Цитиколин-ТК (Цитиколин)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Цитиколин-ТК
Халықаралық патенттелмеген атауы
Цитиколин
Дәрілік түрі, дозасы
Ішуге арналған ерітінді, 100 мг/мл
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі. Психоаналептиктер. Зейін тапшылығы және аса жоғары белсенділік кезінде қолданылатын психостимуляторлар (ADHD –Attention deficit hyperactivity disorder) және ноотропты дәрілер. Басқа психостимуляциялаушы және ноотропты дәрілер. Цитиколин.
АТХ коды N06BX06
Қолданылуы
инсульт пен оның салдарында
бассүйек-ми жарақаты мен оның салдарында
мидың дегенеративті және тамырлық бұзылыстарынан туындаған когнитивті, сезімтал және қозғалыс неврологиялық бұзылуларында
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
цитиколинге немесе басқа қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
парасимпатикалық жүйке жүйесінің тонусы жоғары жағдай (ваготония)
құрамында сорбитолдың бар болуына байланысты фруктозаның жеткіліксіз ферментативті бөлінуі (мальабсорбция синдромы)
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Цитиколин L-дигидроксифенилаланиннің әсерін күшейтеді.
Меклофеноксаты бар дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Арнайы ескертулер
Суықта консерванттың уақытша ішінара кристалдануына байланысты аз мөлшерде кристалдар пайда болуы мүмкін. Ұсынылған жағдайларда одан әрі сақтау кезінде кристалдар бірнеше ай бойы ериді. Кристалдардың болуы препараттың сапасына әсер етпейді.
Препарат құрамында сорбитол бар, сондықтан фруктоза көтере алмаушылығы бар сирек тұқым қуалайтын кінәраттары бар пациенттерге қабылдауға болмайды.
Сирек тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза немесе сахароза-изомальтоза сіңуінің бұзылған пациенттерге Цитиколин-ТК препаратын қабылдауға болмайды.
Метилпарагидроксибензоат пен пропилпарагидроксибензоаттың болуына байланысты аллергиялық реакциялар да дамуы мүмкін (оның ішінде баяу түрі).
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі: демек, препарат күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті әйелдерде цитиколинді қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Цитиколин-ТК жүктілік кезінде, айқын қажеттілік жағдайларынан басқа, яғни күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен жоғары болған кезде пайдалануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Цитиколин көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Қолданар алдында препаратты аз мөлшердегі суда сұйылтуға болады (120 мл немесе 1/2 стақан). Тамақ ішу кезінде немесе тамақ ішу арасында қабылданады.
Ұсынылатын дозалау режимі
Ишемиялық инсульттің жедел кезеңі және БМЖ: әр 12 сағат сайын 1000 мг (10 мл). Емдеу ұзақтығы кемінде 6 апта.
Ишемиялық және геморрагиялық инсульттардың қалпына келтіру кезеңі, БМЖ қалпына келтіру кезеңі, мидың дегенеративті және тамырлық аурулары кезіндегі когнитивті және мінез-құлық бұзылыстары: күніне 500-2000 мг (күніне 1-2 рет 5-10 мл). Дозалау және емдеу ұзақтығы - ауру симптомдарының ауырлығына байланысты.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерге Цитиколин-ТК препаратын тағайындағанда дозаны түзету талап етілмейді.
Препарат өлшеуіш стақан/дозалау шприцінің көмегімен тағайындалады. Әрбір дозаны тағайындағаннан кейін стақанды/дозалық шприцті сумен шаю ұсынылады.
Доза және қабылдау курсы дәрігердің ұсынымы бойынша өзгертілуі мүмкін.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: симптоматикалық.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Бүкіл қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз. Егер Сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болса, медицина қызметкерінің кеңесіне жүгінуді ұсынамыз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Өте сирек (< 1/10000)
аллергиялық реакциялар, есекжем, экзантема, күлгін түске дейін терінің қызаруы, терінің қышынуы, ісіну, анафилаксиялық шоктың дамуы мүмкін
бас ауыру, бас айналу, елестеулер, қозу, ұйқысыздық, температураның көтерілуі, ысыну, тремор
диспноэ
жүрек айнуы, құсу, диарея
артериялық қысымның жоғарылауы немесе қысқа мерзімді төмендеуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 мл ішуге арналған ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 104,5 мг натрий цитиколині (100 мг цитиколинге баламалы)
қосымша заттар: сорбитол (Е420) (D-Сорбитол), глицерин, натрий сахарині, натрий цитраты, калий сорбаты, метилпарагидроксибензоат (Е218), пропилпарагидроксибензоат (Е216), лимон қышқылының 50 % ерітіндісі, «Кұлпынай» тағамдық хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 мл, 50 мл препараттан бұрандалы пластик қақпақпен тығындалған түссіз мөлдір шыны құтыларға.
Өлшеуіш стақаны бар 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады (30 мл).
Дозалау шприці бар 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады (50 мл).
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші туралы мәліметтер
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15
Электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15
Электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15
Электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru