Шиповника плоды (50 г)

МНН: Шиповника плоды
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017077
Информация о регистрации в РК: 10.12.2019 - 10.12.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Итмұрын жемістері

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

50г, 100г жемістер

Құрамы

Бір қорапша ішінде

белсенді зат – 50г, 100г итмұрын жемістері

Сипаттамасы

Шар тәрізді, жұмыртқа тәрізді немесе сопақша пішіннен қатты созылған ұршық тәрізді пішінге дейінгі ұзындығы 0.7-3 см, диаметрі 0.6-1.7 см әртүрлі бүтін, жалған жемістер. Жемістердің түсі сарғылт-қызылдан қоңыр-қызылға дейін. Иісі жоқ. Дәмі қышқылтым-тәтті, аздап тұтқырлау.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Аскорбин қышқылы

АТХ коды А11GA01

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік текті препарат. Итмұрын жемістерінің құрамында органикалық қышқылдар, флавоноидтар, каротиноидтар, пектиндік және иіткіш заттар, В1, В2, Р, К, С, Е, РР витаминдері, эфир майы, органикалық қышқылдар, қанттар, макроэлементтер – K, Ca, Mg, Fe, микроэлементтер – Mn, P, Na, Cu, Zn, Co, Al бар.

Құрқұлаққа қарсы, өт айдайтын әсер көрсетеді, организмдегі тотығу-тотықсыздану процесін күшейтеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- С және Р гипо- және авитаминоздарының алдын алу және емдеу

- жалпы нығайтатын дәрі (жедел және созылмалы жұқпаларда, дистрофияда)

Қолдану тәсілі және дозалары

Жемістерді 10 г (1 ас қ.) эмальданған ыдысқа салып, 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық су құйып, қақпағын жауып және сулы моншасында 15 мин қыздырып, бөлме температурасында 45 мин салқындатып, сүзіп, қалған өнімді сығу керек. Алынған тұнбаның көлемін қайнаған су құю арқылы 200 мл-ге дейін жеткізу керек. Дайындалған тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтау керек. Ішке 50-100 мл-ден күніне 2-3 рет тамақтан кейін жылы күйінде қабылдау керек.

Балаларға 5-7 жаста 10-15 мл-ден, 8-14 жастағыларға 20 мл-ден күніне 2 рет тамақтан кейін жылы күйінде қабылдау керек. Емдеу курсын дәрігер жеке анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

– аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– итмұрынға деген жекелеген жоғары сезімталдылықта

– өт-тас ауруында

– тромбоздарда, тромбофлебиттерде, эндокардиттерде, қан айналымының жеткіліксіздігінде

– 5 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілікте, лактацияда

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Препараттың автокөлікті немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

50г және 100г препараттан картон қорапшаға салынған полиэтилен немесе полимер және біріктірілген материалдан жасалған немесе полипропилен пакеттерде, оларға мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі қысқаша андатпа жазылған.

Қорапшаны полипропилен үлбірмен жабады, сосын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтардың тиісті мөлшерімен бірге қорапшалық картоннан жасалған топтық транспорттық ыдысқа қояды.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 250C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Зерде-Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзавод ы-а, 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде-Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Зерде-Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзавод ы-а, 2/1

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06,

50-37-27, e-mail: kontakt@zerdefito.kz

Прикрепленные файлы

338383261477976585_ru.doc 46.5 кб
263918131477977739_kz.doc 40.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники