Циннабсин

МНН: Калия бихромат, Эхинацеи пурпурной трава
Производитель: Дойче Хомеопати-Унион ДХУ-Арцнаймиттель Гмбх и Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Деконгестанты для системного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020933
Информация о регистрации в РК: 07.06.2019 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 2883/97/02/07/13/18
Информация о регистрации в РБ: 02.08.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Циннабсин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың (250 мг) құрамында

белсенді заттар: Cinnabaris trit. D3 25.00 мг, Hydrastis trit. D3 25.00 мг, Kalium bichromicum trit. D3 25.00 мг, Echinacea trit. D1 25.00 мг;

қосымша заттар: лактоза моногидраты, бидай крахмалы, магний стеараты.

Ситпаттамасы

Ойығы бар, жалпақ цилиндр пішінді, ақ дерлік түсті таблеткалар. Кейде жеке қара нүктелері болады.

Фармакотерапиялық тобы

Мұрынға арналған препараттар. Жүйелі пайдалануға арналған антиконгестанттар.

АТХ коды R01B

Фармакологиялық қасиеттері

Жедел және созылмалы риносинуситтің түрлі симптомдарында тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеуге арналған кешенді гомеопатиялық препарат. Cinnabaris мұрын маңы қойнаулары қабынуының (бас ауыруы, прострация жай-күйі және көзден жас ағу) және бет невралгиясының өзіне тән симптомдарын азайтады. Hydrastis және Kalium bichromicum синуситтің созылмалы түрлерінде тез жазылуға ықпал етеді. Барлық үш ингредиент те шырышты қабықтың ісінуін қайтаруға және мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіруге ықпал етеді. Echinacea жұқпаға қарсы организмнің қорғаныс механизмдерін көтермелейді.

Қолданылуы

- жедел және созылмалы синуситте

Қолдану тәсілі мен дозалары

Басқа нұсқаулар болмағанда Циннабсинді төмендегідей қолданады:

аурудың жедел ағымында:

-2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға жақсарғанша 1 таблеткадан күніне 3 рет тағайындайды. Ары қарайғы емдеуде ауру симптомдары жоғалғанға дейін 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет қабылдауды жалғастыру керек.

- 6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға жақсарғанша 1 таблеткадан әр 2 сағат сайын тағайындайды (бірақ тәулігіне 6 таблеткадан көп емес). Ары қарайғы емдеуде 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет қабылдауды жалғастыру керек.

Балаларға қолдану ыңғайлығы үшін таблетканы азғантай мөлшердегі суға еріту ұсынылады.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға жақсарғанша 1 таблеткадан сағат сайын тағайындайды (бірақ күніне 12 таблеткадан көп емес). Ары қарайғы емдеуде ауру симптомдары жоғалғанға дейін тәулігіне 3 рет 1-2 таблеткадан қабылдау керек.

Жедел жағдайларда емді 10 күн бойы жалғастыру ұсынылады. Жедел жай-күй сақталған жағдайда немесе препаратты қолданудың алғашқы 3 күнінде нашарлаған жағдайда препаратты тоқтату керек және ары қарайғы ем жайлы дәрігермен кеңесу қажет.

Созылмалы синуситте: ересектер мен балалар 1 таблеткадан күніне 3 рет қабылдайды; емді 4-6 апта бойы жалғастыру ұсынылады.

Циннабсинді дәрігермен кеңесіп алмай, 8 аптадан ұзақ қабылдау ұсынылмайды.

Таблеткаларды ауызда баяу еруіне мүмкіндік бере отырып, тамақтанарға дейін жарты сағат бұрын немесе тамақтанғаннан кейін жарты сағаттан соң қабылдау керек

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

- аллергиялық реакциялар. Эхинацея негізіндегі дәрілік заттарды қабылдайтын емделушілерде бөртпе мен қышыну байқалған, сирек жағдайларда беттің ісінулері, диспноэ, бас айналуы және артериялық гипотензия болуы мүмкін.

- сілекейдің көп бөлінуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- хромға, Echinacea, басқа да күрделі-түсті немесе басқа ингредиенттердің біріне белгілі сезімталдық

- үдемелі жүйелі аурулар (туберкулез, лейкемия, лейкоз)

- аутоиммундық ауырулар (коллагеноз, шашыраңқы склероз)

- иммунитет тапшылығы жағдайлары (ЖИТС, АИВ-жұқпасы және басқалар)

- иммунитеттің бәсеңдеген жағдайлары (ағзаларды немесе сүйек кемігін трансплантациялағаннан, химиотерапиядан кейін)

- созылмалы вирустық аурулар

- 2 жасқа дейінгі балаларға

- тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Циннабсин целиакиямен ауыратын науқастарды емдеуге жарамды. Препаратты бидайға (целиакиядан ерекшеленетін ауруға) белгілі аллергия болғанда тағайындауға болмайды.

Циннабсин құрамында лактоза бар. Қандай да бір қантты көтере алмаушылық болғанда Циннабсинді қабылдар алдында дәрігермен кеңесу қажет.

Гомеопатиялық дәрілік заттарды қабылдаған кезде аурудың бұрыннан бар симптомдары өтпелі күшеюі мүмкін (бастапқы нашарлауы). Бұл жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек және дәрігермен кеңесу қажет.

Жағымсыз әсерлері дамыған кезде препаратты тоқтатып, дәрігермен кеңесу қажет.

Сілекей бөлінуі күшейген кезде Циннабсиннің дозасын төмендету ұсынылады немесе препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Циннабсинді жүктілік және лактация кезеңінде тек дәрігермен алдын ала кеңескеннен кейін және күтілетін пайдалы әсер мен ықтималды қауіп арасында оң арақатынас болғанда ғана қабылдауға болады.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 20 таблеткадан.

5 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші және Тіркеу куәлігінің иесі

Дойче Хомеопати-Унион ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ

Оттоштрассе 24, 76227 Карлсруэ, Германия.

Қаптаушы ұйым

Доктор Вильмар Швабе ГмбХ & Ко. КГ, Германия.

Эксклюзивтік өкілі

Альпен Фарма АГ

Берн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Альпен Фарма» ЖШС, Алматы қ., Жетісу-2 ықш.ауд., 80 үй, 54 пәтер

Тел./факс + 7 727 2265306

E-mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com

 

н Ким Р.А.

Прикрепленные файлы

530909271477976652_ru.doc 66 кб
404933951477977806_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ