Цинковая мазь (100 мг/г, 25 г)

МНН: Цинка оксид
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты цинка
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011515
Информация о регистрации в РК: 14.05.2018 - 14.05.2023
Номер регистрации в РБ: 19/12/284
Информация о регистрации в РБ: 29.08.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Мырыш жақпамайы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Cыртқа қолдануға арналған жақпамай 100 мг/г

Құрамы

Бір сықпаның ішінде

белсенді зат- мырыш тотығы 2,5 г;

қосымша зат - ақ жұмсақ парафин.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақшыл-сары түсті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар. Дерматопротекторлар.

Мырыш препараттары.

АТХ коды D02AВ

Фармакологиялық қасиеттері

Қабынуға қарсы дәрілер, құрғататын, сіңіретін, тұтқыр және антисептикалық әсер етеді. Альбуминаттар түзеді және ақуыздарды денатурирлейді. Зақымданған жерге жаққан кезде экссудацияның пайда болуын, тіннің қабынуы мен тітіркенуін азайтады, тітіркендіргіш факторлардың әсерінен қорғаныш бөгет түзеді.

Қолданылуы

Дерматиттерде, сонымен қатар "үлбірлі"; баздануда, тершеңдікте, беткейлік жараларда, ойылуларда, асқыну сатысындағы экземада, қарапайым ұшықта, стрептодермияда, трофикалық ойық-жараларда қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жақпамай сыртқа қолданылады, тазартылған теріге тәулігіне 2-3 рет жұқалап жағады. Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер ауру симптомдарының сипатына және айқындығына, қол жеткен әсеріне байланысты анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Ұзақ қолданған кезде терінің тітіркенуі, аллергиялық біліністер: қышыну, гиперемия, жақпамай жаққан жерде бөртпелер болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тері мен айналасындағы тіндердің жедел іріңді үдерістері

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактацияда кезеңінде қолданылуы

Жүкті әйелдерге және емшекпен қоректендіру кезеңінде әйелдерге дәрігер емді тек ана үшін күтілетін пайда ұрық/бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана тағайындайды.

Көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий сықпаларда 25 г-нан.

Әрбір сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі,

64/27 тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы.

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік

қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі,

64/27, тел/факс 8-(10375177) 744280, электрондық поштасы

market@borimed.com

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

129483321477976886_ru.doc 48 кб
796883151477978050_kz.doc 48.5 кб
19_12_284_p.pdf 0.18 кб
19_12_284_s.pdf 0.17 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ