Цинепар актив

МНН: Диклофенак натрия, Левоментол, Льняное масло, Метилсалицилат
Производитель: Марион Биотек Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для наружного применения при болевом синдроме при заболеваниях костно-мышечной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014694
Информация о регистрации в РК: 18.08.2020 - 18.08.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Цинепар актив

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған гель

Құрамы

100 г гельдің құрамында

белсенді заттар: 1,16 г диклофенак диэтиламині (1 г натрий диклофенагына баламалы), 3 г зығыр майы, 10 г метилсалицилат, 5 г ментол

қосымша заттар: бензил спирті, карбомер 974, акризол К-140, изопропил спирті, пропиленгликоль, этаноламин, динатрий эдетаты, бутилгидрокситолуол, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті гель.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қозғалыс аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды M02AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты жергілікті жаққанда сіңірілуі 6% құрайды. Диклофенактың 99,7%-ы сарысу протеиндерімен және негізінен альбуминмен (99,4%) байланысады. Диклофенак тиісті тіндерге заттардың баяу босап шығатын көзі ретінде әсер ететін теріде жинақталады. Негізінен диклофенак терең қабынған тіндерде таралады және сақталады, сол жерде плазмадағы концентрациясынан 20 есе асып түсетін концентрацияға жетеді. Диклофенак әр түрлі фенолды дериваттарда тікелей глюкуронидация жолымен метаболизмге ұшырайды. Фенолды дериваттардың екеуі биобелсенді, бірақ едәуір аз дәрежеде. Плазмада диклофенактың жалпы клиренсі 263 мл/мин құрайды. Диклофенак және оның метаболиттерінің жартылай шығарылу кезеңі 1-2 сағатты құрайды. Метаболиттердің бірі 3 –гидрокси-4-метоксидиклофенак жартылай шығарылу кезеңі анағұрлым ұзақ болады. Диклофенак және оның метаболиттері негізінен бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Белсенді компонент - диклофенак, ауыруды басатын және қабынуға қарсы қасиеттері бар қабынуға қарсы стероидты емес препарат. Диклофенактың негізгі әсер ету механизмі простагландиндер биосинтезін, атап айтқанда 1 және 2 типті циклооксигиназаны таңдаусыз бәсеңдете отырып, басудан тұрады, арахидон қышқылы метаболизмін бұзады.

Гель қабыну үдерісімен байланысты ауыру синдромы мен ісінуді азайту үшін пайдаланылады және простагладиндер синтезін бәсеңдетуге негізделген ауыруды басатын әсер береді, препарат жаққан жердегі ісінуді, ауыруды, гиперемияны азайтады.

Метилсалицилат – салицил қышқылының туындысы, циклооксигеназаны селективті емес түрде тежейді, ПГ синтезін төмендетеді. Қылтамырлардың жоғары өткізгіштігін қалпына келтіреді, микроциркуляция үдерісін жақсартады, ісінуді және қабынған тіндердің инфильтрациясын азайтады. Жергілікті аппликация кезінде терінің терең қабаттарына жылдам енеді, сіңеді, гидролизденеді және салицил қышқылының анионына айналады. Зығыр майының негізгі компоненті альфа-линолен қышқылы (қанықтырылмаған майлы қышқылдың этил эфирі), оның да қабынуға қарсы әсері бар, терінің құрғауын және тітіркенуін азайтады.

Ментол теріге жаққанда сезімтал жүйке ұштарының тітіркенуін туындатады, соның салдарынан жергілікті аулақтатқыш және айқындылығы орташа ауыруды басатын әсері бар.

Қолданылуы

- байламдар мен сіңірлердің, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттан кейінгі қабынуында (созылу, ширығу және соғылулар)

- жұмсақ тіндердің қабыну- дегенеративті ауруларында (тендовагинит, «білек – қол басы» синдромы, бурсит, периартрит)

- бұлшықеттер мен буындардың ауруларымен (ревматоидты артрит, остеоартроз, радикулиттер, люмбаго, ишиас) байланысты ауыру синдромы мен ісінуінде. 

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. 2-4 г препаратты (сықпадан сығылған 4-8 см гель) ауыру ошағының ауданына байланысты зақымданған жерлерге тәулігіне 3-4 рет ақырындап ысқылап жағады.

Емдеу курсы 10 күннен аспауы керек.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар – сирек бөртпе, эритема, қышыну, есекжем.

Ұзақ қолданған кезде жүйелі жағымсыз әсерлері - жайылған тері бөртпесі, бронхтың түйілуі, ангионевротикалық ісіну, фотосенсибилизация болуы мүмкін.

Көрсетілген симптомдар пайда болған жағдайда препаратты қолдануды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- диклофенакқа, аспиринге және қабынуға қарсы стероидты емес басқа да препараттарға жоғары сезімталдық

- бронх демікпесі

- тері жабындысы бүтіндігінің бұзылуы

- жүктілік, лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Цинепар актив гелінің басқа препараттармен өзара әрекеттесу жағдайлары сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Тек сыртқа арналған дәрі ретінде қолдану керек.

Цинепар актив гелін тек зақымданбаған теріге ғана жағады.

Препаратты зақымданған тері үстіне, ашық жараларға, көзге және шырышты қабықтарға жағуға болмайды.

Автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г, 50 г гельден бұрандалы пластмасса қақпағы бар ламинацияланған пластик сықпаға салынған. Сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Дистрибьюторы

Кьюрамакс Лтд, Англия

Өндіруші

«Марион Биотек Пвт.Лтд.»

Б-49, Сектор-67, Нойда, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Марион Биотек Пвт.Лтд.» Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Spectramax» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин к-сі 458-460/95, 312 кеңсе

Телефон/факс нөмірі +7(727) 344-94-37 (8)

Электронды поштасы vikaskaushik@quramax.com

 

4

 

Прикрепленные файлы

032468941477976386_ru.doc 54.5 кб
332246401477977580_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники