Цинковая мазь (10%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Мырыш жақпамайы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жақпамай 10% 30г
Құрамы
100 г жақпамайдың құрамы
белсенді зат -10 г мырыш тотығы
қосымша зат - 90 г вазелин
Сипаттамасы
Ақ немесе ақшыл-сары түсті жақпамай
Фармакотерапиялық тобы
Дермапротекторлар. Мырыш препараттары.
АТХ коды D02AВ
Фармакологиялық қасиеттері
Қабынуға қарсы жергілікті дәрі. Антисептикалық, сіңіретін, құрғататын әсері бар, зақымданған беткейлерде ақуыздар коагуляциясын туғызады, тіндердің қабынуын және тітіркенуін, экссудация құбылысын бәсеңдетеді, ыдырататын факторлар әсерінен қорғаныс бөгетін түзеді, уытты өнімдерді сіңіреді.
Қолданылуы
-
дерматитте
-
сулы экземада
-
трофикалық ойық жарада
-
баздануда
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа, терінің зақымданған бөліктеріне жұқалап күніне 2-3 рет жағады. Емдеу курсының ұзақтығын ауру симптомдарының сипаты мен айқындығына байланысты дәрігер анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
Ұзақ қолданған кезде терінің тітіркенуі, аллергиялық біліністер: қышыну, гиперемия, жақпамай жаққан жерде бөртпелер болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жоғары сезімталдық
- тері мен айналасындағы тіндердің жедел іріңді үдерістері
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулық
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті және емшекпен қоректендіру кезеңіндегі әйелдерге дәрігер емді тек ана үшін күтілетін пайдасы ұрық пен балаға төнетін қауіптен асып түскенде ғана тағайындайды.
Балаларда
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады
Дәрілік заттың көлік құралын немесе басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын жүргізу және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 г-ден нығыздағыш элементі бар бұралатын полиэтилен қақпағымен мойны бұрандалы шынымассадан жасалған банкіде немесе нығыздағыш элементі бар тартылатын полиэтилен қақпағымен медициналық шыныдан жасалған банкіде.
Банкілер қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге сәйкес мөлшерде орама қағаз бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картон жәшіктерге салынады. 30 г-ден медициналық мақсатқа арналған полимер немесе алюминий сықпада. Әр сықпа қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардан қорғау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел. 8 (7212) 42-67-34
Тіркеу куәлігінің иесі
«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ФАРМАЦИЯ 2010 ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел.фак (7212) 42-67-34, E-mail – farmaciyakrg@mail.ru