Шукур май

МНН: Крапивы листья, Лопуха корни, Ревень корень и корневище, Солодки корни (Лакрица деглицирризированная)
Производитель: ФитОлеум ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для лечения заболеваний ЖКТ и нарушений обмена веществ
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№121888
Период регистрации: 10.12.2015 - 10.12.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Шүкір май

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Полифитті май

Құрамы

100 г препараттың құрамындабелсенді заттар:

мия тамырлары 1.5г

түйежапырақ тамырлары 1.5г

рауғаш тамырлары 1.5г

қалақай жапырақтары 0.5 г

қосымша зат

өсімдік майы 100 мл-ге дейін

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар жасыл-сары түсті майлы мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

АІЖ ауруларын және зат алмасуының бұзылуын емдеуге арналған басқа да препараттар

Код АТХ А16А

Фармакологиялық қасиеттері

Шүкір май препаратының әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Шүкір май, полифитті май – өсімдік текті дәрі.

Шөптің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттар кешені (сапонинді гликозидтер – глицирризин, глицирризин қышқылы, инулин, танногликозидтер, антрагликозидтер, антрахинді бірігулер, С витамині, каротиноидтер, сондай-ақ К1, В1, В2, РР витаминдері, пантотен қышқылы, макро- және микроэлементтер, уртицин, флавоноидтар) қабынуға қарсы, қантты түсіретін, гепатопротекторлық әсерге ие.

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде:

- бауыр мен өт шығаратын жолдардың ауруларында- асқазан және 12 ем ішектің ойық жараларында- гастриттерде- колиттерде- геморройда- бронхиттерде- бронх демікпеде - дерматиттерде

Қолдану тәсілі және дозалары

7 жасқа дейінгі балаларға – күніне 4 рет ½ шай қасықтан; 7 жастан асқан балаларға және ересектерге – тамақтануға дейін 15-20 минут қалғанда күніне 4 рет 1 шай қасықтан ішке қабылдайды.

Сыртқа: тері ауруларында зақымдалған жерге күніне 2-3 рет жағу керек.

Жағымсыз әсерлері

  • сирек жағдайларда: қышыну, шымылдатып ашыту, гиперемия. Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препаратқа жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

  • препарат компонеттеріне жоғары сезімталдық

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Препаратты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препаратпен артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұрандалы мойны бар қызғылт- сары шыныдан жасалған фармацевтикада қолдануға арналған шыны құтыларда препарат 50 мл және 100 мл. Сыйымдылығы 50 мл құтылар полиэтиленді тамшылатқышпен тығындалған және алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы полипропиленді қақпақпен жабылған. Сыйымдылығы 100 мл құты алғашқы ашылуы бақыланатын алюминий қақпақпен тығындалған.

Әрбір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қораптан жасалған қорапқа салынған. Қолдану жөніндегі нұсқаулықтың мәтіні қорапқа тікелей жазылуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Пайдаланудың алдында шайқау керек!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«ФитОлеум» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы облысы, Есік қ., Маметова к-сі, 25

тел.\факс 8 (727) 297-27-00, 297-27-01, 8 (727) 297-29-36, 8 (72775) 7-25-18

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФитОлеум» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нқмірі, электронды поштасы

«ФитОлеум» ЖШС,

050037, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин д-лы, 163 «а»

тел.\факс 8 (727) 297-27-00, 8 (727) 297-27-01, 8 (727) 297-29-36

e-mail: fitoleum@mail.ru, www.fitoleum.kz

 

Прикрепленные файлы

109171461477976307_ru.doc 47 кб
156719531477977553_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники