Эвкалипта настойка
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Эвкалипт тұндырмасы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Тұндырма 25, 40, 50, 100 мл
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат: эвкалиптің изен тәрізді жапырақтары – 20.0 г;
қосымша заттар: 70 % этанол (этил спирті) - 1 л тұндырма алғанға дейін жеткілікті мөлшерде.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар жасыл-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық. Сақтау үдерісінде шөгінді отыруы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар
АТХ коды R02АА20
Фармакологиялық қасиеттері
Эвкалипт жапырақтарында эфир майы (цинеол), иіткіш заттар, органикалық қышқылдар, ащы заттар, альдегидтер (изовалерианды, куминді, каприлді), флавоноидтар бар. Препараттың микробқа қарсы, қабынуға қарсы, ауыруды басатын, жараны жазатын, қақырық түсіретін әсері бар.
Қолданылуы
Жұтқыншақ және жоғарғы тыныс алу жолдарының (фарингит, ларингит, трахеит), ауыз қуысының (стоматит, гингивит) жұқпалы-қабыну ауруларын кешенді емдеуде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Жергілікті, ингаляциялық.
Шаю үшін ересектер мен 6 жастан асқан балаларда бір стақан суға 10-15 тамшыдан күніне 3-4 рет пайдаланады; булы ингаляция үшін – бір стақан суға 10-15 тамшыдан күніне 1-2 рет.
Емдеу курсы 5-7 күн. Қажет болғанда дәрігермен кеңесуден кейін екі апталық үзіліспен (немесе онсыз) қайталау курсын жүргізеді.
Жағымсыз әсерлері
Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар
- бүйректің, бауырдың ауыр зақымдануы
Ингаляция үшін - бронх демікпесі, бронх түйілуі, көкжөтел.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Балалар
Балалар тәжірибесінде 6 жастан бастап қолданылуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препараттың дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Препаратты дұрыс қолданғанда артық дозалану жағдайлары байқалмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
25, 40, 50, 100 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұралатын қақпақтармен немесе тығындағыш-бұралатын қақпақтармен тығындалған, мойны бұрандалы қызыл-сары шыныдан жасалған құтыда.
1 құтыдан немесе банкіде картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
25, 40,50 мл рецептісіз
100 мл рецепт арқылы
Өндіруші
Ресей Федерациясы
"Гиппократ" ЖШҚ,
443012 Самара, Охтинская к-сі, 10-13.
(846) 312-59-34
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Гиппократ ЖШҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
"Гиппократ" ЖШҚ, Ресей, 443056 Самара, Ерошевский к-сі 49-33.
(846) 312-59-34
1