Черника-МИК

МНН: Экстракт черники 25% антоцианидинов
Производитель: Минскинтеркапс УП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний глаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012883
Информация о регистрации в РК: 11.12.2018 - 11.12.2023
Номер регистрации в РБ: 16/05/1297
Информация о регистрации в РБ: 01.10.2015 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Қаражидек-МИК

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

1 капсуланың құрамында

белсенді зат: антоцианидиндерге шаққанда құрамында 25% антоцианидин

бар стандартталған құрғақ қаражидек сығындысы – 44,25 мг.

қосымша заттар: лецитин, ара балауызы, күнбағыс майы,

капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы E-171, глицерин, тазартылған су, натрий бензоаты Е-211, бриллиантты көк Е-133, темірдің қара тотығы Е-172, кармуазин Е-122, желатин.

Сипаттамасы

Тігісі бар сопақша пішінді, серпімді, қою-күлгін түсті, жұмсақ желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – қою-күлгін түсті қышқыл дәмі бар майлы суспензия. Сақтаған кезде қоспа қатпарлануы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

ATХ коды S01XA.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Антоцианидиндерді фармакокинетикалық зерттеу бұл заттың асқазан-ішек жолында тез және тиімді түрде сіңетіндігін, кейін бауырға интактілі және метаболизденген түрде түсетіндігін және әртүрлі тіндерге таралатындығын көрсетті. Несеппен және өтпен бірге бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Қаражидек-МИК дәрілік затының фармакологиялық белсенділігі қаражидектің құрғақ компоненттерінің, олардың ішінде негізгісі биофлавоноидтарға жататын антоцианидиндер болып табылатын, кешенді әсерімен жүзеге асады.

Антоцианидиндер торқабықтың жарыққа сезімтал пигменті – родопсиннің регенерациясына мүмкіндік береді; көздің торқабығының трофикасын жақсартады, оның микроайналымын ынталандырады; торқабықты қорғаудың тіндік механизмін қалпына келтіреді; дәнекер тіндердің коллагенді матриксін нығайтады; дәнекер тіннің компоненті – гликозаминогликанның синтезін ынталандырады, соның әсерінен торқабықтың қылтамырларын нығайтады. Осылайша, торқабықтың жарық сәулесінің әртүрлі деңгейлеріне сезімталдығы жақсарады және жарығы нашар жерде көру өткірлігі күшейеді.

Қолданылуы

Қаражидек-МИК дәрілік заты спецификалық емес антиоксидантты ем ретінде мыналарды кешенді түрде емдеуге және алдын алу үшін қолданылады:

- миопияларда;

- диабеттік ретинопатияларда;

- түнгі уақытта, сондай-ақ ымыртта көрудің қараңғыға бейімделу механизмі бұзылғанда;

- торқабықтың дистрофиялық ауруларында;

- катарактада;

- көзге түсетін жүктеме жоғары болған кезде, компьютермен жұмыс жасағанда кезде

- көру нашарлағанда;

- операциялық араласудан кейінгі (торқабықтың ажырауында және т.б.) жағдайда қалпына келтіретін кешенді емде

Қолдану тәсілі және дозалары

Тәулігіне 1-3 рет 1 капсуладан тағайындайды.

Емдеу курсы – 1 ай.

Жағымсыз әсерлері

Дәрілік зат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Дәрілік заттың артық дозаланғаны жөнінде мәлімделген жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы,

220075, Минск қ., 112 а/ж, Инженерная к-сі, 26 үй

Тел./факс (+37517) 344-18-66

Тіркеу куәлігінің иесі

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы,

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Рахметова» ЖК, ҚР

тел.: +7 777324-23-37

e-mail: al.rakhmetova@yandex.kz

 

3

 

Прикрепленные файлы

696023431477976816_ru.doc 47.5 кб
178291141477977973_kz.doc 50.5 кб
15_10_1297_p.pdf 0.09 кб
15_10_1297_s.pdf 0.12 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ