Цитовир® -3 (порошок, 20 г)

МНН: Альфа-глутамил-триптофан, Аскорбиновая кислота, Бендазол
Производитель: Цитомед Медико-биологический научно-производственный комплекс ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие иммуностимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020224
Информация о регистрации в РК: 05.08.2019 - 05.08.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Цитовир®-3

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Балалар үшін ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

Құрамы

1 мл дайын ерітінді құрамында

белсенді заттар: Тимоген® натрий (тимогенге® шаққанда) 0,15 мг, аскорбин қышқылы 12 мг,

бендазол гидрохлориді (дибазол) 1,25 мг,

қосымша зат - фруктоза 386,6 мг

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ.

 

Фармакотерапиялық тобы

Иммуномодуляторлар. Басқа да иммуностимуляторлар.

АТХ коды L03AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы Ішке қабылдағанда препарат асқазан-ішек жолдарынан (АІЖ) толық сіңіріледі. Бендазолдың биожетімділігі – шамамен 80 %, альфа-глутамил-триптофан – 15 %-дан аспайды, аскорбин қышқылы – 70 %-ға дейін. Аскорбин қышқылы АІЖ сіңіріледі (көбінесе аш ішекте). Плазма ақуыздарымен байланысы – 25 %. Ішке қабылдағаннан кейін ең жоғары концентрация уақыты (TCmax) – 4 сағат. Лейкоциттерге, тромбоциттерге, содан соң барлық тіндерге оңай енеді, плацента арқылы өтеді. АІЖ аурулары (асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы, ішек моторикасының бұзылуы, ішек құрты инвазиясы, лямблиоз), жаңа піскен көкөніс және жеміс-жидек шырындарын, сілтілі сұйықтықты қолдану ішектегі аскорбин қышқылының байланысуын төмендетеді. Аскорбин қышқылы көбінесе бауырда дезоксиаскорбин, ары қарай қымыздық сірке және дикетогулон қышқылдарына метаболизденеді. Бүйрекпен, ішек арқылы, термен, емшек сүтімен өзгермеген күйде және метаболиттер түрінде шығарылады. Қандағы бендазол биотрансформация өнімдері бендазолдың имидазольді сақинасының иминотобының метилдену және карбоэтоксилдену салдарынан түзілетін екі конъюгат болып табылады: 1-метил-2-бензилбензимидазол және 1-карбоэтокси-2-бензилбензимидазол. Бендазол метаболиттері несеппен шығарылады. Альфа-глутамил-триптофан пептидазалар әсерімен организммен ақуыз синтезінде пайдаланылатын L-глутамин қышқылына және L-триптофанға ыдырайды.

Фармакодинамикасы

Препарат этиопатогенетикалық және иммуностимуляциялайтын емдеу құралы болып табылады, А және В тұмауы вирустарына және жедел респираторлық вирустық аурулар тудыратын басқа вирустарға қатысты вирусқа қарсы әсерге ие.

Бендазол организмде эндогенді интерферондар өндірілуін индукциялайды, иммунитет жасушаларындағы цГМФ және цАМФ концентрацияларының арақатынасын реттеуге байланысты орташа иммуностимуляциялайтын белсенділікке ие (цГМФ құрамын арттырады), бұл жетілген сенсибилизацияланған Т- және В-лимфоциттердің пролиферациясына, олармен өзара реттелу факторларының секрециялануына, кооперативтік реакциясына және жасушалардың ақырғы эффекторлық қызметінің белсенділігіне әкеледі. Өндірілуі түрлі ағзалардың жасушаларында интерферондармен индукцияланатын ферменттер вирустардың репликациясын тежейді.

Альфа-глутамил-триптофан (тимоген) иммунитеттің Т-жасушалық тобын қалпына келтіре отырып, бендазолдың иммуномодуляциялайтын әсерінің синергисті болып табылады.

Аскорбин қышқылы капиллярлардың өткізгіштігін қалпына келтіреді, қабынуды төмендете отырып, простагландиндердің (Pg) және басқа қабыну медиаторларының түзілуін бәсеңдетеді және қабыну үдерісімен қатар жүретін оттегі радикалдарын бейтараптандыра отырып, антиоксидантты қасиет көрсетеді, организмнің жұқпаға төзімділігін арттырады.

Қолданылуы

- бір жастан асқан балалардағы тұмау және жедел респираторлы вирусты жұқпаларды кешенді емдеу құрамында және алдын алу ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ерітінді дайындау ережесі: Құтыдағы ұнтаққа 40 мл (қайнатылған, бөлме температурасына дейін салқындатылған) су құйып, жақсылап шайқау керек. Ішіндегісі толығымен араласуы тиіс. Су қосылғаннан кейінгі ерітінді көлемі – 50 мл.

Қолдану тәсілі және дозалары: емдеу және алдын алуда қолдану сызбалары ұқсас.

Ішке тамақтанудан 30 минут бұрын.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға – 2 мл ерітіндіден күніне 3 рет.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға – 4 мл-ден күніне 3 рет.

6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға – 8 мл-ден күніне 3 рет.

10 жастан үлкен балаларға – 12 мл-ден күніне 3 рет.

Қабылдау курсы – 4 күн. Қажет болған жағдайда алдын алу курсын 3-4 аптадан кейін қайталайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек ( 0,01 % төмен):

- артериялық қысымның қысқа мерзімдік төмендеуі

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін: есекжем

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- қант диабеті

- жүктілік

- 1 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Альфа-глутамил-триптофанның дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.

Бендазол – селективті емес бета-адреноблокаторлармен негізделген тамырлардың жалпы шеткергі кедергісінің ұлғаюының ТЖШК алдын алады. Гипотензивтік және диуретикалық дәрілік заттардың гипотензивтік әсерін күшейтеді. Фентоламин бендазолдың гипотензивтік әсерін күшейтеді.

Аскорбин қышқылы – бензилпенициллин мен тетрациклиндердің қандағы концентрациясын арттырады. Темір препараттарының ішекте сіңірілуін жақсартады. Гепарин мен тікелей емес антикоагулянттардың тиімділігін төмендетеді. Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ), пероральді контрацептивтер, жаңадан дайындалған шырындар және сілтілі сұйықтықтар оның сіңірілуі мен қорытылуын төмендетеді. АСҚ-мен бір уақытта қолданғанда аскорбин қышқылының несеппен бөлінуі артады және АСҚ бөлінуі төмендейді. АСҚ аскорбин қышқылының сіңірілуін шамамен 30%-ға төмендетеді. Аскорбин қышқылы қысқа әсерлік салицилаттармен және сульфаниламидтермен емдеген кезде кристаллурия даму қаупін арттырады, қышқылдардың бүйрекпен шығарылуын баяулатады, сілтілі реакциясы бар ДЗ (соның ішінде алколоидтардың) шығарылуын арттырады, қандағы пероральді контрацептивтердің концентрациясын төмендетеді. Бір уақытта қолданғанда изопреналиннің хронотроптық әсерін азайтады. Антипсихотикалық дәрілік заттардың (нейролептиктердің) – фенотиазин туындыларының емдік әсерін, амфетамин мен үш циклдік антидепрессанттардың өзектік реабсорбциясын азайтады. Барбитураттар мен примидон аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын арттырады.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г препараттан күңгірт шыны құтыларға немесе полимер құтыларға салынған. Құтыны алғаш ашылуы бақыланатын пластмасса қақпақпен немесе алғаш ашылуы бақыланатын және балалардан қорғалатын пластмасса қақпақпен тығындайды.

Бір құтыдан картоннан жасалған пәшкеге салынған. Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулық картон пәшкеге немесе заттаңбаның ашылатын бөлігінің астына бүктелген бет түрінде салынған.

Пәшкеге дозалағыш құрылғы (өлшеуіш кішкентай стақан немесе дозалағыш қасық немесе дозалағыш тамшуыр) салынған. Пәшкеге екі дозалағыш құрылғыны (өлшегіш стақанды және дозалағыш қасықты немесе өлшегіш стақанды және дозалағыш тамшуырды) салуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Дайын ерітіндіні жарықтан қорғалған жерде 0 оС-ден 8 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дайын ерітіндінің сақтау мерзімі 10 тәулік.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

 

Өндіруші

««Цитомед» медико-биологиялық ғылыми-өндірістік кешені» ЖАҚ, Ресей Федерациясы, 191023, Санкт-Петербург қ., Мучной т. к-сі, 2 үй, тел./факс: (812)315-88-34, www.cytomed.ru.

Тіркеу куәлігінің иесі

««Цитомед» медико-биологиялық ғылыми-өндірістік кешені» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

««Цитомед» медико-биологиялық ғылыми-өндірістік кешені» ЖАҚ, Ресей Федерациясы, 191023, Санкт-Петербург қ., Мучной т. к-сі, 2 үй, тел./факс: (812)315-88-34, www.cytomed.ru.

 

Прикрепленные файлы

235118501477976761_ru.doc 49 кб
014904621477977926_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники