Эвказолин Аква

МНН: Ксилометазолин
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Xylometazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013223
Информация о регистрации в РК: 09.07.2018 - 09.07.2023
Номер регистрации в РБ: 8884/09/14/17/20
Информация о регистрации в РБ: 09.03.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Эвказолин Аква

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ксилометазолин

Дәрілік түрі

1мг/г 10 г мұрын спрейі

Құрамы

Бір грамм спрейдің құрамында

белсенді зат: 100% затқа шаққанда 1мг ксилометазолин гидрохлориді,

қосымша заттар: бензалконий хлориді, эвкалипт майы, динатрий эдетаты, пропиленгликоль, макрогол 1500, повидон, гипромелоза, полисорбат 20, натрий гидрофосфат додекагидраты, калий дигидрофосфаты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Препарат құтыдан сорғы-дозатор және мұрын ішіне арналған бүріккіш арқылы сорғалап ағатын аэрозоль түрінде шығып бүркіледі, оның өзіне тән иісі бар және сұйықтықтың ауада дисперсияланатын бөлшектері болып табылады.

Фармакотерапиялық тобы

Мұрын қуысының ауруларында қолданылатын дәрілер. Симпатомиметиктер, жай препараттар. Ксилометазолин

АТХ коды R01A A07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат көбіне жергілікті әсер етеді, аздаған мөлшерде әдеттегідей қолданғанда шырышты қабықтар арқылы сіңеді. Препараттың әсері 5-10 минуттан кейін басталады және 5-6 сағатқа жалғасады.

Фармакодинамикасы

Эвказолин Аква селективті емес α-адреномиметиктерге жатады. Мұрынның шырышты қабығына жаққанда ісінуге қарсы әсер етеді, гиперемия мен экссудацияны азайтады, бұл мұрынмен тыныс алудың жеңілдеуіне, көктамырлық синустардағы қан ағысының азаюына мүмкіндік береді. Құрамында эвкалипт майының болуының арқасында шырышты қабықтың құрғауына жол бермейді және қабынуға қарсы және антисептикалық әсер білдіреді.

Қолданылуы

  • салқын тигенде, пішен қызбасында, аллергиялық риниттерде, синуситтерде мұрынның бітелуін симптоматикалық емдеуге

  • ортаңғы отитте қосымша ем ретінде (мұрын қуысының шырышты қабығының ісінуін азайту үшін)

  • диагностикалық араласымдарда (риноскопияда)

Қолдану тәсілі жіне дозалары

Жергілікті қолдануға арналған. Ішінде препараты бар құтыны, дене температурасына дейін жылыту үшін, тура қолданар алдында алақанда ұстау керек.

Ересектерде және 10 жастан асқан балаларда әрбір мұрын жолына 1 бүркуден тәулігіне 3-4 рет.

Емдеу курсы ауру ағымына байланысты және қатарынан 7 күннен асырмай қолдану керек.

Емдеу курсы аяқталғаннан кейін препаратты қайтадан тек бірнеше күннен соң және дәрігерден кеңес алғаннан кейін ғана тағайындауға болады. Балаларда емдеу ұзақтығын дәрігер жекелей белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Мына жағымсыз құбылыстар болуы мүмкін:

  • мұрында немесе тамақта күйдіріп ашу сезімі

  • шаншу, мұрының құрғауы

  • түшкіру

  • жүректің айнуы

  • ентігу

  • ангионевротикалық ісіну

Бірен-саран жағдайларда жүйелік аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Жоғары концентрацияларын ұзақ қолданғанда немесе жиі пайдаланғанда мыналар білінуі мүмкін:

  • мұрынның шырышты қабығының ісінуі

  • резорбтивті әсерлердің бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық, құсу, артериялық қысымның жоғарылауы, жүректің лүпілдеуі, жүрек ырғағының бұзылуы, көрудің қысқа мерзімдік бұзылуы түріндегі біліністері

Препаратты жоғары дозаларда өте ұзақ қолданғанда депрессиялық жағдай дамуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • жедел коронарлы аурулар

  • коронарлы демікпе

  • гипертиреоз

  • жабық бұрышты глаукома

  • трансфеноидальді гипофизэктомия немесе сыртартқыда қатты ми қабығы ашылған трансназальді/трансоральді хирургиялық араласымдар

  • МАО тежегіштерімен қатар емдеу және оларды қолдануды тоқтатқаннан кейін 2 апта бойы

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 10 жасқа толмаған балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эвказолин Аква резорбтивтік әсері болғанда ғана басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттеседі. Препараттар-басқа топтың адреномиметиктері Эвказолин Акваның әсерін күшейтеді. Адренолитиктер және симпатолитиктер, кальций антагонистері оның әсерін бәсеңдетеді.

Моноаминоксидаза тежегіштерін немесе үшциклдік антидепрессанттарды бірге енгізу, осы препараттардың жүрек-қантамыр жүйесіне ықпал етуі салдарынан, артериялық қысымның жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты созылмалы риниттерде ұзақ кезең бойы (қатарынан 10 күннен астам бойы) үзіліссіз қолданбаған жөн. Препаратпен ұзақ емдеу кері әсерді туындатуы мүмкін.

Әсіресе балаларды және егде жастағы адамдарды емдегенде препараттың ұсынылған дозасын арттырмаған жөн.

Препаратты адренергиялық препараттарды қолданғанда ұйқысыздық, бас айналу, діріл, жүрек аритмиясы, артериялық қысымның жоғарылауы түрінде білінетін күшті реакиялар пайда болатын емделушілерге абайлап тағайындау керек.

Препаратты жүрек-қантамыр аурулары, артериялық гипертензиясы бар емделушілерге, қант диабеті, қалқанша без аурулары бар, несептің бөлініп шығуы қиындаған науқастарға сақтықпен тағайындаған жөн.

Препараттың тамырларды тарылтатын әсеріне байланысты, көзішілік қысым жоғарылауы мүмкін.

Тамшы дәрінің әрбір қаптамасын, жұқпаны жұқтырып алмау үшін, бір ғана адам пайдалануы тиіс.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты ұсынылған дозаларда қолданғанда көлік құралын және күрделі механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді, бірақ көрудің уақытша нашарлауы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауыру, мұрынның құрғауы, жүректің айнуы, депрессиялар, артериялық қысымның жоғарылауы, көрудің қысқа мерзімдік нашарлауы.

Емі: препаратты пайдалануды тоқтату және антагонист препараттарды қолдану қажет: симпатолитиктер және α-адреноблокаторлар (фентоламин, тропафен), симптоматикалық ем.

Егер препаратты байқамай ішіп қойса, асқазанды шаю, іш жүргізетін дәрілерді және энтеросорбенттерді қабылдау қажет. α-адреноблокаторлармен емдеу; симптоматикалық ем көрсетілген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Мұрынға арналған бүріккіші бар, сорғы дозатормен жабдықталған, қоңыр шыны құтыда 10 г-нан. Құтыға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

Әрбір құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткен препаратты пайдалануға болмайды Дәріханадан босатылу шарттары Рецептісіз

Өндіруші

“Фармак” ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ-сы, Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Фармак” ЖАҚ, Украина

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050009 Алматы қ-сы, Абай д-лы 157, 5 кеңсе Тел/факс: +7 (727) 250 66 23, электронды поштасы: Djatlova88@mail.ru

Прикрепленные файлы

334146641477976813_ru.doc 56 кб
537286461477977968_kz.doc 62 кб
8884_09_14_17_20_p.pdf 0.27 кб
8884_09_14_17_20_s.pdf 0.27 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ