Череда

МНН: Череды трава
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний кожи
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019240
Период регистрации: 04.03.2016 - 04.03.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Итошаған

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

30 г, 50 г шөп

Құрамы

Бір қораптың ішінде

белсенді зат - 30 г, 50 г итошаған шөбі

Сипаттамасы

Тесіктерінің диаметрі 8 мм електен өтетін жапырақ, сабақ, гүлшанақтар мен гүлдердің үзіктері. Түсі жасыл, қоңырлау-жасыл немесе қоңыр-сары теңбілдері бар жасылдау-күлгін. Иісі әлсіз. Дәмі ащылау, сәл тұтқыр.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды D11 АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес дәрі. Итошаған шөбі биологиялық белсенді заттарының кешені (эфир майы, иіткіш заттар - полифенолдар, аскорбин қышқылы, каротин, флавоноидтар, микроэлементтер – оның ішінде марганец) қабынуға

қарсы, бактерицидтік, несеп айдайтын, жараны жазатын, тер шығаратын әсер береді.

Қолданылуы

Сыртқа

- экссудаттық диатездің терілік көріністерінде

- фурункулезде

- терінің іріңді ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

10 г (3 ас қасық) препаратты эмальданған ыдысқа салып, үстіне 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық су құйып, қақпақпен жабады, қайнап тұрған суда (су бұлауында) 15 мин қыздырады, бөлме температурасында 45 мин бойы салқындатып, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған тұнбаның көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды. Сыртқа ванна қабылдау үшін қолданылады. Емдеу курсын әрбір науқас үшін дәрігер жекелей тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Балаларға

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Препарат 30 г, 50 г-ден полипропиленді немесе полимерден және біріктірілген материалдан немесе полиэтиленнен жасалған пакеттер қартон қорапшаға салынған, оған медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде қысқаша аңдатпа жазылады.

Қорапша полипропилен немесе полимерден және біріктірілген материалдан жасалған немесе полиэтилен үлбірмен жабылып, сонан соң медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфарм зауыты ш/а, 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфарм зауыты ш/а, 2/1.,

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

 

 

 

 

3

 

Прикрепленные файлы

073461471477976270_ru.doc 46 кб
368089911477977470_kz.doc 47 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники