Цисплатин Сандоз® (Цисплатин)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Цисплатин Сандоз®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Цисплатин
Дәрілік түрі, дозасы
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат 25 мг/50 мл, 50 мг/100 мл
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялық препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Антинеопластикалық басқа препараттар. Құрамында платина бар препараттар. Цисплатин.
АТХ коды L01XA01
Қолданылуы
Үдемелі немесе метастаздайтын ісіктер кезінде монотерапия ретінде немесе үдемелі немесе метастаздайтын ісіктер кезінде химиотерапияның құрамдас бөлігі ретінде қолдану үшін:
- аталық без обыры (паллиативтік және емдік полихимиотерапия)
- аналық без обыры (III және IV стадия)
- инвазиялық және метастаздық қуық обыры
- жалпақ жасушалы бас және мойын эпителиомасы (паллиативтік терапия)
- ұсақ емес жасушалы өкпе обыры
- дамыған ұсақ жасушалы өкпе обыры
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Цисплатин Сандоз® мына пациенттерге қарсы көрсетілген:
белсенді затқа немесе құрамында платина бар басқа заттарға немесе препараттың кез келген ингредиентіне жоғары сезімталдық;
- бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі <60 мл/мин.);
сусыздану жағдайында (бүйрек функциясының ауыр бұзылуын болдырмау үшін сұйықтықтың жоғалуын алдын-ала және кейіннен толтыру қажет);
сүйек кемігінің функциясы бәсеңдеген;
есту қабілеті бұзылған;
цисплатиннен туындаған нейропатиясы бар;
жүкті немесе бала емізетін әйелдер;
сары безгекке қарсы вакцинамен және профилактикалық қолдануға арналған фенитоинмен біріктілірімде
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Цисплатин Сандоз® металдық алюминиймен әрекеттеседі, бұл қара платиналық шөгіндінің түзілуіне әкеледі. Құрамында алюминий бар вена ішіне инфузияға арналған жиынтықтарды, инелерді, катетерлер мен шприцтерді пайдаланудан аулақ болу керек.
Препаратты ісікке қарсы препараттарды қолдану тәжірибесі бар дәрігердің мұқият бақылауымен енгізу қажет. Бұл, атап айтқанда, ісіктерді цисплатинмен артерияішілік аймақтық емдеуге қатысты.
Емге және оның асқынуларына қажетті мониторинг пен бақылау адекватты диагноз және емдеудің нақты жағдайлары болған кезде ғана мүмкін болады.
Цисплатиннің біріккен нефроуыттылыққа, нейроуыттылыққа және отоуыттылыққа ие екендігі дәлелденді.
Нефроуыттылық
Цисплатин Сандоз® ауыр кумулятивті нефроуыттылық тудырады. 100 мл/сағ немесе одан да көп диурезде цисплатиннің нефроуыттылығын төмендету үрдісі бар. Бұған цисплатинмен емдеуден кейін (2500 мл/м2/24 сағат ұсынылған) 2 литр тиісті венаішілік ерітінді енгізу және ұқсас сұйықтық енгізу арқылы қол жеткізуге болады. Егер сұйықтықты белсенді енгізу жеткілікті диурезді ұстап тұру үшін жеткіліксіз болса, осмостық диуретикті (мысалы, маннитол) енгізуге болады.
Нейропатия
Ауыр нейропатиялардың дамуы туралы ақпарат бар. Бұл нейропатиялар қайтымсыз болуы мүмкін және парестезиямен, арефлексиямен, проприоцептивті жоғалтумен және вибрация сезімімен көрініс табуы мүмкін. Моторлық функцияның жоғалуы да байқалды. Цисплатинмен емдеу аясында пациенттер мезгіл-мезгіл невропатологқа қаралуы тиіс. Орталық жүйке жүйесіне уытты әсер етудің айқын симптомдары кезінде цисплатинмен емдеуді тоқтату керек.
Отоуыттылық
Отоуыттылық цисплатиннің бір реттік дозасы 50 мг/м2 алған пациенттердің 31%-ында байқалды және жоғары жиілік диапазонында (4000-8000 Гц) құлақтың шыңылдауы және/немесе есту қабілетінің жоғалуымен көрініс тапты. Кейде сөйлеу дыбыстарын есту қабілеті төмендейді. Отоуытты әсер цисплатин қабылдаған балаларда айқын көрінуі мүмкін. Естңмей қалу бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін және қайталанған дозаларда анағұрлым жиі дамиды; алайда цисплатинді бір рет қабылдағаннан кейін сирек дамитын кереңдік оқиғалары болды. Отоуыттылық алдыңғы бір мезгілде краниальді сәулеленумен күшеюі мүмкін және цисплатиннің плазмадағы ең жоғары концентрациясына қол жеткізумен байланысты болуы мүмкін. Цисплатиннен туындаған отоуыттылық қайтымды ма, жоқ па белгісіз. Емді бастар алдында және цисплатиннің кейінгі дозаларын енгізер алдында аудиометрия арқылы естуді мұқият мониторингілеу қажет.
Есту мүшесінің зақымдану симптомдары пайда болған немесе клиникалық есту қабілетінің бұзылуы анықталған жағдайларда қайталанған аудиометрия тағайындалды. Клиникалық маңызды есту бұзылыстары кезінде дозаны түзету немесе терапияны тоқтату қажет болуы мүмкін. Вестибулярлық уыттылық та байқалды.
Аллергиялық реакциялар
Платинаға негізделген басқа препараттар сияқты, перфузия кезінде көп жағдайда дамитын аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилактиялық реакциялар) перфузияның үзілуіне және қажетті симптоматикалық ем жүргізуге әкелуі мүмкін. Кейде өліммен аяқталатын айқаспалы реакциялар платинаның барлық қосылыстарымен байқалды.
Беттің ісінуі, бронх түйілуі, тахикардия және гипотензия түрінде аллергиялық реакциялар дамыған кезде адреналин, кортикостероидтар және антигистаминдер қолданылуы керек.
Бауыр функциясы және миелосупрессия
Бауырдың гематологиялық құрамы мен функциясы үнемі бақылауда болуы тиіс.
Цисплатинмен емдеу үдерісінде мерзімді қан талдауы, лейкоциттердің, тромбоциттердің, гемоглобиннің, бүйрек және бауыр функционалдық тестілерінің қанның формалық элементтерінің құрамын, сондай-ақ қан сарысуындағы электролиттердің деңгейін анықтау қажет. Қан сарысуындағы креатинин мөлшері 1,5 мг/100 мл дейін және одан кем және/немесе қандағы азот мочевинасының 25 мг/100 мл дейін және одан кем түскенге дейін препаратты қайта тағайындауға болмайды; қандағы тромбоциттер құрамы 100000/мм3 лейкоциттер - кемінде 4000/мм3 болмайды.
Асқазан-ішектік бұзылулар
Айқын болатын жүректің айнуы және құсу цисплатин қабылдап жүрген барлық пациентте дерлік пайда болады, және ол препаратпен емдеуді тоқтатуды қажет ететіндей соншалықты ауыр болуы мүмкін. Жүректің айнуы және құсу дозаны енгізгеннен кейін 1-ден 4 сағатқа дейінгі аралықта басталуы және 24 сағатқа дейін жалғасуы мүмкін. Жүректің айнуының, құсудың және/немесе анорексияны әртүрлі дәрежелерін емдеуден кейін 1 апта бойы сақталады. Кешеуілдеген жүректің айнуы және құсу (химиотерапиядан кейін 24 сағат өткен соң басталады және сақталады) цисплатинді енгізген күні құсуды толық бақылауға қол жеткізген пациенттерде байқалады. Сондай-ақ диарея жөнінде де мәлімделген.
Карциногендік потенциал
Адамдарда сирек жағдайларда жедел лейкоздың дамуы цисплатинді қолданумен сәйкес келді, бұл басқа лейкемогендік препараттармен байланысты болды.
Цисплатин – бактериялық мутаген және жануарлардың жасушаларында бактериялық өсірінділердің хромосомалық аберрациясын тудырады. Карциногенділік болуы ықтимал, бірақ көрсетілмеді.
Ұрықтық уыттылығы
Тышқандарда цисплатин тератогенді және эмбриотоксикалық әсерлерін көрсетті. Препаратты жүктілік кезінде немесе емделу кезінде жүктілік кезінде қабылдағанда пациентке препаратты қолданудың ұрыққа ықтимал қауіптері туралы хабардар ету керек.
Енгізу орнындағы реакциялар
Инъекция орнындағы реакциялар цисплатин енгізу кезінде дамуы мүмкін. Экстравазация мүмкіндігін ескере отырып, препаратты енгізу кезінде ықтимал инфильтрация мәніне енгізу орнын мұқият бақылау ұсынылады. Қазіргі уақытта экстравазация реакцияларын емдеудің нақты әдістері белгісіз.
Окулярлы уыттылық
Көру жүйкесінің невриті, көру жүйкесі дискісінің ісінуі, және церебральді соқырлық стандартты ұсынылған дозаларын қабылдап жүрген науқастарда тіркелді. Жақсару және/немесе толық сауығу әдетте емдеуді тоқтатқаннан кейін жүреді.
Осы симптомдарды барынша азайту үшін манниті бар немесе онсыз стероидтар пайдаланылды; алайда олардың тиімділігі анықталған жоқ.
Көрудің бұлдырауы және түрлі түсті айырудың өзгеруі цисплатиннің өте жоғары дозаларымен емдеу сызбасын немесе қолдану жөніндегі нұсқаулықта ұсынылған дозадан да үлкен жиілікте пайдаланғаннан кейін тіркелді. Түрлі түсті ажыратудың өзгеруі түрлі түсті, әсіресе көк-сары осьті ажыратудың жоғалуы ретінде көрініс берді. Көз түбін зерттеу барысында анықталған жалғыз ауытқу көздің торқабығының макулярлы аймағындағы пигментацияның өзгеруі болып табылады.
Назар аударыңыз
Бұл цитостатикалық препарат антинеопластикалық химиотерапияға арналған препараттар тобындағы дәрілермен салыстырғанда анағұрлым айқын уыттылыққа ие.
Ең кумулятивті болып табылатын бүйрек уыттылығы ауыр болып табылады және препаратты енгізу кезінде ерекше сақтық шараларын талап етеді.
Жүрек айнуы және құсу қарқынды болуы және адекватты емді қажет етуі мүмкін.
Мұқият бақылау отоуытты әсерлерге, миелодепрессияға және анафилаксиялық реакцияларға қатысты да жүргізілуі тиіс.
Цисплатиннің мутагендік қасиеті бар екені дәлелденді.
Ескерту
Венаішілік ерітінді дайындау
Басқа ықтимал уытты препараттар сияқты, цисплатин ерітіндісімен жұмыс істеу кезінде сақтық шараларын орындау керек. Дәрілік заттың кездейсоқ әсерінен терінің зақымдануы мүмкін. Қолғап кию ұсынылады. Цисплатин ерітіндісі теріге немесе шырышты қабықтарға тиген жағдайда теріні немесе шырышты қабықтарды сабынмен және сумен жақсылап жуу керек.
Цитостатикалық заттарды қолдану және утилизациялау процедураларын орындау ұсынылады.
Ерітіндіні енгізер алдында пациент ерітіндінің мөлдірлігін және бөлшектердің болмауын тексеруі қажет.
Пациенттердің ерекше топтары
Педиатрияда қолдану
Балаларда препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Барлық балаларға емдеу курсын бастамас бұрын және әрбір келесі дозаға дейін және емдеу курсынан кейін бірнеше жыл бойы аудиометрия жүргізу керек. Тестілеу әдістеріндегі соңғы жетістіктер есту қабілетінің бұзылуы баланың танымдық және әлеуметтік дамуына ықтимал жағымсыз әсерін төмендететін қажетті шараларды қабылдау үшін естімей қалудың ерте диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Егде жастағы пациенттерге қолдану
Метастаздалған аналық без ісіктерін немесе қуықтың үдемелі қатерлі ісіктерін емдеудегі цисплатинге жүргізілген клиникалық зерттеулерден алынған деректер жеткіліксіз, бұл егде жастағы пациенттердің жас пациенттерге қарағанда препаратқа басқаша жауап беретінін анықтауға мүмкіндік береді. Үдемелі аналық без обырының біріктірілген химиотерапиясы бойынша төрт клиникалық зерттеуде 1484 пациент циклофосфамидпен немесе паклитакселмен бірге цисплатин алды. Оның 426-сы (29%) 65 жастан асқан пациенттер болды. Бұл зерттеулерде жас мөлшері өміршеңдіктің болжамды факторы болған жоқ. Алайда, осы зерттеулердің бірін кейінгі қайталама талдауда егде жастағы пациенттер арасында жас пациенттерге қарағанда қысқа өміршеңдік кезеңі байқалды. Барлық төрт зерттеуде жас пациенттерге қарағанда егде жастағы пациенттерде ауыр нейтропения байқалды. Жасырақ пациенттерге қарағанда егде жастағы адамдарда ауыр тромбоцитопения мен лейкопенияның көптеген оқиғалары байқалды, дегенмен цисплатин бар препараттармен емдеудің барлық топтарында жоқ. Гематологиялық емес уыттылық пациенттердің жасына байланысты бағаланған екі зерттеуде егде жастағы пациенттерде жас пациенттерге қарағанда шеткері нейропатияның жоғары деңгейі байқалды. Клиникалық қолдану тәжірибесі туралы басқа хабарлар жас пациенттерге қарағанда егде пациенттер миелосупрессияға, инфекциялық асқынуларға, нефроуыттылыққа анағұрлым сезімтал болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану
Цисплатин, белгілі болғандай, негізінен бүйрекпен шығарылады және анамнезінде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге қарсы көрсетілген. Егде жастағы пациенттер бүйрек функциясының төмендеуіне анағұрлым бейім болғандықтан, дозаны сақтықпен таңдап, осы пациенттердің бүйрек функциясына бақылауды жүзеге асырған жөн.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Миелосупрессивті препараттар
Цисплатин мен миелосупрессивті препараттарды немесе сәулелік терапияны бір мезгілде қолданғанда цисплатиннің миелосупрессивті әсері күшейеді.
Гипертензияға қарсы препараттар
Цисплатинді қолданумен байланысты нефроуыттылық фуросемид, гидралазин, диазоксид және пропанолол бар гипертензияға қарсы препараттарды бір мезгілде қолданғанда күшеюі мүмкін.
Нефроуытты заттар
Нефроуытты (мысалы, цефалоспориндер, аминогликозидтер, амфотерицин В немесе қарама-қарсы ортада) немесе отоуытты (мысалы, аминогликозидтер) дәрілік заттарды қатар енгізу цисплатиннің бүйрекке уытты әсерін күшейтеді. Цисплатинмен емдеу кезінде немесе одан кейін негізінен бүйрекпен шығарылатын препараттарды, мысалы, блеомицин және метотрексат сияқты цитостатиктерді олардың бүйрекпен шығарылуы ықтимал төмендеуінен тағайындағанда сақ болу керек.
Ифосфамидтің бүйректегі уыттылығы цисплатинмен біріктіргенде немесе бұрын цисплатин қабылдаған пациенттерде күшеюі мүмкін.
Қандағы литий концентрациясының төмендеуі блеомицинмен және этопозидпен біріктіріп цисплатинмен емделгеннен кейін бірнеше жағдайда байқалды. Осылайша, литий мәндеріне мониторинг ұсынылады.
Отоуытты заттар
Отоуытты (мысалы, аминогликозидтер, ілмектік диуретиктер) дәрілік заттарды қатар енгізу цисплатиннің есту функциясына уытты әсерін күшейтеді. 60 мг/м2 асатын, несеп шығаруы тәулігіне 1000 мл-ден кем цисплатин дозаларын алатын пациенттерді қоспағанда, бүйрек жолдарының ықтимал зақымдануына және отоуыттылығына байланысты ілмектік диуретиктермен үдемелі диурез тағайындалмауы тиіс.
Ифосфамид цисплатиннен естімей қалуды күшейтуі мүмкін.
Аллопуринол, колхицин, пробенецид
Цисплатинмен бір мезгілде қолданғанда аллопуринол, колхицин, пробенецид немесе сульфинпиразон дозасын түзету керек, өйткені цисплатин қан сарысуындағы несеп қышқылының концентрациясын арттыруы мүмкін.
Ифосфамид
Ифосфамидті бір мезгілде қолданған кезде ақуыз экскрециясы күшеюі мүмкін.
Доцетаксел
Метастаздайтын немесе үдемелі ісіктері бар онкологиялық науқастардың қатысуымен жүргізілген зерттеуде доцетакселді цисплатинмен біріктіріп қолдану монотерапия режимінде бірдей дозаларда екі әсер етуші затты қолдану аясында дамығандарға қарағанда анағұрлым ауыр нейроуытты әсерлердің (сенсорлық және дозаны енгізумен байланысты) туындауына әкелді.
Блеомицин, этопозид, винбластин
Кейбір жағдайларда цисплатинмен блеомицинмен және этопозидпен бірге емдеуден кейін қандағы литий деңгейінің төмендеуі байқалды. Сондықтан литий деңгейін бақылау ұсынылады. Рейно феномені блеомицин мен винбластинмен біріктірілген терапияда туындауы мүмкін.
Хелат түзуші заттар
Пеницилламин сияқты хелат түзуші заттар цисплатиннің тиімділігін төмендетеді.
Циклоспорин
Цисплатинді циклоспоринмен бір мезгілде тағайындаған кезде лимфопролиферация қаупімен шамадан тыс иммуносупрессияны ескеру керек.
Аттенуирленген тірі вакциналар
Сары қызбаға қарсы вакцина өлімге әкелетін жүйелі вакциналық аурудың даму қаупіне байланысты қатаң қарсы көрсетілген. Жайылған аурудың қаупін ескере отырып, егер бар болса, белсенді емес вакцинаны қолдану ұсынылады.
Пероральді антикоагулянттар
Пероральді антикоагулянттарды бір мезгілде қолданған жағдайда, ХҚҚ (халықаралық қалыптасқан қатынас) жүйелі түрде анықтау ұсынылады.
Антигистаминдер, фенотиазидтер және басқалар
Антигистаминдерді, буклизинді, циклизинді, локсапинді, меклозинді, фенотиазиндерді, тиоксантендерді немесе триметобензимидтерді бір мезгілде қолдану отоуыттылық симптомдары (бас айналуы және құлақтың шыңылдауы сияқты) бүркемелеуі мүмкін.
Құрысуға қарсы заттар
Құрысуға қарсы дәрілік заттардың сарысулық концентрациясы цисплатинмен емдеу кезінде емдік деңгейден төмен деңгейде қалуы мүмкін.
Пиридоксин+альтретамин біріктірілімі
Үдемелі аналық без обырын емдеуді рандомизацияланған зерттеу жүргізу кезінде пиридоксин альтретаминмен (гексаметилмеланин) және цисплатинмен бірге қолданылған кезде реакция уақыты жағымсыз өзгерістерге (ремиссия ұзақтығының қысқаруы) ұшырады.
Паклитаксел
Паклитаксел инфузиясы алдында цисплатинмен емдеу паклитаксел клиренсін 33% төмендетуі мүмкін, сондықтан нейроуыттылықты күшейтуі мүмкін.
Басқа цитостатиктермен біріктірілімде
Препаратты басқа цитостатиктермен біріктірген кезде миокард ишемиясының симптомдары туралы хабарланды
Арнайы ескертулер
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті әйелдерде цисплатинді қолдану туралы тиісті мәліметтер жоқ, бірақ олардың фармакологиялық қасиеттеріне сүйене отырып, цисплатин ауыр кемістіктер тудыруы мүмкін. Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивтік уыттылықты және трансплаценталық канцерогенділікті көрсетті. Цисплатин жүктілік кезінде қарсы көрсетілген.
Цисплатин ана сүтімен шығарылады. Емдеу кезінде емшек сүтімен емдеуге болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету туралы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Алайда, қолайсыз әсерлер (орталық жүйке жүйесі мен сезім ағзалары тарапынан) автокөлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне аздаған немесе елеулі әсер етуге әкелуі мүмкін.
Осы әсерлерден зардап шегетін пациенттер (мысалы, ұйқышылдық немесе құсу) көлік жүргізуден және механизмдермен жұмыс істеуден аулақ болу керек.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Балалар мен ересектерде Цисплатиннің дозасы бастапқы ауруға, күтілетін реакцияға және цисплатинді монотерапия немесе біріктірілген химиотерапияның компоненті ретінде пайдалануға байланысты. Цисплатин Сандоз® монотерапия ретінде және басқа химиялық препараттармен бірге әдетте 3-4 апта сайын вена ішіне инфузия түрінде 50-120 мг/м² дозада немесе 3-4 апта сайын 5 күн сайын 15-20 мг/м² дозада енгізіледі.
Біріктірілген химиотерапияда цисплатинді пайдаланған кезде оның дозасын төмендету қажет. Әдеттегі доза 3-4 апта сайын 20 мг/м2 немесе одан көп доза болып табылады, типтік дозасы 80 мг/м2 құрайтын шағын жасушалы және ұсақ жасушалы емес өкпенің қатерлі ісігі үшін біріктірілген емді қоспағанда.
Бүйрек функциясы бұзылған немесе сүйек кемігі депрессиясы бар пациенттерге препараттың дозасын адекватты түрде төмендету қажет.
Қолдану тәсілі
Нұсқаулыққа сәйкес дайындалған инъекцияға арналған цисплатин ерітіндісі 6-8 сағат бойы вена ішіне инфузия арқылы енгізілуі тиіс.
Сұйықтықты талапқа сай қабылдауды қабылдау алдында 2-ден 12 сағатқа дейін және цисплатин енгізілгеннен кейін кемінде 6 сағат ұстау керек. Сұйықтық жоғалтудың орнын толтыру цисплатинмен емдеу кезінде және одан кейін жеткілікті диурезді қолдау үшін қажет. Ол келесі ерітінділердің бірін вена ішіне инфузия арқылы жүзеге асырылады:
- 0,9% натрий хлориді ерітіндісі;
- 0.9% натрий хлориді ерітіндісі мен 5% глюкоза ерітіндісінің қоспасы (1:1).
Цисплатинмен емдеу алдында сұйықтықтың орнын толтыру: 6-12 сағат бойы 100-ден 200 мл/сағ дейін вена ішіне инфузия.
Цисплатин енгізуді тоқтатқаннан кейін сұйықтық жоғалтудың орнын толтыру: 6-12 сағат бойы 100-ден 200 мл/сағ жылдамдықпен 2 литр вена ішіне инфузия.
Егер сұйықтық жоғалтудың орнын толтырғаннан кейін несеп секрециясы 10-200 мл/сағаттан аз болса, жедел диурез қажет. Жедел диурезді 10% ерітінді түріндегі 37,5 г маннитолды (375 мл маннитол ерітіндісі 10%) вена ішіне енгізу арқылы немесе егер бүйректің жұмыс істеуі қалыпты болса, диуретик қабылдау арқылы жүргізуге болады. Маннитолды немесе диуретикті енгізу, енгізілген цисплатиннің дозасы дене беткейінің 60 мг/м2-ден асқан кезде де қажет.
Цисплатин инфузиясынан кейін 24 сағат ішінде пациент несептің жеткілікті секрециясын қамтамасыз ету үшін көп мөлшерде сұйықтық ішуі қажет.
Ескерту: Алюминий цисплатинмен әрекеттесіп, оның белсенділігін жоятындақтан, сондай-ақ қара шөгінділердің түзілуін туындататындықтан, цисплатинді дайындау және енгізу кезінде құрамында алюминий бар инелер мен басқа жабдықты пайдаланбау өте маңызды.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Кездейсоқ дозаланудың алдын алу үшін сақтық таныту керек.
Симптомдары: цисплатиннің жедел артық дозалануы бүйрек, бауыр функциясының бұзылуына, кереңдікке, көру ағзалары тарапынан уытты құбылыстарға (торқабық ажырауын қоса), елеулі миелосупрессияға, емдеуге келмейтін жүрек айнуы мен құсуға және/немесе невритке әкелуі мүмкін. Артық дозалану өлімге әкелуі мүмкін.
Емі: Егер бұл іс-шаралар артық дозаланғаннан кейін дереу жүргізілсе цисплатиннің уыттылығын төмендетуге тиімді гидратация және осмостық диурез ықпал етуі мүмкін.
Цисплатинмен артық дозаланған жағдайда белгілі бір антидот жоқ. Егер ол артық дозаланғаннан кейінгі алғашқы үш сағат ішінде қолданылса, гемодиализ көмегімен ғана қол жеткізіледі, өйткені платина плазма ақуыздарымен тез байланысады. Гемодиализ артық дозаланғаннан кейін 4 сағаттан соң басталса да, ол цисплатиннің организмнен шығарылуына аз ғана әсер етеді.
Артық дозаланғанда емдеу жалпы демеу шараларынан тұрады
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгіну қажет.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Жағымсыз әсерлер қолданылатын дозаға тәуелді және кумулятивті сипатта болуы мүмкін.
Цисплатиннің жиі байқалатын жағымсыз әсерлері (>10%) гематологиялық бұзылулар (лейкопения, тромбоцитопения және анемия), асқазан-ішек жолдарының бұзылуы (анорексия, жүрек айнуы, құсу және диарея), есту қабілетінің бұзылуы, бүйрек функциясының бұзылуы (бүйрек жеткіліксіздігі, нефроуыттылық, гиперурикемия) және жоғары температура болды.
Бүйрекке, сүйек кемігіне және құлаққа ауыр уытты әсерлер цисплатиннің бір дозасынан кейін пациенттердің 1/3 бөлігінде байқалды; әсерлер дозаға тәуелді және кумулятивті сипатта болды. Отоуыттылық балаларда ауыр болуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлердің жиілігі келесідей анықталады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 < 1/10 дейін), сирек (≥1/1000 < 1/100 дейін), сирек (≥1/10 000 1/1 000 дейін), өте сирек (1/10 000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте жиі
сүйек кемігі функциясының бұзылуы, тромбоцитопения, лейкопения, анемия
гипомагнезиемия
нейроуыттылық
Жиі
сепсис
аритмия, брадикардия, тахикардия және ЭКГ-ның өзге де өзгерістері
инъекция орнындағы флебит, веналық тромбоэмболия
Жиі емес
жедел лейкоз (дозамен байланысты, бірақ жасына немесе жынысына байланысты емес)
анафилактоидты реакциялар (мысалы, терідегі бөртпе, есекжем, эритема, аллергиялық қышыну, беттің ісінуі, тыныс алу кезіндегі сырыл, бронх түйілуі, тахикардия, гипотензия)
гипертермия
отоуыттылық
сперматогенез және овуляция бұзылыстары, ауыр гинекомастия
Сирек
құрысулар, шеткері нейропатия, лейкоэнцефалопатия, қайтымды артқы энцефалопатиялық синдром
миокард инфарктісі
стоматит
Өте сирек
жүрек тоқтауы
қызба
Белгісіз
ықылық, құсу, жүрек айну, анорексия, диарея
тромбоциттік микроангиопатия (гемолитикалық уремиялық синдром), Рейно феномені
инфекциялар (кейбір пациенттерде фатальді инфекциялық асқынулар)
Кумбстың оң гемолитикалық анемиясы
жедел бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі (қандағы азот мочевинасы (АМК), креатинин, сарысудағы несеп қышқылы азотының көтерілуін және/немесе креатинин клиренсінің төмендеуін қоса), бүйрек шумақшалары тарапынан бұзылулар
қан амилазасы деңгейінің жоғарылауы, антидиуретикалық гормонның жеткіліксіз секреция синдромы
сусыздану, гипокалиемия, гипофосфатемия, гиперурикемия, гипокальциемия, тетания және/немесе ЭКГ өзгерістері
цереброваскулярлық инсульт, геморрагиялық инсульт, ишемиялық инсульт, агевзия, церебральді артериит, Лермитт синдромы, миелопатия, вегетативтік нейропатия
бұлыңғыр көру, жүре пайда болған дальтонизм, кортикальді соқырлық, көру жүйкесінің ісінуі, торқабық пигментациясы
құлақтың шыңылдауы, кереңдік
жүрек жүйесі тарапынан бұзылулар
өкпе эмболиясы
бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы
шаш түсу, тері бөртпелері
бұлшықет түйілуі
астения, мазасыздық, инъекция орнындағы экстравазациялар (целлюлит, фиброз және некрозды, ауырсынуды, ісінуді және эритеманы қоса, жергілікті жұмсақ тіндердің реакцияларына әкелетін)
Зертханалық зерттеулер
қандағы альбумин деңгейінің төмендеуі
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Цисплатинмен емдеуді жоғарыда көрсетілген симптомдардың алғашқы белгілерінде тоқтату керек. Цисплатинді қолдануға байланысты нейроуыттылық қайтымды болуы мүмкін. Алайда емделуді тоқтатқаннан кейін де пациенттердің 30-50%-ында үдеріс қайтымсыз.
Нейроуыттылық цисплатиннің бірінші дозасын енгізгеннен кейін немесе ұзақ мерзімді емнен кейін пайда болуы мүмкін. Ұзақ уақыт бойы цисплатиннің жоғары дозаларын бұрын қабылдаған пациенттерде күшті нефроуыттылық дамуы мүмкін.
Бүйрек және несеп шығару жолының тарапынан бұзылулар
Цисплатиннің бір реттік аралық дозасын (ДБА 20 мг/м2-ден < 50 мг/м2 дейін) енгізгеннен кейін бүйрек функциясының жеңіл және қайтымды бұзылуы туралы хабарланды. Бір реттік жоғары дозаны (ДБА 50-120 мг/м2) енгізгенде немесе цисплатинді бірнеше рет күнделікті енгізгенде бүйрек өзекшелері некрозының дамуымен бүйрек функциясының бұзылуы мүмкін, ол уремия немесе анурия түрінде көрініс табады. Бүйрек функциясының бұзылуы қайтымсыз болуы мүмкін.
Нефроуыттылық кумулятивті және цисплатиннің бірінші дозасын енгізгеннен кейін 2-3 күн немесе 2 аптадан соң туындауы мүмкін. Қан сарысуындағы креатинин мен несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы байқалуы мүмкін. 50 мг/м2 цисплатиннің бір реттік дозасынан кейін жеткіліксіз гидратациясы бар пациенттердің 28-36%-ында нефроуыттылықтың дамуы туралы хабарланды.
Гиперурикемия симптомсыз немесе подагра түрінде пайда болады. Пациенттердің 25-30%-ы нефроуыттылыққа байланысты гиперурикемияның дамуы туралы хабарлады. Гиперурикемия және гипералбуминемия цисплатин енгізуден туындаған нейроуыттылықты көрсетуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 0.50 мг цисплатин,
қосымша заттар: натрий хлориді, сұйылтылған хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат.
Мөлдір түссіз немесе дерлік түссіз ерітінді
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл немесе 100 мл препараттан алюминий қалпақшалары бар резеңке тығындармен тығындалған янтарь шыныдан жасалған құтыларға салынады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші/қаптаушы туралы мәлімет
ФАРЕВА Унтерах ГмбХ,
Mondseestraße 11, 4866 Unterach, Австрия/
Мондзеештрассе 11, 4866 Унтерах, Австрия
Телефон: +43 7665 8123 – 0Электронды пошта: office.ebewe@sandoz.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
ЭБЕВЕ Фарма Гес.м.б.Х. Нфг. КГ
Mondseestrasse 11, 4866 Unterach, Austria/
Мондзеештрассе 11, 4866 Унтерах, Австрия
Телефон: +43 7665 8123 – 0Электронды пошта: office.ebewe@sandoz.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Сандоз Фармасьютикалс д.д.» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050000, Құрманғазы к-сі, 95
Телефон: +7(727) 258 24 47
e-mail: drugsafety.cis@novartis.com