Эзолект

МНН: Эзомепразол
Производитель: Софаримекс Индустриа Кимика и Фармацевтика Лда
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Esomeprazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№024076
Информация о регистрации в РК: 18.04.2019 - 18.04.2024
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Эзолект

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эзомепразол

Дәрілік түрі

Инъекция және инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 40 мг

Құрамы

Бір құтының ішінде:

белсенді зат 42.60 натрий эзомепразолы (40.00 эзомепразолға баламалы)

қосымша заттар: натрий гидроксиді, динатрий эдетаты.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті кеуекті және біртекті консистенциялы лиофилизат.

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Қышқылдығы бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Ойық жараға қарсы препараттар және гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын емдеуге арналған препараттар. Протонды сорғы тежегіштері. Эзомепразол.

АТХ коды А02ВС05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Таралуы: эзомепразолды 40 мг дозада вена ішіне қайталап енгізгенде, плазмадағы орташа ең жоғары шектегі концентрация шамамен 13,6 мкмоль/л құрайды. AUC мәнінің дозаға байланысты емес артуы вена ішіне эзомепразолды 30-минуттық инфузия түрінде (40 мг, 80 мг және 120 мг) енгізіп, кейіннен 23,5 сағат бойы ұзақ инфузия түрінде (4 мг/сағ. немесе 8 мг/сағ.) енгізгеннен кейін байқалады. Тепе-тең концентрациялардағы таралу көлемі әр кг дене салмағына шаққанда 0,22 л құрайды. Эзомепразол плазма ақуыздарымен 97%-ға байланысады.

Биотрансформациясы: эзомепразол Р450 (CYP) цитохромының қатысуымен толық метаболизденеді. Метаболизимнің негізгі бөлігі спецификалық полиморфты СYР2С19 изомерге байланысты, мұндайда эзомепразолдың гидрокси- және деметилденуі түзіледі. Қалған бөлігінің метаболизмі спецификалық басқа CYP3A4 изотүрдің қатысуымен жүзеге асырылады. Мұндайда плазмада анықталатын негізгі метаболит болып табылатын эзомепразол сульфоны түзеледі. Эзомепразолдың негізгі метаболиттері асқазандағы қышқыл секрециясына ықпалын тигізбейді. Келтірілген фармакокинетикалық параметрлер, негізінен, белсенді CYP2C19 ферменті бар пациенттердегі фармакокинетиканың сипатын көрсетеді.

Шығарылуы: эзомепразолдың метаболиттері несеппен және нәжістермен бөлініп шығады. Несептен өзгермеген эзомепразолдың 1%-дан азы табылады. Препаратты тәулігіне бір рет күн сайын енгізгенде эзомепразол енгізулер арасындағы үзілісте плазмадан толық шығарылады, препараттың жиналып қалуға беталысы байқалған жоқ. Вена ішіне енгізгенде эзомепразолдың жартылай шығарылу кезеңі 1,3 сағатқа жуықты құрайды (дозаны тәулігіне бір рет қайталап енгізгеннен кейін). Берілген параметрлер, негізінен, CYP2C19 ферменті белсенді болған және метаболизмі өзіне тән жолмен жүрген кездегі фармакокинетикасын көрсетеді.

Тұрғындардың жекелеген топтары фармакокинетикасының ерекшеліктері

Метаболизмі баяу пациенттер: тұрғындардың шамамен 2,9 ± 1,5%-да CYP2C19 ферментінің белсенділігі төмендеген. Мұндай пациенттерде эзомепразолдың метаболизмі, негізінен, CYP3A4 жәрдемімен жүзеге асырылады. Метаболизмі баяу жүретін пациенттерде плазмадағы ең жоғары шектегі концентрацияның орташа мәндері шамамен 60%-ға жоғарылады. Байқалған ерекшеліктер эзомепразолдың дозасына және қолдану тәсіліне ықпалын тигізбейді.

Жынысы: эзомепразолдың бір реттік 40 мг пероральді дозасынан кейін орташа жалпы концентрация, еркектерге қарағанда, әйелдерде шамамен 30%-ға жоғары. Эзомепразолды күн сайын қайталап қабылдағаннан кейін гендерлік айырмашылықтар байқалмайды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер: бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерде эзомепразолдың метаболизмі бұзылуы мүмкін. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде эзомепразол метаболизмінің жылдамдығы төмендеген, бұл «концентрация – уақыт» қисығы астындағы ауданның екі еселенуіне әкеледі. Осы деректерді ескере отырып, бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттер үшін эзомепразолдың ең жоғары дозасы тәулігіне 20 мг құрайды және оны арттырмаған жөн. Эзомепразолды тәулігіне бір рет енгізгенде эзомепразолдың және оның негізгі метаболиттерінің жиналып қалу беталысы білінген жоқ.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер: фармакокинетикасына зерттеу бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде жүргізілген жоқ. Өйткені бүйрек арқылы эзомепразолдың өзі емес, ал оның метаболиттері шығарылады, эзомепразолдың метаболизмі бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде өзгермейді деп болжам жасауға болады.

Егде жастағы пациенттер: егде жастағы (71-80 жас) пациенттерде эзомепразолдың метаболизмі елеулі өзгермейді. Жасқа байланысты препарат дозасын түзету қажеттілігі жоқ.

Балалар: натрий эзомепразолының фармакокинетикасы 18 жастан кіші балалар мен жасөспірімдерде зерттелген жоқ.

Фармакодинамикасы

Эзомепразол омепразолдың S-изомері болып табылады және париетальді жасушаларда қышқылдық сорғыны спецификалық бәсеңдету жолымен асқазандағы тұз қышқылының секрециясын төмендетеді. Омепразолдың R- сияқты S-изомерлерінің фармакодинамикалық белсенділігі ұқсас болады.

Әсер ету механизмі: эзомепразол әлсіз негіз болып табылады, асқазанның шырышты қабығының париетальді жасушаларының секрециялық өзекшелерінің өте қышқыл ортасында шоғырланады және белсенді үрге ауысады және қышқылдық сорғының – Н++-АТФаза ферменттеріне әсерін бәсеңдетеді, мұндайда тұз қышқылының базальді де, сонымен қатар стимуляцияланған секрециясы да бәсеңдейді.

Асқазандағы қышқыл секрециясына ықпалы: гастро-эзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА) бар пациенттер эзомепразолды 20-40 мг дозада (5 күн) қабылдағаннан кейін, тәуліктегі 13-17 сағат ішінде асқазанның ішіндегі зат рН-нің орта есеппен 4-тен жоғары болатыны байқалды. Бұл әсер эзомепразолды енгізу жолдарының (пероральді немесе вена ішіне) байланысты болған жоқ. Фармакокинетикалық деректерді талдау, препаратты ішке қабылдағаннан кейін, қышқыл секрециясының бәсеңдеуі мен плазмадағы препарат концентрациясының арасында өзара байланысты анықтауға мүмкіндік берді (баға беру үшін AUC – «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан пайдаланылды).

Қышқыл секрециясының бәсеңдеуі нәтижесінде қол жеткізілген емдік әсер: рефлюкс-эзофагитті емдегенде в/і 40 мг эзомепразолды енгізу арқылы 4 апта емдегеннен кейін жазылу шамамен пациенттердің 78%-да, пероральді түрде 8 апта емдегеннен кейін пациенттердің 93%-да басталады.

Тұз қышқылы секрециясының бәсеңдеуі нәтижесінде қол жеткізілген басқа да әсерлер: секрецияға қарсы препараттарды қабылдау кезеңінде қан сарысуындағы гастриннің мөлшері жоғарылайды, бұл қышқыл секрециясының азаюына әкеледі. Қышқыл секрециясының жоғарылауы қандағы гастрин деңгейінің артуымен байланысты, бұл эзомепразолдың пероральді түрлерін ұзақ қабылдаған кейбір пациенттерде анықталды.

Секрецияға қарсы препараттарды ішке ұзақ қабылдағанда асқазанда без кисталарының түзілуі жиі білінеді. Бұл құбылыстар HCl секрециясының бәсеңдеуі нәтижесінде физиологиялық өзгерістермен жүзеге асырылады. Осы қатерсіз кисталардың жоғалуға да беталысы бар.

Протонды сорғы тежегіштерін қабылдаумен байланысты асқазан қышқылдылығының азаюы асқазан-ішек жолындағы қалыпты микрофлораны бұзады. Протонды сорғы тежегіштерімен емдеу Salmonella және Campylobacter, ал стационарда, мүмкін, Clostridium difficile қоздырғыштарының әсерінен гастроинтестинальді инфекцияның дамуына себеп болуы мүмкін.

Қолданылуы

Ересектер

Пероральді ем жүргізуге мүмкіндік болмаған кезде альтернативті ем ретінде қолданылады:

  • эзофагиті және/немесе рефлюкстің айқын симптомдары бар пациенттерде гастроэзофагеальді рефлюкс ауруында

  • қабынуға қарсы препараттарды (ҚҚСП) қабылдау әсерінен туындаған асқазанның пептикалық ойық жарасын жазу үшін

  • қауіп тобындағы пациенттерде ҚҚСП қабылдаған кезде асқазанның және он екі елі ішектің пептикалық ойық жарасының түзілуіне профилактика жүргізу үшін

  • асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан жедел қан кетуді эндоскопиялық емдеуден кейін пациенттерде қан кетудің қайталануына профилактика жүргізу үшін.

1-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер:

  • препаратты пероральді түрде қабылдау мүмкін болмаған кезде, мысалы, эрозиялық рефлюкс-эзофагиті және/немесе рефлюкстің ауыр симптомдары бар пациенттерде гастроэзофагеальді рефлюкс ауруында (ГЭРА) асқазанды антисекреторлық емдеу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер: пероральді ем жүргізу мүмкін болмаған жағдайда пациенттерге Эзолект препараты парентеральді түрде тәулігіне 1 рет 20 - 40 мг дозада тағайындалуы мүмкін. Рефлюкс-эзофагиті бар пациенттерге Эзолект препаратын тәулігіне 1 рет 40 мг дозада енгізу көрсетілген. ГЭРА-ға симптомдық ем жүргізу үшін Эзолект препараты тәулігіне 1 рет 20 мг дозада қолданылады. ҚҚСП қабылдаумен байланысты пептикалық ойық жараларды емдеу және профилактика жүргізу үшін Эзолект тәулігіне 1 рет 20 мг дозада ұсынылады.

Асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан жедел қан кетуге эндоскопиялық ем жүргізуден кейін пациенттерде қан кетудің қайталануына профилактика жүргізу: асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан жедел қан кетуге эндоскопиялық ем жүргізуден кейін пациенттерде қайталанатын қан кетудің дамуына профилактика жүргізу үшін препараттың дозасы 80 мг құрайды. Бұл дозаны вена ішіне 30 минут бойы баяу енгізеді, содан кейін сағатына 8 мг дозада 3 күн бойы (72 сағат) вена ішіне ұзақ инфузия жүргізеді. Әдеттегідей, Эзолект препаратын вена ішіне енгізу кезеңі ұзаққа созылмайды, пациентті эзомепразолдың пероральді түрге тезірек ауыстыру ұсынылады.

Инъекциялар

40 мг доза: Эзолект препаратының дайындалған ерітіндісі вена ішіне кем дегенде 3 минут бойы енгізіледі.

20 мг доза: Эзолект препаратының дайындалған ерітіндісіның 1/2 бөлігі вена ішіне кем дегенде 3 минут бойы енгізіледі, ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс.

Инфузиялар

40 мг доза: Эзолект препаратының дайындалған ерітіндісі вена ішіне инфузия түрінде 10 - 30 минут бойы енгізіледі.

20 мг доза: Эзолект препаратының дайындалған ерітіндісінің 1/2 бөлігі вена ішіне инфузия түрінде 10 - 30 минут бойы енгізіледі, ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс.

80 мг доза: Эзолект препаратының дайындалған ерітіндісі вена ішіне баяу инфузия түрінде 30 минут бойы енгізіледі.

8 мг/сағ. доза: Эзолект препаратының дайындалған ерітіндісі вена ішіне ұзақ инфузия түрінде 71,5 сағат бойы енгізіледі (инфузияның есептік жылдамдығы – сағатына 8 мг).

Ерекше топтар

Бүйрек функциясының бұзылуы: бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препараттың дозасын түзету қажет емес. Эзолект препаратын қолдану тәжірибеінің шектеулі болуына байланысты, мұндай пациенттерді емдегенде сақтық таныту керек.

ГЭРА бар пациенттерде бауыр функциясының бұзылуы: бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде Эзолект препаратының дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде ең жоғары тәуліктік доза 20 мг құрайды.

Асқазан-ішек жолының қансырап тұрған ойық жарасы бар пациенттерде бауыр функциясының бұзылуы: бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде Эзолект препаратының дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттер вена ішіне тез инфузия түрінде енгізілген бастапқы 80 мг дозадан кейін, 71,5 сағат бойы сағатына 4 мг дозада вена ішіне жасалатын ұзақ инфузиямен шектелгені жөн.

Егде жастағы пациенттер: егде жастағы пациенттерде Эзолект препаратының дозасын түзету қажет емес.

Балалар: инъекция және инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған Эзолект 40 мг препараты 1-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде, олар пероральді препараттарды (ГЭРА емдеу үшін толық циклдің бөлігі ретінде) қабылдай алмаған кезде қолданылуы мүмкін. Емдеудің алғашқы кезеңінде препарат күніне бір рет парентеральді түрде енгізіледі. Әдетте, вена ішіне енгізу ұзақтығы қысқа болуы тиіс және пероральді түрде емдеуге ауысуды мүмкіндігінше тезірек жасау қажет.

Балаларға ұсынылатын Эзолект препаратының вена ішіне енгізілетін дозалары

Жасы

Эрозиялық рефлюкстік эзофагитті емдеу

Симптоматикалық емдеу ГЭРА

1-11 жас

Салмағы <20 кг: күніне бір рет 10 мг

Салмағы ≥20 кг: күніне бір рет 10 мг немесе 20 мг

Күніне бір рет 10 мг-ден

12-18 жас

Күніне бір рет 40 мг

Күніне бір рет 20 мг-ден

Енгізу әдісі

Инъекциялар

40 мг доза: Эзолект препаратының дайындалған ерітіндісі вена ішіне кем дегенде 3 минут бойы енгізіледі.

20 мг доза: Эзолект препаратының дайындалған ерітіндісінің 1/2 бөлігі вена ішіне кем дегенде 3 минут бойы енгізіледі. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс.

10 мг доза: қалпына келтірілген ерітіндінің 1,25 мл-ін (8 мг/мл) вена ішіне кем дегенде 3 минут бойы инъекция түрінде енгізу керек. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс.

Инфузиялар

40 мг доза: Эзолект препаратының дайындалған ерітіндісі вена ішіне 10-30 минут бойы инфузия түрінде енгізіледі.

20 мг доза: Эзолект препаратының дайындалған ерітіндісінің 1/2 бөлігі вена ішіне кем дегенде 10-30 минут бойы енгізіледі. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс.

10 мг доза: қалпына келтірілген ерітіндінің төртінші бөлігін вена ішіне 10-30 минут бойы енгізген жөн. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс.

Эзолект препаратының ерітіндісін әзірлеу

Инъекциялар: инъекцияға арналған ерітіндіні ішінде Эзолект препараты бар құтыға вена ішіне енгізуге арналған 5 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісін қосу арқылы дайындалады. Дайындалған ерітінді мөлдір болуы тиіс, түрлі- түсті гаммасы түссізден бозғылт-сарыға дейін өзгереді.

20 мг эзомепразолды тағайындағанда дайындалған ерітіндінің жартысы енгізіледі, ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтар жойылуы тиіс.

Инфузиялар: инфузиялық ерітінді Эзолект препаратының бір құтысының ішіндегіні вена ішіне енгізу үшін 100 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде еріту жолымен дайындалады.

20 мг эзомепразолды тағайындағанда дайындалған ерітіндінің жартысы енгізіледі. 80 мг инфузиялар. Инфузиялық ерітінді екі құтының ішіндегі 40 мг Эзолект препаратын вена ішіне енгізу үшін 100 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде еріту жолымен дайындалады. Ерітіндінің пайдаланылмаған қалдықтары жойылуы тиіс.

Эзомепразолдың сұйылтылған ерітіндісі түссізден бозғылт-сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық болып табылады.

Әзірленген ерітінді (инъекция үшін және инфузия үшін) басқа дәрілік препараттармен бірге араластырылмауы немесе енгізілмеуі тиіс. Қолданар алдында көзбен қарап, ерітіндіде қоспалардың бар-жоқтығына және түсінің өзгерген-өзгермегеніне баға берген жөн. Мөлдір ерітіндіні ғана қолдануға болады. Дайындалған ерітіндіні әзірлеп болу бойына енгізу ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Қауіпсіздік бейініне түйіндеме: бас ауыру, іштің ауыруы, диарея және жүректің айнуы клиникалық сынақтарда (постмаркетингтік бақылауда) өте жиі мәлімделген жағымсыз реакциялар санына жатады. Эзомепразолдың қауіпсіздік бейіні құрамы әртүрлі препараттарда, қолдану көрсетілімдерінде, жас тобында және пациенттер тобында ұқсас. Эзомепразол дозасына тәуелді жағымсыз реакциялар байқалған жоқ.

Байқалған барлық жағымсыз әсерлер олардың біліну жиілігі бойынша берілген: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100 < 1/10); жиі емес (≥ 1/1,000 < 1/100); сирек (≥ 1/10,000 < 1/1,000); өте сирек (< 1/10,000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес).

Жиі (>1/100, <1/10)

  • бас ауыру

  • жүректің айнуы, іштің ауыруы, диарея, метеоризм, құсу, іш қату, қатерсіз безді полиптер

  • енгізген жердегі реакция*.

Жиі емес (>1/1000, <1/100)

  • дерматит, қышыну, есекжем, бөртпе

  • шеткері ісінулер

  • бас айналу

  • ұйқысыздық, парестезия, ұйқышылдық

  • көрудің бұлыңғырлануы

  • ауыз ішінің құрғауы

  • «бауыр» ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

  • ортан жіліктің, білезіктің немесе омыртқа бағанасының сынуы.

Сирек (>1/10000, <1/1000)

  • лейкопения, тромбоцитопения

  • аллергиялық реакциялар: қызба, ангоневроздық ісіну, анафилаксиялық реакция/анафилаксиялық шок

  • гипонатриемия

  • қозу, депрессия, дімкәстік, абыржу, дәм сезудің бұзылуы

  • бронхтың түйілуі

  • стоматит және асқазан-ішектік кандидоз

  • сарғаятын (немесе онсыз) гепатит

  • фотосенсибилизация, алопеция

  • артралгия, миалгия

  • жалпы дімкәстік, қатты терлеу.

Өте сирек (<1/10000)

  • агранулоцитоз, панцитопения

  • елестеулер, озбыр мінез-құлық

  • бауыр функциясының жеткіліксіздігі, бауыр ауруы бар пациенттерде энцефалопатия

  • мультиформалы экссудативтік эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз

  • бұлшықет әлсіздігі

  • интерстициальді нефрит (кейбір пациенттерде бір мезгілде бүйрек функциясының жеткіліксіздігі де байқалды)

  • гинекомастия.

Жиілігі белгісіз

  • гипомагниемия (ауыр гипомагниемиямен бірге гипокальциемия, ал кейде гипокалиемия қатар жүруі мүмкін)

  • микроскопиялық колит

  • қызыл жегінің баяу өрбитін терілік түрі.

*Енгізген жерде реакциялар, негізінен, 3 күн бойы (72 сағат) эзомепразолдың жоғары дозасымен жүргізілген зерттеулерде байқалды.

Вена ішіне омепразол (рацемат) инъекциясын, әсіресе жоғары дозаларда, қабылдаған науқасы ауыр пациенттерде жекелеген жағдайларда көрудің қайтымсыз бұзылулары байқалды, бірақ омепразолды қолданумен себеп-салдарлық байланысы анықталған жоқ.

Балалар: 4 күн бойы күніне бір рет вена ішіне қайталап енгізгенде (0-ден 18 жасқа дейінгі) балаларда фармакокинетикасының ерекшеліктеріне баға беруге қатысты клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша, қауіпсіздігі жөнінде алынған нәтижелердің эзомепразолдың қауіпсіздігінің белгілі бейінімен сәйкес келетіні және қауіпсіздігі жөнінде жаңа идентификацияланған дабылдардың жоқтығы анықталды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • эзомепразолға, немесе бензимидазолдың басқа туындыларына, сондай-ақ препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • нелфинавирмен бірге қолдану.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эзомепразолдың басқа дәрілік препараттардың фармакокинетикасына ықпалы

Протеаза тежегіштері: омепразолдың протеазаның кейбір тежегіштерімен бірге әрекет ететіндігі білінді. Өзара әрекеттесудің осындай түріндегі мәлімдемелерден басқа, клиникалық мәні және әсер ету механизмдері әлі зерттелген жоқ. Омепразолмен емдеу кезінде асқазан сөліндегі рН-тың артуы протеаза тежегіштерінің сіңуіне ықпалын тигізуі мүмкін. CYP2C19 изоферменінің әсер етуінің бәсеңдеуінен туындаған басқа да өзара әрекеттесулер пайда болуы мүмкін. Атазанавирді және нелфинавирді тағайындаған жағдайда омепразолмен бір мезгілде қолдану кезінде олардың плазмадағы концентрациясының төмендегені білінді, сондықтан препараттардың бұл біріктірілімі ұсынылмайды. Дені сау ерікті адамдарға омепразолды (тәулігіне бір рет 40 мг дозада) және атазанавирді 300 мг дозада/ритонавирді 100 мг дозада біріктіріп қолдану атазанавирдің экспозициясының (AUC, Cmax және Cmin шамамен 75%-ға азаюына) төмендеуіне әкелді. Атазанавирдің дозасын 400 мг дейін арттыру атазанавирдің экспозициясына омепразолдың ықпалын компенсацияламайды. Дені сау ерікті адамдарға омепразолды (тәулігіне бір рет 20 мг дозада) және атазанавирді 400 мг дозада және (немесе) ритонавирді 100 мг дозада біріктіріп қолдану атазанавирдің экспозициясының (тәулігіне бір рет 300 мг атазанавир және (немесе) тәулігіне бір рет 20 мг доза омепразолсыз 100 мг ритонавир жағдайында байқалатын экспозициямен салыстырғанда, шамамен 30%-ға) төмендеуіне әкелді. Омепразолды (тәулігіне бір рет 40 мг дозада) біріктіріп қолдану нелфинавирдің орташа экспозициясының, Cmax және Cmin мәндерінің 36 39%-ға, ал фармакологиялық тұрғыдан белсенді М8 метаболиті үшін AUC, Cmax және Cmin мәндерінің 75-92%-ға азаюына әкеледі. Омепразолдың және эзомепразолдың фармакодинамикалық және фармакокинетикалық қасиеттерінің ұқсастығын ескеріп, эзомепразолды және атазанавирді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, нелфинавирдің эзомепразолмен біріктірілімін қолдануға болмайды.

Саквинавир жағдайында (ритонавирмен бірге қолданылатын), оны омепразолмен (тәулігіне бір рет 40 мг) бір мезгілде қолданғанда, оның қандағы концентрациясының (80-100%) жоғарылағаны білінді. Омепразолды 20 мг дозада қолдану дарунавирдің (ритонавирмен бір мезгілде қабылдағанда) және ампренавирдің (ритонавирмен біріктіргенде) экспозициясына ықпалын тигізген жоқ. Омепразолды тәулігіне 20 мг дозада қолдану ампренавирдің (ритонавирмен бір мезгілде қабылдағанда немесе онсыз) экспозициясына ықпал еткен жоқ. Омепразолды тәулігіне 40 мг дозада қолдану лопинавирдің (ритонавирді бір мезгілде қабылдағанда) экспозициясына ықпалын тигізген жоқ.

Метотрексат: бірге қабылдаған кезде кейбір пациенттерде метотрексат деңгейінің жоғарылауы білінді, сондықтан метотрексаттың жоғары дозаларын қолданғанда эзомепразол қабылдауды тоқтата тұру қажет.

Такролимус: эзомепразолмен бір мезгілде қолдану қан сарысуында такролимус концентрациясының жоғарылауына әкелді, сондықтан осы препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болғанда қанда такролимус концентрациясына күшейтілген мониторинг және бүйрек функциясына (креатинин клиренсіне) және, егер қажет болса, такролимус дозасына мониторинг қажет болады.

Сіңуі рН мәндеріне байланысты дәрілік препараттар:

Эзомепразолмен және протонды сорғының басқа тежегіштерімен емдеу аясында асқазан сөлі қышқылдылығының бәсеңдеуі сіңуі ортаның рН көрсеткішіне тәуелді препараттардың абсорбциясының өзгеруіне әкелуі мүмкін. Эзомепразол, асқазанда қышқыл секрециясын төмендететін басқа да дәрілер сияқты, кетоконазол, итраконазол және эрлотиниб абсорбцияларының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ал сол уақытта эзомепразолды дигоксинмен бірге қабылдағанда, соңғысының концентрациясы артуы мүмкін. Омепразолды (күніне 20 мг) және дигоксинді дені сау ерікті адамдарға бір мезгілде тағайындау дигоксиннің биожетімділігінің 10%-ға (он пациенттің екеуінде 30%-ға дейін) жоғарылауын туындатты. Дигоксиннің уытты әсері сирек байқалды. Алынған деректерді ескере отырып, эзомепразолдың жоғары дозаларын егде жастағы пациенттерге қолданғанда қан плазмасындағы дигоксинге мониторингті күшейткен жөн.

CYP2C19 қатысуымен биотрансформацияланатын әсер етуші заттар: эзомепразол оның метаболизміне қатысатын негізгі CYP2C19 ферментті тежейді. Соған сәйкес, эзомепразолды оның метаболизміне қатысатын диазепам, циталопрам, имипрамин, кломипрамин, фенитоин және басқалар сияқты CYP2C19 қатысатын басқа препараттармен бірге қолдану плазмада осы препараттар концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде, дозаны төмендетуді қажет етеді. Эзолект препаратын «қажетіне қарай» режимімен тағайындағанда осы өзара әрекеттесулерді ескеру аса маңызды.

Диазепам: 30 мг эзомепразолды және диазепамды (CYP2C19 цитохромының субстраты) бірге қолданғанда диазепам клиренсінің 45%-ға төмендегені білінеді.

Фенитоин: эзомепразолды 40 мг дозада және фенитоинды бірге тағайындау эпилепсиясы бар пациенттерде фенитоинның қалдық концентрациясының 13%-ға жоғарылауына әкелді. Осыған байланысты, эзомепразолмен емдеуді бастағанда және оны тоқтатқанда қан плазмасындағы фенитоин концентрациясын бақылау ұсынылады.

Вориконазол: омепразолды (тәулігіне бір рет 40 мг) және вориконазолды (CYP2C19 субстраты) бір мезгілде қолдану оның Cmax және AUCτ мәндерінің, сәйкесінше, 15%-ға және 41%-ға артуын туындатты.

Цилостазол: омепразол және эзомепразол CYP2C19 тежегіштері сияқты әсер етеді. Айқаспалы дозалау сызбасына жүргізілген зертеулерде дені сау ерікті адамдардың омепразолды 40 мг дозада қолдануы цилостазолдың Сmax және AUC мәндерін 18%-ға және 26%-ға арттырды, ал негізгі метаболиттердің бірінде, сәйкесінше, 29%-ға және 69%-ға арттырды.

Цизаприд: цизапридті 40 мг эзомепразолмен бірге қабылдау цизапридтің фармакокинетикалық параметрлерінің (AUC - 32%-ға және жартылай шығарылу кезеңінің 31%-ға) жоғарылауына әкелді, алайда плазмадағы цизапридтің ең жоғары концентрациясы аздап өзгерді. Цизапридпен монотерапияда байқалған, QT аралығының аздаған өзгерісі эзомепразолды қосқан кезде артқан жоқ.

Варфарин: варфаринді және 40 мг эзомепразолды бірге қабылдау варфаринді ұзақ уақыт қабылдап жүрген пациенттерде коагуляция уақытының өзгеруіне әкелген жоқ. Варфаринді және эзомепразолды бірге қолданғанда ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) индексінің клиникалық тұрғыдан маңызды жоғарылауының бірнеше жағдайлары жөнінде мәлімделді, сондықтан осы препараттарды немесе эзомепразолды және кумариннің басқа да туындыларын бірге қолдануды бастағанда және аяқтағанда ХҚҚ бақылау ұсынылады.

Клопидогрел: клопидогрел (300 мг жүктеме доза/75 мг тәуліктік демеуші доза) және эзомепразол (пероральді түрде 40 мг) арасындағы өзара әрекеттесу клопидогрелдің белсенді метаболиті әсер етуінің орта есеппен 40%-ға азаюына және тромбоцитарлық агрегацияның (АДФ-пен индукцияланған) барынша ең жоғарыға, орта есеппен, 14%-ға төмендеуіне әкелді.

20 мг эзомепразолдың және 81 мг ацетилсалицил қышқылының тұрақты дозаларын клопидогрелмен біріктіріп қолданғанда, тек клопидогрелдің экспозициясымен ғана салыстырғанда, клопидогрелдің белсенді метаболиті экспозициясының 40%-ға дерлік төмендегені білінді. Алайда тромбоциттер агрегациясы бәсеңдеуінің ең жоғары деңгейі (АДФ-пен индукцияланған) клопидогрелді және клопидогрелдің эзомепразолмен және ацетилсалицил қышқылымен біріктірілімін қолданғанда бірдей болды.

Клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулерді туындатпайтын, зерттелген дәрілік препараттар

Амоксициллин және хинидин: эзомепразол амоксициллиннің және хинидиннің фармакокинетикасында клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерулерді туындатпайды.

Напроксен және рофекоксиб: эзомепразолды және напроксенді немесе рофекоксибті қатар енгізу қандай да болсын клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерді туындатқан жоқ.

Эзомепразолдың фармакокинетикалық көрсеткіштеріне басқа дәрілік препараттардың ықпалы

Эзомепразол CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерімен метаболизденеді. Эзомепразолды және кларитромицин (күніне екі рет 500 мг-ден) сияқты CYP3A4 тежегішін бір мезгілде қолдану эзомепразол экспозициясының (AUC) екі еселенуіне әкелді. Эзомепразолды және біріктірілген CYP2C19 және CYP3A4 тежегішін бірге қолдану эзомепразол экспозициясының екі еседен астамға артуына әкелуі мүмкін. Вориконазол (CYP3A4 тежегіші) AUCτ мәнін 280%-ға арттырды. Осындай жағдайларда эзомепразолдың дозасын түзету әдетте қажет емес, дегенмен, дозаны түзету мүмкіндігін бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде және ұзақ уақыт емдеген кезде ескерген жөн.

CYP2C19 немесе CYP3A4, немесе екі цитохромды да (мысалы, рифампицин және шайқурай) индукциялайтын дәрілік препараттар, эзомепразолдың сарысулық деңгейін, оның метаболизмінің күшеюі есебінен, жоғарылатуы мүмкін.

Балалар: дәрілік өзара әрекеттесулеріне зерттеулер тек ересектерде ғана жүргізілді.

Айрықша нұсқаулар

Қатерлі жаңа түзілімдер: үрей тудыратын кез келген симптомдар (дене салмағының айқын күрт жоғалуы, құсудың қайталануы, дисфагия, қан құсу немесе мелена сияқты), сондай-ақ асқазанда ойық жара бар болғанда (немесе асқазанның ойық жарасына күдіктенгенде) қатерлі жаңа түзілімдердің бар-жоқтығын анықтаған жөн, өйткені Эзолект препаратымен емдеу симптоматиканың бәсеңдеуіне әкелуі және дұрыс диагноз қоюды кейінге қалдыруы мүмкін.

Ұзақ қолдану: ұзақ ем қабылдап жүрген (әсіресе жылдан астам бойы емделген) пациенттер дәрігердің ұдайы бақылауында болуы тиіс.

Дәрігерге қаралу қажеттілігі: ем қабылдап жүрген пациенттерді ауру симптомдары өзгерген кезде өзін емдеп жүрген дәрігерге қаралу керектігінен хабардар ету қажет.

Асқазан-ішектік инфекциялар: протонды сорғы тежегіштерімен емдеу Salmonella және Campylobacter әсерінен туындайтын асқазан-ішек инфекцияларының даму қаупінің аздап артуына әкелуі мүмкін. Ұзақ уақыт бойы секрецияға қарсы препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде асқазанда без кисталарының түзілуі жиі білінеді. Бұл құбылыстар қышқыл секрециясының айқын бәсеңдеуі нәтижесінде физиологиялық өзгерулермен жүзеге асады. Қатерсіз кисталар қайтымды сипатқа ие.

B12 дәруменінің сіңуі: эзомепразол, қышқылдың түзілуін бөгейтін барлық препараттар сияқты, B12 дәруменінің (цианокобаламиннің) сіңуін, гипо- немесе ахлоргидрияға байланысты, азайтуы мүмкін. Мұны дене көлемі кішкентай немесе ұзақ емдеген кезде B12 дәрумені абсорбциясын төмендететін қауіп факторлары бар пациенттерде ескерген жөн.

Гипомагниемия: протонды сорғының эзомепразол сияқты тежегіштерін ең кемінде үш ай бойы, көптеген жағдайларда жыл бойы қабылдап жүрген пациенттерде магний деңгейінің төмендегені байқалады. Гипомагниемияның шаршау, тетания, сандырақтау, құрысулар, бас айналу және қарыншалық аритмия сияқты күрделі көріністері білінуі мүмкін, олар кенеттен басталуы мүмкін және мұны назардан тыс қалдырмау керек. Осындай пациенттердің көбісінде магний деңгейі магнийді енгізгеннен кейін және эзомепразол қолдануды тоқтатқаннан кейін жоғарылады. Болжаммен алғанда ұзақ ем қабылдайтын немесе гипомагниемияны туындататын препараттармен (мысалы, диуретиктер) бірге қабылдап жүрген пациенттер үшін протонды сорғы тежегіштерімен (ППТ) емдеуді бастар алдында және емделу кезеңінде мезгіл-мезгіл магний деңгейін өлшеу мүмкіндігі қарастыру қажет.

Қызыл жегінің баяу дамитын терілік түрі: протонды сорғы тежегіштері қызыл жегінің баяу өрбитін терілік түрінің жағдайын өте жиі туындатты. Егер мұндай зақымданулар, әсіресе терінің күннен қорғалған жерлерінде пайда болады және олар артралгиямен қатар жүреді, пациент шұғыл түрде медициналық жәрдемге жүгінуі тиіс. Мұндай жағдайда дәрігерлер эзомепразолды қолдануды тоқтату мүмкіндігін қарастыруы қажет. Егер пациентте мұның алдында протонды сорғы тежегіштерін қолданғаннан кейін баяу өрбитін терілік түрі білінсе, протонды сорғының басқа тежегіштерін қолданған кезде осы аурулардың даму қаупі жоғарылайды.

Сынулардың даму қаупі: протонды сорғы тежегіштері, әсіресе олар үлкен дозаларда және ұзақ уақыт (> 1 жыл) қолданылса, ортан жіліктің, білезіктің немесе омыртқа бағанының сыну қаупін, әсіресе егде жастағы адамдарда немесе басқа да қауіп факторлары бар болғанда, аздап арттыруы мүмкін. Протонды сорғы тежегіштері сынулардың жалпы қаупін 10-40%-ға ұлғайтуы мүмкін. Остеопороз қаупі бар пациенттер қолданыстағы клиникалық нұқауларға сәйкес қажетті ем алуы тиіс, және олар D дәруменін және кальцийді жеткілікті түрде пайдалануы тиіс.

Басқа дәрілік препараттармен біріктіріп қолдану: эзомепразолды атазанавирмен бірге қолдану ұсынымайды. Егер атазанавирді протонды сорғы тежегішімен біріктіріп қолданбасқа болмайды деп болжам жасалса, клиникалық мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. Атазанавир дозасын 400 мг-ге/ритонавир дозасын 100 мг-ге дейін арттырғанда эзомепразол дозасын 20 мг-ден арттырмау керек.

Эзомепразол CYP2C19 тежегіші болып табылады. Эзомепразолмен емдеуді қолданғанда немесе тоқтатқанда CYP2C19 арқылы метаболизденетін дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігін қарастыру керек. Клопидогрел мен эзомепразол арасында өзара әрекеттесу байқалады. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы айқын емес. Сақтық шаралары ретінде эзомепразолды және клопидогрелді бір мезгілде қолдануға жол бермеу керек.

Зертханалық сынақтардың нәтижелеріне ықпалы: хромогранин A (CgA) деңгейінің жоғарылауы нейроэндокриндік ісіктердің зерттелуін қиындатуы мүмкін. Осы ықпалына жол бермеу үшін эзомепразолмен емдеуді CgA-ны өлшеуден ең кемінде 5 күн бұрын тоқтатқан жөн. Егер алғашқы өлшеуден кейін CgA және гастрин деңгейлері бақыланатын көрсеткіштерге оралмаса, протонды сорғы тежегіштерімен емдеуді тоқтатқаннан кейін 14 күннен соң осы өлшеуді қайталау керек.

Препаратты бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі: жүктілік кезінде эзомепразолды қолдану жөнінде клиникалық деректер жеткіліксіз. Жануарларға жүргізілген зерттеулер жүктілік барысына, босануға немесе жаңа туған нәрестенің постнатальді дамуына тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсеткен жоқ. Эзолект препаратын жүкті әйелдерге ана үшін күтілетін пайдасы шарана/жаңа туған нәресте үшін ықтимал қаупінен басым болған жағдайда ғана тағайындаған жөн. Емшек сүтімен эзомепразолдың бөлініп шығатындығы немесе шықпайтындығы белгісіз, сондықтан емшек емізу кезеңінде Эзолект препаратын тағайындамаған жөн.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері:

Эзомепразол автомобильді басқару немесе қозғалыстағы механизмдермен жұмыс жүргізу қабілетіне аздап ықпалын тигізеді. Бас айналу және көрудің бұлыңғырлануы сияқты жағымсыз жанама реакциялар дамуы мүмкін екендігін ескеріп, автокөлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқарған кезде сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: эзомепразолдың әдейі артық дозалану тәжірибесі шектеулі. Пероральді түрде 280 мг дозаны қабылдағанда асқазан-ішек жолы тарапынан симптомдар және әлсіздік білінді. Пероральді түрде қабылданатын эзомепразолдың 80 мг және 24 сағат бойы вена ішіне енгізілетін 308 мг бір реттік дозалар жағымсыз жанама әсерлерді туындатқан жоқ.

Емі: спецификалық антидоты жоқ. Эзомепразол плазма ақуыздарымен белсенді түрде ба йланысады, сондықтан диализге түсуі қиындау. Барлық артық дозалану жағдайындағы сияқты, симптоматикалық және демеуші ем жүргізу қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сұр резеңке бромбутил тығынмен тығындалған және полипропилен төсеніші бар алюминий қалпақшамен қаусырылған, І типті боросиликат шыныдан жасалған түссіз құтыларға 40 мг белсенді заттан салынған.

Астаушадағы 1 құты медициналық қолдану жөніндегі мелекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Астаушадағы 10 құты медициналық қолдану жөніндегі мелекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Сұйылтылғаннан кейін 25°C температурада 12 сағат бойы тұрақты.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші / Қаптаушы

Sofarimex Industria Quimica e Farmaceutica, S.A.,

Өнеркәсіптік даңғылы, Альто-де-Колариде,

Агуалва- Касен 2735-213, Португалия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Vegapharm LLP,

Астра Хаус, Арклоу Роуд,

Лондон, SE14 6EB Ұлыбритания.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«Cepheus Medical» (Цефей Медикал) ЖШС: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Панфилов к-сі 98, «OLD SQUARE» БО,

телефон: +7 (727) 300 69 71, +7 777 175 00 99 (тәулік бойы)

электронды пошта: cepheusmedical@gmail.com

Прикрепленные файлы

Эзолект_инструкция_каз.doc 0.19 кб
Эзолект_ИМП_рус.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту