Эголанза® (10 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Эголанза®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Оланзапин
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған 5 мг, 7,5 мг, 10 мг, 15 мг, 20 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат- 5 мг, 7,5 мг, 10 мг, 15 мг және 20 мг оланзапин (сәйкесінше 7,03 мг, 10,55 мг, 14,06 мг, 21,09 мг және 28,12 мг оланзапин дигидрохлориді тригидратына баламалы),
қосымша заттар:
ядросы: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, гипролоза (гидроксипропилцеллюлоза), кросповидон, магний стеараты,
қабықтың құрамы: гипромеллоза, хинолинді сары Е 104 , Оpadry-Y-1-7000 ақ (гипромеллоза, титанның қостотығы Е 171, макрогол 400).
Сипаттамасы
Сары, сопақша, екі жағы дөңес, иіссіз немесе иіссіз дерлік, бір жағында сызығы және өрнектеліп жазылған Е әрпі және екінші жағында 402 саны бар қабықпен қапталған таблеткалар (5 мг доза үшін).
Сары, дөңгелек, екі жағы дөңес, иіссіз немесе иіссіз дерлік, бір жағында өрнектеліп жазылған Е әрпі және 403 саны бар қабықпен қапталған таблеткалар (7,5 мг доза үшін).
Сары, дөңгелек, екі жағы дөңес, иіссіз немесе иіссіз дерлік, бір жағында өрнектеліп жазылған Е әрпі және 404 саны бар қабықпен қапталған таблеткалар (10 мг доза үшін).
Сары, дөңгелек, екі жағы дөңес, иіссіз немесе иіссіз дерлік, бір жағында өрнектеліп жазылған Е әрпі және 405 саны бар қабықпен қапталған таблеткалар (15 мг доза үшін).
Сары, дөңгелек, екі жағы дөңес, иіссіз немесе иіссіз дерлік, бір жағында өрнектеліп жазылған Е әрпі және 406 саны бар қабықпен қапталған таблеткалар (20 мг доза үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Психотропты препараттар. Нейролептиктер (Антипсихотиктер).
Дибензодиазепиндер және олардың туындылары. Оланзапин
АТХ коды N05AH03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Оланзапин ішке қабылдағаннан кейін жақсы сіңіріледі, қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 5-8 сағаттан соң жетеді. Препараттың сіңірілуіне ас қабылдаудың әсері жоқ. Көктамыр ішіне енгізумен салыстырғанда ішке қабылдағаннан кейінгі абсолютті биожетімділігі анықталмаған.
7-ден 1000 нг/мл-ге дейінгі плазмадағы концентрациясында оланзапиннің 93% жуығы плазма ақуыздарымен, негізінен альбуминмен және a1-қышқылды-гликопротеинмен байланысады. Оланзапин бауырда конъюгация және тотығу жолымен метаболизденеді. Негізгі айналымдағы метаболиті гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтпейтін, 10-N-глюкуронид болып табылады.
Цитохрома Р450 изоферменттері CYP1A2 және CYP2D6 N-деметилирленген және 2-гидроксиметилирленген метаболиттерінің түзілуіне қатысады; осы екі топтың да, оланзапинге қарағанда айқын төмен фармакологиялық in vivo белсенділігі бар. Негізгі фармакологиялық белсенділікке бастапқы зат – оланзапин ие. Ішке қабылдағаннан кейін оланзапиннің жартылай шығарылуының орташа ақырғы уақыты дені сау тұлғаларда жасына және жынысына байланысты өзгеріп отырған.
Дені сау егде жастағыларда (65 жас және асқан) егде жастағы емес зерттелетіндермен салыстырғанда жартылай шығарылуының орташа уақыты ұзарды (33,8 с салыстырғанда 51,8 с ) және клиренсі төмендеді (18,2 л/с салыстырғанда 17,5).
Егде жастағы емделушілерде фармакокинетикасының ауытқымалығы егде жаста еместерге тән шектерде болды. 65 жастан асқан шизофрениямен 44 науқаста тәулігіне 5-тен 20 мг дейін дозаны қабылдау жасырақ емделушілердегі бейінінен айрықшаланатын жағымсыз құбылыстардың қандай-да болмасын ерекше бейінімен байланысты болған жоқ.
Әйелдерді ерлермен салыстырғанда, жартылай шығарылуының орташа уақыты аздап ұзарғаны (32,3 с салыстырғанда 36,7 с) және клиренсінің төмендегені (27,3 л/с салыстырғанда 18,9 л/с) анықталды. Әйтсе де оланзапин (5-20 мг) әйелдер (n = 467) мен ерлерде (n = 869) салыстырмалы қауіпсіздік бейінін иеленді.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясының бұзылуымен емделушілерде (креатинин клиренсі 10 мл/минуттан төмен) дені сау зерттелетіндермен салыстырғанда жартылай шығарылуыеның орташа кезеңі (32,4с салыстырғанда 37,7с) немесе клиренсінің (25,0 л/с салыстырғанда 21,2 л/с) айырмашылығы болған жоқ. Салмақ балансын зерттеу көрсеткендей радиоактивті таңбалануымен оланзапиннің шамамен 57%-на жуығы негізінен метаболиттер түрінде несеп арқылы шығарылады.
Темекі шегу
Бауыр функциясы аздап бұзылған темекі шегетін емделушілерде жартылай шығарылуының орташа уақыты аздап ұзарды (39,3 с) және клиренсі төмендеді (18,0 л/с); осыған ұқсас деректер (сәйкесінше 48,8 с және 14,1 л/с) дені сау темекі шекпейтін емделушілерден алынды.
Темекі шекпейтін емделушілерде темекі шегетін емделушілермен салыстырғанда (ерлер мен әйелдерде) жартылай шығарылуының орташа уақыты ұзарды (30,4 с салыстырғанда 38,6 с) және клиренсі төмендеді (27,7 л/с салыстырғанда 18,6 л/с).
Оланзапиннің плазмадағы клиренсі егде жастағыларда жастарға қарағанда, әйелдерде ерлерге қарағанда және темекі шекпейтіндерде шегетіндерге қарағанда төмен болған. Алайда жасының, жынысы немесе темекі шегуінің оланзапиннің клиренсі мен жартылай шығарылу уақытына әсер ету дәрежесі деректердің жалпы жекелеген ауытқуымен салыстырғанда төмен.
Этникалық тегі
Нәсілдік белгісіне байланысты оланзапиннің фармакокинетикасындағы өзгешеліктер анықталмаған.
12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
13-тен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдердегі оланзапиннің фармакокинетикасы ересектердің фармакокинетикасына ұқсайды. Жасөспірімдердегі оланзапиннің орташа экспозициясы шамамен 27%- ға жоғары болған. Жасөспірімдер мен ересектердегі демографиялық көрсеткіштердің айырмашылығына жасөспірімдер арасындағы орташа дене салмағының төмен көрсеткіші және темекі шегетіндердің санының аздығы жатады. Аталған факторлар жасөспірімдерде анықталған орташа экспозицияның ең жоғарғы дәрежелеріне әсер етуі мүмкін.
Фармакодинамикасы
Эголанза -көптеген рецепторлық жүйеге кең ауқымды фармакологиялық әсері бар антипсихотикалық препарат (нейролептик).
Эголанзаның серотонинді (5НТ2A/C-, 5НТ3-, 5НТ6-рецепторларына), допаминді (D1-, D2-, D3-, D4-, D5-рецепторларына), мускаринді (м1-5-холинорецепторларына), адренергиялық α1-рецепторларға және гистаминді Н1-рецепторларына ұқсастығы бары анықталған. Эголанзаның серотонинді 5НТ-рецепторларына, допаминді және холинергиялық рецепторларға қатысты антогонизмдігі бары анықталған. Оланзапиннің In vivo және in vitro допаминді D2-рецепторларымен салыстырғанда серотонинді 5НТ2-рецепторларына қатысты айқын білінетін ұқсастығы және белсенділігі бар.
Эголанза мезолимбиялық допаминергиялық нейрондардың (А10) қозғыштығын іріктеп төмендетеді және моторлық функциясын реттеуге қатысатын стриарлы (А9) экстрапирамидалды жолдарына аздап әсер етеді.
Эголанза каталепсияны (моторлық функцияға жағымсыз әсерді көрсететін бұзылыстар) туындататын дозаларға қарағанда азырақ дозаларда шартты қорғаныш рефлексін төмендетеді (антипсихотикалық белсенділікті сипаттайтын тест). Эголанза анксиолитикалық тест жүргізген кезде басқа антипсихотиктермен (нейролептиктер) салыстырғанда үрейленуге қарсы әсерді күшейтеді.
Эголанза жағымсыз және өнімді (оның ішінде сандырақтау, елестеу), бұзылыстарда да стаститикалық нақты редукциямен қамтамасыз етеді.
Ішке бір рет (10 мг) қабылдағаннан кейін дені сау еріктілерді зерттеулерде позитронды-эмиссионнды томография (ПЭТ) көрсеткендей, оланзапин дофаминді D2 рецепторлармен салыстырғанда, серотонинді 5HT2A рецепторлармен жоғары ұқсастық иеленді. Одан басқа, шизофрениямен науқастарда мидың бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томографиясында анықталғандай, оланзапиннің әсері болған емделушілерде, стриатты D2 рецепторлардың бөгелісінің кейбір басқа да антипсихотикалық препараттарға және рисперидонға жауап беретін емделушілермен салыстырғанда айқындығы төменірек болды, әйтсе де осы параметрі бойынша клозапинге емдік жауап болған емделушілермен салыстырмалы болды.
Препаратты 200-ге жуық жасөспірімдерде (13-тен 17 жасқа дейін) қолдану тәжірибесі шизофрениияда (6 апта) және 1-ші типтегі (3 апта) биполярлы бұзылыстармен қосарланған манияда қысқа мерзімге тиімділігі туралы деректермен шектеледі. Эголанза тәулігіне 2,5 мг-ден 20 мг-ға дейін өзгеретін дозада қолданылған. Эголанзаны қабылдаған уақытта жасөспірімдерде ересектерге қарағанда дене салмағының айтарлықтай тез артуы анықталған. Жасөспірімдерде ересектермен салыстырғанда аш қарынға жалпы холестериннің, ЛПНП холестеринінің, триглицеридтердің және пролактин деңгейінің айқын өзгеруі анықталған.
Әсерін демеу туралы деректер тіркелмеген, ұзаққа созылатын қауіпсіздігі жөнінде деректер жеткіліксіз.
Қолданылуы
- шизофренияны емдеу және бастапқыда емге жауап болған емделушілерді демеуші емдеу кезінде клиникалық жақсаруды сақтау үшін
- маниакальді эпизодтарды емдеуде (орташа және ауыр дәрежедегі ауырлықтағы)
- маниакальді фазаны емдеген кезде препараттың әсері болған емделушілерде биполярлы бұзылыстардың қайталануын алдын алуда
Қолдану тәсілі мен дозасы
Препаратты қатаң дәрігердің тағайындауы бойынша қабылдау керек! Препараттың сіңірілуіне ас қабылдаудың әсер етпеуіне байланысты препаратты ас қабылдаумен байланыссыз қабылдауға болады.
Эголанзаны қабылдауды тоқтатар алдында дозасын біртіндеп төмендету керек.
Ересектер
Шизофрения: ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне 10мг.
Маниакальді көрініс: ұсынылатын бастапқы доза – Эголанзамен моноемде тәулігіне бір рет 15мг және біріктірілген емде тәулігіне 10 мг-ден.
Биполярлы бұзылыстардың қайталануын алдын алу үшін: ұсынылатын бастапқы доза - тәулігіне 10мг. Бұрын маниакальді көріністерді емдеу үшін Эголанза қабылдаған емделушілерде емді қайталануының алдын алу үшін сол дозада жалғастыру қажет.
Жаңа маниакальді, аралас немесе депрессивті көріністерде Эголанзаны қабылдауды жалғастыра беру қажет (қажет болғанда дозасын анықтап); клиникалық көрсетілімдер болған жағдайларда қосымша көңіл күйді қалпына келтіруге арналған препараттарды тағайындау қажет.
Шизофренияны, маниакальді көріністерді емдегенде және биполярлы бұзылыстардың қайталануының алдын алуда Эголанзаның емдік дозасы тәулігіне -5-20 мг құрайды. Тәуліктік дозаны жекелеп, емделушінің клиникалық жағдайына байланысты тағайындау қажет.
Бастапқы дозаны ұсынылған дозадан жоғары көтеру емделушіні қажетті клиникалық тексеруден өткізгеннен кейін ұсынылады. Дозаны кем дегенде 24 сағаттық үзіліспен біртіндеп көтеру қажет.
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Эголанзаның 18 жасқа дейінгілерде қолданылуы жөніндегі деректер жеткіліксіз.
Егде жастағы емделушілер
Төменірек бастапқы доза (күніне 5 мг) барлық емделушілер үшін міндетті емес, бірақ клиникалық көрсетілімдер болғанда 65 жас және одан асқан жастағы емделушілерде мүмкін.
Бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылуы
Осындай емделушілер үшін 5 мг бастапқы дозаны төмендету қажет болуы мүмкін. Орташа бауыр жеткіліксіздігінде (Child-Pugh бойынша А немесе В кластағы цирроз) 5 мг бастапқы дозаны тағайындау және оны сақтықпен жоғарылату керек.
Жынысы
Препаратты әйелдерге ерлердегі бастапқы дозалардай және сондай дозалар диапазонында тағайындау керек.
Темекі шегу
Темекі шегетіндерге препаратты темекі шекпейтіндердегі бастапқы дозалардай және сондай дозалар диапазонында тағайындау керек.
Бастапқы дозаны төмендету оланзапиннің метаболизмін төмендетуі мүмкін факторлар комбинациясы бар (науқас әйелдер, егде жастағылар, темекі шекпейтін емделушілер) емделушілерге ұсынылады.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (≥ 1/100 - <1/10)
- эозинофилия, лейкопения10, нейтропения10
- холестерин2,3, глюкоза4, триглицеридтер2,5 деңгейінің жоғарылауы
- глюкозурия
- тәбеттің жоғарылауы
- бас айналуы
- акатизия6
- паркинсонизм6
- дискинезия6
- әлсіз қайтымды антихолинергиялық әсерлер, оның ішінде іш қату және ауыздың құрғауы
- бауыр трансаминазалары, АЛТ және АСТ өтпелі және симптомсыз жоғарылауы, әсіресе емдеу курсының басында
- бөртпе
- артралгия9
- ерлерде эректильді функцияның бұзылуы, ерлер мен әйелдерде либидоның төмендеуі
- астения, шаршағыштық
- шеткергі ісінулер
- температураның жоғарылауы10
- креатинин-фосфокиназа11, гамма-глутамил-трансфераза10, несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы10
Жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100)
- аса жоғары сезімталдық реакциясы11
- кейде кетоацидоз немесе команың дамуымен, қант диабетінің дамуы немесе ағымының нашарлауы, оның ішінде бірнеше өлім жағдайлары
- сыртартқысында құрысу ұстамалары немесе құрысу ұстамаларының қауіп факторлары бар емделушілерде құрысу ұстамалары болған11.
- дистония (оның ішінде окулогирлік)11
- кеш дискинезия11
-амнезия9
-дизартрия
- брадикардия, QTc ұзаруы
- тромбоэмболия (оның ішінде өкпе артериясының эмболиясы және терең көктамырлар тромбозы)
- мұрыннан қан кету
-метеоризм9
- фотосенсибилизация реакциясы
- алопеция
- несепті ұстай алмау, несептің іркілуі, несеп шығаруды бастаудың қиындауы11
- аменорея, сүт бездерінің үлкеюі, әйелдердегі галакторея, ерлердегі гинекомастия/ сүт бездерінің үлкеюі
- жалпы билирубиннің жоғарылауы
Сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000)
- тромбоцитопения11
- гипотермия12
- қатерлі нейролептикалық синдром12
- тоқтату симптомы 7,12
- қарыншалық тахикардия немесе қарыншалық фибрилляция, пируэтті тахикардия, жүректің тоқтап қалуы, белгісіз себептеден оқыс өлім11
- панкреатит11
- гепатит (оның ішінде гепатоцеллюлярлы, холестатикалық немесе бауырдың аралас зақымдануы) 11
- рабдомиолиз
- приапизм12
Жиілігі белгісіз
-жаңа туғандарда тоқтату симптомдар кешені
1Дене салмағының клиникалық айтарлықтай жоғарылауы бастапқы дене салмағының (БДС) индексі бойынша барлық категориядағы емделушілерде байқалды. Бастапқы мәнінен дене салмағының 7% жоғарылауы өте жиі болды, бастапқы мәнінен 15% жоғарылауы жиі және 25% жоғарылауы жиі болған жоқ. Препаратты ұзақ уақыт (кем дегенде, 48 апта ішінде) қабылдағанда бастапқы мәнінен дене салмағының артуы ≥ 7%, ≥ 15% және 25% өте жиі байқалды.
2Аш қарынға липидтер (жалпы холестериннің, ЛПНП холестеринінің және триглицеридтердің) деңгейінің орташа артуы препаратты қабылдағанға дейін липидтер зат алмасуының реттелуінің бұзылу белгілері болмаған емделушілерде айқынырақ болған.
3Холестерин деңгейінің артуы аш қарынға (< 5,17 ммоль/л), ең жоғарғы деңгейге (³ 6,2 ммоль/л) дейін өзгеретін, бастапқы қалыпты деңгейінде байқалған. Өте жиі аш қарынға жалпы холестерин деңгейі шекаралық бастапқы деңгейінен (³ 5,17 - < 6,2 ммоль/л) ең жоғарғы деңгейге (³ 6,2 ммоль/л) дейін артқан.
4Глюкоза деңгейінің артуы ең жоғарғы (³ 7 ммоль/л) деңгейге дейін өзгеретін, бастапқы қалыпты деңгейінде аш қарынға (< 5,56 ммоль/л) байқалған. Өте жиі аш қарынға глюкоза деңгейі шекаралық бастапқы деңгейінен (³ 5,56 - < 7 ммоль/л) ең жоғарғы деңгейге (³ 7 ммоль/л) дейін артқан.
5Триглицеридтер деңгейінің артуы ең жоғарғы деңгейге (³ 2,26 ммоль/л) дейін өзгеретін, бастапқы қалыпты деңгейінде аш қарынға (< 1,69 ммоль/л), анықталған. Өте жиі аш қарынға триглицеридтер деңгейі шекаралық бастапқы деңгейінен (³ 1,69 - < 2,26 ммоль/л) ең жоғарғы деңгейге (³ 2,26 ммоль/л) дейін артқан.
6Эголанза қабылдайтын емделушілердегі паркинсонизм мен дистонияның жиілігі саны бойынша жоғары болса да, плацебо тобынан статистикалық айқын өзгешелігі жоқ. Эголанза қабылдайтын емделушілердегі паркинсонизм, акатизия және дистонияның жиілігі галоперидолдың титрленген дозасын қабылдайтын емделушілерге қарағанда төмен. Сыртартқысында жедел және кеш экстрапирамидалы қимыл бұзылыстарының болуы жөнінде толық ақпарат болмаса Эголанза сирек кеш дискенезияға және/немесе басқадай кеш экстрапирамидалы синдромдарға әкелетінін анықтауға болмайды.
7Эголанзаны қабылдауды дереу тоқтатқанда ұйқысыздық, діріл, үрейлену, жүрек айнуы немесе құсу секілді жедел симптомдар анықталған.
8 Ең көбі 12 аптаға дейінгі ұзақтықпен клиникалық зерттеулерде оланзапин қабылдаған пролактиннің бастапқы қалыпты деңгейімен емделушілердің 30%-да, пролактиннің деңгейі қалыптың жоғары шегінен жоғары болды. Емделушілердің көбінде осы жоғарылау айқын болған жоқ және қосарлы қалыпты деңгейінен төмен болды.
9 Клиникалық зерттеулерде хабарланған, оланзапин деректерінің интеграцияланған базасында бар жағымсыз реакция
10 оланзапин деректерінің интеграцияланған базасында бар клиникалық зерттеулер нәтижесінің талдауы негізінде
11 оланзапин деректерінің интеграцияланған базасын қолданумен анықталған жиілікпен тіркеуден кейінгі кезеңде анықталған кенеттен болған жағымсыз реакция
12 оланзапин деректерінің интеграцияланған базасын қолданумен ДИ 95% жоғары шегіне сәйкес келетін жиілікпен тіркеуден кейінгі кезеңде анықталған кенеттен болған жағымсыз реакция.
Препаратты ұзақ (48 аптадан кем емес) қабылдау
Дене салмағының, глюкозаның, жалпы холестериннің/ ЛПНП холестеринінің / ЛПВП холестеринінің артуы секілді жағымсыз клиникалық маңызды өзгерістері бар емделушілердің саны уақыт өткен сайын артуда.
9-12 айлық емді аяқтаған ересек емделушілерде қандағы глюкозаның орташа деңгейінің арту жылдамдығы шамамен 4-6 айдан кейін төмендеген.
Науқастардың арнайы тобындағы жағымсыз әсерлерлері.
Деменциямен егде жастағы емделушілерде Эголанзаны қабылдау плацебо тобына қарағанда жоғары өлім жағдайына және ми қан айналымы жағынан жағымсыз әсерлерінің жиілігіне байланысты.
Деменциямен байланысты психозбен емделушілердегі өте жиі кездесетін жағымсыз реакциялар жүріс-тұрыстың бұзылуы және құлау болып табылады.
Деменциямен байланысты психозбен егде жастағы емделушілердегі жиі кездесетін жағымсыз реакциялар пневмония, дене температурасының артуы, летаргия, эритема, галлюцинациялық көріністер және несепті ұстап тұра алмау болып табылады.
Препаратты (допамин агонистін) қабылдаумен индукцияланған психозбен емделушілерде, Паркинсон ауруында, паркинсонизм белгілерінің және галлюцинацияның күшеюі плацебо тобына қарағанда өте жиі және жоғары жиілікпен анықталған.
Эголанзаны вальпроатпен біріктіріп қабылдаған биполярлі маниямен емделушілерде нейтропенияның даму жиілігі - 4,1%; қан плазмасындағы вальпроаттың жоғары деңгейі ықпал ететін факторы болуы мүмкін.
Эголанзаны литий немесе вальпроат препараттарымен біріктіріп қабылдайтын биполярлі маниямен ауруларда жиі кездесетін жағымсыз әсерлер ( 10%) дене салмағының артуы, ауыздың құрғауы, тәбеттің артуы, тремор және жиі сөйлеу қабілетінің бұзылыстары болған.
Эголанзаны литий немесе дивалпроекс препараттарымен біріктіріп қабылдағанда 17,4% емделушілерде емнің жедел фазасында (6 аптаға дейін) бастапқы деңгейімен салыстырғанда ³ 7% -ға дене салмағының артуы анықталған.
Биполярлы бұзылыстары бар емделушілерде қайталанудың алдын алу үшін Эголанзаны (12 айға дейін) ұзақ уақыт қабылдау, 39,9% емделушілерде бастапқы деңгейімен салыстырғанда дене салмағының³ 7%-ға артуына әкелген.
Балалар және жасөспірімдер
Эголанзамен балаларды және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді емдеуге болмайды.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың әсер ететін затына немесе басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жабық бұрышты глаукоманың анықталған қауіп факторлары
- емшекпен емізуде
- балалар және18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде
Дәрілермен әрекеттесуі
Дәрілермен өзара әрекеттесулерін зерттеу тек ересектерде жүргізілген. Оланзапиннің тиімділігіне әсер ететін болжамды өзара әрекеттесулер
Оланзапиннің метаболизмінде CYP1A2-нің қатысуына байланысты бұл изоферменттің арнайы индукторлары немесе тежегіштері Эголанзаның фармакокинетикасына әсер етеді.
CYP1A2 индукциясы
Эголанзаның метаболизмі темекі шегетін емделушілерде және карбамазепин қабылдайтын науқастарда индукциялануы мүмкін, бұл оланзапин концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Оланзапин клиренсінің елеусіз немесе орташа жоғарылауы анықталған.
Клиникалық нәтижесі шектеулі болуы мүмкін болса да, әйтсе де қажет болғанда Эголанза дозасын көтеру және клиникалық бақылау ұсынылады.
CYP1A2 бәсеңдету
CYP1A2-нің арнайы тежегіші флувоксамин Эголанзаның метаболизмін елеулі бәсеңдететіні көрсетілген. Флувоксаминнен кейін оланзапиннің Cmax орташа көтерілуі темекі шекпейтін әйелдерде 54% және темекі шегетін ерлерде 77% құрайды.
Оланзапиннің AUC орташа артуы сәйкесінше 52% және 108% құрайды.
Флувоксамин немесе кез келген басқадай CYP1A2 тежегішін мысалы, ципрофлоксацинді қабылдайтын емделушілерде Эголанзаның ең төмен бастапқы дозасын қабылдау мүмкіндігін қарастыру керек. CYP1A2 тежегішімен емдеу курсының басында Эголанзаның дозасын төмендетудің мақсатқа сайлығын қарастыру керек.
Биожетімділігінің төмендеуі
Белсенділендірілген көмір Эголанзаның биожетімділігін 50-60%-ға төмендететіндіктен, белсенділендірілген көмірді Эголанзаны қабылдағанға дейін 2 сағат бұрын немесе кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек. Флуоксетин (CYP2D6 тежегіші) және де құрамында алюминий- және магний бар антацидті немесе циметидинді бір рет қабылдау Эголанзаның фармакокинетикасына елеулі әсер етпейді.
Оланзапиннің басқа дәрілік препараттарға әсер ету қабілеті
Эголанза дофаминнің тікелей және тікелей емес агонистерінің әсерін бәсеңдетуі мүмкін. Эголанза негізгі CYP450 изоферменттерді in vitro (мысалы, 1A2, 2D6, 2C9, 2C19, 3A4) бәсеңдетпейді. Сондықтан келесі препараттармен: үшциклді антидепрессанттар (CYP2D6), варфарин (CYP2C9), теофиллин (CYP1A2) немесе диазепаммен (CYP3A4 және CYP2C19) - емдеу аясында Эголанзаның дозасын бір рет енгізу олардың метаболизмін бәсеңдетумен жүрген жоқ.
Эголанзаны литий немесе биперидин препараттарымен бірге қабылдағанда дәрілік өзара әрекеттесу белгілері анықталмаған.
Қан плазмасындағы вальпроат деңгейіне емдік мақсатпен жүргізілген мониторинг Эголанзамен қосымша ем бастағаннан кейін вальпроат дозасын түзетудің қажеттігі жоғын анықтады.
ОЖЖ әсер ететін препараттар
Эголанзаның орталық жүйке жүйесіне әсер етуін ескере отырып, оны орталықтық әсері бар басқа дәрілік препараттармен және этанолмен біріктіріп сақтықпен қолдану керек. Эголанзаны және паркинсонға қарсы препараттарды Паркинсон ауруымен және деменциямен емделушілерде бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
QTc интервалы
Эголанзаны QTc интервалын ұзартатын немесе Эголанзаның бауырдағы метаболизмін тежейтін препараттармен бір уақытта қолдану сақтықты талап етеді.
Айрықша нұсқаулар
Антипсихотикалық препараттарды қабылдаған кезде емделушілердің клиникалық жағдайының жақсаруына бірнеше күн немесе апта ішінде байқалуы мүмкін.
Бұл кезең бойы емделушілер мұқият бақылауды талап етеді.
Психоз және/немесе мінез құлықтың деменциямен байланысты бұзылулары
Препаратты деменциямен байланысты мінез құлықтың бұзылуын және/немесе психозды емдеу үшін емделушілерде қолдану ми қан айналымының бұзылу қаупі және жоғары өлім қаупіне байланысты ұсынылмайды. Осы популяцияда өлімнің артуына әкелетін қауіп факторларына , 65- тен асқан жас, дисфагия, седативті ем, нашар тамақтану және дегидратация, өкпе патологиясының болуы (мысалы, пневмония аспирациямен немесе онсыз) немесе бензодиазепиндерді қосымша қабылдау жатады.
Алайда Эголанзаны қабылдаған топта плацебо тобымен салыстырғанда бұл қауіп факторына байланыссыз өлім жағдайлары жоғары болған.
Психозбен немесе деменциямен байланысты мінез құлықтың бұзылуымен егде жастағы емделушілерде ми қан айналымы жағынан жағымсыз әсерлер тіркелген (МҚЖӘ) (мысалы, инсульт немесе ми қан айналымының динамикалық бұзылуы), оның ішінде өліммен аяқталған жағдайлар.
Оланзапин және плацебо қабылдаған топтағы, ми қан айналымы бұзылған барлық емделушілерде препаратты қабылдағанға дейін қауіп факторлары болған. Оланзапинмен емдегенде 75-тен асқан жас және қан тамырлық немесе аралас типтегі деменция МҚЖӘ-нің қауіп факторы болып белгіленген.
Бұл зерттеулерде оланзапиннің тиімділігі анықталмаған.
Паркинсон ауруы
Паркинсон ауруымен емделушілердегі дофаминдер агонисін қабылдауға байланысты психоздарды емдеуге Эголанзаны қабылдау ұсынылмайды.
Қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС)
Антипсихотикалық дәрілік заттарды қабылдауға байланысты дамыған қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС) өмірге қауіпті жағдай болып табылады. ҚНС-ның сирек жағдайлары Эголанзаны қабылдаумен байланысты суреттелген.
ҚНС клиникалық біліністері температураның жоғарылауы, бұлшықеттердің сіресуі, психикалық жағдайының өзгеруі, вегетативті функциясының тұрақсыздығы (жүректің жиырылу жиілігінің және артериялық қысымның тұрақсыз деңгейі, тахикардия, тершеңдік, жүрек аритмиясы) болып табылады.
Креатинфосфокиназаның деңгейінің артуы, миоглобинурия (рабдомиолиз) және жедел бүйрек жеткіліксіздігі ҚНС- ның білінуінің қосымша белгілері болуы мүмкін. Емделушіде ҚНС- ның симптомдары мен белгілері дамыған жағдайда немесе ҚНС- ның қосымша клиникалық белгілерінсіз, түсіндіру мүмкін емес қызба пайда болғанда барлық антипсихотикалық дәрілерді оның ішінде Эголанзаны қабылдауды тоқтату керек.
Гипергликемия и диабет
Өте сирек басқа да антипсихотикалық препараттарды қабылдағанда да дамитын, гипергликемия, диабет, бұрын болған диабеттің асқынуы, кетоацидоз және диабеттік кома, оның ішінде бірнеше өлім жағдайы тіркелген. Кейбір жағдайларда бейімділік факторы болып табылатын, дене салмағының артуы анықталған.
Антипсихотикалық дәрілерді қолдануға қатысты бар емдік ұсынымдарға сәйкес, мұқият клиникалық бақылау ұсынылады, мысалы, Эголанзамен емді бастағанға дейін, емді бастағаннан кейін 12 аптадан соң және емдеу барысында жыл сайын қандағы глюкоза деңгейін анықтау. Антипсихотикалық препараттарды, оның ішінде Эголанзаны да қабылдайтын емделушілерді гипергликемияның (полидипсия, полиурия. полифагия және әлсіздік) дамуына қатысты бақылау керек, ал диабетпен және қант диабетінің даму қаупімен емделушілер, қандағы қант деңгейін ұдайы бақылауды қажет етеді, өйткені оларда қандағы қант деңгейін реттеу нашарлауы мүмкін. Дене салмағын ұдайы бақылау керек, мысалы, Эголанзамен емді бастар алдында, содан кейін емді бастағаннан кейін 4, 8 және 12 аптадан соң және кейіннен әрбір 3 айда дене салмағын ұдайы бақылау керек.
Липидтер деңгейінің өзгеруі
Эголанза қабылдаған емделушілерде липидтердің деңгейінің жағымсыз өзгерістері байқалуы мүмкін. Липидтер деңгейі өзгергенде, әсіресе дислипидемия немесе май алмасуының бұзылуының даму қаупі факторлары бар емделушілерге сәйкес ем тағайындау қажет. Антипсихотикалық препараттарды, оның ішінде Эголанзаны да қабылдайтын емделушілерді антипсихотикалық дәрілерді қолдануға қатысты бар емдік ұсынымдарға сәйкес, Эголанзамен емді бастар алдында, содан кейін емді бастағаннан кейін 12 аптадан соң және кейіннен әрбір 5 жылда қандағы липидтер деңгейін ұдайы анықтау керек.
Антихолинергиялық белсенділік
Оланзапиннің белгілі антихолинергиялық белсенділік иеленуіне қарамастан, клиникалық зерттеулерде осымен байланысты құбылыстар жиілігі төмен болды. Қатар жүретін аурулармен емделушілерде Эголанзаны қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі болғандықтан, қуық асты безінің клиникалық маңызды гипертрофиясы, ішектің салданып бітелуі және ұқсас жағдайларда емделушілерге Эголанзаны сақтықпен тағайындау ұсынылады.
Бауыр функциясы
Әсіресе емдеу курсының басында бауыр трансаминазалары АСТ және АЛТ өтпелі және симптомсыз жоғарылауы жиі байқалды.
Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде АСТ және АЛТ белсенділігі жоғарылағанда, бауырдың шектеулі қызметтік қорында немесе потенциальді гепатоуытты препараттармен ем алатын емделушілерде препаратты ерекше сақтықпен қолданады.
АСТ және/немесе АЛТ белсенділігі жоғарылаған жағдайда, Эголанзамен емдеу кезінде, емделушіні мұқият бақылау және қажет болғанда дозаны төмендету керек. Гепатит (оның ішінде гепатоцеллюлярлы, холестатикалық немесе аралас бауыр зақымдануында) анықталғанда Эголанзаны қабылдауды тоқтату керек.
Нейтропения
Препаратты келесі жағдайларда тағайындағанда: әртүрлі себептерге байланысты шеткергі қанда лейкоциттер және/немесе нейтрофилдердің саны азайғанда; нейтропенияны туындататын дәрілік заттарды қабылдауда; дәрілік заттардың әсерімен жілік майы функциясының бәсеңдеуі және уытты бұзылуларында; қатар жүретін аурулардың салдарынан сүйек кемігінің бәсеңдеуінде; сәулемен емдеу немесе химиотерапия, эозинофилдер деңгейінің жоғарылауы немесе миелопролиферативті ауруларда сақтық шараларын сақтау керек. Нейтропения Эголанза және вальпроатты бір уақытта қабылдағанда жиі бақыланған.
Препаратты қабылдауды тоқтату
Эголанзаны қабылдауды дереу тоқтатқанда сирек жағдайларда (<0,01%) мысалы, ұйқысыздық, діріл, үрей, жүрек айнуы немесе құсу секілді жедел симптомдар тіркелген.
QT интервалы
Клиникалық зерттеулерде QTc интервалының клиникалық мәні бар ұзаруы ( Fridericia бойынша [QTcF] ≥ 500 миллисекунд [мс] түзетумен, бастапқы QTcF<500 мс емделушілерде оланзапинді қабылдауды бастағаннан кейін кез келген уақытта) сирек кездесті (0,1%-ден 1% дейін) және жүрек тарапынан құбылыстар жиілігі айтарлықтай ерекшеліктермен қатар жүрген жоқ (плацебомен салыстырғанда). Әйтсе де Эголанзамен емдеу курсы кезінде басқа да антипсихотикалық препараттарды қабылдаған жағдайдағыдай осы препарат әсіресе егде жастағы емделушілерде, QT- ның туа біткен ұзару синдромында, іркілген жүрек жеткіліксіздігінде, жүрек гипертрофиясында, гипокалиемияда, гипомагнезиемияда, QTc интервалын ұзартатын препараттармен бір уақытта қабылдағанда сақтық шараларын сақтау керек.
Тромбоэмболия
Препаратты қабылдау кезінде көктамыр тромбоэмболиясының дамуы сирек жағдайларда (0,01%) тіркелген. Эголанзаны қабылдаумен көктамыр тромбоэмболиясы симптомының дамуының салдарлы байланысы анықталмаған.
Шизофрениямен ауыратындарда жүре пайда болған көктамыр тромбоэмболиясының қауіп факторлары болатындықтан оларды анықтау (мысалы, емделушілердің қозғалмай жатуы) және алдын алу шараларын қолдану керек.
ОЖЖ-не жалпы әсері
Эголанзада дофаминнің антагонисі қасиеті болғаннан кейін, дофаминнің тікелей және тікелей емес агонистерінің әсерін бәсеңдетуі мүмкін.
Эголанзаның ОЖЖ-не негізгі әсерін ескеріп, орталықтық әсері бар басқа препараттармен және алкогольмен қатар қолданғанда сақтық шараларын сақтау керек.
Эпилепсия ұстамалары
Препаратты сыртартқысында эпилепсия ұстамалары бар емделушілерде немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін факторлар әсеріне бейім емделушілерде сақтықпен қолдану керек. Эголанза қабылдайтын емделушілерде эпилепсия ұстамалары сирек байқалады.
Кеш дискинезия
Нейролептиктермен ұзақ уақыт емдегенде (1 жылдан аса) кеш дискинезия даму қаупін ескеру керек. Кеш дискинезияның қаупі препаратты қабылдау ұзақтығы ұзарғанда артады, сондықтан кеш дискинезияның белгілері дамығанда Эголанзаның дозасын төмендету немесе қабылдауды тоқтату ұсынылады.
Кеш дискинезияның белгілері препаратты тоқтатқаннан кейін манифестациялауы немесе күшеюі мүмкін.
Ортостатикалық гипотензия
Эголанзаны қабылдағанда егде жастағы емделушілерде сирек жағдайларда ортостатикалық гипотензия байқалған. Басқа да антипсихотикалық препараттарды қабылдаған жағдайлардай, 65 жастан асқан емделушілерде қан қысымының деңгейін мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады.
Кенеттен жүректен болған өлім
Оланзапин қабылдаған емделушілерде кенеттен өлу жағдайлары туралы хабарлар болды. Зерттеулерде көрсетілгендей, оланзапин қабылдайтын емделушілерде, кенеттен жүректен болуы мүмкін өлім қаупі антипсихотикалық препараттар қабылдамаған емделушілермен салыстырғанда 2 есе жоғары болды. Зерттеулер нәтижесі бойынша оланзапинді қабылдаумен байланысты қауіп, басқа атипиялық антипсихотикалық препараттарды қабылдаумен байланысты қауіпке ұқсайды.
Лактоза
Эголанза таблеткаларында лактоза бар. Препаратты сирек кездесетін туа біткен галактозаға төзімділіктің бұзылуымен, туа біткен лактоза саами тапшылығымен немесе глюкоза-галактоза сіңірілмейтін синдромы бар емделушілерге тағайындауға болмайды.
Қабықпен қапталған Эголанзаның 5 мг-лік бір таблеткасында 40,98 мг лактоза моногидраты, 7,5 мг Эголанзада (61,47 мг), 10 мг Эголанзада (81,97 мг), 15 мг Эголанзада (122,95 мг), 20 мг Эголанзада (163,94 мг) лактоза моногидраты бар.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге және балаларға оның қауіпсіздігі және әсері жөнінде деректер болмауына байланысты тағайындау ұсынылмайды. Жасөспірімдердегі қысқа мерзімдегі зерттеулерде ересектермен салыстырғанда липидтер және пролактиндер деңгейінің өзгеруімен дене салмағының елеулі артқаны анықталған.
Жүктілікте және емшек емізу кезеңінде
Жүктілік кезеңінде Эголанзаны қолдану тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан, жүктілік кезеңінде егер ана үшін күтілген пайда ұрық үшін болатын қауіптен артқан жағдайда ғана препаратты тағайындау керек. Жүктілік бар немесе жоспарланған болса препаратпен емдеу кезеңінде емделушілер өз емдеуші дәрігеріне ол туралы хабарды айту керек екендігі ескертілуі тиіс.
Оланзапин емшек сүтімен бөлінеді. Эголанзаны жүктіліктің 3-ші триместрі бойы қабылдаған аналардың жаңа туылған балаларында кенеттен дірілдің, гипертонияның, летаргияның және ұйқышылдықтың күтпеген жерден, өте сирек жағдайлары жөнінде хабарлар бар. Эголанзаны қабылдап жүрген кезде емшек емізу ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі
Препаратты қабылдап жүрген емделушілер көлік құралдарын және механизмді басқару кезінде сақтық таныту керек, өйткені Эголанзаны қабылдағанда ұйқышылдықты және бас айналуын туғызу мүмкін.
Артық дозалануы
Симптомдары: Артық дозаланудың өте жиі (10%-дан астам) белгілеріне тахикардия, қозу/озбырлық, дизартрия, әртүрлі экстрапирамидтік белгілер мен сергектік деңгейін төмендету (тыныштандыратын әсерден комаға дейін) жатады. Эголанзаның артық дозалануының басқа клиникалық мәнді белгілеріне делирий, құрысулар, кома, қатерлі нейролептикалық синдром, тыныс алудың бәсеңдеуі, аспирация, гипертензия немесе гипотензия, жүрек аритмиясы (артық дозалану жағдайының 2% азы) және тыныс алудың және қан айналымының тоқтауы қосылады. Өліммен аяқталған жедел артық дозаланған кездегі ең аз доза 450 мг, жағымды нәтижемен аяқталған (өміршең) артық дозалану кездегі ең жоғарғы доза – 2 г құрайды.
Емі: Арнайы у қайтарғысы жоқ. Құсық шақыру ұсынылмайды. Асқазанды шаю ұсынылады. Бір мезгілде белсендендірілген көмір енгізу ішке қабылдағанда оланзапиннің биожетімділігін 50-60%-ға төмендетеді. Клиникалық жағдайға сай симптоматикалық ем және артериялық гипотонияны, қан айналымының бұзылуын емдеуді және тыныс алу қызметін демеуді қоса өмірге маңызды мүшелер функциясын бақылау ұсынылады. Адреналинді, дофаминді немесе β-агонистикалық белсенділігімен басқа симпатомиметиктерді қолданбау керек, өйткені β-рецепторларды көтермелеу гипотензияны күшейтуі мүмкін. Болуы мүмкін аритмияның алдын алу үшін жүрек-қантамыр жүйесіне мониторинг жасау керек. Мұқият медициналық бақылауды және мониторинг жасауды емделуші сауыққанға дейін жалғастырып отыру керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Пішінді ұяшықты қаптамада 7 таблеткадан. 4 (28 таблетка) немесе 8 (56 таблетка) «соld» (полиамид / алюминий фольга / ПВХ) / алюминий фольга біріктірілген үлбірінен жасалған пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«ЭГИС ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖАҚ
1106 БУДАПЕШТ, Керестури көшесі, 30-38 Венгрия
Телефон: (36-1) 803-5555, Факс: (36-1) 803-5529
Тіркеу куәлігінің иесі
«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ ҚР өкілдігі
050060, Алматы қ-сы, Жароков к-сі 286 Г
тел: + 7 (727) 247 63 34, + 7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41,
e-mail: egis@egis.kz