Эвкалипта настойка (25 мл)

МНН: Эвкалипта прутовидного листьев настойка
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003139
Период регистрации: 13.01.2016 - 13.01.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Эвкалипт тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

25 мл тұндырма

Құрамы

1 литр препараттың құрамында

белсенді зат – 100 г эвкалипт жапырақтары

қосымша зат – 1 литрге дейін 70% этил спирті

Сипаттамасы

Жасыл-қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.

АТХ коды R02АА20

Фармакологиялық қасиеттері

Эвкалипт жапырақтары құрамында эфир майы (цинеол), иіткіш заттар, органикалық қышқылдар, ащы заттар, альдегидтер (изовалериан, кумин, каприл), флавоноидтар бар. Препараттың микробтарға қарсы, қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын, жараны жазатын, қақырық түсіретін әсерлері бар.

Қолданылуы

Мыналарда біріктірілген ем құрамында:

- тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында (ларингитте, трахеитте, бронхитте)

- ауыз қуысының және жұтқыншақтың қабыну аурулары кезінде (фарингитте, тонзиллитте, стоматитте) шаю үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішуге. Қайнаған жылы 1/2 стақан суға 15-20 тамшыдан тамызып, тамақтан соң күніне 3 рет.

Ингаляцияға (булау). Бір стақан қайнаған суға 10-15 тамшыдан – күніне 1-2 рет.

Шаюға. Ересектерге, 12 жастан асқан балаларға бір стақан қайнаған жылы суға 10-15 тамшыдан тамызып, күніне 3-4 рет.

Емдеу курсы 5-7 күн.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа аса жоғары сезімталдық

- ингаляция үшін – бронх демікпесі, бронх түйілуі, көкжөтел

- бүйректің, бауырдың ауыр зақымдануы

- жүктілікте, лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталған жоқ

Айрықша нұсқаулар

Балалар

Балалар іс-тәжірибесінде 12 жастан бастап қолданылуы мүмкін.

Препараттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Байқалған жоқ

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтилен тығынмен тығындалған және бұрандалы қақпағы немесе тығыздағыш элементі бар полиэтиленді қақпағы, бұрандалы мойны бар шыны массадан жасалған құтыда 25 мл-ден.

Құтылар саны сәйкесінше медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“ФАРМАЦИЯ 2010” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

“ФАРМАЦИЯ 2010” ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауыр) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

“Фармация 2010” ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел.факс: 8 (7212) 42-67-34, e-mail – farmaciyakrg@mail.ru

 

 

 

3

 

Прикрепленные файлы

873900681477976327_ru.doc 43.5 кб
560815501477977576_kz.doc 45 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники