуы тиіс. Тіпті, тек тіл аймағында ғана ісіну пайда болған жағдайда, тыныс алу функциясының ілеспелі бұзылуынсыз, пациентке ұзақ бақылау қажет болуы мүмкін, себебі антигистаминді препараттармен және кортикостероидтармен емдеу жеткіліксіз болуы мүмкін.
Өте сирек жағдайларда көмейдің немесе тілдің ангионевротикалық ісінуінің дамуына байланысты өліммен аяқталған жағдайлар туралы хабарланған. Тіл, көмекей немесе көмей тартылған пациенттерде, әсіресе анамнезде тыныс алу жолдары саласында хирургиялық әрекет ету болған жағдайда, тыныс алу жолдарының обструкция қаупі жоғары. Мұндай жағдайларда жедел ем көрсетілген, ол адреналин енгізуді және/немесе тыныс алу жолдарының өткізгіштігін ұстап тұруды қамтуы мүмкін. Пациент симптомдары толық және тұрақты шешілгенге дейін қатаң медициналық бақылауда болуы тиіс.
Ангиотензин өзгертетін ферменттің тежегіштері басқа нәсілдердің пациенттеріне қарағанда, қара нәсілге жататын пациенттерде жиі ангионевротикалық ісіну туғызады.
АӨФ тежегіштерімен емдеуге байланысты емес ангионевротикалық ісінуі бұрын байқалған пациенттер ААФ тежегішін қабылдаған кезде ангионевротикалық ісінудің үлкен қаупіне ұшырауы мүмкін.
АӨФ тежегіштерін, ангионевротикалық ісінудің даму қаупінің артуына байланысты, құрамында сакубитрил (неприлизин тежегіші) бар препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Құрамында сакубитрил (неприлизин тежегіші) бар препараттың бірінші дозасын қабылдау лизиноприлдің соңғы дозасынан кейін 36 сағаттан ерте болмауы тиіс. Лизиноприлмен емдеуді құрамында сакубитрил бар препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 36 сағаттан ерте бастаған жөн.
АӨФ тежегіштерін рацекадотрилмен, mTOR тежегіштерімен (мысалы, сиролимус, эверолимус, темсиролимус), сондай-ақ вилдаглиптинмен бір мезгілде қабылдау ангионевротикалық ісінудің даму қаупін арттыруы мүмкін (мысалы, тыныс алу жолдарының немесе тілдің ісінуі, тыныс алу жетіспеушілігімен немесе онсыз). АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде рацекадотрилмен, mTOR тежегіштерімен, сондай-ақ вилдаглиптинмен емдеуді сақтықпен бастау керек.
Гемодиализде жүрген пациенттердің анафилактоидтық реакциялары
Жоғары өткізгіштігі бар (мысалы, AN69) жоғары ағысты диализді мембраналарды пайдалана отырып және бір мезгілде АӨФ тежегішін алатын гемодиализдегі пациенттердің анафилактоидтық реакциялары туралы хабарланады. Мұндай пациенттерде диализді мембрананың немесе басқа класты гипотензивті препараттың басқа түрін пайдалануға назар аудару керек.
Тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) аферезі кезіндегі анафилактоидтық реакциялар
Сирек жағдайларда ТТЛП аферезі кезінде сульфат декстранын қолдана отырып, АӨФ тежегіштерін алатын пациенттерде өмірге қауіпті анафилактоидты реакциялар дамуы мүмкін. Егер аферездің әрбір жүргізілу алдында АӨФ тежегішін қабылдауды уақытша тоқтатса, мұндай реакцияларды болдырмау мүмкін болды.
Десенсибилизация
Десенсибилизация кезінде (мысалы, жәндіктердің уы), АӨФ тежегіштерін алатын пациенттерде тұрақты анафилактоидты реакциялар байқалады. Осы пациенттерде АӨФ тежегіштерімен емдеуді уақытша тоқтату кезінде осындай реакциялардың пайда болуын болдырмау мүмкін болды, алайда олар осы препараттарды кездейсоқ қабылдағанда қайтадан пайда болды.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі
Өте сирек жағдайларда АӨФ тежегіштерімен емдеу аясында өттік сарғаюдың дамып, бауырдың фульминантты некрозына дейін өршуіне және (кейде) өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін. Бұл синдромның даму тетігі зерттелмеген. Сарғаю белгілері пайда болған кезде немесе «бауыр» ферменттерінің белсенділігі айтарлықтай жоғарылаған кезде лизиноприлмен емдеуді тоқтату керек, пациенттер тиісті медициналық бақылауда болуы тиіс.
Нейтропения/агранулоцитоз
АӨФ тежегіштерін қабылдаған пациенттерде нейтропенияның/агранулоцитоздың, тромбоцитопенияның және анемияның дамығаны жөнінде мәлімделді. Салмақ түсіретін басқа да факторларсыз бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде нейтропения сирек дамиды. АӨФ тежегіштерімен емдегеннен кейін нейтропения және агранулоцитоз жоғалды. Лизиноприлді дәнекер тінінің жүйелі аурулары бар пациенттерде, сондай-ақ имммунодепрессиялық ем, аллопуринол немесе прокаинамид қабылдап жүрген, немесе осы асқындыратын факторлардың біріктірілімі бар пациенттерде, әсіресе егер бүйрек функциясы бұзылған болса, аса сақтықпен қолданған жөн. Кейбір пациенттерде күрделі инфекциялар дамыды, олар кейбір жағдайларда антибиотиктермен қарқынды емдеуге келмейді. Егер лизиноприл мұндай пациенттерге қолданылса, онда лейкоциттер санын мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады; бұдан басқа, пациенттерге инфекцияның кез келген белгілерін мәлімдеп отыру ұсынылады.
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы
АӨФ тежегіштерін, II ангиотензин немесе алискрен рецепторларының блокаторларын жанама қолдану артериялық гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының (бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігін қоса) төмендеуі қаупін арттырады деген деректер алынды. АӨФ тежегіштерін, II ангиотензин немесе алискрен рецепторларының блокаторларын құрамдастырылған қолдану есебінен РААЖ қосарлы блокадасы ұсынылмайды.
Егер қосарлы блокада абсолютті түрде қажет болса, онда бүйрек функциясын, электролиттер мөлшерін және артериялық қысым деңгейін мұқият жиі бақылаған кезде емдеуді дәрігердің қадағалауымен жүргізген жөн. Диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде ААФ тежегіштерімен және II ангиотензин рецепторларының антагонистерімен біріктірілген емді қолдануға болмайды.
Нәсілдік тегі
Қара нәсілді пациенттерде ангиотензин өзгертетін ферменттің тежегіштері, нәсілдік тегі басқа пациенттерге қарағанда, ангионевротикалық ісінуді жиі туындатады.
АӨФ-тің басқа тежегіштерімен жағдайда сияқты, қара нәсілді пациенттерде лизиноприл, нәсілдік тегі басқа пациенттерге қарағанда, артериялық қысымның төмендеуіне қатысты тиімдірек болуы мүмкін, бұл артериялық гипертензиядан зардап шегетін қара нәсілді пациенттерде рениннің төмен деңгейі бар жай-күйлердің жоғары жиілігіне байланысты болуы мүмкін.
Жөтел
АӨФ тежегіштерімен емдеу кезінде жөтелдің туындайтыны туралы хабарланады. Әдетте, жөтел құрғақ, тұрақты, және препаратпен емдеуді тоқтатқаннан кейін жоғалатыны байқалды. Жөтелге дифференциациялық диагностика жүргізгенде АӨФ тежегіші қолданудан туындаған жөтелді де ескеру қажет.
Хирургиялық араласым/анестезия
Кең операциялық араласу жүргізілетін пациенттерде немесе артериялық гипотензияға әкелетін препараттармен жалпы анестезия жүргізу кезінде лизиноприл рениннің орнын толтыратын шығарындысынан кейін ІІ ангиотензиннің түзілуін бөгеуі мүмкін. Егер артериялық гипотензия дамыса, жоғарыда келтірілген механизмнің нәтижесінде, айналымдағы қан көлемін ұлғайтумен жоюға болады.
Гиперкалиемия
АӨФ тежегіштері қан сарысуындағы калий құрамының жоғарылауын тудыруы мүмкін, өйткені олар альдостеронның бөгелуін тежейді. Әдетте, бұл әсерді бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде клиникалық елеусіз болады. Дегенмен, бүйрек функциясы бұзылған, 2-ші типті қант диабеті бар пациенттерде немесе құрамында калий бар тағамдық қоспаларды (оның ішінде құрамында калий бар тұзды алмастырғыштар), калий жинақтайтын диуретиктер (мысалы, спиронолактон, триамтерен немесе амилорид) қабылдайтын пациенттерде, сондай-ақ қан сарысуындағы калий құрамының жоғарылауын тудыруы мүмкін басқа препараттарды қабылдайтын пациенттерде (мысалы, гепарин, триметоприм немесе триметоприм/сульфаметоксазол аралас препараты, сондай-ақ ко-тримоксазол, әсіресе, альдостерон антагонистері немесе ангиотензинді рецепторлардың блокаторлары) гиперкалиемия байқалуы мүмкін. Ангиотензин рецепторларының калий жинақтайтын диуретиктері мен блокаторлары АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда қан сарысуындағы калий мөлшерін және бүйрек функциясын тұрақты бақылап отыру керек.
Қант диабеті бар пациенттер
АӨФ тежегішімен емдеудің алғашқы айы ішінде, гипогликемиялық препараттарды ішке қабылдап жүрген немесе инсулин алып жүрген, қант диабеті бар пациенттерде гликемияны мұқият бақылауды жүзеге асырған жөн.
Литий препараттары
Әдеттегідей, литий және лизиноприл препараттарын бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Жүктілік
Жүктілік кезінде АӨФ тежегіштерімен емдеуді бастауға болмайды. Егер АӨФ тежегішімен емдеуді жалғастыру қажет деп танылмаса, жүктілікті жоспарлайтын пациентті жүктілік кезінде қолдану қауіпсіздігінің белгілі бейінімен баламалы гипотензиялық құралдарға ауыстыру керек. Жүктілік расталған жағдайда АӨФ тежегіштерімен емдеуді дереу тоқтатып, қажет болған жағдайда баламалы ем тағайындау керек.
Розувастатинмен байланысты
Бүйрекке әсері
Розувастатинді жоғары дозаларда, әсіресе 40 мг дозада қабылдаған пациенттерде көбіне шығу тегі өзекшелік, әдеттегідей, иммунохроматографиялық тест-жолақша жәрдемімен анықталған өтпелі немесе қысқа мерзімдік протеинурия байқалды. Протеинурия бүйректің жедел немесе үдемелі ауруларының болжамды факторы болып табылған жоқ. Постмаркетингтік кезеңде бүйрек тарапынан күрделі жағымсыз реакциялардың дамуы жөнінде мәлімдемелер жиілігі 40 мг дозаны қолданған кезде жоғары болды. Препаратты 30-40 мг дозада қабылдап жүрген пациенттерді стандартты тексеру кезінде бүйрек функциясына баға беруге көңіл бөлген жөн.
Тірек-қимыл аппаратына әсері
Розувастатинді барлық дозаларда қолданған кезде, әсіресе >20 мг дозаларда, қаңқа бұлшықеттеріне әсері байқалды, мысалы, миалгия, миопатия, сирек жағдайларда рабдомиолиз. Өте сирек жағдайларда эзетимибті HMG CoA -редуктаза тежегіштерімен біріктіріп қолданғанда рабдомиолиз жағдайы орын алды. Фармакодинамикалық өзара әрекеттесуді жоққа шығаруға болмайды және осы препараттарды біріктіріп қолданған кезде сақтық танытқан жөн.
HMG CoA-редуктазаның басқа тежегіштерін қолданған жағдайдағы сияқты, 40 мг дозаны қолданғанда, розувастатинмен емдеумен байланысты рабдомиолиз жағдайларының жиілігі тіркеуден кейінгі тәжірибеде жоғары болды.
Креатинфосфокиназа белсенділігін анықтау
Қарқынды физикалық жүктемелерден кейін немесе КФК белсенділігінің жоғарылауының басқа ықтимал себептері болған кезде креатинфосфокиназаның (КФК) белсенділігін өлшеуге болмайды, себебі бұл нәтижелердің түсіндірілуін бұрмалауға әкелуі мүмкін. Егер КФК белсенділігі бастапқы көрсеткіштен едәуір асып кетсе (қалыпты мәндер ауқымының жоғарғы шекарасына қатысты >5), зерттеуді 5-7 күн ішінде қайталау қажет. Егер қайта зерттеу кезінде КФК белсенділігі бұрынғысынша қалыпты мәндер ауқымының жоғарғы шегінен 5 еседен артық болса, емдеуді бастау ұсынылмайды.
Емдеуді бастағанға дейін
HMG CoA -редуктазаның басқа тежегіштерін қолдану кезіндегі сияқты, розувастатинді тағайындағанда миопатияның/рабдомиолиздің даму қаупінің факторлары бар пациенттерде сақтық танытқан дұрыс. Бұл факторларға мыналар кіреді:
- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі;
- гипотиреоз;
- жеке немесе отбасылық анамнезінде тұқым қуалайтын бұлшықет аурулары;
- анамнезде HMG CoA -редуктазаның басқа тежегішін немесе фибраттарды қолданған кездегі бұлшықет уыттылығы;
- алкогольді шамадан тыс пайдалану;
- жастың 70-тен асуы;
- қан плазмасында розувастатин концентрациясының артуы мүмкін кездегі жағдайлар;
- фибраттарды бір мезгілде қолдану.
Бұл пациенттерді емдеу кезінде емделумен байланысты, ықтимал пайдаға қатысты қауіптерді өлшеу қажет, сондай-ақ клиникалық бақылау ұсынылады. Егер КФК бастапқы белсенділігі айтарлықтай жоғарыласа (қалыпты мәндер диапазонының жоғарғы шекарасына қатысты >5 есе) емдеуді бастау ұсынылмайды.
Емдеу кезінде
Пациенттерден, әсіресе бұл симптомдар жайсыздық сезімімен немесе дене қызуының жоғарылауымен ілесетін болса, шығу тегі түсініксіз бұлшықеттің ауыруы, әлсіздік немесе құрысулар туралы дереу хабарлауды өтінген жөн. Бұл пациенттерді емдеу кезінде КФК белсенділігін қадағалау қажет. КФК белсенділігінің айтарлықтай жоғарылауы кезінде (қалыпты мәндер ауқымының жоғарғы шекарасына қатысты >5 есе) немесе бұлшықет симптомдары қатты білінсе және күні бойы ыңғайсыздық тудырса (егер КФК белсенділігі қалыпты мәндер ауқымының жоғарғы шекарасына қатысты ≤5 есе болса да), емдеуді тоқтату керек. Егер симптомдары жоғалса және КФК белсенділігі қалыпты жағдайға оралса, розувастатиннің немесе HMG CoA -редуктазаның баламалы тежегішін мұқият мониторинг аясында ең аз дозада қайта тағайындауды қарастыру ұсынылады. Симптомдары жоқ пациенттерде КФК белсенділігінің стандартты мониторингі қажет емес.
Розувастатинді қоса, статиналармен емдеу кезінде немесе емдеуді тоқтатқаннан кейін иммуноқұралды некротизирлейтін миопатия (IMNM) жағдайлары туралы өте сирек хабарланған. Клиникалық IMNM проксималды бұлшықеттердің әлсіздігімен және статиналармен емдеуді тоқтатуға қарамастан сақталатын қан сарысуының креатинкиназасының жоғарылауымен сипатталады.
Клиникалық зерттеулерде розувастатинді қабылдағанда және қатар жүргізілетін емде қаңқа бұлшықетіне әсерінің күшею белгілеріне дәлелдеме алынған жоқ. Алайда ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерімен ем алған пациенттерде гемфиброзилді, циклоспоринді, никотин қышқылын, азот фунгицидтерді, протеаза тежегіштерін және макролидтерді қоса алғанда, фиброзил қышқылының туындыларымен бір мезгілде миозиттер мен миопатиялар жиілігінің артуы байқалды. Гемфиброзил ГМГ-КоА-редуктазаның кейбір тежегіштерімен біріктіріп қолданғанда миопатияның туындау қаупін арттырады. Осылайша, розувастатинді және гемфиброзилді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Розувастатинмен және фибратпен немесе никотин қышқылымен біріктірілген емдеу арқылы липидтердің концентрациясын одан әрі өзгертудің артықшылықтарын және осындай комбинацияларды қолданудың әлеуетті қауіптерін мұқият өлшеу қажет. Розувастатиннің 30-40 мг дозасын фибраттармен бір комбинацияда емдеу кезінде қабылдауға болмайды.
Розувастатин жүйелік қолдануға арналған фузид қышқылының препараттарымен бірге немесе фузид қышқылымен емдеуді тоқтатқаннан кейін 7 күн бойы қолданылмауы тиіс. Жүйелік қолдану үшін фузид қышқылының препараттарын қолдану қажетті деп саналатын пациенттерді статиндермен емдеу фузид қышқылымен емдеудің бүкіл кезеңі бойы тоқтатылуы тиіс. Фузид қышқылын және статиндерді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиз жөнінде мәлімдемелер (өліммен аяқталудың бірнеше жағдайларын қоса) бар. Пациентке бұлшықет әлсіздігі, бұлшықеттердің ауыруы немесе жоғары сезімталдық пайда болған кезде дәрігерге шұғыл түрде қаралуға кеңес берген жөн.
Статиндермен емдеу фузид қышқылының соңғы дозасын қабылдағаннан кейін жеті күннен соң қайта басталуы мүмкін.
Төтенше жағдайларда, жүйелік қолдануға арналған фузид қышқылының препараттарын ұзақ қолдану қажет болған кезде, мысалы, ауыр инфекцияларды емдеу үшін, розувастатинді фузид қышқылымен бірге қолдану мүмкіндігін жекелей және қатаң дәрігерлік қадағалаумен жүргізуді қарастыру керек.
Розувастатинді миопатияның дамуына бейім немесе бүйрек функциясының салдарлық жеткіліксіздігінің дамуына бейім жедел, күрделі жағдайлары (мысалы, сепсис, артериялық гипотензия, ауқымды операциялық араласым, жарақат, күрделі метаболизмдік, эндокриндік бұзылу немесе электролиттер теңгерімінің бұзылуы; немесе бақыланбайтын құрысу ұстамалары) бар пациенттерді емдеу үшін қолданбаған жөн.
Бауыр функциясына әсері
HMG CoA -редуктазаның басқа тежегіштерін қолданған жағдайдағы сияқты, алкогольді шамадан тыс пайдаланатын пациенттерге және/немесе анамнезінде бауыр аурулары бар пациенттерге розувастатинді тағайындағанда сақ болу керек.
Емдеуді бастағанға дейін 3 айдан соң бауыр функциясын зерттеу ұсынылады. Егер бауыр трансаминазасының белсенділігі қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе басым болса, розувастатин қабылдауды тоқтатқан немесе дозасын азайтқан жөн. Постмаркетингтік кезеңде бауыр тарапынан күрделі асқынулардың жиілігі (негізінен, бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауын қоса) розувастатиннің 40 мг дозасын қабылдаған пациенттерде жоғары болды.
Гипотиреоз немесе нефроздық синдром салдарынан гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде негізгі ауруларды емдеу розувастатинмен емдеуді бастағанға дейін жүргізілуі тиіс.
Нәсілдік тегі
Моңғол текті нәсілге жататын пациенттерде фармакокинетикалық параметрлері, еуропалық нәсілді пациенттермен салыстырғанда, экспозицияның артқаны білінді.
Протеаза тежегіштері
Розувастатинді және ритонавирі бар протеазаның әртүрлі тежегіштерінің біріктірілімін бір мезгілде қолданғанда розувастатиннің жүйелік экспозициясының артқаны байқалады. Протеаза тежегіштерін алатын АИТВ инфекциясы бар пациенттерде розувастатинді пайдаланған кезде липидтер деңгейінің төмендеу артықшылықтарын да, емдеуді бастаған және протеаза тежегіштерін қабылдаған пациенттерде розувастатин дозасын арттырған кезде плазмадағы розувастатин концентрациясының жоғарылау мүмкіндігін де ескерген жөн. Егер розувастатин дозасы түзетілмеген болса, протеазаның кейбір тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.
Өкпенің интерстициальді ауруы
Айрықша сирек жағдайларда кейбір статиналармен емдеу аясында, әсіресе ұзақ терапия кезінде өкпенің интерстициальді ауруының дамуы туралы хабарламалар орын алды. Осымен байланысты симптомдар ентігу, өнімсіз жөтел және жалпы өзін сезінудің нашарлауы (әлсіздік, дене салмағының төмендеуі және дене қызуының артуы) болуы мүмкін. Өкпенің интерстициальді ауруына күдіктенгенде статиндермен емдеуді тоқтатқан жөн.
Қант диабеті
Қант диабетінің даму қаупі жоғары кейбір пациенттерде статиндердің қандағы глюкоза концентрациясының артуын туындататынына және қант диабетін стандартты емдеу көрсетілген гипергликемияның осындай деңгейін өршітуі мүмкін екендігіне айғақтамалар бар. Алайда, статиндермен емдеу аясында қантамырлық асқынулардың даму қаупінің төмендеуі стантиндермен емдеуді тоқтатуға себеп болмауы тиіс. Қауіп тобындағы (ашқарында глюкозаның концентрациясы 5,6-дан 6,9 ммоль/л-ге дейін, ДСИ > 30 кг/м2, триглицеридтердің жоғары концентрациясы, артериялық гипертензия) пациенттерде клиникалық және биохимиялық көрсеткіштерге ұлттық нұсқауларға сәйкес мониторингті жүзеге асырған жөн.
Эквамер препаратымен байланысты
Лактоза жақпаушылығы
Дозасы 10 мг/5 мг/10 мг және дозасы 20 мг/10 мг/10 мг Эквамер препаратының әрбір капсуласында 48,10 мг лактоза моногидраты бар. Дозасы 10 мг/5 мг/20 мг және дозасы 20 мг/10 мг/20 мг Эквамер препаратының әрбір капсуласында 96,20 мг лактоза моногидраты бар.
Лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер Эквамер препаратын қабылдамағандары жөн.
Азорубин бояғышы
Эквамер препаратының құрамында тағамдық азорубин бояғышы бар.
Азорубин аллергиялық реакциялардың дамуын туындатуы мүмкін.
Күн батар түстес сары бояғышы
Дозасы 10 мг/5 мг/10 мг және 20 мг/10 мг/20 мг Эквамер препаратының құрамында күн батар түстес сары тағамдық бояғышы бар.
Күн батар түстес сары тағамдық бояғышы аллергиялық реакциялардың дамуын туындатуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезінде
Эквамер препаратын жүктілік кезінде қабылдауға болмайды.
Жүктілік кезеңінде Эквамер препаратының әсері жайлы толық мәліметтер жоқ.
Ұрпақты болу жасындағы әйелдер контрацепцияның барабар әдістерін қолдануы тиіс.
Жүктілікті жоспарлау кезінде жүктілік кезінде қолдану қауіпсіздігінің дәлелденген бейінімен балама терапияға өту қажет.
Лизиноприл
АӨФ тежегіштерін жүктіліктің бірінші триместрінде қолдану ұсынылмайды.
АӨФ тежегіштерін жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде қолдануға болмайды
Жүктіліктің бірінші триместрі кезінде АӨФ тежегіштерін қабылдаумен байланысты тератогенділік қаупі туралы эпидемиологиялық деректер сенімді болып табылмайды, алайда, қауіптің аз ғана ұлғаюын жоққа шығаруға болмайды. Егер АӨФ тежегішімен емдеуді жалғастыру қажет деп танылмаса, жүктілікті жоспарлайтын пациенттерді жүктілік кезеңінде қолдану қауіпсіздігінің белгілі бейінімен баламалы гипотензиялық құралдарға ауыстыру керек. Жүктілік расталған жағдайда АӨФ тежегішімен емдеуді дереу тоқтату және қажет болған жағдайда баламалы емдеуді бастау керек.
Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде әйелдерде АӨФ тежегіштерін қолдану фетоуыттылықты (бүйрек функциясының төмендеуі, сусыздану, бас сүйектерінің бітелуінің баяулауы) және неонатальды уыттылықты (бүйрек жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия, гиперкалиемия) индукциялайды. Егер АӨФ тежегіші жүктіліктің екінші триместрінен қолданылса, бүйрек пен бас сүйегінің функцияларын ультрадыбыстық зерттеу ұсынылады. АӨФ тежегіштерін қабылдаған нәрестелерге артериялық гипотензияны уақтылы анықтау үшін мұқият бақылау жүргізу ұсынылады.
Амлодипин
Жүктілік кезінде амлодипинді қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.
Жүктілік кезінде қолдану тек қауіпсіз балама емдеу болмаған кезде, сондай-ақ аурудың өзі ана мен ұрық үшін үлкен қаупімен байланысты болған жағдайларда ұсынылады.
Розувастатин
Холестерин және холестерин биосинтезінің басқа да өнімдері ұрықтың дамуы үшін маңызды болғандықтан, HMG CoA -редуктазаны тежеудің ықтимал қаупі жүктілік кезінде розувастатинді қолданудан пайда асады.
Жүктілік болған жағдайда емдеу процесінде препаратты қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс.
Бала емізу
Эквамер препаратын баланы емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Емізу кезеңінде лизиноприлді қолдану туралы ақпарат жоқ. Амлодипин емшек сүтіне бөлінеді. Ана сүтімен алған амлодипиннің саны орамаралық көлемімен 3-7%-ға, максимуммен 15%-ға бағаланады. Амлодипиннің балаға әсері бағаланбаған.
Розувастатиннің адамның емшек сүтіне өтеді ме жоқ па, ол туралы деректер жоқ.
Фертильділік
Лизиноприлдің, амлодипиннің және розувастатиннің фертильділікке әсері туралы деректер жоқ.
Амлодипин
Кальций арналарының блокаторларын қабылдаған кейбір пациенттерде сперматозоидтардың бастарындағы қайтымды биохимиялық өзгерістер туралы хабарланған. Амлодипиннің фертильділікке әсері туралы деректер жеткіліксіз.
Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалының ерекшеліктері
Көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы жөнінде деректер жоқ. Бас айналу, ұйқышылдық және осыған ұқсас құбылыстар туындайтын АҚ шамадан тыс төмендеуінің мүмкін болуына байланысты, жоғары зейінділікті және реакция жылдамдығын қажет ететін потенциалды қауіпті қызмет түрлерін орындағанда (автомобильді және басқа да тасымалдаушы құралдарды басқару, қозғалыстағы механиздермен жұмыс жасау, диспетчердің және оператордың жұмысы және т.б.) сақтық таныту керек.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Әдеттегідей, белгіленген дозалармен біріктірілген препарат бастапқы ем үшін қолдануға келмейді.
Эквамер препаратын амлодипинді, лизиноприлді және розувастатинді осы препараттағыдай дозаларда қабылдап жүрген ересек пациенттерде, және титрленген оңтайлы демеуші дозалар мынадайды құрайтын пациенттерде орнын алмастыратын ем ретінде қолданады:
Титрленген оңтайлы демеуші дозалар |
Эквамер препараты, капсулалар |
амлодипин – 5 мг, лизиноприл – 10 мг және розувастатин – 10 мг |
10 мг/5 мг/10 мг дозадағы капсулалар |
амлодипин – 5 мг, лизиноприл – 10 мг және розувастатин – 20 мг |
10 мг/5 мг/20 мг дозадағы капсулалар |
амлодипин – 10 мг, лизиноприл – 20 мг және розувастатин – 10 мг |
20 мг/10 мг/10 мг дозадағы капсулалар |
амлодипин – 10 мг, лизиноприл – 20 мг және розувастатин – 20 мг |
20 мг/10 мг/20 мг дозадағы капсулалар |
Эквамер препаратының ұсынылатын дозасы – тәулігіне 1 капсула. Тәуліктік ең жоғары доза – 1 капсула. Эквамер препаратының капсуласын қабылдауды жіберіп алған жағдайда, келесі дозаны әдеттегі уақытында қабылдау қажет. Қабылдауды өткізіп алған препараттың орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдауға болмайды.
Егер препараттың дозасын түзету қажет болса, дозаларды титрлеуді амлодипинді, лизиноприлді және розувастатинді бөлек қолдана отырып, жүргізген жөн.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Эквамер препаратымен емдеу кезінде бүйрек функциясын, қан плазмасындағы калий және натрий мөлшерін бақылау керек. Бүйрек функциясы нашарлаған жағдайда Эквамер препаратын қабылдауды тоқтату керек. Мұндай пациенттерге белсенді компоненттердің бөлек дозаларын жекелей таңдау ұсынылады. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Эквамер препаратының барлық дозасын қолдануға болмайды.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Белсенді сатыдағы бауыр аурулары бар пациенттерге және бауыр функциясының бұзылуы ауыр (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 балл шамасынан көбірек) пациенттерге Эквамер препаратын қолдануға болмайды.
Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін ұсынылатын дозалар анықталған жоқ. Дозаларды таңдауды сақтықпен жүргізген жөн, емдеуді ұсынылған өте төмен дозалардан бастау керек.
Балалар және жасөспірімдер (18 жасқа дейін)
Эквамер препаратының қауіпсіздігі және тиімділігі балалар мен жасөспірімдерде анықталған жоқ.
Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан)
Егде жастағы пациенттерде Эквамер препаратын сақтықпен қолданған жөн.
Жасқа байланысты амлодипиннің және лизиноприлдің тиімділік немесе қауіпсіздік бейінінің өзгеруі жөнінде деректер жоқ. 70 жастан асқан пациенттерді емдеген кезде розувастатиннің ұсынылатын бастапқы дозасы 5 мг құрайды.
Нәсілдік тегі
Моңғол тектес нәсілге жататын пациенттерде жоғары жүйелі экспозиция анықталды. Моңғол тектес нәсілдегі пациенттерді емдегенде розувастатиннің ұсынылатын бастапқы дозасы 5 мг құрайды.
Генетикалық полиморфизм
Генетикалық полиморфизмнің белгілі бір типтері розувастатин экспозициясының артуына әкелуі мүмкін екендігі белгілі. Полиморфизмнің осындай типтерін тасымалдаушы пациенттер үшін розувастатиннің тәуліктік өте төмен дозасы ұсынылады.
Миопатияға бейім пациенттер
Миопатияға бейімділігі бар пациенттерді емдеуде розувастатиннің ұсынылған бастапқы дозасы 5 мг құрайды.
Қатар жүргізілетін ем
Розувастатин әртүрлі ақуыз тасымалдаушыларымен (мысалы, OATP1B1 және BCRP) байланысады. Розувастатинді қан плазмасындағы розувастатиннің концентрациясын тасымалдаушы ақуыздарымен өзара әрекеттесу есебінен арттыратын дәрілік препараттармен (ритонавирдің атазанавирмен, лопинавирмен және/немесе типранавирмен біріктірілуін қоса алғанда циклоспорин, протеазаның кейбір тежегіштері сияқты,) бірге қолданғанда миопатия (рабдомиолизді қоса алғанда) қаупі жоғарылауы мүмкін. Розувастатинмен бірге тағайындалар алдында осы препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу ұсынылады. Мұндай жағдайларда альтернативті ем тағайындау ықтималдылығына немесе розувастатин қабылдауды уақытша тоқтатуға баға берген жөн. Егер жоғарыда көрсетілген препараттарды қолдану қажет болса, розувастатинмен қатар емдеудің пайдасы мен қаупіне баға беру және оның дозаларын төмендету мүмкіндігін қарастыру керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Эквамер препаратын тамақтану уақытына қарамастан қабылдауға болады.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Эквамер препаратын адамда қолданғанда артық дозалануы туралы деректер жоқ.
Амлодипин
Адамда әдейі артық дозалануы туралы деректер шектеулі.
Симптомдар
Қолда бар деректер бойынша артық дозалануы мүмкін рефлекторлық тахикардиямен шамадан тыс шеткері вазодилатация дамуы мүмкін. Сондай-ақ, соның ішінде шоктың дамуымен және өліммен аяқталуымен айқын және, бәлкім, тұрақты артериялық гипотензия жөнінде хабарланған.
Емі
Клиникалық маңызы бар артериялық гипотензия кезінде жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелерінің көрсеткіштерін жиі бақылауды қоса алғанда, жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін қолдау бойынша белсенді іс-шаралар жүргізу, аяқтардың жоғары орналасуын қамтамасыз ету және айналмалы қан мен диурез көлемін бақылау қажет.
Оларды қолдануға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, тамыр тонусы мен артериялық қысымды қалпына келтіру үшін вазопрессорларды енгізу қажет болуы мүмкін. Кальций глюконатты көктамыр ішіне енгізу кальций арналарының блокадасынан туындаған әсерлердің кері дамуына оң әсер етуі мүмкін.
Кейбір жағдайларда асқазанды жуу тиімді болуы мүмкін. Белсенді көмірді 10 мг амлодипинді қабылдағаннан кейін 2 сағатқа дейін қабылдау амлодипиннің сіңу жылдамдығын төмендететіні анықталды.
Амлодипин қан плазмасының ақуыздарымен айтарлықтай байланысатындықтан, диализ тиімді емес.
Лизиноприл
Адамның артық дозалануы туралы деректер шектеулі. АӨФ тежегіштерімен артық дозалануға байланысты симптомдар артериялық гипотензияны, айналым шок, электролит теңгерімінің бұзылуларын, бүйрек функциясының жеткіліксіздігін, гипервентиляцияны, тахикардияны, жүрек қағысының жиілеуін, брадикардияны, бас айналуды, үрей мен жөтелді қамтуы мүмкін.
Артық дозаланғанда физиологиялық ерітіндіні вена ішіне енгізу ұсынылады. Артериялық гипотензия дамыған жағдайда, пациентті аяқтың жоғары қалпымен арқасына жатқызу керек. Тиісті мүмкіндік болған жағдайда, сондай-ақ ІІ ангиотензинді инфузиялық енгізудің және/немесе катехоламиндерді вена ішіне енгізудің орындылығын қарастыруға болады.
Егер препаратты қабылдау жақында болған жағдайда, лизиноприлді шығару үшін шаралар жүргізу қажет (мысалы, құстыру, асқазанды шаю, сорбенттер мен натрий сульфатын енгізу). Лизиноприлді гемодиализ жүргізу арқылы жүйелі қан ағымынан жоюға болады. Медикаментозды терапияға төзімді брадикардия дамыған кезде жасанды ырғақ тасымалдаушының қойылымы көрсетілді. Тіршілік әрекетінің негізгі көрсеткіштерін, электролиттердің құрамын және қан сарысуындағы креатинин концентрациясын тұрақты бақылау қажет.
Розувастатин
Розувастатин артық дозаланғанда арнайы ем жоқ. Артық дозаланғанда симптоматикалық ем және өмірлік маңызды органдар мен жүйелердің функцияларын қолдауға бағытталған іс-шаралар жүргізу ұсынылады. Бауыр қызметі мен КФК белсенділігін бақылау қажет. Гемодиализ тиімді болуы екіталай.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау қажет шаралар
Екі әсер етуші затты бір уақытта алған пациенттерде жағымсыз реакциялардың жиілігі әсер етуші заттардың бірін алған пациенттерде тиісті жиіліктен аспаған. Жағымсыз реакциялар амлодипинді және/немесе лизиноприлді қабылдағанда бұрын тіркелгендерден ерекшеленбеді. Жағымсыз реакциялар әдетте жеңіл, қысқа мерзімді және кей кезде емдеуді тоқтатуға әкеп соқты. Біріктірілген препаратты қабылдау кезінде ең жиі жағымсыз реакциялар бас ауруы (8%), жөтел (5%) және бас айналуы (3%) болды.
Розувастатинмен емдеу кезінде тіркелген жағымсыз реакциялар әдетте әлсіз көрінеді және уақытша сипатқа ие.
Амлодипин
Өте жиі (≥1/10)
ісінулер.
Жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін)
ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыру (әсіресе емнің бас кезінде);
көрудің бұзылулары (диплопияны қоса);
жүрек қағысының күшеюі;
бет терісіне «қан құйылу»;
ентігу;
іштің ауыруы, жүректің айнуы, диспепсия, дефекация ырғағының өзгеруі (диареяны және іш қату);
тобықтың ісінуі, бұлшықеттің құрысулары;
қатты қажығыштық, әлсіздік.
Жиі емес ( ≥ 1/1 000-нан <1/100 дейін)
ұйқысыздық, көңіл-күйдің құбылмалылығы (соның ішінде мазасыздық), депрессия;
естен тану, тремор, дәмнің бұзылуы, гипестезия, парестезия;
құлақтың шуылдауы;
аритмия (соның ішінде брадикардия, қарыншалық тахикардия, жүрекшелер фибрилляциясы);
артериялық гипотензия;
ринит, жөтел;
құсу, ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы;
алопеция, терінің қышуы, бөртпе, есекжем, пурпура, тері жабындары түсінің өзгеруі, гипергидроз, экзантема;
артралгия, миалгия, арқаның ауыруы;
несеп шығарудың жиілеуі, несеп шығарудың бұзылысы, никтурия;
импотенция, гинекомастия;
кеуденің ауыруы, ауыру, дімкәстік;
дене салмағының артуы, дене салмағының төмендеуі.
Сирек ( ≥ 1/10 000-нан <1/1 000 дейін)
cананың шатасуы.
Өте сирек (<1/10 000)
тромбоцитопения, лейкопения;
аллергиялық реакциялар;
гипергликемия;
гипертонус, шеткері нейропатия;
миокард инфарктісі;
васкулит;
панкреатит, гастрит, қызылиек гиперплазиясы;
гепатит, сарғаю, «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы**;
мультиформалы эритема, ангионевроздық ісіну, эксфолиативтік дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, Квинке ісінуі, фотосенсибилизация.
Жиілігі белгісіз
экстрапирамидтік бұзылулар;
уытты эпидермальді некролиз.
* Көбінесе холестазға сәйкес келеді.
Лизиноприл
Жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін)
бас айналу, бас ауыру;
ортостаздық құбылыстар (соның ішінде артериялық гипотензия);
жөтел;
диарея, құсу;
бүйрек функциясының бұзылуы.
Жиі емес ( ≥ 1/1 000-нан <1/100 дейін)
көңіл-күйдің құбылмалылығы, ұйқының бұзылуы, елестеулер;
вертиго, парестезия, дисгевзия;
миокард инфарктісі, жоғары қауіп тобындағы пациенттерде артериялық қысымның айқын төмендеуі салдарынан, тахикардия, жүрек қағысының жиілеуі;
ми қан айналымының жедел бұзылуы, жоғары қауіп тобындағы пациенттерде артериялық қысымның айқын төмендеуі салдарынан, Рейно синдромы;
ринит;
іштің ауыруы, жүректің айнуы, ас қорытудың бұзылуы;
тері бөртпесі, қышыну;
импотенция;
қатты қажығыштық, астения;
қан сарысуында мочевина мен креатинин концентрацияларының жоғарылауы, гиперкалиемия, «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы.
Сирек ( ≥ 1/10 000-нан <1/1 000 дейін)
гемоглобиннің төмендеуі, гематокриттің төмендеуі;
диурезге қарсы гормонның адекватты емес секрециясының синдромы (ДГАСС);
сананың шатасуы;
иіс сезудің бұзылуы;
ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы;
псориаз, есекжем, алопеция, жоғары сезімталдық / ангионевротикалық ісіну: беттің, қолдың және аяқтың, еріннің, тілдің, дауыс қатпарларының және/немесе көмейдің ангионевротикалық ісінуі;
бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, уремия;
гинекомастия;
гипербилирубинемия, гипонатриемия.
Өте сирек (<1/10 000)
сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, гемолиздік анемия, анемия, имфаденопатия;
аутоиммундық аурулар;
гипогликемия;
панкреатит, ішектің ангионевротикалық ісінуі;
бронхтың түйілуі, аллергиялық альвеолит/ эозинофильді пневмония, синусит;
бауыр-жасушалық немесе холестаздық гепатит, сарғаю, бауыр функциясының жеткіліксіздігі;
уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, күлбіреуік, қатты терлеу, терінің жалғанлимфомасы*;
олигурия, анурия.
Жиілігі белгісіз
анафилактикалық / анафилактоидты реакция;
депрессия симптомдары;
естен тану.
** Келесі симптомдардың бірін немесе бірнешеуін қамтитын симптом кешені туралы хабарланған: қызба, васкулит, миалгия, артралгия/артрит, антинуклеарлық антиденелерге (АНА) оң реакция, эритроциттердің шөгу жылдамдығының артуы (СОЭ), эозинофилия және лейкоцитоз, тері бөртпелері, фотосенсибилизация немесе тері жағынан басқа да өзгерістер.
Қауіпсіздік туралы деректер лизиноприл, әдетте, артериялық гипертензиясы бар балалар жасындағы пациенттерге жақсы төзетінін және пациенттердің осы жас тобындағы лизиноприлдің қауіпсіздік профилін ересек пациенттерде лизиноприлдің қауіпсіздік бейінімен салыстыратынын куәландырады.
Розувастатин
Жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін)
қант диабеті1;
бас ауыру, бас айналу;
іш қату, жүректің айнуы, іштің ауыруы;
миалгия;
астения.
Жиі емес ( ≥ 1/1 000-нан <1/100 дейін)
тері бөртпесі, бөртпе, есекжем.
Сирек ( ≥ 1/10 000-нан <1/1 000 дейін)
тромбоцитопения;
жоғары сезімталдық реакциялары, ангионевроздық ісінуді қоса;
панкреатит;
«бауырлық» трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы;
миопатия (миозитті қоса), рабдомиолиз, бұлшықеттің жарылуы, қызыл жегі тәрізді синдром.
Өте сирек (<1/10 000)
полинейропатия, жадының жоғалуы;
сарғаю, гепатит;
артралгия;
гематурия;
гинекомастия.
Жиілігі белгісіз
депрессия;
шеткері нейропатия, ұйқының бұзылуы (ұйқысыздықты және «шым-шытырық» түстер көруді қоса);
жөтел, ентігу;
диарея;
Стивенс-Джонсон синдромы;
сіңірлердің аурулары, бірқатар жағдайларда сіңірлердің асқынып үзілуі, иммунитет арқылы болатын некрозданатын миопатия;
ісіну.
1Жиілік қауіп факторларының болуына немесе болмауына байланысты болады (аш қарынға глюкозаның концентрациясы ≥5,6 ммоль/л, ДСИ >30 кг/м2, триглицеридтердің жоғары концентрациясы, сыртартқысында артериялық гипертензия).
Басқа да HMG CoA -редуктаза тежегіштерін қолданған кездегідей, жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі, негізінен, дозаға байланысты сипатқа ие.
Бүйрекке ықпалы
Розувастатин қабылдаған пациенттерде иммунохроматографиялық тест-жолақша жәрдемімен анықталатын, көбіне шығу тегі өзекшелік, протеинурия байқалды. Несептегі ақуыз мөлшерінің өзгерулері (қалдық мөлшердің ++ және одан жоғары деңгейге дейінгі болуы немесе болмауы) 10 және 20 мг розувастатин қабылдаған пациенттердің 1%-дан азында, және препаратты 40 мг дозада қабылдаған пациенттердің шамамен 3%-да табылды. 20 мг доза қабылдаған пациенттерде несептегі ақуыз мөлшерінің өте аз өзгеруі – қалдық концентрацияның толық болмауы немесе «+» деңгейге дейін болмауы. Көптеген жағдайларда протеинурия емдеуді жалғастыру аясында азайды немесе жоғалды. Протеинурия және бүйректің жедел немесе үдемелі ауруы арасында себептік байланыс байқалған жоқ.
Розувастатин қабылдап жүрген пациенттерде сондай-ақ жиілігі төмен болған гематурия да байқалды.
Қаңқа бұлшықеттеріне ықпалы
Розувастатинді кез келген дозаларда, әсіресе >20 мг дозаларда қабылдаған пациенттерде қаңқа бұлшықеттеріне ықпалы, мысалы, миалгия, миопатия (миозитті қоса) және, сирек жағдайларда, бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен қатар жүретін рабдомиолиз байқалды.
Розувастатин қабылдаған пациенттерде креатинфосфокиназа белсенділігінің дозаға тәуелді жоғарылауы байқалды; көп жағдайларда ол аздаған, симптомсыз және өтпелі болды. Егер креатинфосфокиназа белсенділігі (қалыпты мән ауқымының жоғарғы шегінен >5) жоғарыласа, емдеуді тоқтатқан жөн.
Бауырға ықпалы
HMG CoA -редуктазаның басқа тежегіштерімен емдеген кездегі сияқты, розувастатинмен ем қабылдаған кейбір пациенттерде бауырда трансаминазалар белсенділігінің дозаға байланысты жоғарылауы байқалды; көптеген жағдайларда ол мардымсыз, симптомсыз және өтпелі болды.
HMG CoA -редуктазаның кейбір тежегіштерін қолданған кезде келесі жағымсыз әсерлер жөнінде мәлімделді:
- сексуальді дисфункция;
- төтенше сирек жағдайларда өкпенің интерстициальді ауруы, әсіресе ұзақ емдеген кезде.
Рабдомиолиз, ауыр бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі (негізінен бауыр трансаминазасы белсенділігінің жоғарылауы) жағдайларының жиілігі 40 мг дозаны алған пациенттерде жоғары болды.
Балаларда қолдану
КФК қалыпты мәндер ауқымының жоғарғы шегіне қарағанда 10 есе жоғарылауы және дене жүктемелерінен кейін бұлшық ет симптоматикасы ересектер пациенттерімен салыстырғанда балалар мен жасөспірімдерді 52 апталық клиникалық зерттеуде жиі байқалды. Қалған қауіпсіздік профилінде розувастатин балаларды, жасөспірімдерді және ересек пациенттерді емдеуде ұқсас болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
Бір капсуланың құрамында
10 мг/5 мг/10 мг доза
белсенді заттар: лизиноприл - 10,00 мг (10,88 мг лизиноприл дигидраты түрінде), амлодипин – 5,00 мг (6,94 мг амлодипин бесилаты түрінде), розувастатин - 10,00 мг (10,40 мг кальций розувастатині түрінде).
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (12 түрі), микрокристалды целлюлоза (101 түрі), лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты (А түрі), магний гидроксиді, магний стеараты, Опадрай II 85F32410 сары (құрамында: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172)).
қатты желатинді капсула құрамында: патенттелген көк (Е 131), азорубин (Е 122), «күн батар түстес» сары (Е 110), титанның қостотығы (Е 171), желатин.
10 мг/5 мг/20 мг доза
белсенді заттар: лизиноприл – 10,00 мг (10,88 мг лизиноприл дигидраты түрінде), амлодипин – 5,00 мг (6,94 мг амлодипин бесилаты түрінде), розувастатин – 20,00 мг (20,80 мг кальций розувастатині түрінде).
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (12 түрі), микрокристалды целлюлоза (101 түрі), лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты (А түрі), магний гидроксиді, магний стеараты, Опадрай II 85F32410 сары (құрамында: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172)).
қатты желатинді капсула құрамында: азорубин (Е 122), титанның қостотығы (Е 171), желатин.
20 мг/10 мг/10 мг доза
белсенді заттар: лизиноприл – 20,00 мг (21,76 мг лизиноприл дигидраты түрінде), амлодипин – 10,00 мг (13,88 мг амлодипин бесилаты түрінде), розувастатин – 10,00 мг (10,40 мг кальций розувастатині түрінде).
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (12 типі), микрокристалды целлюлоза (101 типі), лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты (A типі), магний гидроксиді, магний стеараты, Опадрай II 85F32410 сары (құрамында: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172)).
қатты желатинді капсула құрамында: азорубин (Е 122), индигокармин (Е 132), титанның қостотығы (Е 171), желатин.
20 мг/10 мг/20 мг доза
белсенді заттар: лизиноприл – 20,00 мг (21,76 мг лизиноприл дигидраты түрінде), амлодипин – 10,00 мг (13,88 мг амлодипин бесилаты түрінде), розувастатин – 20,00 мг (20,80 мг кальций розувастатині түрінде).
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (12 типі), микрокристалды целлюлоза (101 типі), лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты (A типі), магний гидроксиді, магний стеараты, Опадрай II 85F32410 сары (құрамында: поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е 172)).
қатты желатинді капсула құрамында: патенттелген көк (Е 131), азорубин (Е 122), «күн батар түстес» сары (Е 110), титанның қостотығы (Е 171), желатин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
10 мг/5 мг/10 мг доза
Ашық-қызғылт түсті, өлшемі №1, қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ түсті, екі жақ беті дөңес, дөңгелек 1 таблетка (құрамында лизиноприл және амлодипин бар) және сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, дөңгелек 1 таблетка (құрамында розувастатин бар).
10 мг/5 мг/20 мг доза
Қызғылт түсті, өлшемі №1, қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ түсті, екі жақ беті дөңес, дөңгелек 1 таблетка (құрамында лизиноприл және амлодипин бар) және сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, дөңгелек 2 таблетка (құрамында розувастатин бар).
20 мг/10 мг/10 мг доза
Күлгін түсті, өлшемі №1, қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ түсті, екі жақ беті дөңес, дөңгелек 2 таблетка (құрамында лизиноприл және амлодипин бар) және сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, дөңгелек 1 таблетка (құрамында розувастатин бар).
20 мг/10 мг/20 мг доза
Қою күлгін түсті, өлшемі №0, қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ түсті, екі жақ беті дөңес, дөңгелек 2 таблетка (құрамында лизиноприл және амлодипин бар) және сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, дөңгелек 2 таблетка (құрамында розувастатин бар).
Шығарылу түрі және қаптамасы
ПА/Ал/ПВХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 капсуладан салынған. Пішінді ұяшықты 6 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзім өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші туралы мәліметтер
«Гедеон Рихтер» ААҚ
Венгрия, Н-1103 Будапешт, Дёмрёи к-сі, 19-21
Teл: +361-431-4000, +361-431-4782, +361-431-4985
Факс: +361-431-5944
E-mail: RA.CISRichter@richter.hu
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Гедеон Рихтер» ААҚ
Венгрия, Н-1103 Будапешт, Дёмрёи к-сі, 19-21
Teл: +361-431-4000, +361-431-4782, +361-431-4985
Факс: +361-431-5944
E-mail: RA.CISRichter@richter.hu
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«Гедеон Рихтер» ААҚ ҚР өкілдігі, Алматы қ., Төле Би к-сі 187
E-mail: info@richter.kz; pv@richter.kz (фармакологиялық қадағалау)
Телефон: 8-(7272)-58-26-22, 8-(7272)-58-26-23, 8-701-787-47-01