Цинепар Экстра

МНН: Парацетамол
Производитель: Марион Биотек Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021602
Период регистрации: 28.08.2015 - 28.08.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Цинепар Экстра

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: ацетаминофен (парацетамол) 500 мг,

кофеин 65 мг.

қосымша заттар: жүгері крахмалы, повидон К-30, микрокристалды целлюлоза, тазартылған тальк, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий крахмалы гликоляты, жүгері крахмалы (паста үшін).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, бір жағында сызығы бар ақ түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер. Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол басқа да препараттармен біріктірілімде (психолептиктерді қоспағанда)

АТХ коды N02BE51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ацетаминофен – асқазан-ішек жолынан жылдам және толық дерлік (96%) сіңеді. Қанда ең жоғары концентрациясы 6 мкг/мл жуық, ең жоғары концентрациясына жету уақыты 10-60 мин. Ақуыздармен байланысуы 10% аздау. Ацетаминофен бауырда метаболизденеді, оның көп бөлігі глюкурон қышқылымен және белсенді емес метаболиттер түзе отырып сульфаттармен конъюгация реакциясына түседі және сульфатты және глюкурон конъюгаттары түрінде несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 1,68 сағ.

Кофеин – ішу арқылы қабылдағанда жылдам сіңеді, қан плазмасында ең жоғары концентрациясына бір сағат ішінде жетеді, жартылай шығарылу кезеңі 3,5 сағатқа жуықты құрайды. Қабылданған кофеиннің 65-80% 1-метилнесеп қышқылы және 1-метилксантин түрінде несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ацетаминофен – анальгетик-антипиретик. Гипоталамусте простагландиндер синтезін бәсеңдету жолымен ауыруды басатын және қызуды түсіретін әсер береді. Қабынуға қарсы аздаған белсенділігі бар.

Препараттың ауыруды басатын және қызуды түсіретін қасиеттері бар. Асқазан мен ішек шырышты қабығын тітіркендірмейді. Шеткергі тіндерде простагландиндер синтезіне ықпалы болмағандықтан, су-тұз алмасуына әсер етпейді.

Кофеин алкалоидтар тобына (метилксантиндер) жатады. Психостимуляциялаушы және аналептикалық қасиеттері бар. Анальгетиктермен, атап айтқанда парацетамолмен біріктірілгенде орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) биожетімділігі және стимуляциясын жақсарту есебінен оның ауыруды басатын әсерін күшейтеді.

Қолданылуы

Симптоматикалық емдеу: бас ауыруы, бас сақинасы, тіс ауыруы, невралгиялар, тіс жұлғаннан кейінгі ауыру, буын мен бұлшықеттің ауыруы, бел ауыруы, баспа кезінде тамақтың ауыруы, ауырып өтетін етеккір және жоғары температурада

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 12 жастан асқан балалар: 1-2 таблетка тәулігіне 3 ретке дейін, дұрысы тамақтан кейін. Қабылдау арасындағы аралық – 4 сағаттан кем емес. Ең жоғары бір реттік доза - 1 таблетка, ең жоғары тәуліктік доза – 4 таблетка.

Орташа алғанда емдеу ұзақтығы 3-5 күн.

Препаратты ауыруды басатын дәрі ретінде бес күннен артық және ыстықты түсіретін дәрі ретінде үш күннен артық дәрігердің тағайындауынсыз және бақылауынсыз қабылдауға болмайды.

Жеткілікті емдік әсері болмағанда, сондай-ақ жаңа симптомдар пайда болғанда дәрігерге қаралу керек.

Жағымсыз әсерлері

Парацетамол

Өте сирек (<1/10,000)

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, Квинке ісінуі, Стивенс-Джонсон синдромы, анафилаксия)

- ацетилсалицил қышқылына немесе басқа да ҚҚСП-ға жоғары сезімталдығы бар емделушілердегі бронх түйілуі

- қан жүйесінің бұзылулары (анемия, тромбоцитопения, метгемоглобинемия)

- бүйрек шаншуы, спецификалық емес бактериурия, интерстициальді нефрит, папиллярлық некроз

- гепатоуытты әсері

- эпигастрийдің ауыруы, жүрек айнуы

- бас айналу, ұйықтап кетудің бұзылуы, жоғары қозғыштық

Ерекше симптомдар туындағанда дәрігерге көріну керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • ацетаминофенге, кофеинге немесе препараттың басқа да ингредиенттеріне жоғары сезімталдық

  • бауыр немесе бүйрек функциясының айқын бұзылуы

  • глюкозо-6-фосфат дегидрогеназаның генетикалық болмауы

  • қан аурулары

  • елеулі артериялық гипертензия, атеросклероздың айқын құбылыстары, ауыр жүрек-қантамырлық аурулары

  • жүктілік және емшекпен қоректендіру кезеңі

  • Жильбер синдромы (конституциональді гипербилирубинемия) кезінде сақтықпен қолданған жөн

  • глаукома

  • ұйқының бұзылуы

  • қант диабеті

  • 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұзақ уақыт бойы қабылдағанда препарат тікелей емес антикоагулянттардың (варфарин және басқа да кумариндер) әсерін күшейтеді, бұл қан кету қаупін ұлғайтады.

Бауырдың микросомальді тотығу индукторлары (барбитураттар, фенитоин, этанол, рифампицин, фенилбутазон, үшциклді антидепрессанттар) артық дозалану кезінде гепатоуытты әсер ету қаупін жоғарылатады. Микросомальді тотығу тежегіштері (циметидин) гепатоуытты әсер ету қаупін төмендетеді. Ацетоминофеннің әсер етуімен хлорамфениколдың жартылай шығарылу кезеңі 5 есе артады.

Зидовудиннің белсенділігі ацетаминофенді қабылдағанда төмендеуі мүмкін. Ацетаминофен организмнен антибиотиктердің шығарылуын баяулатады. Тетрациклин ацетаминофен қолданған кезде анемияның, метгемоглобинемияның даму қаупін арттырады.

Кофеин эрготаминнің сіңуін тездетеді. Парацетамол және алкоголь ішімдіктерін бір мезгілде қабылдау гепатоуытты әсерлерінің дамуы мен жедел панкреатит қаупін жоғарылатады. Парацетамолдың сіңу жылдамдығын метоклопрамид және домперидон арттырады, ал колестирамин төмендетеді. Препарат урикозуриялық препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Шылымқор адамдарда препараттың шығарылуы жоғары болады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты егде, әлсіреген науқастарға, бауыр мен бүйрек функциясы бұзылған емделушілерге сақтықпен тағайындайды.

Құрамында парацетамол бар препараттармен, алкоголь ішімдіктерімен бір мезгілде қабылдамаған жөн.

Препаратты қабылдап жүргенде шай мен кофені тым көп ішпеген дұрыс, өйткені мұның қозуға, ұйқының бұзылуына, тахикардияға, жүрек аритмиясына әкелуі мүмкін.

Алкогольді асыра пайдаланатын адамдар препаратты қабылдар алдында дәрігермен кеңесулері қажет. Ұсынылған дозаны асырып жіберген жағдайда парацетамол бауырға уытты әсер етуі мүмкін.

Жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда бауыр мен бүйрек функциясының бұзылу ықтималдығы артады (бүйрек шаншуы, спецификалық емес бактериурия, интерстициальді нефрит, папиллярлық некроз) және қан көрінісін бақылау қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қабылдағанда көлік құралдарын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс кезінде сақ болу керек.

Артық дозалануы

Ацетаминофен

Симптомдар: жүрек айну, құсу, асқазанның ауыруы, тері жабындарының бозаруы, анорексия. Бауыр зақымдануларының белгілері 1-2 тәуліктен кейін анықталады. Ауыр жағдайларда бауыр жеткіліксіздігі және коматозды жай-күй дамиды. Дәрігерге дейінгі көмек: зардап шегушіге асқазанды шаюды және адсорбенттерді (белсендірілген көмір) тағайындаған жөн әрі дәрігерге көрінуі керек.

Емі: препарат қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралу керек. Асқазанды шаю және энтеросорбенттерді (белсендірілген көмір, полифепан) қабылдау ұсынылады. Ацетилцистеин немесе метионин қабылдауға болады.

Кофеин

Симптомдары: эпигастрийдің ауыруы, құсу, жоғарылаған диурез, тахикардия немесе жүрек аритмиясы, орталық жүйке жүйесі стимуляциясы (ұйқысыздық, мазасыздық, қозу, қобалжу, тремор, конвульсиялар).

Емі: Арнайы у қайтарғысы жоқ, бірақ демеуші ем (бета-адренорецепторлар антагонистерін қолдану) кардиоуытты әсерін жеңілдетуі мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

10 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

+25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Дистрибьюторы Кьюрамакс Лтд, Англия

Өндіруші

«Марион Биотек Пвт.Лтд.»

Б-49, Сектор-67, Нойда, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Марион Биотек Пвт.Лтд.» Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Спектрамакс» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин д-лы 458-460/95, 312 кеңсе.

Телефон/факс нөмірі +7(727) 344-94-37(8)

Электронды поштасы vikaskaushik@quramax.com

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

 

Прикрепленные файлы

303312311477976377_ru.doc 54.5 кб
775239761477977569_kz.doc 69 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники