Цинковая паста
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Мырыш пастасы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Паста
Құрамы
100 г препараттың құрамында
белсенді зат - 25,0 г мырыш тотығы
қосымша заттар – картоп крахмалы, вазелин
Сипаттамасы
Сары реңдi ақ түстi паста
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар. Дермапротекторлар. Мырыш препараттары.
АТХ коды D02AВ
Фармакологиялық қасиеттері
Қабынуға қарсы жергілікті дәрі, құрғатып сіңіретін, тұтқыр және антисептикалық әсері бар. Альбуминаттар түзеді және ақуызды денатурацияға ұшыратады. Зақымданған беткейге жаққанда экссудация, тіндердің қабыну және тітіркендіру әсерлерін азайтады, тітіркендіретін факторлар әсерінен қорғайтын бөгет түзеді.
Қолданылуы
– жөргек бөртпесінде
– баздануда
– тербөртпесінде
– дерматитте
– терінің ойық жаралы зақымдануында
– беткейлік жарақатта
– экземаның өршіген фазасында
– қарапайым герпесте
– стрептодермияда
– трофикалық ойық жарада
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа, терінің зақымданған бөліктеріне күніне 2-3 рет жағады. Іріңді-қабыну ауруларында теріні алдын ала антисептик ерітіндісімен өңдейді. Емдеу курсының ұзақтығын ауру симптомдарының сипаты мен айқындығына байланысты дәрігер анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
-
тері қышынуы
-
гиперемия
-
тері бөртпесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- мырыш тотығына жоғары сезімталдық
- жедел іріңді үдерістер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті және лактация кезеңіндегі әйелдерге дәрігер емді тек ана үшін күтілетін пайдасы ұрық пен балаға төнетін қауіптен асып түсетін жағдайда ғана тағайындайды.
Балаларда
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі
Препаратты қолдану автокөлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 г-ден қақпақпен жинақта дәрілік заттарды қаптауға арналған полимер банкіде. Банкіге өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.
40 банкіден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың сәйкес мөлшерімен бірге топтық қаптамаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде,15°С-ден 30°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардан қорғау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сі, 4е
Тіркеу куәлігінің иесі
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сі, 4е, тел./факс +7727233-27-58 E-mail: farm-4@mail.ru