Цисплатин-ЛЭНС

МНН: Цисплатин
Производитель: Лэнс-Фарм ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Cisplatin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014385
Период регистрации: 03.03.2015 - 03.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Цисплатин-ЛЭНС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цисплатин

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат 0.5 мг/мл

Құрамы

1 мл концентраттың құрамында

белсенді зат - 0,5 мг цисплатин,

қосымша заттар: натрий хлориді, натрий гидроксиді немесе хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе сәл боялған ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да ісікке қарсы препараттар. Құрамында платина бар препараттар. Цисплатин.

АТХ коды L01XA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жылдам көктамырішілік инфузиядан (15 мин – 1 сағат) кейін қан плазмасында цисплатиннің пайда болуына және цисплатиннің ең жоғары концентрациясына енгізгеннен кейін дереу жетуге болады. 6-24 сағатқа созылатын көктамырішілік инфузия кезінде плазмадағы препарат концентрациясы енгізудің соңына қарай жоғары шегіне жетіп, инфузия кезінде біртіндеп артады.

Цисплатин организмнің биологиялық сұйықтықтарында және тіндерде қарқынды таралуымен сипатталады; бұл орайда ең жоғары концентрациясына бүйректе, бауырда және қуық асты безінде жетеді. Цисплатин биотрансформациясы белсенді емес метаболиттердің түзілуімен жылдам ферментті емес айналу жолымен жүзеге асады. Ақуыздармен байланыспаған цисплатиннің ғана немесе оның құрамында платина бар метаболиттерінің цитоуытты әсері бар.

50-ден 100 мг/м2 дейінгі дозалар аралығында 2-ден 7 сағатқа дейін созылатын сорғалататын инъекциядан немесе көктамыр ішіне құюдан кейін цисплатиннің қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 30 минут құрайды. 100 мг/м2 дозасы енгізілгеннен кейін қан плазмасындағы цисплатин мен жалпы бос (ультракүлгінденетін) платинаның арасындағы қатынас 0,5-тен 1,1 дейін құрайды. Болюсті енгізуден кейін үш сағаттан соң және үш сағаттық инфузия аяқталғаннан кейін екі сағаттан соң жалпы бос платинаның 90% мөлшері плазмада ақуыздармен байланысқан күйде болады. Емнің қайталанатын курстарында платинаның организм тіндерінде жиналуы жүреді және платина дәрілік заттың соңғы дозасын енгізгеннен кейін тағы 6 ай бойы кейбір тіндерден табылады.

Жалпы платинаның жартылай шығарылу кезеңі әркімде өте үлкен жекеше өзгеріп отырады және дені сау адамдарда 2-72 сағат, ал айқын бүйрек жеткіліксіздігінде 1-240 сағат шегінде ауытқиды. Препарат енгізілгеннен кейін 1 сағат өткенде цисплатиннің үлкен бөлігі өзгеріссіз күйде бүйрек арқылы шығарылады.

Бос (ультракүлгінденетін) платинаның бүйректік клиренсі де креатинин клиренсінен асып кетеді, дозаға байланысты емес және дозаға, несептің ағып шығу жылдамдығына және науқастағы өзекшелік секрецияның және қайта сіңірілудің жеке ерекшеліктеріне тәуелденеді. Бос (ультракүлгінденетін) платинаның немесе цисплатиннің бүйректік клиренсі мен креатинин клиренсі арасында қатаң түрдегі өзара байланыс анықталмаған. Препарат күнделікті енгізілгенде қан плазмасында бос (ультракүлгінденетін) платинаның жиналу қауіптілігі бар. Басқа енгізу режимдерінде ондай қауіп жоқ. Препаратты енгізген соң платинаның аздаған концентрациялары өттен және тоқ ішектен табылады, бірақ платинаның ас қорыту жолы арқылы шығарылуы мардымсыз.

Цисплатинді жүйелі қан ағымынан диализ арқылы, препаратты енгізгеннен кейінгі алғашқы 3 сағат ішінде ғана шығаруға болады.

Фармакодинамикасы

Цисплатин (цис-диаминдихлорплатина) ауыр металл - платина бар ісікке қарсы препарат түрінде болады. Цисплатин ДНҚ-да (дезоксирибонуклеин қышқылы) тізбектер арасында және тізбек ішінде тігістер түзетін бифункционалдық алкилирлеуші агенттердің қасиеттеріне ұқсас қасиеттерге ие болып, сол арқылы оның функциясын бұзады, бұл жасушалардың жойылуына әкеледі; осы орайда препараттың циклдық және фазалық спецификасы болмайды. Иммуносупрессиялық және радиосенсибилизациялаушы қасиеттері бар.

Қолданылуы

Біріктірілген химиялық ем құрамында:

- ерлер мен әйелдердегі герминогенді ісіктер

- аналық және аталық бездер обыры

- өкпенің ұсақ жасушалы және ұсақ жасушалы емес обыры

- бас және мойынның жалпақ жасушалы обыры

- қуық обыры

Бұдан басқа, ісіктердің мынадай түрлерінде цисплатиннің ісікке қарсы белсенділігі бар:

- жатыр мойны обыры

- остеосаркома

- меланома

- нейробластома

- өңеш обыры

- асқазан обыры

Қолдану тәсілі және дозалары

Цисплатинді монотерапияда да, ем сызбасына қарай әртүрлі дозаларда басқа цитостатиктермен біріктіріп те қолдануға болады. Дозаны жеке таңдау кезінде арнаулы әдебиет деректерін жетекшілікке алған жөн.

Цисплатин көктамыр ішіне немесе көрсетілімдерде (интраперитонеальді ісіктер) құрсақ қуысына енгізіледі.

Цисплатин монотерапияда және басқа химиялық препараттармен біріктіріліп, әдетте, 3-4 апта сайын көктамырішілік инфузия түрінде 50-100 мг/м² немесе 3-4 апта сайын 5 күн бойы күнделікті көктамыр ішіне тамшылатып 15-20 мг/м² дозада енгізіледі.

Көктамырішілік инфузияларға арналған ерітінділерді дайындау және енгізу жөнінде нұсқаулар

Диурезді көтермелеу (сағатына 100 мл дейін) мақсатында және препараттың нефроуытты әсерін барынша азайту үшін гидратация жүргізіледі. Цисплатинді енгізер алдында көктамыр ішіне тамшылатып 2 литрге дейін сұйықтық (0,9% натрий хлориді ерітіндісі немесе 5% декстроза ерітіндісі) енгізіледі. Препарат аяқталғаннан кейін тағы қосымша 400 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісі немесе 5% декстроза ерітіндісі енгізіледі. 24 сағат бойы сұйықтықтың мол ішілуін және диурездің сақталуын қадағалау қажет. Талапқа сай диурездің сақталуы үшін қарқынды гидратация жеткіліксіз болса, осмостық диуретик (мысалы, маннитол) енгізуге болады.

Цисплатин 1 мг/минуттан аспайтын жылдамдықпен көктамыр ішіне тамшылатып енгізіледі. Препаратты енгізуге дейін және енгізу кезінде жеткілікті диурез жағдайында 6-8-24 сағат бойы ұзаққа созылатын инфузиялар жүргізіледі.

Цисплатин 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде кемінде 1 мг/мл концентрацияға дейін сұйылтылады. Препараттың сұйылтылған ерітінділері жарықтан қорғалған жерде 25 °C-ден аспайтын температурада 6-8 сағат бойы тұрақты.

Ескертпе:

Алюминий цисплатинмен реакцияға түсіп, оны белсенділігінен айыратын, сондай-ақ шөгінді түзілуін туындататын болғандықтан, цисплатинді дайындау және енгізу кезінде құрамында алюминий бар инелерді және басқа құрылғыны пайдаланбау өте маңызды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлер жиілігі былайша белгіленеді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥1/10 000-нан 1/1 000 дейін), өте сирек (1/10 000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Өте жиі

  • сүйек кемігі функциясының бұзылуы, тромбоцитопения, лейкопения, анемия

  • гипонатриемия

  • гиперурикемия

Жиі

  • аритмия, брадикардия, тахикардия

  • енгізген жердегі флебиттер

  • диспноэ, пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі

  • сепсис

Жиі емес

  • сперматогенез және овуляцияның бұзылуы, ауырсындыратын гинекомастия

  • анафилактоидтық реакциялар (бөртпе, есекжем, эритема немесе аллергиялық қышыну)

  • гипомагниемия

  • отоуыттылық

Сирек

  • жедел лейкемия

  • құрысулар, шеткергі нейропатия, лейкоэнцефалопатия, қайтымды артқы лейкоэнцефалопатия синдромы

  • естудің нашарлауы (өте жас немесе егде жастағы емделушілерде жиірек байқалады)

  • стоматит

  • миокард инфарктісі

  • қандағы альбумин деңгейінің төмендеуі

Өте сирек

  • жүректің тоқтап қалуы

  • қандағы темірдің жоғары деңгейі

Белгісіз

  • жұқпалар (кейбір емделушілердегі өлімге соқтыратын жұқпалы асқынулар)

  • кумбс-оң гемолитикалық анемия

  • қандағы амилаза деңгейінің жоғарылауы, антидиуретиктік гормон секрециясының талапқа сай емес синдромы

  • сусыздану, гипокалиемия, гипофосфатемия, гипокальциемия, тетанус, бұлшықеттердің түйілуі және/немесе бүйрек функциясының бұзылуы мен кейіннен өзекшелік қайта сіңірілудің төмендеуі нәтижесіндегі ЭКГ өзгерістері, гиперхолестеринемия

  • цереброваскулярлы жарақат, геморрагиялық салдану, ишемиялық салдану, церебральді артериит, Лермитт синдромы, миелопатия, вегетативті нейропатия

  • анық көрмеу, жүре пайда болған дальтонизм, кортикальді соқырлық, көру жүйкесінің невриті, көру жүйкесінің ісінуі, торқабық пигментациясы

  • құлақтың шыңылдауы, кереңдік

  • жүрек жүйесі тарапынан бұзылулар

  • тромбоцитарлық микроангиопатия (гемолитикалық уремиялық синдром), Рейно феномені

  • құсу, жүрек айну, анорексия, ықылықтау, диарея

  • бауыр ферменттері деңгейлерінің жоғарылауы, қандағы билирубин деңгейінің артуы

  • өкпе эмболиясы

  • бөртпе, алопеция

  • жедел бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі (қандағы мочевина азоты (ҚМА), креатинин, сарысудағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауын және/немесе креатинин клиренсінің төмендеуін қоса), бүйрек өзекшелері тарапынан бұзылулар

  • қызба, астения, дімкәстану, инъекция орнындағы экстравазациялар (целлюлит, фиброз және некроз, ауыру, ісіну және эритеманы қоса, жергілікті жұмсақ тіндердің уыттануына әкелетін)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Цисплатин мына емделушілерге қарсы көрсетілімді:

- цисплатинге немесе құрамында платина бар басқа қосылыстарға немесе препараттың кез келген ингредиентіне жеке көтере алмаушылығы бар

- сыртартқысында бүйрек функциясының бұзылуы (сарысудағы креатинин концентрациясы 115 мкмоль/л көп) бар

- сусыздану жағдайындағы (сұйықтық жоғалтудың алдыңғы және кейінгі толықтырылуы ауыр бүйрек жеткіліксіздігіне жол бермеу үшін қажет)

- миелосупрессиямен

- естудің нашарлауымен

- цисплатин туғызған нейропатиямен

- жүкті немесе бала емізетін әйелдерге

- сары қызбаға қарсы вакцинамен және алдын алу еміне пайдаланылатын фенитоинмен біріктірілімде

Сақтықпен:

- естудің кемуінде

- полиневритте

- жедел жұқпалы ауруларда, желшешекте (соның ішінде таяуда өткерілген немесе науқаспен жуық арадағы байланыс)

- белдемелі теміреткіде

- сыртартқыдағы подаграда

- гиперурикемияда (соның ішінде подаграмен және/немесе уратты нефроуролитиазбен көрініс беретін)

- осының алдындағы сәулемен емдеуде немесе химиялық емде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Цисплатинді антибиотиктер-аминогликозидтермен (гентамицин, канамицин, стрептомицин) немесе басқа нефроуыттылығы зор препараттармен (мысалы, амфотерицин В) бір мезгілде немесе бірізді қолдану оның нефроуытты және отоуытты әсерін әлеуеттендіре алады.

«Ілмекті» диуретиктер (фуросемид, клопамид, этакрин қышқылы) цисплатин отоуыттылығын күшейтуі мүмкін.

Цисплатиннің блеомицин мен метотрексаттың бүйрек арқылы шығарылуын бұзып (мүмкін, цисплатин туғызған нефроуытты әсер салдарынан), осы препараттардың уыттылығын күшейтуі мүмкін екені белгілі.

Аналық бездер обырын емдеу кезінде цисплатин, алтретамин және пиридоксинді бір мезгілде қолданғанда ремиссия ұзақтығының қысқаруы болған.

Цисплатин мен құрысуға қарсы препараттар алатын емделушілерде соңғыларының қан сарысуындағы концентрациясы субтерапиялық мәндерге дейін төмендеуі мүмкін.

Цисплатин қанда несеп қышқылының концентрациясын арттыруы мүмкін. Сондықтан подаграны емдеуге арналған аллопуринол, колхицин, пробенецид немесе сульфинпиразон сияқты дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдайтын емделушілерде гиперурикемия мен подагра ұстамаларын бақылау үшін осы препараттардың дозасын түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Цисплатиннің алюминиймен өзара байланысуы кезінде шөгінді түзіледі.

Айрықша нұсқаулар

Препарат ісікке қарсы препараттар қолдану тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен қолданылуы тиіс.

Цисплатинмен емделу аясында науқастар неврологқа мезгіл-мезгіл қаралуы тиіс. Орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) уытты әсер етуі айқын симптомдарда цисплатинмен ем тоқтатылу керек.

Емді бастар алдында аудиометрия жасаған жөн және есту ағзасының зақымдану симптомдары білінген жағдайларда немесе естудің клиникалық бұзылуы анықталғанда аудиометрияны қайта жүргізу көрсетілген. Естудің клиникалық мәнді бұзылуларында дозаны түзету немесе емді тоқтату қажет болуы мүмкін.

Цисплатинмен емделу үдерісінде лейкоциттер, тромбоциттер, гемоглобин мөлшерін және бүйрек пен бауырдың функционалдық тестілерін, сондай-ақ қан сарысуындағы электролиттер концентрациясын анықтаумен мезгіл-мезгіл жалпы қан талдауын жасау қажет.

Препаратты қан сарысуындағы креатинин мөлшері 1,5 мг/100 мл дейін және одан аз төмендегенше және/немесе қанның мочевина азотының мөлшері 25 мг/100 мл дейін және одан төмен азайғанша, қандағы тромбоциттер мөлшері 100 000/мкл, лейкоциттер кемінде 4000/мкл болғанша қайта тағайындауға болмайды.

Беттің ісінуі, бронх түйілуі, тахикардия және артериялық қысымның төмендеуі түрінде аллергиялық реакциялар дамығанда адреналин, кортикостероидтар және антигистаминді препараттар қолдану керек.

Бала туу жасындағы әйелдерге цисплатинмен емделу кезінде ұрықтануға қарсы дәрілер пайдалануға кеңес беріледі.

Цисплатинмен ем алатын ерлер контрацепциялық бөгеу әдістерін пайдалануы тиіс.

Цисплатин қолданылғанда цитоуытты препараттар қолдану үшін қабылданған ағымдағы нұсқаулықтардың бәрі қадағалануы тиіс.

Препарат көзге түсіп кеткен жағдайда оны дереу судың немесе натрий хлориді ерітіндісінің мол мөлшерімен жуып-шаю қажет. Препарат теріге түсіп кеткен жағдайда препаратпен жанасқан жерді дереу мол су мөлшерімен жуып-шаю қажет. Препаратты деммен ішке жұтқан немесе ол ауызға түсіп кеткен жағдайда шұғыл дәрігерге көріну қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Цисплатинді жүктілік кезеңінде және бала емізу кезеңінде қолдану қарсы көрсетілімді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялар шапшаңдығын талап ететін аса қауіпті басқа қызмет түрлерімен айналысудан бас тарту қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары:

Артық дозаланудың негізгі күтілетін асқынулары бүйрек, бауыр функциясының бұзылуы, көрудің (торқабықтың ажырауын қоса) және естудің нашарлауы (саңыраулық), айқын миелосупрессия, басылмайтын жүрек айну мен құсу және/немесе неврит болып табылады. Артық дозалануда өліммен аяқталуы мүмкін.

Артық дозалану жағдайында цисплатиннің у қайтарғысы белгісіз.

Емі

Егер ол артық дозаланудан кейін алғашқы үш сағат ішінде қолданылса, гемодиализдің көмегімен ғана, ішінара болса да, әсерге жетуге болады, өйткені платина плазма ақуыздарымен тез байланысады. Артық дозалану симптомдарын жою үшін симптоматикалық ем қолданылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 мл немесе 100 мл препараттан алюминий немесе алюмо-пластик қалпақшалармен қаусырылған, резеңке тығындармен герметикалық тығындалған жарықтан қорғалатын шыныдан жасалған құтыларда.

Құтыға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба немесе өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушы ыдысына арналған картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек

Мұздатып қатыруға болмайды

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

«ЛЭНС-Фарм» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Заңды мекенжайы: 601125, Владимир обл., Петушин ауд.,

Вольгинский к., 67 корпус.

Өндірістің мекенжайы 601125, Владимир обл., Петушин ауд., Вольгинский к., 95, 67 корпус,

Тел. (49243) 7-17-53

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«ЛЭНС-Фарм» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

«ЛЭНС-Фарм» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ВЕРОФАРМ» ЖШҚ, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Сайын к-сі, 30 үй, 116 кеңсе

тел.: (727) 273-1634, (727) 230-09-09

 

Прикрепленные файлы

919402001477976543_ru.doc 70 кб
262296441477977707_kz.doc 96 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники