Цитрамон П

МНН: Ацетилсалициловая кислота, Кофеин, Парацетамол
Производитель: Ирбитский ХФЗ ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ацетилсалициловая кислота в комбинации с психолептиками
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009166
Период регистрации: 13.09.2016 - 13.09.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Цитрамон П

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: ацетилсалицил қышқылы – 0.240 г, парацетамол – 0.180 г, кофеин - 0.0300 г.

қосымша заттар: какао, лимон қышқылы, картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Теңбілді ашық-қоңыр түсті, жалпақ цилиндр пішінді, какао иісі, сызығы және кертігі бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер. Анальгетиктер – басқа да антипиретиктер.

Салицил қышқылы және оның туындылары. Психолептиктермен біріктірілген ацетилсалицил қышқылы.

АТХ коды NO2BA71

Фармакологиялық қасиеттері

Цитрамон П ауыруды басатын, қабынуға қарсы ыстықты түсіретін әсерлері бар біріктірілген препарат. Оның құрамына кіретін компоненттер бір-бірінің әсерін күшейтеді.

Ацетилсалицил қышқылының ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар, әсіресе қабыну үдерісінен туындаған ауыруды бәсеңдетеді, сондай-ақ тромбоциттердің агрегациясын және тромбтың түзілуін орташа тежейді, қабыну ошағындағы микроайналымды жақсартады.

Кофеин жұлынның рефлекторлы қозғыштығын арттырады, тыныс алу және қантамырларын қозғау орталықтарын қоздырады, қаңқа бұлшықеттеріндегі, мидағы, жүректегі, бүйректердегі қантамырларды кеңейтеді, тромбоциттердің агрегациясын төмендетеді; ұйқышылдықты, шаршау сезімін азайтады. Осы біріктірілімде кофеин аз дозада орталық жүйке жүйесіне стимуляциялайтын әсер бермейді, алайда ми қантамырлары тонусын реттеуге мүмкіндік жасайды.

Парацетамолдың ауыруды басатын, ыстықты түсіретін әсері және қабынуға қарсы әлсіз ықпалы бар, бұл оның гипоталамусте жылуды реттейтін орталыққа ықпал етуімен және шеткері тіндерде простагландиндер (Pg) синтезін тежейтін әлсіз білінетін қабілетімен байланысты.

Қолданылуы

- генезі әр түрлі бас ауыру

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты қабылдауды ауыруды басатын дәрілік зат ретінде 5 күннен асырмаған және ыстықты түсіретін дәрі ретінде 3 күннен асырмаған жөн (дәрігердің тағайындауынсыз және бақылауынсыз).

Ішке (тамақтану кезінде немесе одан кейін), әрбір 4 сағат сайын 1 таблеткадан, ауыру синдромында – 1-2 таблетка; тәуліктік орташа дозасы – 3-4 таблетка, тәуліктік ең жоғары дозасы – 8 таблетка.

Емдеу курсы – 3-5 күннен аспайды.

Жағымсыз әсерлері

- анорексия, жүректің айнуы, құсу, гастралгия

- тромбоциттер агрегациясының төмендеуі

- асқазан-ішек жолының және он екі елі ішектің эрозиялық-ойық жаралы зақымданулары, асқазан-ішектен қан кетулер

- аллергиялық реакциялар

- бронх түйілуі

- мультиформалы экссудативті эритема (соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы)

- уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)

- бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі

- бас айналу, тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы

Ұзақ уақыт қолданғанда:

- бас ауыру, көрудің нашарлауы, құлақтың шыңылдауы

- гипокоагуляция

- геморрагиялық синдром (мұрыннан қан кету, қызыл иектің қанағыштығы, пурпура және т.б.)

- бүйректің папиллярлы некрозбен зақымдануы

- балаларда Рейе синдромы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының асқыну сатысы

- асқазан-ішектік қан кетулер (соның ішінде анамнезде)

- бауыр және/немесе бүйрек функциясының айқын бұзылулары, подагра

- геморрагиялық диатездер, гипокоагуляция

- көп қан кетумен қатар жүретін хирургиялық араласулар

- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

- глаукома

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- ацетилсалицил қышқылын, салицилаттарды және қабынуға қарсы стероидты емес басқа да дәрілерді қабылдаумен индукцияланған демікпе

- қатты қозғыштық, ұйқының бұзылуы

- жүрек-қантамыр жүйесінің органикалық аурулары (соның ішінде жедел миокард инфарктісі, атеросклероз)

- айқын артериялық гипертензия

- портальді гипертензия

- К авитаминозы

- гипопротеинемия

- жүктілік және лактация кезеңі

- 15 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гепариннің, әсері тікелей емес антикоагулянттардың, резерпиннің, стероидты гормондардың және гипогликемиялық дәрілік заттардың әсерін күшейтеді.

Қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттармен, метотрексатпен бір мезгілде тағайындау жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін арттырады.

Спиронолактонның, фуросемидтің, гипотензиялық дәрілік заттардың, сондай-ақ подаграға қарсы дәрілік заттардың тиімділігін азайтады, несеп қышқылының шығарылуына мүмкіндік береді.

Барбитураттар, рифампицин, салициламид, эпилепсияға қарсы дәрілік заттар және микросомальді тотығудың басқа да стимуляторлары бауыр функциясына ықпалын тигізетін парацетамолдың уытты метаболиттерінің түзілуіне мүмкіндік береді.

Метоклопрамид парацетамолдың сіңуін жылдамдатады.

Парацетамолдың әсерімен хлорамфениколдің жартылай шығарылу кезеңі 5 есе артады. Қайталап қабылдағанда парацетамол антикоагулянттардың (дикумарин туындыларының) әсерін күшейтуі мүмкін.

Кофеин эрготаминнің сіңуін жылдамдатады.

Препаратты және құрамында спирті бар сұйықтықтарды бір мезгілде қабылдағанда бауырдың уытты зақымдану қаупі артады.

Айрықша нұсқаулар

Рейе синдромының пайда болу қаупіне байланысты, препаратты 15 жасқа дейінгі балаларға тағайындамау керек. Рейе синдромы ұзаққа созылатын құсумен, жедел энцефалопатиямен, бауырдың ұлғаюымен білінеді.

Ацетилсалицил қышқылы қанның ұюын баяулатады. Егер пациентке хирургиялық араласу жасау керек болса, препаратты қабылдағанын дәрігерге алдын ала ескерткен жөн.

Несеп қышқылының жиналып қалуына бейім пациенттерде препаратты қабылдау подагра ұстамасына түрткі болуы мүмкін.

Қабылдау кезінде алкогольді пайдалануды тоқтата тұрған жөн (асқазан-ішектік қан кету және бауырдың уытты зақымдану қаупі жоғарылайды).

Сақтықпен. Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежелі жеткіліксіздігі, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауымен бауыр жеткіліксіздігі, қатерсіз гипербилирубинемиялар (соның ішінде Жильбер синдромы, бауырдың алкогольмен зақымдануы), маскүнемдік, эпилепсия және құрысу ұстамаларына бейімділік, егде жас, подагра, артериялық гипертензия.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Анықталған жоқ.

Артық дозалануы

Ұсынылған дозаны және қолдану ұзақтығын арттырмаған жөн!

Симптомдары: жеңіл уыттанғанда: жүректің айнуы, құсу, асқазанның ауыруы, бас айналу, құлақтың шыңылдауы

- ауыр уыттанғанда: мәңгіру, ұйқышылдық, коллапс, құрысулар, тыныс алудың қиындауы, анурия, қан кетулер.

Емі: белсенділендірілген көмірді пайдалана отырып, асқазанды шаю, симптоматикалық ем, зат алмасу жағдайына байланысты – натрий гидрокарбонатын, натрий цитратын немесе натрий лактатын енгізу, бұл несептің сілтіленуі есебінен ацетилсалицил қышқылының шығарылуын күшейтеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қағаз негізде қаптамалық біріктірілген материалдан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада 6 немесе 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықсыз 600 (10 таблеткадан) немесе 900 (6 таблеткадан) қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Ирбит химия-фармацевтикалық зауыты" ААҚ, Ресей

623856, Свердловск обл., Ирбит қ-сы, Киров к-сі, 172

Тел./факс (34355) 3-60-90

Тіркеу куәлігінің иесі

"Ирбит химия-фармацевтикалық зауыты" ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, фаск, электронды пошта):

Утегенова Б.А. ЖК

050022, Қазақстан, Алматы қ-сы, Мәуленов көсі, 123 «а», 7-пәтер

Тел/факс 8(7172) 43-95-34

Электронды пошта b.utegenova_ip@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

Утегенова Б.А. ЖК

050022, Қазақстан, Алматы қ-сы, Мәуленов көсі, 123 «а», 7-пәтер

Тел/факс 8(7172) 43-95-34

Электронды пошта b.utegenova_ip@mail.ru

Прикрепленные файлы

426506841477976127_ru.doc 55.5 кб
868858511477977458_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники