Шалфей (листья)

МНН: Шалфея лекарственного листья
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для местного применения при заболеваниях полости рта
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019176
Период регистрации: 04.03.2016 - 04.03.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Сәлбен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

30 г, 50 г жапырақтар

Құрамы

Бір қораптың ішінде

белсенді зат - 30 г, 50 г сәлбен жапырақтары

Сипаттамасы

Әр түрлі пішіндегі жапырақ үзіктері және өсімдіктің басқа бөліктерінің аздаған мөлшерімен (гүл сабақтарымен және оларсыз сабақтарының, гүлдерінің үзінділері) өлшемі 0,5 мм-ден 8 мм-ге дейінгі жапырақтар. Жапырақтарының түсі жасыл, сұрғылт-жасыл немесе күміс тәрізді ақ. Хош иісті. Дәмі ащы-татымды, сәл тұтқыр.

Фармакотерапиялық тобы

Ауыз қуысының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды А01АD11

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес дәрі. Құрамында эфир майлары (негізгі компоненттер – альфа-туйон, бета-туйон, 1,8-цинеол, камфора, борнеол, изобутил ацетат, камфен, линалоол, альфа- және бета-пинен, виридифлорол, альфа- және бета-кариофиллен); кофеин қышқылы мен оның туындылары (розмарин қышқылы, хлороген қышқылы); дитерпендер (басты компоненттері – карносол қышқылы, розманол, саффисинолид); флавоноидтар (апигенин- және лютеолин-7-глюкозоидтерді, метоксилденген агликиндер қатарын, оның ішінде генкванин-6-метил эфирін қоса алғанда;) тритерпендер (басты компоненті – урсолик қышқылы) бар.

Сәлбен қабынуға қарсы, дезинфекциялық, тұтқырлайтын, қан тоқтататын, қақырық түсіретін, антисептикалық қасиеттерге ие.

Қолданылуы

Кешенді емде шаю үшін

- ауыз қуысы ауруларында

- ларингиттерде

- трахеиттерде

- фарингиттерде

Қолдану тәсілі және дозалары

10 г (3 ас қасық) препаратын эмальданған ыдысқа салып, үстіне 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық суды жайлап құяды да, қақпақпен жабады, қайнап жатқан су бұлауында 15 минут қыздырады, бөлме температурасында 45 минут салқындатып, сүзеді, қалған шикізатты сығады, қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Дайындалған тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды. Күніне 5 рет әр 2-3 сағат сайын шаю керек.

Емдеу мерзімін әр науқас үшін дәрігер жеке тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препараттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г, 50 г препараттан полипропилен немесе полимерлі және біріктірілген материалдан жасалған немесе полиэтилен пакеттерде, ол медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша аңдатпа жазылған картон қорапшаға салынады. Қорапша полипропилен үлбірмен немесе полимерлі және біріктірілген материалдан немесе полиэтилен жабылып, сонан соң медициналық қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфарм зауытының ы/а, 2/1, тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-27, е-mail: kontakt@zerdefito.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфарм зауытының ы/а, 2/1, тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27, е-mail: kontakt@zerdefito.kz

 

3

 

Прикрепленные файлы

390412311477976265_ru.doc 55.5 кб
516217811477977460_kz.doc 48 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники